Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Дәрумендер
Материал туралы қысқаша түсінік
Дәрумендермен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
26 Қаңтар 2018
816
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Дәрумендер - денсаулық кепіліМақсаты: Оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.Көрнекілігі: көкөніске толы себет, газет «Денсаулық және көкөніс»Барысы:Мұғалім: – Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар және натуралистер!«Дәрумендер – денсаулық кепілі» деп аталатын кешімізді ашық деп жариялаймыз.Елбасымыз «Білімді ұрпақ – болашақ» деген. «Білімсіздің күні ғаріп, білімдінің түні жарық» демекші сөз кезегін «Көкөніс өсіру» үйірмесінің оқушыларына берелік.1 – оқушы: – Мәссаған! Мына қызықты қараңыз, көкөністер бір – бірімен айтысып жатыр екен. «Мен пайдалымын» деп шу шығарып жатыр.Асқабақ: - Мен бақшадағы ең ірі көкөніспін. Үлкен болғандықтан бақшада көп орын аламын, салмағым 16 кг жетіп, аязыңа пысқырмай жата беремін. Орталық Азияда менен әртүрлі бұйымдар, ыдыстар жасаған. Адамға қажетті көкөніспін.2- оқушы: Іші сары, сырты қатты,Дәні – дәрі, дәмі тәтті.Пісіріп жесең ас - тамақ,Оның аты – асқабақ.Домалаған дәу өзі,Құшағыңа сыймайды.Күзге дейін бақшада,Суық түсе жинайды.Орамжапырақ келедіДәмді болсын десеңОрамжапырақты егер,Жаздай суар оны,Жатпасын шөлдеп бекер.Орамжапырақ та сеніңЕңбегіңді өтер.Орамжапырақ: – Сен керемет емессің, бірақ мақтана бер, асқабақ. Мен де кішкентай емеспін, бәріне де белгілімін.Асқабақ: – Онда неге сені бұлай атаған?Орамжапырақ: – Ежелгі египеттіктер мені қатты жақсы көрген. Адамдардың ас қорыту мүшелеріне өте пайдалымын. Қыс бойы мені тұздап сақтап қойып, тағамға қажетті дәрумендерім үшін қолданады. Сондықтан мен керемет көкөніспін. Басқасына қарағанда қияр сияқты кішкентай емеспін.Қияр келеді.Қияр: – сопақшы көк өңім бар,Пайдалы, мөлдір сөлім бар.Піскен кезде жиярсың,Менің атым – қиярмын.Қазір ұзын сабағымЖан – жағыма тарайды.Қол ұстасқан баладай,Бақшаны алып барады.- Әрине, басқа көкөністерге қарағанда мен дәрумендерге бай емеспін, сонда да мен сүйікті көкөніспін. Қыста да, жазда да бармын. Ежелгі Египетте бай адамдар шырын жасап, әртүрлі ауруларға пайдаланған. Терінің қартаймауына көмектесемін. Және қазіргі кезде косметикаға да қолданады.Қызанақ келеді.Қызанақ: – Немене бәрің оны ренжіте бересіңдер? Мен де кішкентай болсам да адамдарға пайдалымын.Асқабақ: – сен де мақтанғың келіп тұр ма?Қызанақ: – Жо – жоқ, мен өзімнің отаным Перуді мақтан тұтамын. Көптеген дәрумендерге баймын, мәселен, А дәрумені жетіспесе адам ағзасы өсуі баяулайды.Әсем, нәзік көріктімін,Көктей жеуге болмайды.Салатқа мені қосқандаҚияр қасымнан қалмайды.Қып – қызыл боп пісемін,Жәшікке лақтырып салмайды.Жарылып қалам өйткені,Көтермеймін ондайды.Картоп келеді.Картоп: – Әй, қойыңдар! Адамның екінші наны атансақта көкірегімізді кермей-ақ тып-тыныш жатырмыз ғой!Ылғалды топырақ мекенім,Сол жерде жақсы өсемін.Жегенде жақсы тоясың,Ұраға салып қоясың:Мен екінші нанмын!- Мені ең алғаш 1537 жылы білді. Голландияның І Петр 1700 жылы шамасындаРесейге әкелінді. Құрамымда 14 – 24 % крахмал бар. 200-ге жуық әртүрлі тағам әзірленді. Мені де әртүрлі атайды. Отаным – Оңтүстік Америка.Қызыл бұрыш: – ой, картоп, мен білмегем ғой, екеуміз жерлес екенбіз ғой. Мен де Оңтүстік Америкаданмын. Мені Христофор Колумб әкелді. Дәрумендерге өте баймын. Егер көкөністер арасынан жарыс өтсе, мен чемпион атағын алушы едім. Біреуін каротин үшін, енді біреуін А дәрумені үшін алар едім, өйткені ол тері аураларына пайдалы, менде де С дәрумені бар. Егер де кімде-кім мені тағамға пайдаланса, ол адам көп өмір сүреді.Сарымсақ: – егер бұрыш өзін өте пайдалымын, бәріне қажеттімін десе, онда мен туралы айтып керегі де жоқ.Менсіз астың дәмі жоқ,Күлдіре алмаймын жылайсың.Ащы болсам да меніБазардан жиі сұрайсың.Түшкірсең, пысқырсаңМен шипа боламын.- Өзіме тән иісім бар, құрамымда 20 – 27 % полисахарид, нәруыз 7 – 28 %, С дәрумені бар. Бактерияларды жойып жіберетін эфир майын медицинада қолданады. Қышпа зат, фитоцидтер де бар. Сондықтан жұқпалы аураларға қарсы пайдаланады.Бұрыш: – Сенің Отаның қай жер?Сарымсақ: – Азияда тудым. Бірақ Еуропа мен Африкада тұрамын. Орта ғасырларда батырлар мені кеуделеріне тұмар ғып тағып жүрген. Өйткені мен әртүрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін.Пияз келеді де сарымсақтың қасына тұрады.Асқабақ: – Сен неге сарымсақтың қасына тұрасың? Сендер доссыңдар ма?Пияз: – Біз дос қана емеспіз, ағайындымыз. Мені Біздің дәуірімізге шейін білген. Ежелгі Римде солдаттарға батырлық пен күш береді деп есептеген. Әртүрлі аураларға, тұмауға, тіс ауырғанда, чума ауруына қарсы пайдаланып, емделген. Мысырлықтар тәңір жаратқан өсімдік деп ерекше қастерлеген.Қияр: – Сен неменеге қып – қызыл болып ісініп тұрсың? Өзің туралы ештеңе айта алмай ұялып тұрсың ба?Қызылша: – Жерорта теңізінде дүниеге келдім. Қызылшаның да әртүрі болады. Көбінесе Иранда, Жерорта теңізі, Каспий теңізінің жағалауында, Индия мен Қытайда кездеседі.Жемтамырымда өте көп қант бар, оны ешкім білген жоқ. 1747 жылы неміс химигі Маркграф қызылша құрамында қант барын тапқан. 1799 жылы Фрац Ахард бірінші рет бірнеше кг қант алған. Одан әрі Ресейге өткізді. Мен қазіргі уақытта 3 орындамын. Тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне пайдаланады.
Сәбіз: – Сары, дәмді, ұзынмын,Жер астында тығылған.Тартсаң шыға келемін,Өсіп тұрған бұрымнан.Күзде қазып аласыз,Тамаққа да саламыз.Егер мені көп жесең,Биік, ұзын боласыз.Сәбіздің мәдени дақылдарға жатқызылуы – біздің заманымызға дейінгі 2000-1000 жылы. Отаным – Жерорта теңізі, одан ол барлық жерлерге таратыла бастады. Құрамы дәрумендер – витаминдерге өте бай. А, В, С, К, Д, Е, сонымен қоса микроэлементтер де бар, кобальт, темір, йод, мысқа да бай. Садат жасауға, тағамдарға пайдаланады.Баклажан: – Менің отаным – Индия. Арабша бадиншаш, баданжан деп атайды. Ерте кезде өте ащы болған. Мені ешкім жей алмады. Пісірілген баклажанды арабтар тіс ауырғанда басып емдеген. Еуропаға VI ғасырдың аяғында келдім. Мені бағалау үшін 300 жыл керек болды. Қазір мені әртүрлі тағамдарға қолданады. Құрамымда нәруыз, май, кальций, фосфор, темір және тұздар бар.Медицинада бауыр ауырғанда қан құрамындағы зиянды холестеринді азайту үшін қолданады. Оңтүстік Қазақстан облысында мол өсіріледі.
Петрушка: – Мен Испанияда тудым. Ежелгі Египетте мені танып біле бастады. Ол жақта жамандықтың рәмізі деп атаған.т себет толған петрушка болса және оны қарсы кездестіргенде адамдар жамандық шақырады деген екен.Аскөк: – Жап – жасыл шөпке ұқсаған,Аскөктің сабағын жейсің.Ол қосылған салат, тамақтың,«Дәмдісін – ай» дейсің.- Біз екеуміз туыспыз, бірақ бақшаға әртүрлі жолмен келеміз. Көкөніс қатарына оңай қосылған жоқпын. Орта ғасырда мен сондай қажетті дәрілік өсімдік бола бастадым, сосын бүйрек ауырғанда, сарыауруға пайдаланды. Қазіргі кезде бәріне белгілімін.4 – оқушы: – Көкөністер айтысы ұзаққа созылды. Біреуі «тәттімін», біреуі «өте қажеттімін» десе, енді біреуі «емдік қасиетім бар, сондай пайдалымын» деп жатыр.Бақша иесі келіп көкөністерді жинауға кірісті.5 – оқушы: – Барлығың да дәмдісіңдер,Шырқап айтар әнімсіңдер.Көз тоймайтын кереметтер,Дастарханның сәнісіңдер!Ән: «Дастархан»Мұғалім: – «Бірінші байлық – денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен «Дәрумендер – денсаулық кепілі» деп аталатын қойылымымыз аяқталды. Сіздерге көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, зор денсаулық және дастархандарыңызға көкөністерге толы болсын демекпін! Кешімізді әртүрлі сайыстармен жалғастырамыз.1 «Жұмбақтар» сайысы2 «Сурет» сайысы3 «Кім көп ойлап табады?» сайысы (Көкөністерді ұстап атын айтқызу, көзі байлану керек.)Әрбір дұрыс жауапқа көкөністер суреті бар жетондар таратылады. Жеңімпаздарды соңында сыйлықтар беріп құттықтайды.
Тақырыбы: Дәрумендер еліне саяхат.Мақсаты: Балаларға жемістердің, көкөністердің дәруменге бай екенін, денсаулыққа пайдасын түсіндіру, бау-бақшаға саяхатқа шығып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, баланың тілін дамытуКөрнекіліктер: Көкөністер мен жемістер суреттері, себеттер,үлестірмелі материалдарБилингвальный компонент:алмұрт-груша,өрік –урюк, алма-яблоко,асқабақ-тыкова, лук-пияз, сәбіз-морковь.Ынталандыру кезеңіКел, балалар, келіңдер,Жақын келіп тұрайық.Шеңберді біз құрайық,Таңертең ерте тұрайық.Бетті, қолды жуайық.Тісімізді тазалап,Айнаға да қарайық.Шашымызды тарайық,Денсаулықты сақтайық.Сабын, тарақ, щеткамен,Тазаланып тұрайық.Тазаланып болғасын,Бау-бақшаға барайық.Көкөністер пісіпті,Жеміс-жидек түсіпті,Жинап теріп алайық.Ұйымдастыру кезеңі-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз «Дәрумендер әлеміне саяхат» деп аталады.-Балалар дәрумендер еліне немен барамыз?Дұрыс айтасыңдар жаяу жүрген денсаулыққа пайдалы.– Мына суретке қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?– Балалар, осы жемістер, көкөністер денсаулыққа өте пайдалы. Оларда дәрумендер– өте көп.Бау-бақшадағы жемістер күзде піседі, оны адамдар жинап, теріп алып дүкендерге апарады. Балалар осы жемістерді деніміз сау болу үшін, ауырмай өсу үшін қалай жейміз?. Ал енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын 1.Жазда інге тығылып,Жатқан қызыл түлкініҚұйрығынан суырып,Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)2. Жайлы, жұмсақ төсегім,Домаланып өсемінҚабат-қабат тоным барҚалай оны шешемін.Бұл не? (Орамжапырақ)3. Қалың киім ұнатады,Шешіндірсең жылатады. Ол не? ПиязПияз жерде өседі, оның дәмі ащы болып келеді. Пиязды аурудың алдын алу үшін де пайдаланады.Пішіні қандай екен?4. Үлкендігі алмадай,Сырты жанған қызыл от, Ішін жарып қарасаң- Майда , майда қызыл шоқ АнарАнардан салқын сусындар дайындалады. Анарды күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Асқазан қабынуына және терінің күйгеніне анар жемісінің қабығы жақсы көмектеседі (қайнатылған түрде) 5.Сырты тәтті, іші тәттіОртасы сүйек қатты ӨрікӨріктен тосап, шырын, мармелад жасайды, десерт ретінде қолданады. Өрікті жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайдаланады.Балалар есікті біреу қағып тұрған сияқты.Бұл кім екен?Сәлеметсіңбе Тышқан, амандасайық тышқанмен балалар. Тышқан : Сәлеметсіндер ме балалар. -Балалар мен сендерге көптеген тағамдар әкелдім, олар өте дәмді және денсаулыққа пайдалы, дәрумендері көп (чипсы, сухарики, Соса Соla көрсетеді). Тәрбиеші:Балалар, сендер дәрумендерді білесіңдер ме? Қандай тағамдарда дәрумендер көп? Тышқан әкелген тағамдарда дәрумендер бар ма? Дұрыс айтасындар.Балалар, тышқан әкелген тағамдарда дәрумендер жоқ, пайдасыз, оларды жеугеболмайды. Дәрумендер сүттен жасалған тағамдарда,жемістерде, көкөністерде көп болады.Дидактикалық ойынБалалар,мынау «Жемістер мен көкөністер»қазір ойын ойнаймыз ол «Кім жылдам?» деп аталады.Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды.Ал енді балалардың ойынына баға берер болсақ,олар көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинады.Қане олай болса, балалар, жемістер туралы тақпақтар айтайық.1.Нұрбек (Анар) Бұтақтан үзілгенЖарылса анармынМоншақтай тізілген,Дәндерін аламын.2. Жаннұр (Жүзім)Мен жүзіммін, жүзіммінМоншақ болып тізілдім.3.Диана (Шие) Мен шиемін, шиемін,Күннің көзін сүйемін.Қышқыл шырын менде бар,Төмен бас иемін.Ал,енді балалар, кім көкіністер жайлы тақпақтар біледі,қане кім айтып береді? НұрайлымТал шыбығым бұрылып,Бақшаларда қызарып,Тұрған ол мен-қызанақ,Күнге қарап ұялып. (қызанақ)АсылымАтым-қияр, теріп ал,Жиі-жиі суарып (қияр)Айнұр Сәбіз– Балалар, жемістер мен көкөністер үлкен еңбекпен келеді. Оларды көктемде егіп, күтіп баптап, суарып, күзде піскенде жинап аламыз.Дидактикалық ойын«Не артық?»– Балалар, қане, бәрің мұқият тыңдаңдар...Дәрумендер тірегің,АВСДЕ деп аласың.Жетіспесе бірі оның,Ауырып сен қаласың.Балалар олай болса міне менің қолымда бір себет жемістер бар ,жүріңдер ас бөлмесіне барып жуып ,турап йогурт қосып дәрумендер салатын жасайық. Қонағымыз тышқанда дәм ауыз тисін.–Көкіністер мен жемістерді жуып, тазалап жейміз. Балалар,мен сіздерге көкіністер мен жемістарді айтамын сіздер сол сөзді орысшаға аударасыздар ( пияз – лук) Түсі қандай? ( қызғылт- сары) ( Анар – гранат) Алма-яблокоТышқан міне,балаларымыз көкіністер мен жемістердің адам ағзасына пайдасы зор екендігін айтып берді.– Өте жақсы, балалар «Денсаулық – зор байлық» деген, олай болса, дәрумендерге толы жеміс-жидек, көкөністерді жеп жүрсеңдер ешқашан ауырмайсыңдар.Қорытындылау:Балалар көкөністер мен жемістерді ажырата аламызба?.Дәрумендердің адам ағзасына қаншалықты қажет екендігін кім айтады?

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)