Материалдар / Дарынды білім алушылармен атқарылатын жұмыс жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дарынды білім алушылармен атқарылатын жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледждегі дарынды білім алушылармен атқарылатын жұмыс жоспарының үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2018
2112
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

МКҚК Талғар қ. Политехникалық колледжі


Келісілді Бекітемін

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі

Жазильбекова Р.О. жөніндегі орынбасары ____________________ Бейсембаева Е.Қ . «__» ________2018 жыл _____________________ «__» _______ 2018 жыл


Дарынды білім алушылармен

2018 - 2019 оқу жылында атқарылатын жұмыс жоспары


Мақсаты: Білім алушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қана қоймай, олардың қырандай қанат қағып, білім көкжиегінің биігіне самғап, оқығанын жадында сақтап, өмірде пайдалана білу қабілеттерін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылық шыңдалуына жағдай жасау.

Міндеттері:
1. Пән бойынша білім алушылардың білім, білік, икем дағдыларын тереңдету.
2. Тапсырманы орындауда себебін анықтап, қорытынды жасай білуге итермелеу.
3. Білім алушыларды қызықтыратын тақырыптар бойынша ғылыми ізденістерге көмектесу, білім жолын тереңдету.

ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ

МЕРЗІМІ

ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

1

Дарынды білім алушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру

 

қыркүйек

 

Жоспар

2

Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау арқылы дарынды білім алушыларға табу

қыркүйек

Тізімін құру

2

Аудандық «КҒА», «Дарын», «Зерде» ғылыми жобаларына қатысу үшін зерттеп жүрген жұмыстарын саралау, конференция, ғылыми жобаларына қатыстыру

Жыл бойы

білім алушылардың шығармашылық жұмыстары

3

Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

Жеке жоспар бойынша

Жоспар

4

Білім алушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу(рефераттар, суреттер,  шығармашылық жұмыстар)

Жоспарға байланысты

білім алушылардың шығармашылық жұмыстары

5

Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

Жоспарға байланысты

Сабақ жоспарлары

6

АКТ технологиялар элменттерін пайдалану

Қажеттілігіне қарай

Презентациялары

7

Деңгейлік тапсырмалар дайындау

Қажеттілігіне қарай

Деңгейлік тапсырмалар

8

Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту

Қажеттілігіне қарай

Тест тапсырмалары

9

Сабақ сайын озық тапсырмалар беру

Жыл бойы

Тапсырмалар

10

Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылып, өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру

 

Сабақ сайын

 

Өзін-өзі бағалау

11

«Дарын-жанып тұрған жалын» атты тақырыпта тренинг өткізу

Жоспар бойынша

тренинг

12

Колледжішілік олимпияда өткізіп, аудандық, облыстық олимпиадаға қатысатын білім алушыларды анықтау
Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау

Жыл бойы

білім алушылардың шығармашылық жұмыстары

13

Келесі оқу жылына жоспар құру жолдарын іздестіру.

Жыл соңы

жоспар















Математика пәнінің оқытушысы: Мынбаева Айнур Болысқызы































ІІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН ЖҰМЫС БАҒДАРЫ


ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ 

Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу көзделеді.

Бүгінгі білім беру үрдісінде мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына  өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт – бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында дарынды балаларға арналған  тиімді жұмыс жоспарын  құрып аламын. Ол оқушылар осы жоспар бойынша  жұмыстарын жасап, күнделіктеріне толтырып жазып отырады.



















Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2.Жан-жақты ақпараттандыру;
3.Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда ұстаздар мынандай жұмыс түрлерін қолданады:

1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;

4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:

1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;

Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анасымен бірігіп құрады.

Колледж психологы пән мұғалімдерімен бірігіп отырып, сауалнама арқылы оқушының дарындылық сферасын анықтайды. Оқушының дарындылығы анықталған кезде, дарынды оқушының жетекшісі, психолог оның жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттейді,баланың сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне үнемі бақылау жасап, талдау жүргізеді, әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, білім деңгейін анықтайды,психо-педагогикалық диагностика жүргізеді.
Жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, оқушылардың білім жетістіктері мен психопедагогикалық диагностикалары салыстырылып, әр оқушыға күнделік жүргізіледі.










Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері:

1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;

2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;

3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;

4. Мектептің ғылыми қоғамындағыүйірме жұмыстарын ұйымдастыру. 

ХХІ- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. 

Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. . 

Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындардың мақсаты - Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып табылады.

Дарынды баланың қабілетіне білім беру тарапынан және тәрбиеішілік жұмыстар тарапынан қолдау болуы шарт. Ол ең алдымен: дарынды баланы анықтау жолдарымен және дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарымен айқындалады. Дарынды баламен жұмысты бастау жолында төмендегідей проблемаларға кездесеміз: әлеуметтік жағдайының әсері, жаңадан келген оқушының ортаға бейімделе алмауы; жас кезеңіндегі өтпелі кезеңі, оқуда жетістікке жете алмауы, ұяңдығы, психофизиологиялық себептер. Әртүрлі жағдайда кездесетін жоғарыда көрсетілген проблемадан негізінен ата-ана мен сынып жетекшісінің, пән мұғалімдерінің және әкімшіліктің тығыз байланысы шешуші жолды анықтайды. Оқушының дарындылығын анықтауда: 

1. Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.

2. Бақылау

3. Анкета

4. Психодиагностика

5. Социометрия

6. Әңгімелесу

7. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс. Аталмыш жұмыстар негізде психологиялық ерекшеліктерін айқындап,психологиялық зерттеу жұмысының қорытындысын (темперамент,зейін,ес,қабылдау,ойлауы, т.б.) және басқа мәліметтерді салыстыра арқылы, баланың әлсіз жақтарын дамытуға бағыт – бағдар беріп отыру. Ол салыстыру өмірдегі ғұлама ғалымдардың балалық шағымен байланысқаны ұтымды болады. Атақты адамдардың мектеп қабырғасында кей пәндерде білімі төмен болғанымен танымдық қабілеті жүре дамитындығын дәлел ретінде айтуға болады. Мысалы:Лейбниицтің, Ньютонның, Лобачевскийдің математикаға қабілеттері 20 жастан соң байқалыпты. Томас Эдисонның бала кезінде есте сақтау қабілетінің өте нашар болғандығын және мектепте үйреткенін ұмыта беріп, мұғалімдерді жиі ренжітетін. Ол мектепте барлығы үш ай ғана оқыды.

Қашықтықтан ақпарат жіберетін прибор құрастырды, жазу машинкасымен әлемді таң қалдырды.

Осындай өмірдегі жағдаяттармен таныстыра отырып, баланың тек жақсы оқуына ғана емес, бойындағы қабілеттілікті көре, тани білуіміз керектігін естен шығармағанымыз да дұрыс. Дарынды балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту жұмыстары сынып ішінде психо-эмоционалды климатты қалыптастыру бағдарымен де тығыз байланысты. Ол бағыт:

-Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп тарапынан материалдық көмекпен қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру т.б.)

- физиологиялық денсаулығын бақылап отыру,

- демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;

- психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау,консультация,

- профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттандыру,жинақтау,тарату,т.б.)

- кітапханамен тығыз байланыс,қажетті материалдар қарастыру.

Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:

1. Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;

2. Шешім қабылдайды;

3. Сенімділік туындайды;

4. Өзгелермен салыстырады;

5. Өзін-өзі бақылайды;

6. Жауапкершілік туындайды;

7. Мінез-құлқы өзгеріледі;

8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;

9. Материалдарын жинақтайды. 

Дарынды баламен жасалынатын жұмыс барысында төмендегідей бағыт-бағдарды жоспарлаған орынды:

1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр формасы құрылуы тиіс;

2.Жеке пәндерді оқытуда бағдарламадан тыс материалдар негізі қамтылып, тәуелсіз құрылымы жасалуы қажет;

3.Дарынды оқушының ғылыми жұмысының жоспары өзі қалауындай етіп жасағаны орынды,өзіндік шешім қабылдауына ықпал ету қажет;

4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты мұғалімнің өзіндік оқу жоспарын құру;

5.Оқушыға ЖОО -на ғылыми жетекшілік жасайтын ұстаз бен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;

6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.

Дарынды балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыруда төмендегідей мәселелерге назар аудару керек;

1.Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.

2.Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.

3.Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды- пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.

4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;

Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:

1. Тәжірибелерін газет,журнал беттеріне беру;

2. Байқауларға қатысу;

3. Іс-шаралар ұйымдастыру;

4. Мектептермен тәжірибе алмасу.

5. Бақылау күнделігін жазып отыру;

6. Психологиялық материалдар жинақтау;

7. Кітапша құрастыру.

8.”Реферат”;

9.”Портфолио”

Дарынды баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Бұл дегеніміз- әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу – баланың өз біліміне деген сенімін арттырады. Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер жасалынады. .Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын бірден бір жол. Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отыру - келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесінің зор екендігін айқындай түседі.

Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист,бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз.Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды.Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден: дарындыбаламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады; 

Дарынды балалармен жасалынатын жұмыс түрлері нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады:


  1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік көзқарас тұрғысынан дамиды. 


  2. Жан-жақты ақпаратты қабылдауы, сол ақпараттар негізінде өз ойын жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасы пайда болады. 


3. Дарынды оқушының шығармашылық деңгейі дамып, кез-келген ортады өзін еркін ұстау мүмкіншілігі арта түседі.

4. Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалау деңгейі яғни өз білімін көрсете білуі дұрыс жолға қойылады.

Бүгінгі таңда білім беру орындарында баланы шығармашылық тұрғыда дамытуға арналған жұмыс түрлері жеткілікті.

Дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:

1. Сабақтар, ОҒҚ-ның жұмысы;

2. Пәндік үйірмелер;

3. Тіл мерекесі;

4. Абай, оқулары;

5. Олимпиадалар;

6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;

7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);

8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);

9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);

10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу. 



Әрине, кейбір ғылыми қоғам өзіндік ерекшелігін алып қосуына болады. .






«Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар
Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;

  • Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;


  • Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар

- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

- оқушы дарындылығын моделін білуі;

- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

-Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар бере білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

- дарынды оқушыны анықтауға, дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы; 

- Дарынды оқушыны зерттеу барысында психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

- оқушылармен қарым-қатынасын сауатты жүзеге асыра алуы;

- дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай алуы;

-дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

-дарынды оқушыны олимпиада мен сайыстарға дайындауда нәтижеге жете алатындай деңгейде жұмыс жасай алуы;

- дарынды оқушының ата-анасына әртүрлі психологиялық-педагогикалық кеңестер бере алуы;

- дарынды оқушының (жеке және топпен) оқытуға тереңдетілген бағдарлама құрастырып тұрақты жұмыс жасай алуы» 

Білім беру мекемелерінде дарынды балалармен жұмыс барысында ОҒҚ-ның алатын ролі ерекше. Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысын қалай тиімді етіп ұйымдастыруға болады деген сұрақ туындайды. Бұл әрине, мектепте ғылыми-әдістемелік кеңесінде, ОҒҚ-ның жұмысын оқу ісінің меңгерушісі немесе директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары басқаруымен жүргізілетін жұмыс. Ғылыми жетекшілер кеңесі секция жұмысы мен ОҒҚ мүшелері үшін танымдық бағдарламаны қарап бекітеді. Ғылыми-ізденіс жұмыспен шұғылданатын оқушыларды ғылыми жұмыстардың бағыттарымен таныстыра отырып, олардың қай пәнге бейім, қандай бағытқа деген қызығушылығы бар екенін анықтап алынады. Содан кейін барып ізденіс жұмысының тақырыбын анықтау деген мәселе туындайды. Бүгінгі таңда өзекті, әрі оқушының қызығушылығын тудыратын тақырып таңдауың керек. Ол тақырып жаңалыққа негізделген, баланың қызығушылығын дамытатын болуы шарт.

 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМҒА БЕЙІМДЕУ

Бүгінгі білім беру үрдісінің жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруге бағдарланған. Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу. 

Зерттеу – адамгершiлiк қарекеттері формаларының бірі. Оның негiзi өзгерту мақсатымен қоршаған ортаға деген белсендi көзқарас, білімқұмарлық болып табылады. Бұл ғылыми зерттеуге де қатысты, дегенмен ғылыми зерттеуге тән ерекшелiктер бар. Ғылыми зерттеу - бағытталған тану. Ғылыми зерттеу нәтижелерi - ұғымдар жүйелері, заңдар. Кез келген ғылыми жоба адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады. 

Зерттеуші оқушы келесі жұмыстарды жасай алуға тиісті: зерттеу проблемасын танымдық есеп түрінде қисынға келтіру, зерттеу мақсатын анықтау, қажетті мәліметтерді жинау, басты бағытты айқындау, зерттеу объектісінің үлгісін жасау, зерттеу әдiстемесiн жасау; зерттеу жұмыстарын өткiзу, алған нәтижелерді сипаттап түсiндiру, алған бiлiмдердi қолдану туралы ұсыныс жасау, өз зерттеуiнiң нәтижелерiн жұрт алдында қорғау.


























Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері


  • проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау,
    проблемаларды табу); 


  • зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу); 


  • зерттеу тақырыбын тандау (зерттеу шеңберін белгілеу); 


  • шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін
    таңдау); 


  • зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау; 


  • ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу); 


  • алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді
    қолдана отырып, материалдарды жинақтау); 


  • есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу
    нәтижесі бойынша хабарлама дайындау); 


  • баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау,
    сұрақтарға жауап беру). 


Ғылыми жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Тақырыпты таңдау кезінде оқушылдардың ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша ғылыми жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді оқушының ескеруі қажет. Мұндай жағдайда оқушы алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды. 

Оқушы оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.

Тақырып - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады. 

Егер тақырыпты өңдеп және шешімін табуды қажет ететін мәселе түрінде ұсынса, сол арқылы оны оқушыға жақындатса , бұл әрекет оқушыда қызығушылық тудырады, мұғалім тарапынан нақты проблеманы ұсыну, шешімін бірлесіп шығару талап етіледі. Ғылыми жұмысқа баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Ғылыми жұмысқа ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Ғылыми жұмыс тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Осы тұста айта кететіні оқушыдан тақырып негізінде ғылыми жұмыс тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Ғылыми жұмыстың жоспарын әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды. Ғылыми жұмыс барысында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Ғылыми жұмыста сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп, сараптама жасайды:


  1. Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі.


  2. Ғылыми ізденісі , жаңалығы, шығармашылығы.


  3. Талдай білуі, көрнекілік қолдануы .


  4. Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті.


Тақырыпты таңдау ережесі:

Ғылыми жарысқа келесі жұмыстар ұсынылады:


  1. Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;


  2. Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;


  3. Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;


  4. Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т.б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;


  5. Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді. 






Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі


  1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек. 


  2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек. 


  3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. 


  4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.


  5. тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.


  6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.


  7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.


Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:


  • алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;


  • бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;


  • тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек. 


  • таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек;


  • зерттеу тақырыбы мектепте ОҒҚ отырысында бекітілу керек. 













 ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ

Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:

Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек. 


Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды. 

2. Тізімге енген барлық жұмыстар пайдалану ретіне қарай цифрленіп белгіленеді. 

3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.


Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:

1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.

2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.

3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).

Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «химиялық ластану...» [ 5 ].


Әдебиеттерді зерделеу мынандай кезеңдерден тұрады:

Жалпы танысу 
Бөлімдер мен тарауларды окып шығу 

Таңдап алып оқу 

Оқыған материалдардан жоспар құру 

Окығандардан көшіріп жазу 
Осыған материалдарды баскалармен салыстыру 

Окығандар мен жазып алгандарға сыни баға беру


Кезеңдердің мазмұны төмендегідей мазмұнды қамтуы тиіс:

Әдебиеттерге жалпы шолу 

Мәтіннен манызды жерін бөліп алу 

Мәтіннің маңыздыларын қайта оқу 

Жоспарда негізгі ойлар қамтылуы тиіс.

Нақты және толық (цитата)

Мәселені шешуде айырмашылықтары белгіленеді 

Шынайылық мен нақтылығына назар аударылады 


 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт.

Қазақстан Республикасында қазіргі білім беру жүйесіне тек педагогикалық және философиялық идеиялар ғана емес, әлеуметтік және саяси идеялар мен жаңарулар елеулі ықпал етуде. Соның бірі дарындылықты әлеуметтік мәселе ретінде қарастыра келіп, рухани адамгершілікті, көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселелерінің өзектілігінің арта түсуі болып отыр. Адам бойындағы асыл құндылықтарды шәкірт бойына сіңіру, қоғамда өз орынын таба білетін дара тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің атқарар қызметі орасан зор. Бүгінгі таңда мұғалім құзіретіне арнайы білім бағдарламаларын оқытып қана қоймай, баланың шығармашылық қабілетіне қарай бала бойындағы дарындылықты дамыту жолдарын да іске асыру жұмыстары да тиесілі. Бұл арнайы бір бағытта жұмыс жасай отырып, өзіндік көзқарасы қалыптасқа., өмірлік жағдаяттарға пікірін айта білетін, адамгершілік тұлғасы қалыптасқан, интеллектуалды тұлға тәрбиелеу деген сөз. Баланың рухани өсуіне, оның әр түрлі әлеуметтік ортада өзін жайлы және қалыпты сезінуіне психологиялық-педагогикалық  жағымды жағдай жасау арқылы, оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу жұмыстары дарынды баланы анықтауға бағытталуы қажет. Әрине, осы уақытқа дейін дарынды балалармен жұмыстар жасалынып келді. Алдағы уақытта дарынды баламен жұмыс түрін жандандыра отырып, қоғамдық мәселелерге үн қосуға бейімдеу және мектеп қабырғасынан инновациялық ғылыми сипатқа бейімдеу сынды мәселелерді жүзеге асыру қажеттілігі туындауда. Міне, дарынды баламен жұмыс түрлері осы тұрғыда жүзеге асқаны дұрыс. Ал, ол жұмысты жүзеге асыру ең алдымен дарынды баланы анықтау мәселесімен тығыз байланысты. 

Дарындылықты қандай да нақты бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау қажет. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. Бұл дегеніміз пән мұғалімдері нақты бағыттар бойынша сынау тапсырмаларымен деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының бағытын анықтау деген сөз.

2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. Бұл ұстаным барысында дарынды оқушының қандай да бір бағыттағы іс-әрекетінің жетістігі анықталады. 

3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. Дарынды оқушының болмыс-бітімі анықталып, жанына жақын мамандыққа үлкен дайындық жұмысына жағдай жасау.

4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары. Бұл ұстаным мектеп психологымен мұғалімімен және ата-аналармен біріге отырып, баланың қандай бағытта жетістіктерге жетуге мүмкіндігі бар екені анықталады. 

5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Осы ұстаным негізінде мектеп ғылыми қоғамына төмендегідей бағдарды негізге алу қажет:


  1. Мектеп оқушыларының интелектуалды деңгейінің дамуына жағдай жасау;


  2. Дарынды балалармен жұмысты жүйелілікпен деңгейлеу;


  3. Мектеп ішілік әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дамыту.


Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделген кезеңде дарынды баламен жұмыс іс-әрекетінің жетісітігін байқауға болады. 

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың нәтижелі болуы жоғарыда айтылған жұмыстардың жүйелілігінде. Сапалы да жүйелі ұйымдастырылған жұмыс – ұстаз қауымының төккен терінің қайтарымы болса, оқушының қабілеті мен дарынының шыңдауы. 

Дарындылықтың қалыптасу деңгейлерін ғалымдар екі топта қарастырылады: 1. Актуальді дарындылық - бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады.   2. Потенциалдық дарындылық -  баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байқалмайды, сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады.

«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп,бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат - заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын арттыру бағдары нақтылануы тиіс. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.

Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар – психомоторлық, интеллекутуалдық, академиялық, шығармашылық және әлеуметтік дарындылық.

Дарынды балаларды анықтау - өте күрделі, жан-жақты мәселе. Ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы өкі кезқарас бар. Бірі "...кез келген бала дарынды, тек уакытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек" десе, ал қарсы көзқарастағылар "... дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән, сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйінді іздеумен бірдей" дейді. Ал, шындығында адами ойлау - ізденімпаздықтың, табиғаттың адамға берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бермегені де анық.

Дарынды балалар қабілетін анықтауды ғалымдар үш деңгейде қарастырады. Олар: теориялық, әдістемелік, педагогикалық - ұйымдастыру.

1. Теориялық- дарындылықты анықтау.

Әр оқушының дамуы мен келешекте оқыту аспектілерін ұйымдастыру және оның зерттеу жұмысының нәтижесі негіз бола алады.

2. Әдістемелік- қабылданған анықтау әдісі мен дарынды оқушының білімін дамыту бағдарламасының сәйкестігі.

3.Педагогикалық-ұйымдастыру-дарынды балалармен диагностикалық жұмысты таңдау түрі мен ұйымдастыру әдісінің болжамы.

Дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Оларды шығармашылвқ жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.

Міндеттері:

-оқу процесін тиімді ұйымдастыру;

-өзін өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру;

-жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту;

-жеке тұлғаның қасиеттерін,қабілетін анықтау.

Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:

1.Шығармашылық:

-ойлау;

-қабілет.

2.Мотивация (жеке-мотивациялы ерекшелік). 
күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;

пәнге қызықтыру.


3.Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:
сөйлесуде;тәртібінде. 


Тест немесе сауалнама арқылы анықталады.

Оқушының қабілеттілік белгілері:

1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән /вундеркинд/.

Оларды жылдамдатып оқыту керек,өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда білімді болады.

2. Ғылымның немесе пәннің жеке түрінен қабілеттілік. Мысалы:гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін. 

3. Дарындылық белгілері кең түрде дамыған оқушы. Олар қабілетімен, өз беттілік әдісімен, өз көзқарасын айтумен ерекшеленеді. Күнделікті сабақ уақытында дарынды оқушыға жеке тапсырма беру арқылы өз бетімен жұмыс орындау кең тараған. Алайда, осы типтегі оқушыларды үнемі бағыт-бағдар беру арқылы шығармашылық жолға жетектеп отыру керек. 

Бала өзінің дарындылық қасиетін іс-әрекет барысында көрсете алады. Сонымен бірге, іс-әрекеттің бір түрінен әр түрлі дарындылықтың аспектілері көрінуі мүмкін. Дарындылықтың әр қилы түрі, формалары оқушының психологиялық мүмкіндігі мен даму кезеңдерінде жақсы болып келеді және ол баланың ортасына да тікелей байланысты болады. Балалар кішкентай кезінен белгілібір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады. Осы қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырған жағдайда ғана ол қасиет баланың бойына дарып, болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар береді.

Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, терендіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.

Дарындылық ұғымының мәнін тусінуде маңызды болып табылатын «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атап көрсеткен ғалым Елеупаева Ж.К. Олар: 1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет -барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. 3. Қабілет - нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді. Ғалым Елеупаева Ж.К «Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-эрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы ләзім» - деп, қабілеттің даму үрдісіндегі оқытушылардың да өзіндік ролін ашып көрсеткен өз ғылыми еңбегінде..

Бала бейімділігі мен икемділігі сәби күнінен қалыптаса бастайды және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Дарындылық "оқу" және "шығармашылық" болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірді танып білу, әдетте, оқып-үйренуден бастау алады. Содан соң адам сол білімін "шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. "Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында" деп, Лев Толстой айтқандай, ашылмай бұйығып жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде дұрыс жолға бағыттай білу керек.

Бала дарындылығының байқалмайтын жақтары да кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің  жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады.

Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Ерте көзден бастап бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, ән айтады, өлең жазуға, әңгіме жазуға талпынады, билейді, музыка-лық құралда ойнайды, т.б.). Бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Сондықтан ата-аналардың мұғалімдердің алдында жаңа міндет - балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру түр. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Н.С. Лейтес дарынды баланың ойы дамуын жай оқушылармен салыстыра келе, жалпы дарындылықты жалпы қабілеттердің жиынтығы деп түсіндіреді (жеке қабілетке қарағанда, мысалы, музыкаға, бейнелеу өнеріне), бірақ, олар іс-әрекеттің әр түрінде кең көрінеді. деп, айқындай түскен. Ғалым осы ойын дарындылықтың ақыл-ой теориясына байланысты дарынды балаларды үш санатқа бөлу арқылы түйіндейді: 1) кез-келген шарттардағы ерекше жоғары ақыл-ой дамуының деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағылар); 2) арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілері байқалатын балалар (математика, әдеби, музыка т.б.) (орта жастағылар); 3) әлеует және «жасырын» дарындылыққа байланысты жарқын танымдық белсенділігі және ой-ерісі терең балалар (жоғарғы мектеп жасындағылар).


- арнайы психометриялық тест; 

- баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды) 

- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу; 

- педагог тарапынан оқушының іс - әрекеті мен мінез - құлқын эксперттік бағалау; 

- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу; 

- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау; 

- арнай психодиогностикалық тренинг; 

Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет. 

         Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады: 

-         арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер; 

-         баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау; 

-         балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау; 

-         түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру; 

-         белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу. 

Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар  дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтсе де, дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Балалар дарындылығының диагностикалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алынады. Ол - ұйымдастыру кезеңінен тұрады. Осы кезеңдегі жұмыстың мәніне бала туралы алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр түрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар және балалардың өздері.     Ата-аналар үшін келесі әдістемелер қолданылады: «дарындылық картасы», «интеллектуалдық портрет» және т.б.    

Мұғалімдер үшін баланың бейімділігін анықтауға арналған әдістемелер:«оқушылардың қызығушылығының картасы», «интеллектуалдық портрет». Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік тапсырмаларды орындауымен анықталады.

Келесі кезең - бағалаушылық болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.

Өзін бағалау кезеңінде балаға өздігінен қосымша сабақтарды таңдау құқығы беріледі. Баланың еш зорлықсыз қосымша сабақтарды жалғастыруға деген ниеті дарындылықтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары интеллектуалдық жүктемелерге деген бейімділіктің байқалуын көптеген ғалымдар дарынды баланың ереғкше қасиеттерінің бірі деп есептейді. Бала сабақты әрі қарай жалғастыруды өздігінен таңдай отыра, өзі үшін қосымша интеллектуалдық жүктемелердің қажет екендігі туралы сұрақты шеше алады. Осылайша, ол өзінің дарындылығын бағалауға қатысады. Қорытынды іріктеу кезеңінде жұмыс барысындағы ақпарат деректерінен алынған мәліметтерді негізге алып, балалардың қосымша сабақтарға қатысуы мен оның нәтижесін таңдау арқылы әр баланың дамуына болжам жасалады. 

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде дарынды баланы дамыту мен тұлғалық болмысын қалыптастыру үшін дарынды балаларды оқыту үрдісін жүргізүдің өзіндік ерекшелігі болуы шарт. Оның негізінде дарын ерекшеліктеріне қарай өмірлік бағыт-бағдарын қалыптастыра отырып, оқыту үрдісін жүргізу қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мәселенің өзектілігіне қарай мынадай сұрақтар туындады.

1. Дарынды оқушыны қалай оқыту керек? Бұл мәселені шешу үшін әуелі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту технологиясы белгіленеді.

2. Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық жүйесі жасалды.

Дарындылықтың психо-физиологиялық ерекшеліктерін айқындаудағы педагог-психологтардың ұйғарымында дарындылық дегеніміз– оқушының жоғары нәтижеге жетудегі ерекше қабілеттілігі, жасампаздық мүмкіндігі. Осы ұйғарым бойынша Д.Ж.Резнули дарындылыққа былай түсінік береді: дарындылық үш байланыстың үйлесімділігі: жоғары интеллектілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. С.И.Ожеговтың түсіндірмелік сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілген ерекше қабілет» деп түсіндіріледі.Ал, ғалым А.Матюшкин дарындылықтың психологиялық құрылымы – шығармашылықтың негізгі құрылымдық элементтерімен және адамның шығармашылық дамуымен сәйкес келеді деп түсіндірген. 

Оқушының шығармашылық (дарындылық) әлеуетіне, психологиялық негізіне түрткілердің басқа түріне қарағанда басым болатын танымдық түрткіні құрайтын танымдық қажеттілік жатады.

Дарынды оқушыда басым болатын танымдық түрткі жаңалыққа ынталанудың, жаңалықты жағдайды туындатудың, жай нәрседен жаңалықты байқаудың төменгі баспалдағында пайда болатын ізденушілікке, зерттеушілікке белсенділік формасында көрінеді 

Осы аталған белгілерге қарай мынадай негізгі қасиеттерді атап көрсетуге болады: а) басым танымдық қажеттілік; ә) шешім табуда,жаңалықты байқауда көрінетін зерттеушілік белсенділік; 6) ерекше шешім табуға мүмкіндік: в) болжам жасауға, тапқырлық көрсетуге мүмкіндік; д) жоғары деңгейдегі "үлгілер" жасауға қабілеттілік.

Шығармашылық - бұрын болмаған жаңа, соны өнім өндірудегі адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты іс-әрекеті, онда шығармашылықты ізденушілікпен, зерттеумен орындалатын іс-әрекет формасы деп нақты айтуға болады,

Осы анықтамалардан мынадай тұжырым жасалынды: «Жоғары қабілетті, шығармашылық мүмкіндіктері бар оқушы – дарынды, яғни шығармашылыққа қабілетті оқушы - дарынды" деп есептеледі.

Адам дайын қабілеттермен туылмайды, өмірге қабілеттіліктің анатомиялық-физиологиялық алғы шартымен ғана келеді. Ал қабілеттілік сол алғы шарттар негізінде қоршаған әлеммен қатынас жасау процесінде оқу мен тәрбие әсерінен дамиды.

Әрқандай іс-әрекетке байланысты бала қандай қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижемен қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілетідеп аталады. Адамның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі біріншісі-психологиялық қүбылыс емес, екіншісі-баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тез меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған, әрі оларға тәуелді күрделі жүйе. Адамның психологиялық сипаты білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.

Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағалағаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет - білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жэйттерге тәуелді. Мысалы балада керемет математикалық қабілет болуы ықтимал, бірақ ол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес 

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізденіске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісі жүргізілуі тиіс. Мұны оқыту үрдісінде тиімді орындау үшін белгілі тәртіптік жүйе қажет. Осы қажеттілікті орындаудың тетігі ретінде шығармашылыққа баулудың, ойды дамытудың, іс - әрекетті қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің бастапқы алгоритмдік жүйесі - логикалық ойлау операциялары -оқыту технологисының негізіне алынған. Сондықтан оқыту үрдісінде білім кеңістігіндегі логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесі қарастырылған. Логикалық ойлау операциялары жалпы орта білім берудің салалық стандарты бойынша үш деңгейге топтастырылған.

Оқыту технологиясының мақсаты - оқу үрдісінің барысында оқушыларды жүйелі түрде шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттау. Осы мақсатқа жету үшін ғалымдар мынадай міндеттер белгілеген.

1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу;

- шығармашылық ойлаудың (ойлауды дамытудың) негізі ретінде қабылданған логикалык операцияларды айқындау және оларды деңгейлеу; 

- логикалық ойлау операцияларын сабақ барысының әрбір кезеңдерінде, оқу материалдарының тақырыптары бойынша шығармашылық
тапсырмаларды, сұрақтарды кұруда, тәжірибелік-зерттеулік жұмыстарды жүргізуде қолдануды енгізу; 

- оқыту үрдісіндегі пәнді оқыту жоспарларының үлгі нұсқаларын
және онда логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесін
жасау,

2. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды іске асыру барысында:

- сабақта игерген шығармашылық іс-әрекет дағдылары бойынша
өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындау;


  • шығармашылык жұмыстардың мәні мен мазмұнын түсіне отырып.
    шағын шығармашылық жұмыстар жасау арқылы нақтылы ғылыми-ізденіс
    жұмыстарын жүргізуге және логикалық ойлау операцияларының жүйесінде орындауға бағыттау. 


3.Оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыспен шұғылдануын ұйымдастыруда: 

- өз бетінше материалдарды іздеу, кітапханада әдебиеттермен жұмыс орындау;

- ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін игеру;

- өз бетінше ғылыми-ізденіс жасауға баулуда логикалык заңдылықтарды қолдануды меңгерту үшін шығармашылық топтарда «шығармашылыққа баулу» сабақтарын жүргізу қажет.

Оқыту үрдісінің мазмұнындағы бейімді оқыту үрдісін орындау технологияның ішкі құрылымында қарастырылады. Бейімді оқытудың талаптары бойынша әр пән белгілі мамандықтарға негіз болады. Пән бойынша оқушылардың болмысын жасай отырып, онда сабақ барысында игеруге мамандыққа қажетті дағды, іскерліктері мен қабілеттері бойға сіңіріледі.

Мектеп оқушыларын мақсатты деңгейге жеткізу үшін мектепті бітірушілердің болмысы белгіленген. Болмыста дарынды оқушылардың да болуға тиісті құнды сапалық қасиеттер көрсетілген. Олар тәрбие берудің барысында міндетті түрде басшылыққа алынып отырылады.

Оқушылардың білімдері мен өзіндік шығармашылық жұмыстарының негізі, ғылыми ізденіс бастамасы сабақ барысында қамтамасыз етіледі. Сабақ барысындағы ғылыми-шығармашылыққа бағыттаудың тәжірибелік жалғасы сабақтан тыс уақыттағы оқушыларды дамыту жұмыстарында орындалатын өзіндік ізденістері арқылы ұйымдастырылуы шарт. 

Дарынды баламен дұмыс барысы оқытудың жаңаша технологияларының қағидаларын негізге ала отырып жоғары қабілетті оқушылардың білім негіздерін меңгерумен қатар шығармашылық тұрғыда (өнімді) ойлауға, өз бетінше ізденуге, ғылыми-ізденіс бастамаларын үйренуге бағытталуы қажет. 

Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Өнімді ойлаудың жүйесі – танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қамтығаны дұрыс. 


  1. Танымдық - оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.


  2. Логикалық - оқу материалдары бойынша логикалық ойлау процесі арқылы құрылымындағы тапсырмаларды орындау


  3. Шығармашылық - шығармашылық әдіс-тәсілдері игеруі, шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындатуы, қорытынды жасау, ғылыми-ізденіс жүргізу



Деңгейлеу – оқушының игеруге тиісті білім мен білік жүйелерінің сатылай топтастырылған белгілері. Жалпы орта білім берудегі салалық стандартқа сай үш деңгей белгіленген. 


  1. Міндетті деңгей – жалпы орта білім берудегі жай мектептер (міндетті стандарт) деңгейі. Шығармашылық тапсырмалардын, күрделілік деңгейі.


  2. Лайықты деңгей – лицей, гимназия (салалық стандарт) деңгейі.


  3. Жоғары деңгей – дарынды балаларға арналған арнайы мектептер (салалық стандарт) деңгейі.


Оқушының оқу материалдарын меңгерудегі ой іс-әрекетінің екі деңгейі бар: а) өнімсіз (міндетті деңгейге сәйкес келеді); ә) өнімді (лайықты және жоғары деңгейге сәйкес келеді), яғни эвристикалық және шығармашылық деңгей. 

Деңгейлеудің қажеттілігі: оқушы өз іс-әрекетінің деңгейін салыстыра отырып жүйелеуі керек. 

Жай сабақтардағы бағалаудың өзі деңгейлік белгілер арқылы атқарылады, бірақ онда оқушының танымдық іс-әрекеті бағаланады.

Орта білім берудің салалық жалпыға міндетті стандартының үш деңгейіне негізделіп, қисынды ойлау операциялары күрделілігіне қарай үш деңгейге топтастырылған.

1. Міндегті деңгей - минимум ҚР ОББ стандарт деңгейі. Қарапайым ойландыратын операциялар белгіленген.

2. Лайықты деңгей - лицей, гимназия оқушыларының деңгейі. Күрделі ойлау операциялары белгіленген.

3. Жоғары деңгей - дарынды балалар мектебі деңгейі.

Күрделілігі жоғары ойлау операциялары белгіленген (шығармашылыққа бағытталған). Балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттері, іскерліктері мен сезім ерекшеліктері оку-тәрбие үрдісінің өн бойындағы барлық жоспарлауларда басшылыққа алынады.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез көлген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда, Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің псикологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың бөрер психологмялық әсері мынадай болмақ керек дел ойлаймыз:

- "сенің қолыңнаи бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "жаз", "үйрен' деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;

- оқушының кішкентай жегістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;

- шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;


  • ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;


  • оқушылар үшін педагог өзін қарапайьш жан есебінде таныта білу, оқиға,
    сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;


  • оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дурыс жауап беру, олардың
    психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білуі тиіс.


Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің, түрткінің болуы. "Шығармашылық" деген сөздің төркіні, этимологиясы "шығару", "ойлап табу" дегенге саяды.

Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер "жаза алмаймын, қолымнан келмейді" деп өздерін үрейге, қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу - жасқаншақтық немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі – жалқаулыққа жеңдіреді. Міне, осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға байланысты болып келеді. 

Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Шығарма жаза білген оқушының сұлулық пен әсемдік туралы түсінігі мол болады. Шығармашылық - оқушы үшін сұлулық пен әсемдіктің мектебі. Шығармашылық жеке тұлғаның түрлі әлеуетін қалыптастырады.

Мұғалім оқушыда шығармашылық көңіл күйдің тууына себепкер бола білуі керек. Оқушыларға алуан түрлі тапсырмалар беру, оқушы назарын шығарма-шылық арнаға бұру үшін тиімді. Сол себепті үйірме мүшелері арасында түрлі байқаулар өткізіліп түрады. Байқау жеңімпаздарының жұмыстары мектепішілік газетте, одан әрі түрлі баспа редакцияларына жіберіледі. Түрлі көлемде мектепішілік оқушылардың өлең, шығарма, әңгімелер жииақтары шығарылады. Бұл әдіс оқушыларды әрдайым ынталандырып, қызықтырып отырады және қалалық байқауларға әрдайым дайын болуға көмөктеседі.

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. 

Жекелеген психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір жетіліп келсе де (оларда көру мен есту қабілеті жоғары екені байқалады), олар түрлі формалар мен түстерді жақсы бағдарлайды, олардың оқу ісіндегі қабылдауы формалар мен түстерді тану және атауға келіп тіреледі.

Бала қабылдау жұмысын дербес жоспарлау мен бастысын көмекшілерінен ажырата, қабылдаған белгілерінің иерархиясын бекіте, оларды ортақ шамасына қарай саралай отырып және т.б. бұл жұмысты түпкі ойлауға сәйкес алдын-ала ойластырып іске асыра алады. Мұндай бақылау танымдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен (зейінмен, ойлаумен) біріге отырып, мақсатқа бағытталған және еркін бақылау формасына ие болады. Жеткілікті дәрежеде дамыған бақылауда жеке адамның ерекше қасиеті ретінде баланың байқағыштығы туралы сөз қозғауға болады. Бастапқы оқытуда барлық бастауыш сынып оқушыларының осы маңызды қасиетін дамытуға болатынын зерттеулер көрсетіп отыр.

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық - адамда объекті не жан-жақты танып білуге ұмтылуынан туындайды. Ал, бейімділік нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімдік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салада өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.

Г.С.Абрамов жастың өсуіне байланысты жаңа психикалық білімдердің қалыптасуын былай сатылап көрсетеді: 1-3 жаста заттық әрекеттерді меңгеру, белсенді тіл, өзіндік сана-сезім; 3-6 жаста символдарды қолдану, талдап қорыту нормаларынан хабардар ету, бірлескен мотивтер, шартты-диалогтық бағыт; 6-10 жаста өз еркімен сыртқы әрекетін жоспарлау, рефлексия (іштей өзіне-өзі сынмен қарау); 11-15 жаста өзін ересек сезіну "достық кодексі" дағдылану, іштеллектуалық нормалардың әлеуметтік және жасөспірімділігінен хабардар ету; 15-18 жаста өзіндік сана-сезім, өмірлік жоспарлары, дүниетанымы қалыптасады. Осы даму ерекшеліктерінің өзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өтпейді және ең маңыздысы мынау деп қарауға болмайды.

Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рөлді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы өзгерістерге ұшырайды. Себебі ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Баланың танымдық іс-әрекетіне әсер ету арқылы оқытудың қиыншылықтарын жеңуге мүмкіндік жасаймыз.

Жапонияда оқыту мен тәрбиелеу негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен-өзін салыстырып отыру қажет дейді. Оларда: "Маратқа қара, ол тапсырманы қалай шешеді, немесе ол қалай жақсы оқиды" - деп айтпайды, "Кешегіге қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың", "сенің қабілетің жетеді" т.б. осындай мақтауларды пайдаланады. Бұл оқушының ішкі танымдық іс-әрекеттерімен сыртқы даулы жағдайларды шешуге көмектесетін оқу-тәрбие принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады.

Екінші тәсіл, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдетумен байланысты. Бұл жекелеген тақырыптарды тереңдете оқыту, ғылымға ұмтылу, дарынды балалардың қызығатын пәнін өз қатарынан тереңірек меңгеруге мүмкіндік беру жолы. Тереңдетілген оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуге көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып, баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға болады: баланың таңдауға қызығушылығы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.

Өз ерекшеліктерімен қатар, бұл тәсілдің кемшіліктері де бар:

- біріншіден, бұл бастапқы оқыту сатыларында толық жүзеге аспайды;

- екіншіден, математиканы оқуды жеңіл меңгеретін кіші жастағы балаларды сол пән бойынша тереңдетіліп оқытылатын мектептерге жиі әкеліп жатады, ал кей жағдайда пәнді тез меңгеру баланың бейімділігімен сәйкес келмеуі мүмкін;

- үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларына «өзін-өзі танып білуіне» мүмкіндік берілмейді.

Сонымен, терендете және жеделдете оқыту кезінде баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына арнайы көңіл бөлінуі қажет.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, баланың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуы дарынды балаларды оқыту бағдарламасының ең басты мәселесі. Сол себепті, баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесін - барлық бағдарламалар өз алдына негіз етіп қоюы керек деп есептейміз. Оқыту мақсатына сәйкес бағдарламаларды екі түрге бөлуге болады:

бірінші тобына, жоғарғы ойлау үрдісін, яғни шығармашылық, логикалық ойлау, мәселені шеше білу қабілетін дамытуға бағытталған барлық бағдарламалар жатады. Мұндай бағдарламалар баланың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға әсерін тигізеді. Оларды кез келген мәселелерді шеше білу қабілеттілігімен «қаруландырады»;
екінші тобына, өз мәселелері ретінде жеке-эмоционалды даму саласын қарастыратын бағдарламаларды жатқызуға болады. Жеке-эмоционалды даму жоспарының қиындықтары: өзін-өзі төмен бағалау, сескену, өз-өзіне сенімсіздік білдіру. Осы қасиеттер баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Сондықтан, өзін-өзі тану қабілетінің дамуына ерекше назар аударылу қажет. Мұндай бағдарламалардың тиімділігі көп жылдық шетел тэжірибелерінде дэлелденген. Соңғы онжылдықта осындай бағдарламалар біздің елімізге де келіп жетті.


Шығармашылық ойлап - табудың әр түрлі тәсілдерін үйрене отырып, дарынды балалар пәндерді оқу барысында өздерінің «шығармашылық қабілеттерін» қолданып, К.Урбан айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер мен дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді.

Демек, жеделдете дамыту да, мектеп курсын тереңдету де, тренингтік бағдарламалар да барлық оқыту мәселелерін және дарынды балалар дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелер тек қана оқыту мен дамыту бағдарламасында ғана шешіледі. Өйткені, бұл бағдарламалар балалардың дамуына ықпалын тигізіп, оқытудың барлық тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады.

Оқу пәндерінің көбеюі, қазіргі кездегі ақпараттық-технологиялық өзгерістердің пайда болуы бізге оқыту мазмұнын кіріктіру керек деген ой салады. Біз жоғарыда көп пәнділіктен және пәнаралық мазмұнның тұтастығы болмауынан қандай қосымша мәселелер пайда болатындығын айтып кеттік. Сондықтан соңғы 7-8 жыл ішінде елімізде кіріктірілген бағдарламалардың саны күрт өсті десек, таңқаларлық жай емес.

Кіріктірілген бағдарламалар - тақырыптарды, бөлімдерді кіріктіру принципімен құрылған оқыту мен дамыту бағдарламалары. Осы анықтама негізінде кіріктірудің екі түрін атап айтуға болады:


  1. пәнішілік, белгілі бір пән ішіндегі тақырыптарды кіріктіру;


  2. пәнаралық, әртүрлі пәндер арасындағы тақырыптарды кіріктіру.
    Аталған мазмұндық ортаның ерекшелігіне және тақырыптар арасындағы байланысқа қарай жай және жанама кіріктірулер деп бөліп айтуға айтуға болады.


Шығармашыл тұлға тәрбиелеу ісінде мына бағыттар нәтижелі деп саналады:

- Оқушылардың қызығушылық, әлеуметтік, психофизиологиялық ерекшеліктерінің, жеке тұлғалық сферасының даму деңгейінің, кәсіптік құпия сақтау, ақпараттарды тәрбиеленушіге немесе ата - анасына жеткізу қажеттілігі бар осы жағдайлардың біреуінің доминанттылығының комплексті диагностикасын өткізу.

- Өзін - өзі тану және диагностикалау тәсілдерінің көп екендігімен таныстыру.

- Оқыту бағдарламаларына «Өз - өзінді таны», «Адамның құпия мүмкіндіктері», «Адамтану» тәрізді т.б. курстар енгізу.

- Өзіндік презентациялар, рефлексивті ойлаудың креативті сипаттамалары, эмоционалды - еркін сферасы туралы тренингтер өткізу.

- Сабақтағы және сабақтан тыс шығармашыл іс - әрекеттерді дамыту, ойындар, жаттығулар өткізу.

- Отандық және әлемдік тарихта танымал тұлғалардың өмірімен таныстыру.

- Ата - аналарымен, қатар құрбыларымен, ұстаздарымен бірге шығармашыл іс әрекетінің жақсы, жарқын жақтарын көрсетуге және ұжымдық, топтық, жеке (фестивальдар, мектеп театрларындағы, студиялардағы жұмыс, ансамбльге, үйірмелерге қатынасу, тақырыптық кештер, көрмелер, олимпиадалар, 

Бұл міндетті шешу барысында дарынды баланың өзге балалармен өзара қарым - қатынасы да біршама мәнді болып келеді. Табиғи теңдік заңдылықтарының бірі ортаның дарынды және талантты балаға тең бағытта әсер етуін, керісінше талантты баланың ортаға тең бағытта әсерін сипаттайды. Нақ осы әр алуан ортаның өзара әсерлесуі барлық шығармашылық әлеуетінің ашылуын қамтамасыз ете отырып, таланттың бір орында қалып қоймай, әрі дамуына көмектесетін шығармашылық ойдың сыни жүйесін дамытады. 

Дарынды оқушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқытудың дамыту функциясы оқыту технологиясында, әдістерде жүзеге асырылады. Мысалы: бүігініг таңда білім беру үрдісінде қазақ тілін дарынды балаларға оқытудың американдық үлгілері /дебат, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, пікір айту/ көрнекілік арқылы ізденіске жетелейтін, шығармашылық тұрғыдан зерттеуге қызықтыратын Power Point арқылы, Hand – outs білім тірегі етіп беріледі. Ақпараттық технологияны пайдаланып интернет арқылы жобаларға қатысу немесе интернет арқылы өз пікірлестерін табу. Жалпы оқушыға берілетін қосымша материал оны қызықтыратындай болуы керек. Әрине, дарындылық табандылық пен бәсекелестікті, қызығушылық пен ізденісті қажет етеді. Сол себепті дебіз баланы қызықтыруда жан-жақтылықты қамтамасыз етуіміз қажет.

Білім алушының дарындылығын анықтауда ең алдымен оқушының отбасы жағдайы зерттеулінуі тиіс. Ата-анасымен танысып, отбасы деңгейі анықтауған жағдайда баланың табиғатына жақын шығармашылық қабілеті анықталады. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете біледі. Осы тұрғыда ата-ананың көмегімен баланың білімін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік жасалынады.. Ата-анасымен баланың табиғатындағы ерекше қасиеттері туралы, шығармашылық қабілетінің даму сипатын талқылау оқушыны жете тануға септігін тигізеді. Дарындылықты анықтау мақсатында арнайы сауалнамалар және психодиагностикалық тренингтер жүргізу қажет. Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарға баланы дайындау дарындылықты дамыта түседі. Дарынды оқушымен жұмыс жасау барысында оқыту сипатын мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау қажет. Дарынды оқушының алдына нақты бір мақсат қою арқылы оның берілген тапсырмаға деген қызығушылығын оятуға болады. Аталмыш жұмыстар мұғалімді инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен дамытуымен қатар білім беру үрдісіне жаңа тұрпат ендіруіне көмегін тигізеді. Осы тұрғыда жаңашыл идеяны ұстанған педагог оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, бағытталған ізгіліктік ерекшелігімен сипатталады. Сонымен, дарынды оқушымен жаңа тұрпатта жұмыс жасауда инновациялық тәжірибені тұлғаны дамытудағы ізгілік пен шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйе негізінде қарағанымыз орынды. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ

Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ

Кезеңдер:



    1. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1- ші теориялық мазмұнын құрайды.


    2. ^ Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.


^ 3. Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек. 




Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:


^ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы_______________________________

Оқушының Т. А.________________________________

колледж, тобы _________________________________

Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________

Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі мен мүдірдің қолы болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:



^ Жұмыс мазмұны


Зерттеу әдістері


Ескерту










Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.

4. Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.


^ 5. ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ


Ол бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:

5.1. Ғылыми жобада:

- бет парақ;

- мазмұны;

- кіріспе;

-теориялық бөлімі;

- зерттеу бөлімі;

- қорытынды;

-пайдаланған әдебиеттер тізімі;

-қосымша (егер қажет болса) болу керек.

Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек. 

5.2. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:

- аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;

- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;

- оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).

- зерттеу күнделігі.

5.3. Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз).


^ 5.4. Мазмұны бар беттерді рәсімдеу:

а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;

ә)мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:


  • Кіріспе;


  • 1 тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);


  • 2 тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары);


  • 3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);


  • Қорытынды;


  • Әдебиеттер тізімі;


  • Қосымша (егер бар болса).


б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;

в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).




^ 5.5 Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.


  • Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;


  • Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;


  • Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.


^ 5.6. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.


  • Мәтін компьютерде терілу керек.


  • Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.


  • әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;


  • абзац болу керек;


  • жол арақашықтығы- бірқатарлы;


  • кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;


  • тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;


  • ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.


  • Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,


  • Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).


  • Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;


  • Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;


  • Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:


автордың тегі, аты- жөні,

мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),

журнал және кітап атауы

шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),

шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.


  • әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;


  • қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.


^ 5.7. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.


  • Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:


  • зерттеу мақсаты, тапсырмалары;


  • зерттеу объектісі, заты


  • гипотезасы


  • зерттеу кезеңдері , процедурасы;


  • эксперимент әдісі;


  • зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;


  • жұмыс нәтижелері және қорытынды;


  • нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.










^ 5.8. Жетекшінің пікірі (үлгіні қараңыз).

Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады. 

Жоба қорғау барысында оқушылардың өзара қойған сұрақтары да, мұғалім тарапынан қойылған бағыттаушы сұрақтар да аса маңызды. Жобалау технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушы тұлғасының іс-әрекет барысында қалыптасуына жағдай жасайды.

Қорытындылай келе, білім беруді аталған оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына , оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына , өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына , жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпіз.


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Алматы облысы


Бағыты:


Секциясы:


Тақырыбы:


Авторы: (аты-жөні толығымен, сыныбы,

мектебі, қаласы)


Жетекшісі: (аты-жөні толығымен, пәні,

мектебі, қаласы)


Кеңесшісі: (аты-жөні толығымен, дәрежесі,

оқу орны, қаласы)






^ Оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар жарысының облыстық кезеңі


Талаптары:


  • облыстық іріктеу кезеңіне қалалық кезеңде 1 және 2 орын алған жұмыстар кіреді;


  • ғылыми жоба 2 дана болу керек.


  • Ғылыми жоба барлық талаптарға сай жазылып, безендірілу керек. 


  • Ғылыми жобаның әр данасында міндетті түрде:


А) 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) аннотациясы 

Ә) жоғарғы оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен 

және оқу орнының мөрімен расталады

Б) зерттеу күнделігі


^ Оқушылардың ғылыми жобалар жарысының республикалық кезеңі


Тестілеуге (1-інші республикалық кезең) облыстық кезеңнен 1,2,3 орын алған оқушылар қатысады

Тестілеуден 60 және одан жоғары балл алған оқушылар 2-інші республикалық іріктеу кезеңіне өтеді (экспертиза).

^ Республикалық кезеңде оқушылардың ғылыми жобаларын қорғауға қойылатын талаптар:
Стенді қорғауға:
Стендінің өлшемі 135* 125 см, онда келесі ақпаратттар орын алады :


А) фото (9 * 13 см), тегі, аты, мектебі, сыныбы, қала/ аудан, облыс;

Б) Бағыты, секциясы, жоба тақырыбы, жетекші, ғылыми жетекші;

В) мақсаты, міндеті, маңызы, жаңалығы;

С) аннотация (оқу тіліне байланысты қазақ немесе орыс тілінде)

Д) қорытындылар

Е) жұмыстың мазмұнын толық қамтитын материалдар, талаптарға сай графиктер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар нөмірленген болуы тиіс.


    1. Қайшы, скотч және т.б. (стендіні безендіруге керек заттар).


    2. Туу туралы куәлік немесе жеке куәліктің өзі және көшірмесі, эпид. ортаның тазалығы және денсаулығы жайлы туралы анықтама (мөрмен)
      Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін және қабілетін дамытуға, зерттеу білігі мен дағдыларын қалыптастыруға, дербестігін және әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеуге бағытталған қазіргі инновациялы- педагогикалық технологиялардың бірі болып табылады. Ғылыми жұмыс жасауда оқу кітапханасымен жұмыс дұрыс бағытта жүргізілуі жұмыстың дұрыс бағдарын айқындайды. 



  • Энциклопеднялармен жүмыс турі негізгі ақпаратты табуға көмектеседі. Экциклопедия анықтамалық қызмет атқарады. 


  • Тапсырма: деректерді, түсініктерді, терминдерді табу.


  • Мамандандырылған сөздіктер: тілдік, түсіндірмелік, синонимдер сөздігі, сілтемелер сөздігі. мифологиялық сездіктер, т.б.


  • Анықтамалықтар: жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық пәндер бойынша: жануарлар, өсімдікгер әлемі, тарихи, дүние жүзі елдерінің өнері, музыкалық, хронологиялык, биологиялык аныктамалықтар, т.б.


  • Библиграфиялық басылымдармен жұмыс. Ақпараттар түрімен, ақпараттар тандау негізімен және қажетгі материалдарды іздеу жолымен танысу, кітапхана каталогымен жүмыс, т.б.


  • Мерзімді басылымдар: (газет, журнал) жұмыс.


  • Ізденіс тапсырмалары бойынша есеп жазу 


  • Интернетпен жүмыстың мақсаты қажетті ақпаратгарды іздеу


электрондык каталогпен жұмыс істей білу, ақпараттарды сайтта жинақгау, хат жазысу, т.б.

^ Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау критерийлері

Параметр:

Шығармашылық қабілеті 

Мүмкін бағалар: 

Жеке жобаға – 30 балл

Командалық жобаға – 25 балл 

Негізгі бағалар:


  • Егер автор (лар) жаңа ғылыми жолдарды табуда шығармашылық қабілет танытса, онда жеке жоба үшін 
    25-30 балл. ал топпен орьшдалған жобаға 20-25 балл қойылады. 


  • Егер жаңа тәсілдерге талдау жасауға шығармашылық қабілеті жетіп жатса, онда жеке жоба үшін 
    20-25 балл, ал топтык жобаға 15-20 балл қойылады.


  • 10-20 мен 10-15 балл мәліметтерді жеткізу шығармашылық кабілетіне койылады.


  • 10-ға дейінгі бал жоба рефераттық сипатта болған жағдайда беріледі.


Параметрі:

Ғылыми ойлау 

Мүмкін бағалар: 

Жеке жобаға – 30 балл

Командалық жобаға – 25 балл 

Негізгі бағалар:


  • жұмыстың нактылығы мен кажеттілігіне қарай: 


  • күтілген нәтижесінің құндылығына қарай; 


  • нақты жослары мен міндеттеріне қарай;


  • автордың зерттеу кезеңдеріндегі көрегенділігіне қарай. 


  • автордың түсінігіне қарай; 


  • келесі зерттеу кезеңдеріндегі автордың идеясына қарай; !


  • ғылыми әдебиеттерге жасалған сілтемелеріне қарай; 


  • жұмыстың максатына қарай; 


  • зерттеу нәтижесінің қажеттілігіне қарай; 


  • нәтижесінің жүзеге асырылуына қарай. 


  • Параметрі:


Зерттеу дағдыларын қолдану әдістерінің тиімділігі 


  • Мүмкін бағалар: 


  • Жеке жобаға – 15 балл


  • Топтық жобаға – 12 балл 


  • Негізгі бағалар:


  • Егер автор жұмыс барысында қазіргі заманғы техникаларды колдана отырып, жаңа нәтижелер алуда тиімді тәсілдер көрсете білсе, онда жеке жобаға 15 балл, топтык жобаға 12 балл қойылады.



Параметрі:

Тақырыптың ашылу деңгейі 

Мүмкін бағалар: 

Жеке жобаға – 15 балл

топтық жобаға – 12 балл 

Негізгі бағалар:


  • Бұл мынадай негізгі параметр бойынша койылады: 


  • жұмыс жоспарланған сатыларда орындалды ма?


  • шешілетін мәселе толық қамтылды ма? 


  • жеке эксперимент корытындысы негізделген бе?


  • материал жобада толық қамтылды ма? 


  • автор мәселенің басқа шешу жолын біле ме? 








Параметрі:

Сөйлеу шеберлігі, материалдың жеткіліктілігі 

Мүмкін бағалар: 

Жеке жобаға – 10 балл

топтық жобаға – 10 балл 

Негізгі бағалар:

Балдар мынадай критерийлер бойынша қойылады:


  • автордың баяндау тәсілі 


  • материалдың толықтылығы 


  • жобаның негізі сәттерін көрсете білуі 


  • жобада пайдаланылған эксперимент материалдарының жеткіліктілігі 


стенд материалының құндылығы.


Параметрі:

Топ мүшелерін үйлестіру деңгейі 

Мүмкін бағалар: 

Барлығы – 10 балл 

Негізгі бағалар:


  • Баға мынадай критерийдерді басшылыққа алады: 


  • Әрбір қатысушы міндеттерінің айқындылығы 


  • -топ мүшесінің басқа топ жұмыстарымен таныстығы 


топ мүшесінің жоба материалын баяндауы


Ең бастысы оқушылар ғылыми жобамен жұмыс істеу барысында мектепте алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Оқушылар жобаны қорғауда талаптарға сәйкес безендірілген стенд материалдарын ұсынуға құқылы. Ғылыми жобаларын қорғау кезінде берілген уақыттарын үнемдеу арқылы зерттеу жұмыстарының негізгі түйіндісін, жаңалығын әділқазыларға ашықта жақсы, нақтылы жеткізе білулері қажет. 

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның барлық өміріне апат әкеледі», – депті Әл-Фараби бабамыз. Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндіріп отырған. Сол себепті де оқушылармен ғылыми жұмыстар жасау танымдық біліктілікті арттыру мен қатар өзіндік ізденімпаздыққа баулиды. Балынң өзігдік көзқарасының қалыптасуына әсер етіп, білімді де тәрбиелі болып шығуына зор әсерін тигізеді. 


^ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Н.Назарбаев. Туған елім – тірегім, (Құрастырғандар: М.Қасымбеков. Қ.Әлімқұлов). – Алматы: Рауан, 2001. - 128 б.


  2. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Санат, 1995. – - 481 б. 


  3. Ушинский К. Д. Собр. Соч. Т 6. – М., 1949- 319 с. 


  4. Ы. Алтынсарин Шығармалары – А: Жазушы, 1986 – 560 б. 


  5. А. Құнанбаев Шығармаларының екі томдық толықжинағы А: Жазушы 1995 – 355 б.


  6. Дулатов М. Шығармалары Алматы – Жазушы 1991. – 381 б.) 


  7. Ж. Аймауытов Комплексті оқыту жолдары. – Қызылорда, 1929 – 110 б.


  8. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш//Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 1 т. – 188-226 бб.


  9. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы 


  10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру стандарты.


  11. Пралиев С.Ж. «Ұлттық тәрбие және жаһандану», Егемен Қазақстан, 25 желтоқсан 2009 .


  12. Р.К.Төлеубекова «Ұлттық тәрбие және оның философиясы»\\Педагогика және Психология журналы №1, 2009. 


  13. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдар беттері. – Алматы: Білім, 1995. – - 288 б.


  14. Қ.Бөлеев, А.Б.Мұратова, Қазақ ағартушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идея. Оқу құралы. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2009. -136 б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!