2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Дәрілік заттарды парентеральды енгізу жолдары.

Дәрілік заттарды парентеральды енгізу жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушы дәрілік заттарды адам ағзасына енгізу жолдарын, дәрілік затты парентеральды енгізу жолдары мен әдістерін. Бұлшық етке екпе жасау техникасын екпе жасайтын орынды, қолданылатын шприц түрлері мен өлшемдерін жіберіліетін дәрі мөлшері мен салу техникасын болатын асқынуларды
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ШЖҚ КМК «АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»


Сапа менеджмент жүйесі

ҚР СМЖ 9001-2016

24 беттің 36 беті

Сабақ жоспары










Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары





Дәрілік заттарды парентеральды енгізу жолдары.

(сабақ тақырыбы)



Модуль /пән атауы: «Мейіргер ісі негіздері»



Дайындаған оқытушы: Зұлхарнай А.Е.












1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ 2 курс №343 топ «Мейіргер ісі»

Сабақ типі: тәжірибелік сабақ


2. Мақсаты Дәрілік затты парентеральды енгізу жолдары. Дәрілік затты бұлшық етке енгізу техникасын мен екпеден кейінгі болатын асқынуларды асептика антисептика ережелерін сақтауды

Білімділік- Білім алушылардың дәрілік затты парентеральды енгізу жолдары. Дәрілік затты бұлшық етке енгізу техникасын

Тәрбиелік –Білім алушыларды жауапкершілікке,ұқыптылыққа, сабырлыққа тиянақтылыққа тәрбиелеу, науқастармен қарым-қатынас жасаған кезде этика деонтологиялық принциптерді сақтауға баулу.

Дамытушылық – Білім алушыларды логикалық ,клиникалық ойлау қабілетін дамыту өз мамандығына деген қызығушылықты арттыру, оқу іздену өзін-өзі дамыту бағалау қасиеттерін дамыту өз мамандығына жалпы медицинаға қызығушылықты арттыру.

Әртүрлі жағдайда науқастармен қатынаста болу.Жауапкершілікті көрсете білу. Аспаптармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.Екпеден кейінгі болатын асқынуларды

Міндеттер Білім алушы дәрілік заттарды адам ағзасына енгізу жолдарын, дәрілік затты парентеральды енгізу жолдары мен әдістерін. Бұлшық етке екпе жасау техникасын екпе жасайтын орынды, қолданылатын шприц түрлері мен өлшемдерін жіберіліетін дәрі мөлшері мен салу техникасын болатын асқынуларды

Күтілетін нәтиже: Тәжірибелік сабақты түсіндіру барысында білім алушы дәрілік заттарды адам ағзасына енгізу жолдарын, дәрілік затты парентеральды енгізу жолдары мен әдсітерін. Емшара бөлмесінінің жұмысын ұйымдастыру мен жинауды. Апаптармен жұмыс жасау қауіпсіздігін. Ампула мен флаккон дәрілік затты сорып алу техникасын Бұлшық етке екпе жасау техникасын екпе жасайтын орынды, қолданылатын шприц түрлері мен өлшемдерін жіберіліетін дәрі мөлшері мен салу техникасын болатын асқынуларды біледі орындай алады.

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

- Бұлшық етке екпе жасау техникасы





3. Сабақты жабдықтау

Тақырыпқа байланысты операциялық процедуралар стандарты (СОП)

манипуляциялық үстел стерильды перчтка ампула, флаккон, еріткіш, стерильды пинцет, мақта шариктері,бір реттік шприцтер 5,0 ,10, кескіштер, лотоктар , бір ретттік контейнерлер зарарсыздандыру құралдары, қауіпті жинауға арналған «А», «Б» сыныбы. жамбас манекені, ноутбук , телевизор,интернет желісі.


3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер


Негізі: Р.С .Есетова «Мейірбикелік ісініне арналған оқу құралы»

Қосымша әдебиеттер: С.Қ.Мұратбекова «Мейірбикелік ісініне арналған оқу құралы»


3.2 Техникалық құралдар, материалдар

манипуляциялық үстел стерильды перчтка ампула, флаккон, еріткіш, стерильды пинцет, мақта шариктері,бір реттік шприцтер 5,0 ,10, кескіштер, лотоктар , бір ретттік контейнерлер зарарсыздандыру құралдары, қауіпті жинауға арналған «А», «Б» сыныбы. жамбас манекені, ноутбук , телевизор,интернет желісі.

4. Сабақтың барысы


Сабақ бөлімінің атауы

Практикалық семинарлық зертханалық сабақтар

6 сағаттық 270 минут

1

Ұйымдастыру уақыты

5 мин

2

Практикалық сабақтың тақырыбы бойынша тірек білімдерді өзектендіру

15 мин

3

Практикалық жұмыстарды ,манипуляцияларды зертханалық жұмыстарды орындау техникасын түсіндіру және көрсету

45 мин

4

Практикалық қызметті жүргізуге арналған әдістемелік қондырғылар

10 мин

5

Жұмыс нәтижелерін практикалық іске асыру және көрсету

180 мин

6

Сабақты қортындысын шығару

10 мин

7

Үй тапсырмасы

5 мин




4.1.Ұйымдастыру уақыты

Білім алушылардың топтың сабаққа дайындығын, сабақта жоқ оқушыларды белгілеп журналды толтыру. Білімалушылармен амандасу.

4.2. Студенттердің теориялық білімдерін тексеру мақсатында



Венн диаграммасын қолданамын

Shape1 Shape2











Тестілік бақылау

Ал енді келесі тапсырма тест беремін.Онда бір дұрыс жауап таңдайсыңдар.


1-Нұсқа

1.Дәрілік препараттарды енгізудің қай түрі парентералдық деп аталады?

  1. дәрілік препараттарды инъекция жолымен енгізу

  2. дәрілік препараттарды әртүрлі жолымен енгізу болады, асқазан-ішектерден басқа

  3. дәрілік препараттарды сырттай қолдану

  4. аталғандардың барлығы дұрыс

  5. аталғандардың ешқайсысы дұрыс емес

2.Тері астына иньекция жасағанда инені мынадай бұрышқа енгізеді

  1. 45 0

  2. 60 0

  3. 90 0

  4. 120 0

  5. 30 0

3. Парантералді енгізу түріне жатпайды:

  1. артерия ішіне

  2. көк тамыр ішіне

  3. тері астына

  4. тері ішіне

  5. тік шек ішіне

4.Микстура мен қайнатпаларды холодильникте сақтау мерзімі (күн)

А. 3

В. 7

С.10

D.15

Е. 30

5. Аға медбикеде дәрілік заттың неше күндік қоры болу керек (күн)

А. 2

В. 3

С.5

D.10

Е.15

6.Аптекадан дәрілерді жаздырып алуды жүргізеді

А.бөлім меңгерушісі

В.процедур. мейірбике

С.бас мейірбике

D.Аға мейірбике

Е. палаталық мейірбике

7.Наркотикалық дәрілік заттың тағайындалуын дәрігер қайда негіздеу керек:

А.температуралық парақ

В.Ауру тарихы

С.мейірбикелік парақ

D.наркоткалық затты тіркеу журналы

Е.науқастар қозғалысы журналы

8.Арнайы тігілген журналда нөмірлі парақтарда қандай дәрілік заттардың есебі жүргізіледі

А.антибиотиктер

В. Наркотиктер мен қатты әсер беретін заттар

С. әр түрлі дәрілер

D.эфирлі дәрілер

Е. Гормональды

9.Тері ішіне жасайтын сынама:

А. бицилинді;

В. инсулиндік;

С. глюкозалық;

D. 2 мл гепариндік;

Е. туберкулинді манту сынамасы.

10.«Рer rectum» жолымен балауыз беруде дәрілік заттарды енгізудің әдісі:

А. дәрілік затты тіл астына беру;

В. дәрілік затты сыртқа қолдану;

С.дәрілік затты тері астына енгізу;

D. дәрілік затты энтеральді жолымен енгізу;

Е. дәрілік затты парентеральді жолымен енгізу.

11. Тері ішіне дәрілік заттарды енгізудегі мақсаты:

  1. инсулин енгіузде;

  2. емдеу мақсатында;

  3. антибиотикті енгізуде;

  4. дәрмекті тамшылатып енгізуде;

  5. Манту сынамасы, аллергиялық сынама енгізуде.

12.Жүректің жедел жетіспеушілігі кезінде нитроглицирин беру жолы:

  1. қынапқа;

  2. тік ішекке;

  3. тіл астына;

  4. ауыз арқылы;

  5. тері жабындылары;

13.Ауруханада улы, есірткелі және қатты әсер ететін дәрілердің қоры күнделікті қажеттіліктен аспауы керек:

  1. улы-3, есірткелік -5, қатты әсер етуші-10;

  2. улы-10, есірткелік -3, қатты әсер етуші-5;

  3. улы-3, есірткелік -10, қатты әсер етуші-5;

  4. улы-3, есірткелік -5, қатты әсер етуші-10;

  5. улы-5, есірткелік -3, қатты әсер етуші-10.

14.Дәріханадан дәрі-дәрмектерді жаздырып алуды жүргізеді:

  1. бас дәрігер;

  2. бөлім меңгерушісі;

  3. палаталық мейірбике;

  4. бөлімнің аға мейірбикесі;

  5. аурухананың бас мейірбикесі.

15.Улы дәрілі заттарды ем шара бөлмесінде қайда сақтайды :

А. холодильникте

В.кілтке жабылған шкафта

С.сейфте

D.кілтке жабылған

Е. басқа дәрілермен шкафта

2 - нұсқа

1.Тері ішіне ерітінділерді енгізу мөлшері:

  1. 0,2мл;

  2. 5 мл;

  3. 10 мл;

  4. 1 -2 тамшы;

  5. шприцтің мөлшеріне сәйкес.

2.Инені 45 С-та, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізудің түрі:

  1. тері іші;

  2. тері асты;

  3. көк тамыр;

  4. бұлшық ет;

  5. көк тамырды тесу.

3. Тері астына енгізуде кездесетін асқыну:

  1. некроз;

  2. флебит;

  3. эмболия;

  4. вирусты гепатиті жұқтыру;

  5. аталғандардың бәрі дұрыс.

4.Тері ішіне енгізуде инъекция орнын анықтау:

  1. иықтың 3/2 бөлігі;

  2. кіндіктің айналасы;

  3. шынтақ буынындағы көк тамыр;

  4. бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігі;

  5. білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.

5.Тұнбаны мөлшерлейді

А. граммен

В. миллилитрмен

С. қасықпен

D.тамшымен

Е. мензуркамен

6.Бөлімшеде дәрілік заттарды таратуды...........мейірбике жүргізіеді

А. кіші

В. посттық

С. процедуралық

D. аға

Е.бас

7.Қатты дәрілік зат формасы

А.шайқама

В.балауыз

С.капсулалар

D.майлар

Е.аэрозольдар

8.Науқастардың дәрілік затты қабылдауы жүргізіледі

А.өздігінен

В.туыстарының бақылауымен

С.Мейірбике қадағалауымен

D.науқастар бақылауымен

Е.емдеуші дәрігер бақылауымен

9. Дәрілік заттарды ауыз арқылы қабылдаудың латынша аталуы:

А. латынша per os;

В. латынша tabulated;

С. латынша suspensor;

D. латынша sub lingua;

Е. латынша рer rectum.

10. Асқа дейін деп белгіленген дәрі-дәрмектерді қабылдау уақтысы:

  1. асқа дейін 60 минут;

  2. асқа дейін 70 минут;

  3. асқа дейін 35-40 минут;

  4. асқа дейін 45-50 минут,

  5. асқа дейін 15-20 минут бұрын.

11. Ұйықтататын әсері бар дәрмектерді пацинет қабылдау уақытысы:

  1. ұйқыға дейін 5 минут;

  2. ұйқыға дейін 15 минут;

  3. ұйқыға дейін 45 минут;

  4. ұйқыға дейін 60 минут;

  5. ұйқыға дейін 30 минут.

12. Наркотикалық және улы тобқа жататын дәрмектерді сақтау орны:

  1. сейфте;

  2. тоңазытқышта;

  3. құлып салынатын шкафта;

  4. мейірбикенің жұмыс орнында;

  5. емдеу бөлмесіндегі шкафтарда.

13. Ингаляциялық жолмен енгізетін дәрі:

  1. балауыздар;

  2. майлар;

  3. тұнбалар;

  4. аэрозоль;

  5. ерітінділер.

14.Мейірбике дәрілік заттарды таратуды жүргізеді

А.емшарабөлмесінде

В.палатада

С. мейірбикелікбөлмеде

D. коридорда

Е. ағамейірбикебөлмесінде

15.Тері асты инъекциясының енгізетін орындары: а) бөксенің - жоғарғы сыртқы бөлігіб) шынтақ бүгісіндегі ішкі беткі көк тамыр в) иықтың сыртқы бетінің жоғарғы бөлігі г) санның алдыңғы бетінің ортаңғы бөлігі

  1. в, г, ;

  2. а, б, в;

  3. а, г, в;

  4. г, в, а;

  5. а, б.


Тест жауаптары:

I нұсқа

II нұсқа


1. В

1. A

2. А

2. B

3. E

3. D

4. А

4. E

5. D

5. D

6. D

6. B

7.B

7.C

8.B

8.C

9. E

9. A

10.D

10.E

11.Е

11.Е

12.С

12.A

13.Е

13.D

14.D

14.B

15.С

15.A


4.3. Практикалық жұмыстарды, манипуляцияларды зертханалық жұмыстарды орындау техникасын түсіндіру және көрсету

Жаңа тақырыпты түсіндіру


Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы

Мақсаты: емдік - бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.

Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігі, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігі.

Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, сепсис май эмболиясы (тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инені, мақта шариктерін қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс- әрекет алгоритімі

-Науқаспен амандас кім деп атауын сұрап, өзімізді таныстырамыз

-Науқас пен 45 см кем емес ара қашықтық

-Көз деңгейінде байланыс орнату науқаспен көзіне қарап сөйлесу

Емшара барысын түсіндір, аллергиялық реакция бар жоғын сұраймыз

-Қолды №111 бұйрыққа сәйкес өңдеу 30 сек 1 мин

-Стерильды қолғапты кию

-Берілген дәрі-дәрмекті дәрігер нұсқамасымен тексеріп (дәрінің атын

пайызын, дозасын, жарамдылық мерзімін)

-Шприцтің бүтіндігін тексер (жарамдылық мерзімін, қолмен қысып

қарау арқылы бүтіндігін)

-Шприц поршен жағынан ашып, ине мен поршенді қорабы ішінен бір-

біріне бекіт

-Иненің өткізгіштігін тексер (поршенді тартып жіберіп қара) кейін

қорабына қайта сал

-Ампуланы сілкі (тар жерінен кең жеріне дейін)

-Ампуланы кесетін орынын спирттік шарикпен сүрт

-Ампуланы кескішпен кес

-Қайтадан кескен жерді спиртті шарикпен сүрт

-Ампуладан қажетті дозаны сор

-Доза дәрігерлік тағайымдылар парағымен бірдей болу керек

-Инені ауыстыр таза стерилді инені кигіз

-Иненің өткізгіштігін тексеру (инені вертикальды ұстап көз деңгейінде

1-2 там шығар,ауаның бар жоғын тексер инеден колпачок алмай)

шприцті қайтадан қорабына сал

-Науқасты жаткыз

-Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі

санның сыртқы ортаңғы бөлігі, иықтың алдығы бөлігі).

Иненің өткізгіштігін тексеру (инені вертикальды ұстап көз деңгейінде 1-

2 там шығар, ауа бар жоғын тексер инеден колпачок алмай) шприцті

қайтадан қорабына сал

1 мақта шаригімен Стерильді перчатканы спирттік шарикпен өңде

-2 мақта шаригімен Спирттік шарикпен кең көлемді инекция жасайтын

жерді өңде

- Екпе жасайтын жерді пальпация жаса

-3 мақта шаригімен Спирттік шарикпен негізгі инекция жасайтын жерді

өңде

- Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; I, II, III, IV

саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; (поршеннің сабы бос болуы керек).

-Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз.

-Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), теріүстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмаңыз.

Егер санның сыртқы ортаңғы бөлігі, иықтың алдығы бөлігі салынса 45* 2/3 бөлігісалынады

-Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

-4 мақта шаригімен инъекция жасаған жерге қойыңыз.

-Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

-Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.

Пайдаланған затарды мақта шариктері,шприцинесімен қалпақшасын кигизбей,ампула медициналық қалдықтың «Б» сыныбына (сары пакет)тастау

-Қолғапты шешу


4.4 Практикалық қызметті жүргізуге арналған әдістемелік қондырғылар

- Бұлшық етке екпе жасау техникасы


4.5 Жұмыс нәтижелерін практикалық іске асыру және көрсету

Білім алушыларға өз бетіндік тәжірибелік жұмыс яғни бұлшық етке екпе жасау техникасын чек лист арқылы бағалау

Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы

Бағалау критерилері

Ия: қадамды дұрыс орындады

Жоқ: қадамды қате орындады немесе орындамады


Білім алушының аты жөні


Станция

Оқытушы


Күні



Критерилер

ия

жоқ



1

Науқаспен амандас кім деп атауын сұра

Өзін таныстыру

Науқас пен 45 см кем емес ара қашықтық

Көз деңгейінде байланыс орнату науқаспен көзіне қарап сөйлесу

Емшара барысын түсіндір, аллергиялық реакция бар жоғын сұра



2

-Қолды №111 бұйрыққа сәйкес өңдеу 30 сек 1 мин

-Стерильды қолғапты кию



3

-Берілген дәрі-дәрмекті дәрігер нұсқамасымен тексеріп (дәрінің атын пайызын, дозасын, жарамдылық мерзімін)



4

-Шприцтің бүтіндігін тексер (жарамдылық мерзімін, қолмен қысып қарау арқылы бүтіндігін)

-Шприц поршен жағынан ашып, ине мен поршенді қорабы ішінен бір-біріне бекіт

-Иненің өткізгіштігін тексер (поршенді тартып жіберіп қара) кейін қорабына қайта сал



5

-Ампуланы сілкі (тар жерінен кең жеріне дейін)

-Ампуланы кесетін орынын спирттік шарикпен сүрт

-Ампуланы кескішпен кес

-Қайтадан кескен жерді спиртті шарикпен сүрт



6

-Ампуладан қажетті дозаны сор

-Доза дәрігерлік тағайымдылар парағымен бірдей болу керек

-Инені ауыстыр таза стерилді инені кигіз

-Иненің өткізгіштігін тексеру (инені вертикальды ұстап көз деңгейінде 1-2 там шығар,ауаның бар жоғын тексер инеден колпачок алмай) шприцті қайтадан қорабына сал



7

-Науқасты жаткыз

-Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі санның сыртқы ортаңғы бөлігі, иықтың алдығы бөлігі).



8

Иненің өткізгіштігін тексеру (инені вертикальды ұстап көз деңгейінде 1-2 там шығар, ауа бар жоғын тексер инеден колпачок алмай) шприцті қайтадан қорабына сал

1 мақта шаригімен Стерильді перчатканы спирттік шарикпен өңде

-2 мақта шаригімен Спирттік шарикпен кең көлемді инекция жасайтын жерді өңде

- Екпе жасайтын жерді пальпация жаса

-3 мақта шаригімен Спирттік шарикпен негізгі инекция жасайтын жерді өңде



9

- Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; I, II, III, IV саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; (поршеннің сабы бос болуы керек).

-Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз.

-Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), теріүстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмаңыз.

Егер санның сыртқы ортаңғы бөлігі, иықтың алдығы бөлігі салынса 45* 2/3 бөлігісалынады

-Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.



10

-4 мақта шаригімен инъекция жасаған жерге қойыңыз.

-Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

-Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.



11

Пайдаланған затарды мақта шариктері,шприцинесімен қалпақшасын кигизбей,ампула медициналық қалдықтың «Б» сыныбына (сары пакет)тастау

-Қолғапты шешу








Максимальды жоғары бал: 11 (100%) Жинаған балл саны __________________ %

5% қатеге -1 қате -5 (өте жақсы)

6% -20% кате -2 кате 4 (жаксы)

21%- 33% кате -3 кате (қанағаттанарлық)

34%- және одан жоғары -4 қатеден бастап -2 (қанағаттанарлықсыз)


Пән бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері

100% - Берілген стандартта көрсетілген алгоритм бойынша сапалы түрде орындап, қатесіз жауап бергенде.

95% - Студент берілген стандартты толықтай талдай алғанда және чек лист арқылы көрсете білгенде Студент өз бетімен және сапалы түрде жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, сонымен қатар қосымша ғылыми әдебиеттен алған мәліметтерді қолданды.

90% Студент берілген стандартты толықтай талдай алғандажәне чек лист арқылы көрсете білгенде .Студент өз бетімен және сапалы түрде жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, сонымен қатар қосымша ғылыми әдебиеттен алған мәліметтерді қолданды.

85% Студент берілген стандартты толықтай талдай алғанда және чек лист арқылы көрсете білгенде Студент өз бетімен және сапалы түрде жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, сонымен қатар қосымша ғылыми әдебиеттен алған мәліметтерді қолданды

80% Студент берілген стандартты толық талдай алмады және алгоритм бойынша кейбір орындау керек жағдайларды чек лист арқылы орындамады. Студент өз бетімен жұмысты орындап, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды

75% Студент берілген стандартты толық талдай алмады, алгоритм бойынша кейбір орындау керек жағдайларды чек лист арқылы орындамады ұсыныстар бергенде қиналады, студент жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалауда қиналды, Өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

70% Студент берілген стандартты жағдайды қате талдады, ұсыныстар бергенде қиналады немесе ұсыныстар айта алмады, студент жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады алгоритм бойынша кейбір орындау керек жағдайларды, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе ескертулер болды. Тәжірибелік жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ дерлік.

65% Студент берілген стандартты жағдайды қате талдады алгоритм бойынша кейбір орындау керек жағдайларды, ұсыныстар бергенде қиналады немесе ұсыныстар айта алмады, студент жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер мен қателер болды. Стандарттар жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

60% Студент клиникалық-теориялық жағдайды қате талдады, ұсыныстар бергенде қиналады немесе ұсыныстар айта алмады, студент алгоритм бойынша кейбір орындау керек жағдайларды басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, дағдылар бойынша жұмыс қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, жұмыс қорытындысын қорғауға қиналады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

55% Студент клиникалық-теориялық жағдайды қате талдады, алгоритм бойынша кейбір орындау керек жағдайларды жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, тәжірибе хаттамасын қате толтырды, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмады, оны қорғауға қиналады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

50% Студент клиникалық-теориялық жағдайды қате талдады, ұсыныстар бермейді, алгоритм бойынша кейбір орындау керек жағдайларды жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, тәжірибе хаттамасын қате толтырды, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмады, жұмыс нәтижелерін қорғай алмайды.

45% Студент сабақта болды. Тапсырманы орындамады, шағын топта жұмыс жасауға ынталанды, жұмыс бойынша қорытынды жасамады, дағдыны игеру толық емес, ескертулер бар.

Тақырыпқа сәйкес сабақты бекітуге «QUIZIZZ бағдарламасы» арқылы сіздерге бүгінгі сабақ бойынша тест сұрақтар беріледі сол берілген код арқылы өтіп тест сұрақтарына жауап береміз : 10 минут

Тестілік бақылау

1-Нұсқа

1.Бұлшықе тке инъекция кезіндегі мүмкін болатын асқынулар:

А.инфильтрат

В.ауалы эмболия

С.тромбофлебит

D. қан кету

Е.липодистрофия

2.Парентеральды қолдануға арналған препараттар қайда сақталады

А.емшара бөлмесіндегі шыны шкафта

В.посттағы мейірбике шкафында

С.постта мейірбикетумбочкасында

D.холодильникте

Е.сейфте

3.Шприцтің болатын түрлері:

1.бір рет қолданатын; 2.гепариндік; 3.антибиотиктік; 4.туберкулиндік; 5.инсулиндік. А.2,3,1

В. 1,2,4;

С. 1,5,2;

D. 1,4,5;

Е. 2,4,3.

4.Бір рет қолданылатын шприцтерді инъекция енгізгеннен кейін жасайтын іс-әрекет:

А. спиртпен сүртеміз;

В. зарарсыздандырамыз;

С. орталық залалсыздандыру бөліміне жібереміз;

D. А класына жататын медициналық қалдықтар қорабына тастаймыз;

Е. Б класына жататын медициналық қалдықтар қорабына тастаймыз.

5.Тері астына, бұлшық етке, көк тамырға енгізуге арналған дәрілік заттардың сақталатын орны:

А. тоңазытқышта;

В. дәрігердің сейфінде;

С. шокқа қарсы биксте;

D. аға мейірбикенің шкафында;

Е. егу кабинетінің медициналық шкафында әрбір сөреде бөлек.

6.Парентеральді жолмен дәрілік заттарды енгізгенде кемшілігі:

А. нақты дозалану;

В. дәрілік мөлшерлеу, жылдам әсері;

С. дәріні енгізудің қарапайымдылығы;

D. асқазан –ішек жолдарына кері әсері;

Е.антисептика ережесін сақтамаудағы қателіктер.

7.Флакондағы ерітілменген антибиотикке тән дәрілік қасиет түсі:

А. майлы зат;

В. ақ түсті ұнтақ;

С. қара түсті ұнтақ;

D. қызыл түсті ерітінді;

Е. иссіз, түссіз ерітінді.

8.Дәрілік заттан аллергия бергендегі шоктың түрі:

А. алкогольді кома;

В. гипогликемиялық кома;

С. анафилактикалық шок;

D. гипергликемиалық кома;

Е. ауру сезімінен пайда болатын шок.

9.Дәрі дәрмектерді тіркеу журналының талабы:

  1. басқа мекеменің мөрі болуы тиіс;

  2. аға мейірбикенің қолы болуы тиіс;

  3. кіші мейірбикенің қолы болуы тиіс;

  4. дәрі дәрмектрді тіркеу журналы болмайды;

  5. нөмерленген, емдеу мекеменің мөрі және бас дәрігердің қолы болуы тиіс.

10.Иненің сынуы, жүйке бағанасының зақымдануы, май эмболиясы, абсцесс, инфиль-трат, вирустық гепатит, аллергиялық реакциялар – асқынулары кездеседі:

  1. тері ішіне;

  2. тері астына;

  3. көк тамырға;

  4. бұлшық етке;

  5. көк тамырға тамшылатып.

11.Майлы дәрмектің тамырға ауамен бірге түсуінде дамитын асқыну:

  1. инфилтрат;

  2. тромбофлебит;

  3. ауалы эмболия;

  4. дәрілік эмболия;

  5. майлы эмболия.

12.Бұлшық етке дәрмекті енгізуге ыңғайлы дене мүшесіндегі орны:

  1. кіндіктің айналасы;

  2. иықтың 3/2 бөлігі;

  3. білектің алдынғы 2/3 бөлігі;

  4. шынтақ буынындағы көк тамыр;

  5. бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігі.

13.Бұлшық етке енгізуден кейігі асқыну, инфильтрат пайда болса көрсетілетін көмек:

  1. жылытқышты беру;

  2. май жағу;

  3. ұнтақ себу;

  4. суық компрес қойу;

  5. мұзды мұйықты беру.

14.Бұлшық етке егуде асептика ережесін бұзу, алып келеді:

  1. сепсисдің дауына;

  2. абсцестің дамуына;

  3. иненің сынуына;

  4. липодистрофияға;

  5. инфильтраттың дамуына.

15.Бұлшық етке инъекция қою үшін иненің ұзындығын таңдаңыз:

  1. иненің ұзындығы - 10 мм, диаметр кесіндісі - 0,2 мм;

  2. иненің ұзындығы - 20 мм, диаметр кесіндісі - 0,4 мм;

  3. иненің ұзындығы - 25 мм, диаметр кесіндісі - 0,5 мм;

  4. иненің ұзындығы -15 мм, диаметр кесіндісі - 0,4 мм;

  5. иненің ұзындығы - 40 мм, диаметр кесіндісі - 0,8 мм.

16.Туберкулезге диагностикалық және аллергиялық байқауды жүргізу үшін, дәрілік ерітіндіні енгізудегі мөлшері:

  1. 5 мл;

  2. 1 мл;

  3. 0,5 мл;

  4. 0,6 мл;

  5. 0,2 мл.

17.Инъекция жасаған жерде ауырсыну, қатаю болса асқыну түрі:

  1. папула;

  2. некроз;

  3. абсцесс;

  4. гематома;

  5. инфильтрат.

18.Дәрілік заттарды енгізу жолы: ағзаға тез тарап, нақты дозаның сіңуі:

  1. дәрілік заттарды сыртқа енгізгенде;

  2. дәрілік заттарды энтеральді жолмен енгізгенде;

  3. дәрілік заттарды парентеральді жолмен енгізгенде;

  4. дәрілік заттарды көзге, ауыз арқылы, қынапқа енгізгенде;

  5. дәрілік заттарды тік ішекке, шырышты қабаттарға енгізгенде.

19.Бұлшық ет инъекциясында кездеспейтін асқыну:

  1. абцесс;

  2. флебит;

  3. паралич;

  4. инфильтрат;

  5. аллергиялық реакциялар.

20.Дәрмектерді парентеральды жолмен енгізу:

  1. таңу;

  2. тіл астына;

  3. тыныс алу жолдары арқылы;

  4. ауыз қуысы және тік ішек арқылы;

  5. тері астына, бұлшық етке, көк тамырға

21.Бұлшық етке енгізетін иненің ұзындығы:

А. 3 см;

В. 2 см;

С. 1 см;

D. 8 см;

Е. 4 - 6 см.

22. Бұлшық етке майлы ерітінді енгізгенде асқыну:

  1. тромбофлебит;

  2. липодистрофия;

  3. майлы эмболия;

  4. ауа эмболиясы;

  5. анафилактикалық шок.

23.Бұлшық етке енгізуде қолданылатын шприц:

  1. мөлшері 2 мл;

  2. шприц Жанэ;

  3. мөлшері 10 мл;

  4. мөлшері 20 мл;

  5. туберкулин шприці.

24. Инъекция жасар алдында қолды жуу:

  1. әлеуметтік;

  2. хирургиялық;

  3. гигиеналық;

  4. асептикалық ;

  5. барлығы дұрыс.

25.Бір рет қолдануға арналған шприцті инъекциядан кейін жою:

  1. А - қауіпсіз қалдықтардың ҚЖАК-ге тастаймыз;

  2. Г - улы қалдықтардың ҚЖАК-ге тастаймыз;

  3. Б - эпидемиологиялық қауіпті ҚЖАК-ге тастаймыз;

  4. зарарсыздандырамыз;

  5. залалсыздандырамыз.


2 нұсқа

1.Абсцесс, инфильтрат, жүйке бағанасының зақымдалуы:

  1. тері ішіне инъекцияны орындағаннан кейін;

  2. бұлшық етке инъекцияны орындағаннан кейін;

  3. көк тамырға инъекцияны орындағаннан кейін ;

  4. мұрынға дәрілік тамшыны тамызғанннан кейін;

  5. тұнбаны, экстрактыларды (шырсөлді) ішкеннен кейін.

2. Бұлшық етке инъекцияны орындағанда кездесетін асқынулар:

1.абсцесс;2.инфильтрат ;3.ентікпеде;4.майлы эмболия;5.жүйке бағанасының зақымдалуы;

  1. 1, 2, 3;

  2. 1, 2, 5;

  3. 3, 4;

  4. 5, 2, 1;

  5. 2, 3, 5.

3.Бұлшық етке инъекцияны орындағанда кездеспейтін асқынулар:

1.абсцесс;2.инфильтрат; 3. дәрілік эмболия;4. некроз;5.жүйке бағанасының зақымдалуы;

  1. 1, 2, 3;

  2. 1, 2, 5;

  3. 3, 4;

  4. 5, 2, 1;

  5. 2, 3, 5.

4.Асептикалық шараларды сақтамағанда болуы мүмкін асқынулар:

  1. вирустік гепатит;

  2. анафилактикалық шок;

  3. иненің сынуы;

  4. май эмболиясы;

  5. дәрілік эмболия.

5.Егу бөлмесінде болуы міндетті жинақ:

  1. гепатитке қарсы жинақ;

  2. шокқа қарсы жинақ;

  3. емдік жинақ;

  4. Г- қалдықтарының класы;

  5. педикулезге арналған жинақ.

6.Бұлшық етке инъекция орындаудың мақсаты:

  1. диагностикалық мақсатта

  2. көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу

  3. бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу

  4. инсулинің нақты дозасын енгізу үшін

  5. қабынуда

7.Бұлшық етке инъекция орындаудың қарсы көрсетілімдері:

  1. дәрігердің тағайындауы

  2. бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы

  3. емдік мақсатта

  4. майлы дәрілік заттарды енгізу

  5. дәрілік заттың ағзаға тез тарауы

8. Бұлшық етке инъекция орындаудың қарсы көрсетілімдері:

  1. дәрігердің тағайындауы

  2. емдік мақсатта

  3. майлы дәрілік заттарды енгізу

  4. дәрілік заттың ағзаға тез тарауы

  5. инъекция жасаған жерде терінің және тері асты май клетчаткаларының зақымдануы

9.Бұлшық етке инъекция орындаудың қарсы көрсетілімдері:

  1. дәрігердің тағайындауы

  2. дәрілік ертіндіге аллергиялық реакциялар

  3. емдік мақсатта

  4. майлы дәрілік заттарды енгізу

  5. дәрілік заттың ағзаға тез тарауы

10.Майлы дәрілік заттар енгізу орны:

  1. білектің, қолдың беткейлі веналары

  2. шынтақ бүгісіндегі ішкі беткі көк тамыр

  3. бөксенің - жоғарғы сыртқы бөлігі

  4. шынтақ бүгісіндегі артерия тамыр

  5. білектің алдыңғы ортаңғы бөлігі

11.Майлы дірілік затты енгізуге болмайды:

  1. бөксенің - жоғарғы сыртқы бөлігі

  2. көк тамырға

  3. иықтың сыртқы бетінің жоғарғы бөлігі

  4. санның алдыңғы бетінің ортаңғы бөлігі

  5. жаурын асты аймағы

12.Бұлшық ет инъекциясын орындаудағы болуы мүмкін асқыну:

  1. гематома

  2. флебит

  3. тромбофлебит

  4. қан кету

  5. иненің сынуы

13.Бұлшық ет инъекциясын орындаудағы болуы мүмкін асқыну:

  1. жүйке бағанасының зақымдалуы

  2. гематома

  3. флебит

  4. тромбофлебит

  5. қан кету

14.Бұлшық ет инъекциясын орындаудағы болуы мүмкін асқыну:

  1. гематома

  2. флебит

  3. тромбофлебит

  4. қан кету

  5. анафилактикалық шок

15. Инфильтраттың пайда болу себебі:

  1. бір жерге енгізе бергеннен, иненің қысқалығынан, майлы дәріні жылытпай енгізуден

  2. гематома

  3. флебит

  4. тромбофлебит

  5. қан кету

16.Абсцесстің пайда болу себебі:

  1. майлы дәрілік затты жылытпай енгізуден

  2. асептика шараларының бұзылуынан

  3. гематомадан

  4. жүйке бағанының зақымдалуынан

  5. иненің сынуынан

17.Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алудың мақсаты:

  1. дәрілік ерітіндіні парентеральді жолмен енгізу үшін;

  2. дәрілік ертіндіні ауыз арқылы беру;

  3. дәрілік ерітндіні тік ішекке енгізу;

  4. дәрілік ертіндіні тіл астына беру;

  5. теріге майды слап жағу.

18. Егу орнын өңдеуге қолданылады:

  1. 90% спирт, 3 залалсыздандырылған мақта шаригі;

  2. 10% спирт, 2 залалсыздандырылған мақта шаригі;

  3. 70% спирт, 3 залалсыздандырылған мақта шаригі;

  4. 90% спирт, 2 залалсыздандырылған мақта шаригі;

  5. 70% спирт, 1 залалсыздандырылған мақта шаригі.

19.Қоңыр майлы ерітіндіні енгізіледі:

  1. бұлшық етке;

  2. көк тамырға,

  3. білектің алдыңғы бөлігіне;

  4. тері ішіне;

  5. іш пердесіне.

20.Бұлшық етке егу жасау орны:

  1. иықтың ортаңғы ішкі аймағы;

  2. иықтың ортаңғы сыртқы аймағы;

  3. жамбастың ішкі төменгі квадранты;

  4. жамбастын төменгі сыртқы квадранты;

  5. жамбастын сыртқы жоғарғы квадранты.

21.Инъекция жасар алдында теріні спирттелген мақта шаригімен өңдеу:

  1. асептика шарасы;

  2. антисептика шарасы;

  3. дерартизация;

  4. дезинсекция;

  5. залалсыздандыру.

22. Ерітіндіні сорып алу кезінде ашылған ампула ұсталынады:

  1. сол қолдың II және III саусақтары арасында;

  2. оң қолдың II саусағы;

  3. оң қолдың I және III сауақтарымен;

  4. сол қолдың IV және V саусақтары арасында;

  5. сол қолдың I және III сауақтарымен.

23.Бұлшық етке инъекциян енгізу кезінде бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізеді:

  1. шрицті теріге тік 20°С бұрышпен ұстап;

  2. шрицті теріге тік 150°С бұрышпен ұстап;

  3. шрицті теріге тік 30°С бұрышпен ұстап;

  4. шрицті теріге тік 50°С бұрышпен ұстап;

  5. шрицті теріге тік 90°С бұрышпен ұстап.

24. Санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігінің бұлшық етіне инъекция орындағанда инені енгізеді:

  1. 55°С бұрышпен;

  2. 65°С бұрышпен;

  3. 45°С бұрышпен;

  4. 85°С бұрышпен;

  5. 105°С бұрышпен.

25.Инъекцияда қолданылатын үшінші тері антисептигімен суландырылған мақта шаригі ұсталынады:

  1. сол қолдың IV-V саусақтар арасында;

  2. сол қолдың I-V саусақтар арасында;

  3. сол қолдың V-III саусақтар арасында;

  4. сол қолдың I-II саусақтар арасында;

  5. сол қолдың I-III саусақтар арасында.


Тест жауаптары.

1 НҰСҚА

2 НҰСҚА

1. А

1. B

2. А

2. B

3. D

3. C

4. E

4. A

5. E

5. B

6. E

6. C

7.B

7.B

8.C

8.E

9. E

9. B

10.D

10.C

11.E

11.B

12.E

12.E

13.E

13.A

14.В

14.E

15.E

15.A

16.E

16.B

17.E

17.E

18.C

18.C

19.B

19.A

20. E

20. E

21.E

21.A

22.C

22.A

23.C

23.E

24.C

24.C

25.C

25.A


Бүгінгі тақырып бойынша алған біліміңізді тексеру мақсатында «Ой қозғау». Берілген тапсырмадағы сәйкестіктерді табу.

Сәйкестіктерін тап:


1 тапсырма. Сәйкестікті табыңыз:

Тері ішіне

90 градуста енгіземіз

Тері астына

45 градуста енгіземіз

Бұлшық етке

Параллель енгіземіз


Жауабы:

Тері ішіне

Параллель енгіземіз

Тері астына

45 градуста енгіземіз

Бұлшық етке

90 градуста енгіземіз


2 тапсырма.

Майлы дәрілер

Тері асты

Инсулин

Бұлшық етке

Бициллин

Тік ішекке

Балауыздар

Тері астына


Жауабы:

Майлы дәрілер

Тері асты, бұлшық ет

Инсулин

Тері астына

Бициллин

Бұлшық ет

Балауыздар

Тік ішекке



3тапсырма.

Тері ішіне

2-10 мл

Тері астына

1 мл

Бұлшық етке

1-2 мл


Жауабы:

Тері ішіне

1 мл

Тері астына

1-2 мл

Бұлшық етке

2-10 мл


4тапсырма.

Тері ішіне

60 мм ине

Тері астына

20 мм ине

Бұлшық ет

15 мм ине


Жауабы:

Тері ішіне

15 мм ине

Тері астына

20 мм ине

Бұлшық ет

60мм ине


Жағдаяттық есептер шығару


Есеп №1

Мейірбике науқаста бұлшық етке инъекция салған жерде қатаю, гиперемия, жергілікті қызуды байқады.Ой кім салды?Бұны дұрыс салмаған, мен көмек көрсетейін деді.

А) мейірбикенің тактикасын бағала

Б) науқаста қандай жағдай

В) сіздің көмегіңіз

Жауабы: этика мен деонтологияны сақтай білу керек. Науқаста инфильтрат. Жылы компресс салу.


Есеп №2

Науқас гентамицин дәрісін алып жатқанына бірнеше күн. Инъекция орнында жамбастың сол жақ жоғарғы сыртқы аймағында солқылдатып ауырсынуды, дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілгеніне ,әлсіздікке, дірілдеп қалтырауына шағымданады.

Қарағанда: инъекция орны қызарған, сипағанда жергілікті қызуы көтерілген, жұмсақ ткань жұмсарған.

А) қандай асқыну болуы мүмкін

Б) сіздің көмегіңіз

В) алдын-алу

Жауабы: абсцесс. Хирургиялық жолмен емделеді. Асептика, антисептика ережесін мұқият сақтау.


Есеп №3

Науқасқа тері астына В1 витамині егіпе жатқан кезде науқаста кенет басы айналып, құсқысы келе бастады. Денесі қышып, тұншығу ұстамасы басталды.

Қарағанда: денесінде бөртпелер, өлім үрейі байқалады. Қан қысымы 90/40 мм с.б.

А) қандай асқыну болуы мүмкін

Б) сіздің көмегіңіз

В) алдын-алу

Жауабы: Анафилактикалық шок. Қандай да дәрі жібермес бұрын сезімталдығын анықтап алу керек.


Есеп №4

Мейірбике науқасқа майлы дәрі екпек болып оны 37˚С градуста жылытып бұлшық етке еге бастады. Кенеттен науқаста жүрек және кеуде тұсының ауырсынуына шағымданды.

Тексергенде: бетінің көкшіл түске өзгеруі.

А) қандай асқыну болуы мүмкін

Б) сіздің көмегіңіз

В) алдын-алу

Жауабы: Майлы эмболия. Жедел дәрігер шақыру. Майлы дәрілерді егер кезде кері сорып қарау керек. Қан тамырына түспегеніне көз жеткізу.

Бағалау критериі:

Жауаптары

Ұпай саны

1

Дұрыс диагноз, толық тактика

5

2

Дұрыс диагноз, тактика толық емес

4

3

Дұрыс диагноз, тактика қате

3

4

Диагноз қате,тактика қате

2

Сабақты қорытындылау

Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін , жаңа дағдыларды меңгеру дәрежесі, жіберген қателіктері, іс-әрекетті орындау кездегі дәлдігі мен шапшаңдығы сарапталып, сабаққа қатысы бағаланады.Оқушылардың алған бағаларын жауап парақшасына манипуляциялық бетшеге түсіріп,таныстырамын.


Оқушының аты-жөні

Сұрақ

Тесті

Сәйкестікті табу

Тесті


Ситуациялық есеп

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10








Студенттер бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, мына кестеге назар аударамыз. Алдарыңыздағы стикерді алып бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді өз ой пікірлеріңізді жазуларыңызға болады.


Бүгінге дейін не білдім?

Не білгім келеді?

Не үйрендім,білдім?





6.Үй тапсырмасы

- Дәрілік терапия тәсілдері мен әдістері

28 Желтоқсан 2024
266
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі