жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дәрілік заттар,оларды енгізу жолдары.
Дәрілік заттар,оларды енгізу жолдары.
Дәрілік зат - бұл ауруды емдеу және оның алдын алу(профилактикасы) үшін қолданылатын зат. Дәрілік препарат - бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат. Дәрілік форма - қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік препараттың түрі. Дәрілік формалар қатты, сұйық және жұмсақ болып бөлінеді.
Қатты түрдегі дәрілік формаларға: таблетка, драже, ұнтақтар жатады. Бұлардың ішінде таблетка мен драже кеңінен қолданылады, олар қолдану және сақтау үшін қолайлы. Қазіргі кезде ішуге арналған дәрі дәрмектердің көпшілігі таблетка және драже түрінде шығарылады, тек таблетка немесе драженің құрамында дәрілік заттардың қажетті мөлшері болмаған жағдайда ғана ұнтақ түрінде беріледі.
Сұйық түрдегі дәрілік формаларға: ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырма мен қайнатпалар, тұнбалар, экстракттар, микстуралар, линименттер жатады.
Жұмсақ түрдегі дәрілік формаларға: майлар, паста мен ем балауыздар жатады.
Дәрі-дәрмекті пайдалану емдеу процесінің басты бөлігінің бірі болып табылады. Дәрі-дәрмектер ағзаға жергілікті, сонымен қатар жалпылай әсер етеді. Дәрі-дәрмектер адам ағзасына әртүрлі жолдармен енгізіледі.
Дәрі дәрмекті ағзаға енгізу жолдары:
-
Энтеральды жол: Ауыз арқылы, тіл асты, тік ішек арқылы.
-
Сыртқы жол: Теріге, көз, құлақ, мұрын, қынаптың кілегей қабықтарына
-
Аэрогенді(ингаляциялық) жолмен: Тыныс жолдары арқылы.
-
Парентеральды жол: Тері ішіне, тері астына, бұлшықетке, тамырға, күре тамырға, қуыстарға, сүйек ішіне, субарахноидалдық кеңістікке.
Дәрілік заттарды энтеральды қолдану тәсілдері
Ішке дәрілер ауыз арқылы (рег оs). тік ішекке (рег гесеtum) және тіп астына (sub lingua) енгізіледі. Бұл тәсілдердің көмегімен жергілікті, резорбтивті және рефлекторлы әсер беруге болады.
Дәрілерді көбінесе ауыз арқылы енгізу қолданылады. Бұл тәсілдің артықшылығы оның қарапайымдығында, дәрілерді әртүрлі формада залалсызданбаған түрінде енізуге болатындығында.
Пероральды (ауыз арқылы) енгізу жолдары
Дәріні ауыз арқылы қабылдау кең тараған. Дәріні ауыз арқылы қабылдағанда, ол ащы ішекте сіңіріліп, қан тамырлары арқылы бауырға түседі де, жалпы қан айналымына қосылады. Ауыз арқылы енгізудің жағымды жақтары:
-
Бұл жолмен әртүрлі формадағы дәрілерді қабылдауға болады (ұнтақ, пилюля, таблетка, микстура, қайнатпа, экстракттар түрінде);
-
қарапайым және ыңғайлы;
-
залалсыздандыруды талап етпейді;
-
арнайы дайындалған көмекшілерді талап етпейді.
Пероральды қабылдаудың кемшіліктері:
-
дәрілік заттардың бір бөлігі бауырда белсенділігін жоғалтады;
-
дәрінің әсері ағза иесінің жасына, жағдайына жеке сезімталдығына байланысты;
-
ас қорыту жолында дәрінің баяу әрі толық сіңірілмеуі (бұған ас қорыту ферменттері әсер етіп, дәрі 10-15 минуттан кейін ыдырай бастайды).
-
науқастың ессіз жағдайында немесе жүрегі айну кезінде дәріні қабылдай алмауы;
-
бұл тәсіл шұғыл жағдайда дәрінің әсері жылдам керек кезінде тиімсіз;
-
асқазан мен ішектің кілегей қабығына кері әсер беруі мүмкін.
Сублингвалдық (тілдің астына) енгізу
Сублингвалдық енгізу деп дәрілік затты тіл асты қабылдауды айтады. Дәріні бұлай қабылдағанда тіл асты кілегей қабаты арқылы тез сорылып қанға араласады, бауырға бармайды және ас қорыту ферменттері әсерінен жойылмайды. Бірақ бұл жолды сирек қолданады, өйткені тіл асты маңының сіңімділік көлемі аз, сондықтан бұл жолмен өте белсенді дәрілерді аз мөлшерде (мысалы: 0,0005 г көлемде нитроглицерин , 0,06 валидол) қабылдауға болады.
Ректальды (тік ішек арқылы) енгізу жолдары
Ректальды енгізу жолдары деп дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді айтады. Ректалды жолмен сұйық (мысалы: қайнатпа, ерітінді, шырыштар) сонымен қатар қатты (ректалды суппозиторий) дәрілерді енгізеді. Ректалды жолмен дәріні науқас ауыз арқылы қабылдай алмаса (жүрек айнуы, жұтына алмауы жағдайында, асқазанның кілегей қабығының зақымдануы кезінде және т.б.) немесе жергілікті әсер ететін дәріні енгізу кезінде қолданады. Бұл жолмен дәрілер енгізілгенде олар ағзаға резорбтивты және тік ішектің кілегей қабығына жергілікті әсер етуі мүмкін.
Суппозиторийді (свечаны) тік ішекке енгізу іс -әрекеттері:
-
Науқасты сол жақ қырына жатқызып, аяқтарын бүгіп ішіне тартып жатқызу.
-
Қаптағыш қағазын ашып суппозиторийді алу.
-
Сол қолыңызбен енгізуге дайындау.
-
Оң қолмен жіңішке жағын анусқа түгелдей енгізу.
Сұйық дәрілік заттарды тік ішекке клизма түрінде енгізеді, резорбтивтік әсері бар дәрілік заттар енгізілгенде қанға тікелей өтеді. Тік ішекте ферменттердің болмауынан дәрілік заттар ыдырауға ұшырамайды, дәрі құрамындағы ақуыз, май, полисахаридті негіздер ішек қабырғасынан өте алмайды, сондықтан олар тек қана жергілікті әсер ету үшін микроклизма түрінде енгізіледі. Тоқ ішектің төменгі бөлігінде тек су, натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі, глюкоза ерітіндісі, аминоқышқылдардың кейбірі ғана сіңіріледі, сондықтан ағзаға мұндай дәрілік заттарды тамшылы клизма тәсілімен енгізеді.
Ингаляциялық (тыныс жолы арқылы) жолдармен дәрілерді енгізу
Ингаляциялық енгізу дегеніміз дәрілік заттарды тыныс жолдары арқылы енгізу. Ингаляция арқылы ағзаға газ тәрізді заттарды (оттегін), қос ұшпалы сұйықтықтарды (эфир, фторотан), аэрозольдерді енгізуге болады.
Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі:
1. Тыныс жолындағы патологиялық процеске тікелей әсері.
2. Қабынған жерге бауырда сүзілмей, ешбір өзгермей өзінің жоғары
сапасында жетуі, жоғары концентрацияның сақталуы.
Ингаляциялық енгізу жолдарының кемшіліктері:
1. Бронх жолдары өткізгіштігінің бұзылуларында дәрілік заттың қабынған
жерге дұрыс жетпеуі;
2. Тыныс алу жолдарының кілегей қабатының дәрілік заттардың әсерінен
тітіркену мүмкіндігі.
Медициналық тәжірибеде арнайы аспап көмегімен булы, жылы булы, майлы ингаляциялар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ингаляцияларды қалталы ингаляторлармен жүргізуге болады. Ингаляция жасарда пациенттің алдына алжапқыш жабылып, буға күймейтіндей жерге аппарат алдына отырғызылады. Буды мұрнымен жұтып, ауыз арқылы шығару керек. Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер үшін үйде қолдануға арналған ингаляторлар бар. Онда дәрілер пластмассадан жасалған түтікшеде болады, оған резеңке баллон кигізілген, пациент баллонды басып, ауаның күшімен дәріні тыныс жолдарына итереді.
Ингаляторды қолдану тәртібі:
-
Баллонның қақпағын шешіп, төмен қаратыңыз.
-
Аэрозолды баллонды жақсылап шайқаңыз.
-
Мүштікті ауызға енгізу керек.
-
Терең тыныс алып баллонның төменгі жағын басу. Осы кезде аэрозолдың белгілі мөлшері бөлінеді.
-
Бірнеше секунд (5-10ceк) тыныс алмай, кейін ауыздан мүштікті шығарып баяу тыныс шығарыңыз.
-
Баллон қақпағын жабу.
Сырттан енгізу
Сырттан енгізу - бұл кілегей қабығына және теріге, құлаққа, көзге дәрілік заттарды қолдану. Аталған дәрілік заттар жергілікті әсерге арналған, өйткені зақымдалмаған тері арқылы тек майда еритін заттар сіңіріледі. Компресстер, сепкіштер, майлау, жарақат үстіне арналған таңғыштар, құлаққа, мұрынға, көзге тамызғылар құю, құлақ пен көзге май жағу - осылардың бәрі түрлі дәрілік заттарды сыртқа енгізу формалары болып табылады. Оған: майлар, эмульсиялар, ерітінділер, ұнтақтар, тұнбалар, сықпалар және т.
Ысқылау.
Сұйық зат немесе майлар түріндегі дәрілік заттарды ысқылау әдісімен енгізу. Терінің жұқа жерлеріне және шаш түктері болмаған жерлерге ысқылау жасалады, яғни білектің бүгілген жағына, санның артқы жағына, көкірек қуысының алдына, іш аймағына т.б. Теріні ысқылайтын жер таза болуы керек. Тері құрғақ болғанша 30-40 минут майларды немесе сұйық заттарды қажетті мөлшерде теріге айналдыра жағу керек. Теріде қабыну өзгерістерінің болуы (экзема, дерматит) дәрілерді бұл жолмен енгізуге қарсы көрсетпе болып келеді. Кейбір жағдайларда ысқыламай теріге жақсы сіңу үшін оны жұқалап жағып, полиэтилен пленкасымен жабады.
Май жағу.
Дәрі жағу таза теріге таза аспаптармен және жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын майды негізінен тері ауруларына қолданылады. Зарарсыздандырылған қалақшамен жағатын майды екі бүктелген зарарсыздандырылған салфеткаға жағып, ауыратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын мақта төсеп, компресс қағазын қойып, бинтпен орайды. Кейде тереңде жатқан тіндерге сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді, ол үшін терінің сол жерін сабындап жуып, алақанға қажетті мөлшерде май салып, ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене бөлігіне 30-40 минут мұқият жағады.
Майды теріге уқалап енгізу
-
Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.
-
Май жағатын тері аймағын қарап шығу.
-
Қатты тітіркендіргіш әсері бар майларды арнайы бейімделген лентаға жағып, соның көмегімен теріге сүртіледі.
-
Майды теріге айналдыра уқалап енгізеді.
Жабысқақ таңғышты қолдану.
Жабысқақ таңғыш (пластырь) су өтпейтін дәкемен жабылған қою, жабысқақ май. Май негізі дәрілік заттардан құралады. Пластырьды жабыстырар алдында теріні спиртпен сүртеді, шаш болса қырқып тастайды. Содан кейін қайшымен пластырьды қажетінше қиып, теріге жабыстырады. Алдын ала спиртпен бір шетін сулап, жайлап пластырьды шешеді. Таңғышты бекіту үшін пластырьды қолданады.
Қызарғанда және терлегенде теріні құрғату үшін ұнтақ тәрізді заттарды немесе сепкіштерді қолданады.
Дәрі-дәрмектерді парентеральді жолмен енгізу
Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесіне түспей енгізу жолын - парентеральдық деп атайды.
Парентеральдық енгізу жолдарының бірнеше түрлері бар:
-
Тіндерге - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке.
-
Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына.
-
Қуыстарға - іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.
-
Субарахноидалдық кеңістікке(жұлынға).
Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «jnectio» - енгізу деген мағына береді. Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:
-
енгізген дәрі тез әсер етеді;
-
дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;
-
бауырдың кедергі ролі жойылады;
-
жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген