Материалдар / Дәріс: "Үшфазалы асинхронды қозғалтқышты қосу және айналу жиілігін реттеу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәріс: "Үшфазалы асинхронды қозғалтқышты қосу және айналу жиілігін реттеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңашыл ұстаздың тәжірибе бөлісу мақсатындағы материалы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2021
422
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бұйрыққа 35-қосымша

Нысаны

______________«Электротехника колледжі» КМҚК______________

(білім беру ұйымының атауы)





ПЕДАГОГТЫҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Үшфазалы асинхронды қозғалтқышты қосу және айналу жиілігін реттеу

(сабақ тақырыбы)

Модуль/ пән бойынша КМ 07 «Электр машиналарын сынамалық қосу,сынау»

Пән: «Электр машиналар»

(модульдің немесе пәннің атауы)

Дайындаған педагог Катранова М.Б.

"__"____________ 2020 ж.

  1. Жалпы мәліметтер

Курс / Топ

Сабақ түрі

теориялық

2. Мақсаттары, міндеттері:

2.1 Сабақтың мақсаты:

Үш фазалы асинхронды қозғалтқышты қосуды үйрену

2.2 Сабақтың міндеттері:


Білімділік:

Үш фазалы АҚ қосу түрлерін және айналу жиілігін реттеуді түсіну

Тәрбиелік:

Окушыларды тәртіпке баулу және жауапкершіліктерін арттыру.

Дамытушылық:

Cтуденттердің болашақ мамандықтарына, пәнге деген қызығушылыктарын арттыру.

Оқу сабағында білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі

Үш фазалы АҚ қосуды білу

3. Сабақтың қамтылуы

  3.1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, Анықтамалық әдебиет

Амиров Ж.Х. Электротехника и электроника: Оқу құралы. Алматы, 2003.

3.2 Техникалық жабдықтау, материалдар

Презентация №12. Үш фазалы Асинхронды қозғалтқышты қосу сұлбасы.

Сабақтың-жоспар қысқаша жазбасы

Сабақтың барысы

Уақыт

(минут)

Жұмыстың түрлері

Оқу ресурстары мен материалдары

  1. Ұйымдстыру кезеңі


2 мин

Студенттермен салемдесу.

Тізім бойынша оқушыларды тексеру.

Амиров Ж.Х. Электротехника и электроника: Оқу құралы. Алматы, 2003.

  1. Қызметтің жаңа білімі мен тәсілдерін қалыптастыру:

Жоспар:

  1. Қозғалтқышты іске қосу тәсілдері

  2. Қозғалтқышты кері бағытта айналдыру (реверстау)

  3. Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың айналу жиілігін реттеу

65 мин

Дәптерлеріне дәрісті конспектілеу. Презентация №12 баяндау. Үш фазалы АҚ қосу сұлбаларын көрсету, Айналу жиілігін реттеуді көрсету.

  1. Зерделенген материалды түсінуді алғаш тексеру

  1. Қосудың үш түрлі тәсілі?

  2. Реверсті қосу дегеніміз не?


8 мин

Жаңа өткен тақырып бойынша бекіту сұрақтарын қою. Сұрақтарды талдау.

  1. Қызмет білімі мен тәсілдерін бақылау және өзіндік бақылау

5 мин

Студенттерге жауап беру барысындағы жіберілген қателіктерін көрсетіп, жауап берген студентті бағалайды

  1. Қызметтің білімі мен тәсілдерін түсіну

5 мин

Қателіктермен жұмыс жасау

  1. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру

[1]: § 15.1, бет 195

2мин

Дәптерлеріндегі конспектіні оқу

  1. Сабақ қорытындыларына қорытынды жүргізу

3 мин

Студенттердің білімін бағалау









Үшфазалы асинхронды қозғалтқышты қосу және айналу жиілігін реттеу

  1. Қозғалтқышты іске қосу тәсілдері

  2. Қозғалтқышты кері бағытта айналдыру (реверстау)

  3. Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың айналу жиілігін реттеу

Қазіргі кезде қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштарды  іске қосуының басты үш түрлі тәсілі белгілі:

а) ток жүйесіне тікелей қосу;

б) кернеуді төмендетіп қосу:

1) автотрансформаторлық қосу;

2) реакторлық қосу;

в) статор орамдарын  іске қосу кезеңінде үшбұрышты қосудан жұлдызша Y  қосымына алмастыру тәсілі.





Қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштарды іске қосудың ең жеңіл тәсілі статор орамдарын номинал кернеулі ток жүйесіне тікелей қосу болып табылады. Бұл тәсіл тікелей қосу деп  аталады. Егер қоректену ток көзі жеткілікті қуатты болса, іске қосу кезеңіндегі ток күші IҚ   (47) IН кернеудің 1015 пайыздан жоғары емес  кемуін туғызбаса, тікелей қосу мүмкін. Қазіргі замандағы энергетикалық жүйелер және трансформаторлық қосалқы станциялардың көбі үлкен қуатты асинхронды қозғалтқыштарды тікелей қосу мүмкіндігін береді  , егер кысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштарды тікелей  қосу кезінде  кернеудің кемуі электр қуатымен жабдықтау заңдылық шартына сәйкес келмесе, кернеуді төмендетіп іске қосудың түрлі тәсілдері қолданады. Бірақ та бұл жағдайда іске қосу моменті кернеудің квадратына пропорционал төмендейді. Сондықтан мұндай қосу түрлері бос жүксіз бос жүру қосу немесе шамалы жүкпен қосу кезеңдерінде қолданылады   

Бұл жұмыста қозғалтқыштар а) және б) баптарына сай іске қосылады.

2 Қозғалтқышты кері бағытта айналдыру (реверстау)

Айнымалы магнит өрісінің айналу бағыты, оған байланысты ротор айналу бағыты фазалардың (А, В, С) статор орамына орын алмасып қосылуына байланысты. Қозғалтқыштың айналу бағытын өзгерту (кері немесе қарама-қарсы айналдыру) үшін  қосылатын ток көзінің  (А, В, С) кез келген екі ұшын алмастырып қосса жеткілікті.

3. Ротор айналымының бір минуттағы жиілігін мына формуламен анықтайды: n2=n1(1-S) =60f1(1-S)/p.

Бұл формуладан ротордың айналу жиілігі оны анықтайтын үш параметр арқылы реттеуге болатындығы көрінеді, яғни желі тогының жиілігін fполюстер жұбының санына р және жылжыма мөлшерін өзгерту арқылы реттеуге болады.

Асинхронды қозғалтқыштардың айналу жиілігін желі тогының жилігін өзгерту арқылы реттеу қиынға түседі, өйткені ол үшін реттелетін жиілік түрлендіргіш немесе генератор қажет. Сондықтан мұндай тәсіл кең қолдану таппай отыр.

Машина полюстерінің санын өзгерту үшін статорда әртүрлі санды полюстері бар бірнеше орамалар немесе әртүрлі санды полюстерге ауыстырып қосыла алатын екі орамдар болуы керек.

Сұлба 1: Үш фазалы қозғалтқышты реверсті жалғау

1 а –суретте тізбектеп қосылған бір фазаның екі орауыштары схема түрінде көрсетілген. Ток олардан өтіп төрт полюсті магнит өрісін тудырады. Егер ораушытың біреуіндегі токтың бағытын екіншісіне қарсы қосу арқылы өзгертсек , онда орама екі полюсті магнит өрісін туғызады (1,б-сурет). Статор орамасының полюстер санын өзгертсек, оның магнит өрісінің айналу жиілігі бұлай реттеу тиімді, бірақ оның кемшілігіне жиілік өзгерілуінің сатылығы жатады. Сонымен қатар мұндай қозғалтқыштардың бағасы статор орамасының күрделенуіне және ауқымының ұлғаюына байланысты едәуір өседі. Айналу жиілігі полюстер санын өзгерту арқылы реттеу қысқа тұйықталған роторлы қозғалтқыштарда қолданылады, фазалық роторлы қозғалтқыштарда бұл тәсіл пайдаланылмайды, өйткені, статор орамасының полюстер санын қаншама өзгертсек, айналып тұрған ротор орамасының полюстерінің санын да соншама өзгерту керек, оны іске асыру өте қиын.

Жылжыманы ротор орамасының тізбегіне енгізілген реостатпен және жиі кернеуін өзгерту арқылы реттеуге болады. Қоректендіруші желінің кернеуін реттегенде қозғалтқыштың айналдырушы момент азайғанда ротордың айналу жиілігі де азая бастайды, яғни жылжыма өседі.

Реттегіш реостат фазалық ротордың орама тізбегінде жүргізіп жіберу реостаты сияқты қосылады, бірақ одан айырмашылығы реттегіш реостат токтың ұзақ өтуіне есептелініп жасалады. Реттегіш реостатты қосқанда ротордағы ток кемиді, бұл қозғалтқыштың айналдырушы моментін төмендетуге алып келеді, ал ол айналу жиілігін төмендетеді, немесе жылжыманы өсіреді. Жылжыма өскен кезде ротордағы ЭҚК пен ток өседі. Айналу жиілігі мен жылжыма моменттер теңескенше, яғни ротордағы ток көзінің бастапқы мәніне жеткенше өзгереді. Қаралып отырған айналу жиілігн реттеу тәсілі тек қана фазалық роторлы қозғалтқыштарда пайдалануға болады.

1-сурет.Полюстердің әр түрлі санына статор орамасын қайта қосу схемасы:

а – төрт полюсті, б – екі полюсті.

 

Бұл тәсіл экономикалық тұрғыдан тиімді болмаса да кеңінен қолданылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қосудың үш түрлі тәсілі?

  2. Реверсті қосу дегеніміз не?


Үй жұмысы : [1]: § 15.1, бет 195


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!