400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дарынды және талантты оқушылар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы



Дарынды және талантты оқушылар

          Бірлескен оқу: дарынды және талантты оқушылар.

Дарынды және талантты балаларды оқыту әрқашанда ең өзекті мәселе болып табылады.  Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн,бар ынтасымен қолайлы ортаны жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл өте күрделі мәселе екенін ойлауды, талқылауды және жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау, оқушының қабілетті болып дүниеге келуі және өз қабілеттерін жүре дамыта алуы әлі күнге дейін ғалымдардың талқылауын талап ететін сұрақтардың бірі. Қосымша материалдарды зерттеу зерделеу арқылы мына көзқарастарды айқындадым: дарынды балалар ретінде білімнің барлық саласынан бірдей дәрежеде көріне алатын балаларды қарастыратын болсақ, талантты бала ретінде тек бір салада даму деңгейі жоғары оқушыларды атауға болады.  Дарынды оқушы деп зерттеуге алған Құралбекова Фариданы   айтуға болады. Себебі ол жан жақты, сабаққа белсенді қатысады, үй тапсырмасын тұрақты орындап келеді, берілген қосымша тапсырмаларды іздестіріп ,жинақтап әкеледі, қандай тапсырма берсеңде әрқашанда мен деп бірінші қолын көтереді.Сурет салуға,биге,ән айтуға деген қызығушылығыда бар. Тәрбиелік шараларға да белсене қатысады. Тәжірибе кезінде ол өзін жоғары деңгейде көрсете алды. Талантты оқушы ретінде мысалға Адай Бегзатты  алуға болады. Себебі оның сабаққа деген ынтасы аз. Баяу сөйлейді, ақырын қозғалады. Үйге берілген тапсырманы орындамай келеді, сабаққа деген қызығушылығы аз, бірақ тәрбиелік шаралар өткізген кезде өте белсенді қатысады. Көріністерде, әртүрлі тамашалар,би билеуде,сахналық қойлымдарда қатысуы оның ерекше талант екендігін көрсетеді. Берілген өлеңді жаттамай келетін оқушы көріністерді ойнаған кезде өзінің роліндегі сөздерді қалай жаттайды деп таң қаласың. Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастап сол оқушыны жақсы біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін қай дарежеде екенін білу қажет. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі тапсырмалар балаларға қиын орындалатын және олардың қызығушылығын,ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын кемітеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.

Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді?Мұғалім ең алдымен,бала жанының қамқоршысы, тамыршысы болуы тиіс.Бала жүрегінің      пернелерін дәл тауып,оны ойната білу оңайлықпен келмейді.Оқушының дарындылығының дамуы,қабілетінің ашылуы көбінесе мүғалімнің кәсіби біліктілігіне,шеберлігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені анық,біз оны жақсы білеміз. Мұғалімдер арасында көбінесе  «Дарынды оқушы-бұл тек сабақты жақсы оқитын оқушы»деген пікір жиі кездеседі.

      Дарынды бала тумысынан маңдайына жазылған дарындылық пен қабілеттілік белгісі бір бағытқа байланысты,ол тынышсыз ,шыдамсыз,кейде көп сөйлемейтін болады.Баланың дарын қабілеттілігі мұғалімнің жетелеуімен қолдауымен ашылуы мүмкін.

   Дарынды,ерекше қабілетті оқушылардың ойлау ерекшеліктері:

·         Пайымдай білуі;

·         Болжам жасай білуі;

·         Ойлау сыншылдығының болуы;

·         Мәліметтерді талдай,жинақтай,салыстыра,жалпылай,саралай білуі;

·         Қорытындылай білуі;

Жоғарыда айтылған ерекшеліктерді ескере отыра мектептегі тәжірибе кезінде дарынды  және талантты балаларды анықтау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.     Талантты оқушым Бегзат  біраз ашылды. Сабаққа ынталы қатысатын болды. Өз еркімен сұрақтарға жауап беріп қызығушылығы артты. Бір сатыға көтеріліп қалды.

 

Сілтеме : Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  87-бет.

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 29 бет.

Сілтеме:  Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  39 бет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қазан
779
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі