Материалдар / Дәріс: "Асинхронды қозғалтқыштың көрсеткіштерін және жұмыс сипаттамаларын анықтау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәріс: "Асинхронды қозғалтқыштың көрсеткіштерін және жұмыс сипаттамаларын анықтау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңашыл ұстаздың тәжірибе бөлісу мақсатындағы материалы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2021
321
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бұйрыққа 35-қосымша

Нысаны

______________«Электротехника колледжі» КМҚК______________

(білім беру ұйымының атауы)




ПЕДАГОГТЫҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Асинхронды қозғалтқыштың көрсеткіштерін және жұмыс сипаттамаларын анықтау (сабақ тақырыбы)

Модуль/ пән бойынша КМ 07 «Электр машиналарын сынамалық қосу,сынау»

Пән: «Электр машиналар»

(модульдің немесе пәннің атауы)

Дайындаған педагог Катранова М.Б

"__"____________ 2020 ж.

  1. Жалпы мәліметтер

Курс / Топ

Сабақ түрі

теориялық

2. Мақсаттары, міндеттері:

2.1 Сабақтың мақсаты:

Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс сипаттамалрын анықтау

2.2 Сабақтың міндеттері:


Білімділік:

Асинхронды қозғалтқыштыңкөрсеткіштерін және жалпы жұмыс режимін түсіну

Тәрбиелік:

Окушыларды тәртіпке баулу және жауапкершіліктерін арттыру.

Дамытушылық:

Cтуденттердің болашақ мамандықтарына, пәнге деген қызығушылыктарын арттыру.

Оқу сабағында білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі

АҚ жұмыс режимдерін білу

3. Сабақтың қамтылуы

  3.1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, Анықтамалық әдебиет

Электротехника и электроника: Учебник для вузов. /Под ред. Б. И. Петленко. – М.: Академия, 2003. – 2

3.2 Техникалық жабдықтау, материалдар

Презентация №11

Сабақтың-жоспар қысқаша жазбасы

Сабақтың барысы

Уақыт

(минут)

Жұмыстың түрлері

Оқу ресурстары мен материалдары

  1. Ұйымдстыру кезеңі


2 мин

Студенттермен салемдесу.

Тізім бойынша оқушыларды тексеру.

Электротехника и электроника: Учебник для вузов. /Под ред. Б. И. Петленко. – М.: Академия, 2003. – 2

  1. Қызметтің жаңа білімі мен тәсілдерін қалыптастыру:

Жоспар:

  1. АҚ жұмысшы сипаттамалары

  2. Жұмыс режимдерін есептеу


65 мин

Дәптерлеріне дәрісті конспектілеу. Презентация №11 баяндау. АҚ жұмыс сипаттамаларын түсіндіру. Оларды есептеу формулаларын кқрсету.

  1. Зерделенген материалды түсінуді алғаш тексеру

  1. Жұмыс сипаттамасы дегеніміз не?

  2. Жұмыс режимдерінің түрлері?

  3. Статор болатындағы электр шығыны?

8 мин

Жаңа өткен тақырып бойынша бекіту сұрақтарын қою. Сұрақтарды талдау.

  1. Қызмет білімі мен тәсілдерін бақылау және өзіндік бақылау

5 мин

Студенттерге жауап беру барысындағы жіберілген қателіктерін көрсетіп, жауап берген студентті бағалайды

  1. Қызметтің білімі мен тәсілдерін түсіну

5 мин

Қателіктермен жұмыс жасау

  1. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру

[1]: § 14.1, бет 181

2мин

Дәптерлеріндегі конспектіні оқу

  1. Сабақ қорытындыларына қорытынды жүргізу

3 мин

Студенттердің білімін бағалау











Асинхронды қозғалтқыштың көрсеткіштерін және жұмыс сипаттамаларын анықтау



  1. АҚ жұмысшы сипаттамалары

  2. Жұмыс режимдерін есептеу



Асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамалары дегенде желідегі кернеу U1 және оның жиілігі тұрақты болғанда, оның тұтынатын токтың І1 активті қуаттың Р1 моментінің М шарықтауын, ротор білігінің айналу жылдамдығы n2, сырғуды S, ПЭК ( ) мен Cosφдің, жүктеменің өзгеруі Р2 өзгерулері сипатын түсінеді:

І11, М,n2,S,ŋ,Cosφ=ƒ(Р2),U1=Const мен ƒ1=Соnst (1).

Асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамалары, инженерлік тәжірибеде жеткілікті дәлдікпен, эквивалентті алмастыруа электр сұлбасы арқылы олардың өлшемдері белгілі болса, айтылған әдістеме бойынша, есептеу жолымен анықтауға болады. Сырғанаудың мына шектегі S=(0,2…1,2)Sн бірнеше мәндерін алып, тең аралық ∆S арқылы есептеу мына ретпен жүргізіледі. Асинхронды қозғалтқыштың алмастыру эквивалентті электр сұлбасынан Ом заңы бойынша желіден тұтынатын токты І1 анықтайды:

, (2)

мұндағы Ů1=U1lj0 –асинхронды қозғалтқыштың номинальды сызықтық кернеуінің кешені (бастапқы фазалық ығысу бұрышы шартты түрде нөлге тең φ1=0 деп алынған І1 мен φ1=0 деп алынған). Zэкв- асинхронды қозғалтқыштың алмастыру сұлбасының эквивалентті кедергісі. Қозғалтқыштың желіден тұтынған активті электр қуаты Р1 есептеп шығарылады.

(3)

Қозғалтқыш білігінде дамитын қуат Р2=P1-ΣP анықтау үшін, барлық шығын қосындысын ΣP анықтау қажет. Ол үшін асинхронды қозғалтқыштың синхронды жүктеусіз жұмыс кезінде тұтынған магниттену тоғын І0 және ротор орамасының келтірілген тоғын І2" алдын ала есептеп алу керек:



, (4)

мұндағы Z0 =Z1+ZҰ = (R1 +Rсm) + ј (х1 м) =Z0е-jφο статор орамасына келтірілген ротордағы ток 4.17- суреттен алып анықталады.



(5)

Содан кейін қозғалтқыштағы электр шығынын есептейді статор орамасының мысындағы электр шығыны (4.110): ротор орамасының мысындағы (алюминий) электр шығындары:

= (6)

статор болаттарындағы электр шығындары

(7)

Ротор болатындағы электр шығындарын жұмысшы жүктемесі кезінде ротор болатынан аса магниттену жиілігінің аздығы үшін

Рс2 0 деп қабылдап оны елемеуге болады, үстеме Рү және механикалық Рмех шығындары біріктіріп Рқос қосымша шығын деп (4.116) алуға болады:



Рқос Рмехү (0,018…0,008)Р1 (8)

Асинхронды қозғалтқыштың барлық шығыны:

ΣР = Рм1+ Рм(А)2с1ү

қозғалтқыш білігіндегі механикалық қуат (4.116)



Р2 = Р1- ΣР

Асинхронды қозғалтқыштың ПӘК (4.18)

Асинхронды қозғалтқыш роторының айналу жылдамдығы айн/мин (4.10) n2 =n1(1-S) немесе рад/с (4.12)

ω2 = .

Асинхронды қозғалтқыштың білігіндегі айналдыру моменті (4.120)



Алынған мағлұматтар бойынша жұмысшы сипаттамалары тұрғызылады

І1 1 2 , η және Соsφ біліктегі қуаттың Р2 функциясында, салыстырмалық бірлікте:

9)

жұмысшы сипаттамасын талдауға ыңғайлы болу үшін η пен Соsφ деп басқа барлық өлшемдері номинальды мәндеріне тең базистік шамада салыстырмалы бірлікпен алынады.

1-суретте қысқа тұйықталған шығын қуатты асинхронды қозғалтқыштың қорытынды жұмысшы сипаттамаларын көрсетілген. Жұмысшы сипаттамаларын талдау мынадай жинақтаған қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Асинхронды қозғалтқыштың білігіндегі жүктеме жүктемесіз жұмыстан номинальды жұмысқа дейінгі аралыққа өзгерсе:

  • айналу жылдамдығы n2 тұрақты дерлік шамада қалады;

  • моменттің М ұлғаюы түзу сызыққа жуық;

  • білікке жүктеме түспеген кезде (жүктемесіз жұмыс) қозғалтқыш тұтынатын ток І1 номинальды мәнінің (35..40)% құрайды: І1хх=(0,35..0,4)Ін;

  • ПӘК (η), біліктегі жүктеме 50% жеткенде, шырқау шегіне дейін жетіп тез өседі және ісжүзінде одан ары өзгермейді;

  • қуат коэффициенті соsφ дің өсуі соsφхх =0,1 ден бастап, номинальды жүктеленген кезде номинальды мәніне жетеді, асыра жүктелген кезде аздап өзгереді;

  • сырғанау S жүзінде түзу сызықпен өседі;

  • номинальды сырғанау Sн шамасы қозғалтқыштың қуатына тәуелді өзгереді және Sн = 0,06…0,01 шегінде ауытқиды.



1-сурет. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың қорытынды жұмысшы сипаттамалары

2-сурет. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың қуатына номинальды сырғанаудың (S) тәуелділігінің қорытынды қисықтары.

2-суретте сырғанау шамасы қозғалтқыштың қуатының өсу ретіне қарай көрсетілген. Эксплуатациялаушылардың назарын аударуды керек ететін өзіндік ерекшелік жүктеме болмағанның өзінде анық тұтыну тоғының үлкен болуы. Қуаты аз қозғалтқыштардағы бос жүріс тогы номинальды токтың (40…45) %іне жетеді Іхх=(0,4…0,5)Ін, ал қуат коэффиценті өте төмен. Сондықтан асинхронды қозғалтқышты номинальды жүктемемен пайдалануы керек, сонда Соsφ дің η-ге көбейтіндісі шырқау шегінде болады. Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың айналу бағытын өзгерту статор орамасының кез-келген екі фазасын желіге ауыстырып қосу арқылы жүзеге асырылады (екі фазаның орындарын ауыстыру).



Бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыс сипаттамасы дегеніміз не?

  2. Жұмыс режимдерінің түрлері?

  3. Статор болатындағы электр шығыны?

Үй жұмысы : [1]: § 14.1, бет 18


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!