«Дәрігер мамандығы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дәрігер мамандығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірбие алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Дәрігер мамандығы»

Мақсаты:

1.Балаларды мамандық түрлерімен таныстыру,соның ішінде дәрігер мамандығының маңыздылығын түсіндіру.

2.Ойын арқылы мамандықтарды ажырата білуге үйрету.

3.Дәрігер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын.

Көрнекілігі:Дәрігерге қажетті құралдар,дәрігер киімі,үлестірмелі материалдар.

Билингвальді компонент:Дәрігер-доктор,дүкенші-продавщица, құрылысшы-стройтель,шаштараз-парехмахерская.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.


Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Доброе утро,доброе утро!

Good morning, good morning,

Good morning to you.

Good morning, good morning,

Good morning to you


Балалар тәрбиешінің көмегімен бірге өлеңді қимыл-қозғалыспен қайталалайды.



Үш тілде амандасады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1.Әңгіме жүргізу.

-Ауырғада дәрі беретін,

Емдейтін апайлар мен ағайларды дәрігерлер деп атайды.Дәрігер мамандыққа жатады.Мамандықтар әртүрлі болып келеді.Мысалы: жүргізуші көлік жүргізеді.Мұғалім бала оқытады.Мамандық иесі болу үшін көп оқып,еңбек етіп ,білімді болу керек.

2.Жұмбақтар жасырады.

Тәп-тәтті тағамы,

Астардың маманы?

(Аспазшы)

Кірпіштен сарай салады,

Ол адам кім болады?

(Құрылысшы)

Үлкеге де,кішіге,

Қиналғанда қасына

Бірінші болып барады

(Дәрігер)

3. Билингвальді компонент.

Аспазшы-повар,

құрылысшы-стройтель,

дәрігер-доктор


4.Ғажайып сәт.

- Балалар мына қораптың ішінде не бар екен?Қане ендеше,қораптың ішін ашып көрейік.Балар мұнда әр маман иесінің құралдары бар екен.

Қане,ойланайық,табайық.

-Жарайсыңдар,балалар!

-Балалар адамдардың әдемі,көңілді,күліп жүруі неге байланысты?

-Олай болса балалар , бүгін бізге қонаққа дәрігер апайларың келеді.

Дәрігер апай:

-Саламатсыңдар ма, балалар!

-Жағдайларың қалай?

Еш жерлерің ауырмай ма?

-Балалар дені сау адам,ол бақытты адам.Олар қысы -жазы шынығады. Жемістер мен көкөністерді жуып жеуіміз керек.Әйтпесе әр-түрлі микроп кіріп,ішіміз ауырады.Содан кейін бізді ата-анамыз қайда апарады?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар!Балалар біз шаршап қалдық па?Бойымызды бір сергітіп алайық.

5.Сергіту сәті.

Мынау -менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау - басым ақылды.

Бәрін осы басқарған.

Мынау - менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым Барлық істі атқарған.

6.Шығармашылық жұмыс.

7.Дидактикалық ойын.

«Сөйлеп тұрған кім?»

1.Балмұздақ сатамын,балмұздақ.

2.Шашыңызды қай үлгіде қиып берейін?

3.Отырыңыз қай жеріңіз ауырып тұр?

4.Етігіңіздің қай жерін жөндеу керек?

-Дәрігер апай , біздің балалардың дайындаған тақпақтары бар еді.Соған кезек берсек.

-Жарайды.



























8.«Мен өскенде кім боламын?»ойыны.

Сұрақ-жауап.

Балалардың тілектерін сиқырлы қаламмен жазып, арман гүліне іледі.

Дәрігер апай:

Қане онда тұрындар,

Тапсырманы ұғындар.

Көтер қолды,түсір қолды

Бұрыл жедел,оңды-солды.

Енді отыр,қайта тұр,

Баяу жүгір,қатты жүр.

Сабыр енді тоқтай тұр,

Қан соғысын көрейін

Барі тегіс қаралды,

Бәрі тегіс жарамды.

Бәрінеде рұқсат етем.


Дәрігер апай дәрумендер таратып,балалармен қоштасады.




Балалар мұқият тыңдап,тәрбиешінің көмегімен айтып береді.














  • Аспазшы


  • Құрылысшы





  • Дәрігер







Балалар қорапқа таңырқай қарап,тапсырманы тәрбиешінің көмегімен орындайды.



-Денсаулыққа байланысты.







-Саламатсыз ба?

-Жақсы

-Жоқ.









-Дәрігерге





-Иә.



Балалар тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыс жасайды.








-Дүкенші.



-Шаштараз.


-Дәрігер.


-Етікші.


Зере.

Өрнектетіп,сәндетіп

Тігістерін бүгетін.

Тігінші болам мен ертен

Киім-кешек тігетін.

Нұрдәулет

Кішкене әлі баламын,

Таудай болар талабым

Ақ халатты абзал жан

Мен дәрігер боламын.

Алинур

Дәмді тамақ пісіріп

Өнерлі бала боламын.

Халқым сүйген ардақты

Мен аспазшы боламын.

Азамат

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Шынығамын таңертең

Солдат болам мен ертең.


Балалар қуана өз тілектерін айтады.






Дәрігермен бірге іс-қинылдар жасайды.








Дәрігер апайға рахмет айтып,қоштасады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Сұрақтар қойылады.

Балалар жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:Дәрігердің адамды емдейтінін.

Игереді:Ойын арқылы дәрігерге қажетті құралдармен танысып,ажырата білуді игереді.

Меңгереді:Дәрігер мамандығы туралы білімді меңгереді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2020
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі