400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды окушыларға арналған жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бүткіл пән мұғалімдеріне арналған. Мұнда дарынды оқушыларды анықтау барысында жоспар бойынша жүйелі жұмыс жүргізуіне ыңғайлы жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Суындық» жалпы орта мепктебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі






«Бекітемін»

Мектеп директоры: __________Н.Мұсааев








Информатика пәнінен дарынды оқушылармен

жұмыс жоспары








Пән мұғалімі: Смайлов Талғат















Көктөбе елді мекені

2018-2019 оқу жылы

«Келісемін» ӘБ отырысында қаралды:

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: ӘБ жетекшісі:

____________Ғ.Беласаров ____________Т.Смайлов

«____»____________2018 ж. «____»___________2018 ж.



Түсінік хат

“...Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.” Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері кезінде адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білімді және білімін практика жүзінде қолдана білетін қоғам мүшелерін талап етеді. Сондықтан мектептің міндеті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алған білімді практикада қолдануда, пәннің күнделікті өмірмен байланысын нығайтуда информатика пәнінің алатан орны ерекше.


















Мақсаты:

  • информатика пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;

  • информатика пәні бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін деткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу;

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • жеке тұлғалың мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;

  • пәнге деген қызушылығын арттыру;

  • жеке жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.


Міндеттері:

  • дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру; 

  • оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту;

  • жан-жақты ақпараттандыру; 

  • коммуникативті бейімдеу; 

  • білімнің бағасын арттыру;

  • дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру;

  • дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету. 


Күтілетін нәтиже:

  • оқу бағдарламасына сай білімді терең менгереді;

  • жеке шығармашылық қабілетті дамиды;

  • ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жандүниесін тани алады;

  • өзін өзгелермен салыстыра алады;

  • іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігін қалыптасқан тұлға.


Дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың критерийлері:

  • нормативті-құқықтық құжаттар;

  • ғылыми-әдістемелік қызмет түрлері (ауысымды мектептердегі жұмыс жоспары, диагностикалық әдістемелер, инновациялық технология, олимпиада тапсырмалары, ұсыныстар);

  • ақпараттық қызмет;

  • мектеп басшыларының, мұғалімдердің жұмыс жүргізуге дайындығы;

  • білім мекемелерінің өсуі (эксперимент түрлері, ауысымдық мектеп, резерв мектебі, банк, т.б.).










Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:

  • дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

  • оқушымен қарым-қатынастың болуы;

  • нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;

  • дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы.


Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

  • пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

  • қызмет нысанын, педагогикалық үрдісті білуі;

  • жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі;

  • заман талабына сай жаңа технологияларды білуі;

  • дарынды оқушының оқуда ғана емес, басқа да көрсеткіштеріне көңіл бөлуі;

  • шығармашылық тапсырмалар дайындай білуі т.б.


Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

  • дарынды анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

  • дарынды оқушыны (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, тұрақты жұмыс жүргізе алуы;

  • дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

  • оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі;

  • оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі;

  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасай білуі;

  • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатында деңгейде дайындай алуы;

  • дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық психологиялық көмек көрсете білуі.


Дарынды балаларды анықтау:

  • баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу;

  • дамытушылық жағынан ықпал ете отырып баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;

  • баланың дарындылық белгісін оның психологиялық дамуының нақты деңгейіне ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау;

  • жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-ананың сипаттамалық бағалары;

  • түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып бала қабілетін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты.




«Бекітемін»:

Мектеп директоры: __________Н.Мұсаев


Информатика пәнінен дарынды оқушылармен

жүргізілетін жұмыс жоспары

2018-2019 оқу жылы


№

Атқарылатын жұмыстар

Жұмыстың түрі

Мерзімі

1

Дарынды оқушыларды анықтау.

Әңгіме, бақылау, сауалнама

Қыркүйек

2

Байқау сынағын алу.

Жеке тапсырмалар беру

Қыркүйек

3

Қосымша сабақтар өткізу.

Топтық жұмыс

Үнемі

4

Пәндік білімді тереңдетуге, ғылымға деген қызығушылығы бар, қабілетті балаларды анықтау.

Сауалнама

Қазан

5

Паскаль тілінде берілген есептер шығару.

Жеке жұмыс

Қазан

6

Логикалық есептер, қиындығы жоғары деңгейдегі есептер шығару.

Топтық жұмыс

Үнемі

7

Деңгейлік тапсырмалар.

Күрделі тапсырмалар беру

Қараша

8

Олимпиадалық есептер шығару жолдары.

Қосымша сабақтар

Қараша

9

Мектепішілік және аудандық олимпидаларға қатыстыру.

Олимпиадалар

Желтоқсан

10

Жеке және топтық тапсырмаларды беру.

Деңгейлік тапсырмалар беру

Үнемі

11

Есеп шығаруда компьютерді қолдану.

Жеке жұмыс

Үнемі

12

Интернет олимпидаларға дайындау.

Қосымша сабақтар

Қаңтар

13

Интернет олимпиадаларға қатыстыру.

Олимпиадалар

Наурыз

14

Сыныптан тыс іс-шараларға қатыстыру.

Сыныптан тыс жұмыстар

Үнемі

15

Ғылыми-шығармашылық жобаларға тарту.

Жеке тапсырмалар беру

Үнемі

16

Аудандық ғылыми жобалар байқауына қатыстыру.

Жарыстар мен конкурстар

Сәуір

17

Пән бойынша оқушылар білімі мен сапасына жүйелі бақылау жүргізіп отыру.

Мониторинг жүргізу

Тоқсан сайын, мамыр








Дарынды оқушылар туралы мәлімет


№

Оқушының

аты-жөні

Туған жылы, айы, күні

Сыны-бы

Мінездеме

(қабілеті мен ерекшелігі)

1



9

Мінезі ашық, достарымен тез тіл табысады, оқуда озат, берілген тапсырмаларды өз уақытында тез, әрі ұқыпты орындайды, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары.


2



9

Оқу озаты, алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады;үнемі ең жақсысына ұмтылады, есеп шығару қабілеті өте жоғары.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
831
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі