Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
дарынды оқушылармен жоспар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Дарын ғылыми қоғамының мектеп-лицейдегі маңызы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейде «Дарын» атты оқушылардың ғылыми қоғамы жұмыс атқарады. «Дарын» оқушыларының ғылыми қоғамның Жарғысы, бағдарламасы, әр жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген.
«Дарын» оқушыларының ғылыми қоғамына мүше болып қатысу оқушылардың бейініне қарай пәндерді тереңдетіп оқуға, әртүрлі деңгейдегі интеллектуалды олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына, конференцияларға, зияткерлік сайыстарға қатысуға белсенділігін, қызығушылығын арттырады. «Дарын» оқушыларының ғылыми қоғамның мақсаты- дарынды балаларды анықтау және олардың танымдық белсенділігін,интелектуалдық,шығармашылық деңгейлерін арттыру.
Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыруда , «Зерек» орталығы, Экобиоорталық және окушылрадың шығармашылық сарайымен жүйелі байланыс жүргізілді. Оқушылар КАСУ, ШҚТУ, ШҚУ, «Кәсіби мектеп»КММ және колледждар оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс жасады.
«Дарын» ғылыми қоғамының жұмысын әкімшілік бақылау :
Дарынды оқушылармен жұмыс жылына 1 рет педагогикалық кеңесте, директор жанындағы отырыста және әкімшілік кеңесте қаралады. Әдістемелік кеңесте жас мамандарға дарынды оқушылармен жұмыс істеудің әдіс- тәсілдері үйретілді. Тәжірибелі мұғалімдер іс тәжірибесімен бөлісті.
Дарынды оқушылармен жұмыстың мониторингісі 3 бағытта жүргізіледі: әдістемелік бірлестік бойынша дарынды оқушылармен жұмыстың мониторингісі;мұғалімдердің санат (категория) бойынша дарынды оқушылармен жұмыстың мониторингісі ;әрбір мұғалімнің дарынды оқушылармен жекелей жұмыстарының мониторингісі.
Дарынды оқушылардың олимпиада,сайыстар мен конкурстарға қатысу қорытындысы
Дарынды оқушыларды дамыту бағдарламасы бойынша жұмыс жалғасуда.
Халықаралық,республикалық,облыстық,қалалық деңгейдегі әртүрлі сайыстар,олимпиадаларға қатысқан дарынды оқушылардың динамикасы артуда. Әртүрлі сайыстардан жүлделі орын алған оқушылар саны 461 оның: қалалық денгейде –118 , облыстық деңгейде – 576, республикалық деңгейде - 388, халықаралық – 13. Оқушылардың әсіресе интернет арқылы онлайн сайыстармен олимпиаларға қатысу деңгейі жоғары.
ҚР “Білім туралы” Заңында Мемлекеттік саясаттың мақсаты “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және жеке адамның дарындылығын дамыту”. Дарынды балаларды іздеу,оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Себебі, дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Дарынды бала - ата- ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін жүзеге асыру бағытында мектеп-лицейде «Дарын» атты оқушылардың ғылыми қоғамы жұмыс атқаруда. «Дарын» оқушыларының ғылыми қоғамның Жарғысы, бағдарламасы, әр жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген.
«Дарын» оқушыларының ғылыми қоғамына мүше болып қатысу оқушылардың бейіміне қарай пәндерді тереңдетіп оқуға, әртүрлі деңгейдегі интеллектуалды олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына, конференцияларға, зияткерлік сайыстарға қатысуға белсенділігін, қызығушылығын арттырады. Оқушыларды қазіргі заманға лайық белсенді құзіретті тұлға тәрбиелеу – мектептің міндеттерінің бірі. Мектеп оқушыларының әртүрлі деңгейдегі зияткерлік пән олимпиадаларына, сайыстарға, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысуы нәтижесінде, әрбір жеке тұлғаның:
-
Ғылыми зерттеу жұмысында өз бетімен жұмыс істеу дағдылары, шеберлігі, шығармашылық ойлауы, шығармашылық қабілеті дамиды, алынған білімін практикада қолдана білуге үйренеді, зерттеу дағдылары қалыптасады.
-
Зерттеу жұмысын орындауда шығармашылық ізденіс үрдісі кезінде аналитикалық және сыни ойлауы қалыптасады.
-
Өзінің бейімділігін, таңдаған кәсіби бағытын, болашақтағы еңбек қызметін тексеруге мүмкіндік береді.
-
Оқу және еңбек қызметінде мақсатқа ұмтылушылықты, жүйелілікті тәрбиелейді.
-
Қойған мақсатына, ұсынылған нәтижелерге жетуге өзіне деген сенімділік пайда болады.
-
Оқушылардың таңдап алған мамандығына қызығушылығы артады, білім, білік, дағдысын дамиды, мектеп бағдарламасынан тыс қосымша ғылыми ақпараттар алады.
-
Қосымша білім беретін үйірме, факультатив, элективті курстарда оқушылар ғылымның тарихымен, зерттеуді жүргізудің түрлі әдістерімен танысады, реферат және зерттеу жұмыстарын орындайды, ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу дағдылары дамиды:
Дүниежүзілік және отандық ғылымның, техникалық, әдебиеттің, өнердің жетістіктерімен танысады.
Дарын ғылыми қоғамы 6 секцияға бөлінеді. Қазақ тілі мен әдебиеті ( жетекшісі Ибатаева И.А.), орыс тілі мен әдебиеті (жетекшісі Свенова С.Ш.), тарих (жетекшісі Бигелдинова А.С.), шетел тілі (жетекшісі Аймуханбетова А.Ж.), математика-физика (жетекшісі Қасенова Ғ.Т.), жаратылыстану ( Темиралова Г.Т.), бастауыш (Олжабай С.).
Биылғы оқу жылында дарынды оқушылармен жұмыс 3 бағытта жүргізілді:
-
Дарын КҒҚ жоспары негізінде;
-
Жоспардан тыс ғылыми –зерттеу жұмыстарды ұйымдастыру негізінде;
-
Олимпиадалық резерв мектебі негізінде.
Мектеп оқушыларының дарындылығы, әрбір пәндерге қабілеттілігі мектеп психологының, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің көмегімен анықталады. Пән мұғалімдері дарынды, қабілетті оқушылармен жекелей жұмыс ұйымдастырып, мониторингісін жүргізіп отырады.
2023-2024 оқу жылында алынған міндеттер:
1. «Дарынды балалар» бағдарламасы бойынша оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстарды жалғастыру.
2. Пән мұғалімдеріне дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды жүйелеп, мониторингісін жүргізу.
3. Мектеп – лицейдің дарынды оқушылармен жұмыстарын нәтижесін облыс, республиканың баспа беттерінде, Интернет ресурстарда жариялау.
2023-2024 оқу жылындағы қатысқан олимпиада, ғылыми-практикалық жоба, байқаулардың жетістігі.
№ |
Байқаудың мазмұны |
пәні |
сыныбы |
мерзімі |
түрі |
Пән мұғалімі, жетекшісі |
1 |
Республикалық Абай оқулары “Ұлылар әлемі” номинациясы бойынша 2-орын. |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
8-11 |
қазан |
Сахналық қойылым |
Ибатаева И.А. |
2 |
Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған “Алтайдың асқақ жыршысы” сайысының “Театр-ұлт рухының жаршысы” кезеңі |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
8-11 |
желтоқсан |
Сахналық қойылым |
Ибатаева И.А. |
3 |
Абай Құнанбайұлының 178 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған “Абай- ұлттың рухани кемеңгері” атты сайыстың БАС ЖҮЛДЕСІН ұтып алды. |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
8-11 |
қаңтар |
Облыстық ән байқауы |
Ибатаева И.А. |
4 |
“Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман” атты қалалық-цифрлық постерлер байқауы |
Тарих |
8-11 |
қазан |
Қалалық |
Мұхамадиянова А.М |
5 |
Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
8-11 |
қаңтар |
Қалалық |
Ибраимова Б.Г |
6 |
Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде |
Тарих |
8-11 |
Желтоқсан |
Облыстық |
Бигельдинова Асем Самажановна |
7 |
XXV республикалық “Абай оқулары” сайысының облыстық кезеңі |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
5-11 |
Қараша |
Облыстық |
Ибатаева И.А. |
8 |
Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасы облыстық кезеңі 2-орын |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
5-11 |
Желтоқсан |
Облыстық |
Табиева Б.А |
9 |
“Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел“атты қалалық мектеп командалар арасында өткен қалалық байқау, 3-орын |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
5-11 |
Қаңтар |
Қалалық |
Ибраимова Б.Г |
10 |
“Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасы облыстық кезеңі 2-орын Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы қалалық, облыстық кезең 1-орын |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
5-11 |
Ақпан |
Облыстық |
Табиева Б.А |
11 |
Бизнес және құқық бойынша чемпионат 2 орын. |
Тарих |
5-11 |
Наурыз |
Қалалық |
Катанова Б.Б. |
12 |
«NOMAD FEST» облыстық олимпиадасы II,ІІІ орын |
Тарих |
5-11 |
Наурыз |
Қалалық |
Бақытханова Шынар Сериковна |
13 |
Облыстық жобалар байқауы «Қазақстанның 100 жаңа есімі” номинациясы бойынша ІІІ орын |
Тарих |
10-11 |
Наурыз |
Облыстық |
Бегильдинова А.С. |
14 |
DIGITAL POSTER байқауына қатысып, 1-ші орын |
Тарих |
10-11 |
Сәуір |
Қалалық |
Мұхамадиянова А.М. |
15 |
Республикалық “Елорда дарыны” форумында жүлделі 1-орынға ие болды. |
Физика |
8-11 |
қазан |
Республикалық |
Зейнелхан Г.З |
16 |
Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінде |
Физика |
8-11 |
Ақпан |
Қалалық |
Башабаева Қ.Т. |
17 |
Smart Education-Өскемен 2024" атты қалалық ІТ форумның аясында өткен "ІТ-жоба-2024" байқауы бойынша "Skills for Geeks" чемпионатында ІІ орын |
Информатика |
8-11 |
Желтоқсан |
Қалалық |
Байрова Г.О. |
18 |
Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі |
Биология |
8-11 |
Ақпан |
Қалалық |
Темиралова Г.Т |
19 |
“Өлкетану сағаты: кіші Отанының үлкен ашулары” |
Биология |
8-11 |
Сәуір |
Қалалық |
Мұхамадиянова А.М, Ермекбаева Ж.С |
20 |
«ҚАРЖЫ және ЕСЕП» бойынша облыстық олимпиада |
Математкиа |
10-11 |
Сәуір |
Облыстық |
Мектеп командасы |
21 |
“Дарын” ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушылары арасында өткен жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі |
Барлық пәндер |
8-11 |
наурыз |
Облыстық |
Башабаева К.Т, Касенова Г.Е, Нургендирова А.О, Каблакатова Р.М |
22 |
“Алау-2023” Өскемен қаласы әкімінің жастар арасындағы жүлдесіне арналған байқау |
Барлық пәндер |
8-11 |
желтоқсан |
Қалалық |
Жылқыбаева А.С |
23 |
Пәндік ғылыми- практикалық жобалар сайысы 1- |
Физика Математика Қазақстан тарих Биология География Ағылшын тілі Информатика |
8-11 |
Қараша |
Қалалық |
Башабаева Қ.Т Зейнелхан Г.З Тұрғанбекова А.Б Касакаева А.К Қасенова Ғ.Е Бигельдинова А.С Бакытханова Ш.С Маханова А.Ш Ибатаева И.А Табеива Б.А Байрова Г.О |
24 |
Физика пәнінен облыстық интеллектуалдық «Үркер» конурсында |
Физика |
9-11 |
мамыр |
облыстық |
Башабаева Қ.Т Зейнелхан Г.З |
25 |
5-6 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен олимпиада |
Математика |
5-6 |
мамыр |
облыстық |
Толбаева К.С |
26 |
Өскемен қаласында Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада |
қазақ тілі мен әдебиеті |
9-11 |
мамыр |
республикалық |
Табиева Б.А |
«Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. 5-11 сыныптар арасында өткен қалалық пәндік олимпиадаға биылғы оқу жылында 65 оқушы қатысып, 39 оқушы жүлделі орындарға иа болды. Жыл сайын оқушылардың пәндік олимпиадаға қатысу белсенділіктері артып келеді. Оқушылары қалалық пән олимпиадасынан орын алған мұғалімдер:Тұрсынғалиева А.С, Бигазиева Л.К, Катанова Б.Б, Темиралова Г.Т, Терлекбаева Э.А, Толбаева К.С, Каблакатова Р.М, Ибатаева И.А, Аймуханбетова А.Ж, Касенова Г.Е, Башабаева Қ.Т, Меткенова И.К, Букумбаева Ғ.Т, Бакытханова Ш.С, Ермекбаева Ж.С, Төлеуханова Н.М, Тұрғанбетова А.Б, Ибраимова Б.Г, Мұхамадиянова А.М, Каблакатова Р.М, Касакаева А.К, Нургендирова А.О, Есембаева А.Т, Батырханова Ж.К, Ермекбаева Ж.С, Кусайова А.А, Зейнелхан Г.З, Байрова Г.О, Маханова А.Ш, Бигельдинова А.С.
2-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» зерттеу жобаларының қалалық кезеңіне 22 оқушы қатысып, 18оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оқушылары жүлделі орын алған мұғалімдер: Ибатаева И.А, Зейнелхан Г.З, Аймуханбетова А.Ж, Курманова Т.А, Темиралова Г.Т, Баирова Г.О, Жылқыбаева А.С, Бакытханова Ш.С, Жайлаубаева Г.К, Ибрагимова Г.Ж.
8-11 сынып оқушылары арасында өткен ғылыми практикалық конференцияның қалалық кезеңіне 21 оқушы қатысып, 17 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оқушылары жүлделі орын алған мұғалімдер: Табиева Б.А, Темиралова Г.Т, Зейнелхан Г.З, Тұрғанбекова А.Б, Мұхамадиянова А.М, Бигельдинова А.С, Касенова Г.Е, Сахариева Б.М, Нургендирова А.О, Каблакатова Р.М, Фазымова А.Ж, Жайлаубаева Г.К, Меткенова И.К, Ибатаева И.А, Башабаева Қ.Т
Оқушылардың ғылыми қоғамының басшылығымен дарынды оқушыларды дамыту, жетілдіру бағытында «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен интеллектуалды ойын, сайыстар өткізілді. Мектеп оқушылары халықаралық деңгейдегі «Медвежонок», «Британский Бульдог», «Кенгуру – Лингвист», «Кенгуру - Математика, республикалық деңгейдегі «Ақбота», облыстық деңгейдегі «Айналайын», «Малахит», «Тұлпар» интеллектуалды конкурстарына белсене қатысып, нәтижесінде 102 оқушы республикалық, 378 оқушы облыстық, 91 оқушы халықаралық жүлдегерлер атанды. Оқушылар әртүрлі деңгейдегі сайыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындар алды.Дарынды оқушылармен жұмыс жыл көлемінде ұйымдастырылып отырылды. Жыл көлемінде пән мұғалімдері оқушыларын түрлі сайыстарға қатыстырып, жұмыстарын нәтижелі қорытындылады. Облыстық «Дарын» орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген сайыстарға қатысқан оқушылардың нәтижесі өткен жылдармен салыстырғанда жоғары деңгейде. Пән мұғалімдері де жылдан-жылға зияткерлік сайыстарға назар аударып, оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытуда игі жұмыстар атқарып келеді.
1-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» ғылыми жобалар байқауына 22 оқушы қатысып, жүлделі 18 оқушы иеленсе, Мұрат Ұлан,Оралбек Ақжол, Серікхан Семсер облыс деңгейінде 2,3 орын және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне Елтай Айша, Жұмашова Камила қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, «Менің Отаным-Қазақстан» облыстық қашықтықтан туристік экспедициялық жасақтар слетінде «Бард әндері» номинациясында І орынды жеңіп алған Тоқтаубаев Алижан және «Жас физик» облыстық олимпиадасында жүлделі ІІІ орынға ие болған Шаймұратова Диана , 5-6 сынып оқушылары арасында өткен облыстық пәндік олимпиадасына Бекзатқызы Асем,Бекзатұлы Асқар жүлделі ІІ орынға иеленса, республикалық Абай оқулар жүлдегерлері Болатбекова Аруна, Зульфиева Севинич облыс әкімнен ақшалай марапатталды. Дарын орталығының ұйымдастыруымен өтетін интеллектуалдық сайыстарға жылда 456-ден аса оқушыларымыз қатысып, 80% пайызы жеңіске жетті. Биылғы жылы онлайн форматта өткен интеллектуалдық марафондарынан қазақ тілі, физика, математика, информатика, биолгия және география пәндерінен облыстық «Айналайын» (Іорын-35 оқушы, ІІ орын -47 оқушы, ІІІорын-29 оқушы) логикадан обл. «Асыл тас» (Іорын-17 оқушы, ІІ орын -54 оқушы, ІІІорын-34 оқушы) «Ақ бота» (Іорын-25 оқушы, ІІ орын -34 оқушы, ІІІорын-21 оқушы). Оқушылардың ғылыми қоғамының басшылығымен дарынды оқушыларды дамыту, жетілдіру бағытында «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен интеллектуалды ойын, сайыстар өткізілді. Мектеп оқушылары халықаралық деңгейдегі «Медвежонок», «Британский Бульдог», «Кенгуру – Лингвист», «Кенгуру - Математика, республикалық деңгейдегі «Ақбота», облыстық деңгейдегі «Айналайын», «Малахит», «Тұлпар» интеллектуалды конкурстарына белсене қатысып, нәтижесінде 102 оқушы республикалық, 378 оқушы облыстық, 91 оқушы халықаралық жүлдегерлер атанды. Оқушылар әртүрлі деңгейдегі сайыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындар алды.Дарынды оқушылармен жұмыс жыл көлемінде ұйымдастырылып отырылды. Жыл көлемінде пән мұғалімдері оқушыларын түрлі сайыстарға қатыстырып, жұмыстарын нәтижелі қорытындылады. Облыстық «Дарын» орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген сайыстарға қатысқан оқушылардың нәтижесі өткен жылдармен салыстырғанда жоғары деңгейде. Пән мұғалімдері де жылдан-жылға зияткерлік сайыстарға назар аударып, оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытуда игі жұмыстар атқарып келеді. 67 Оқушымыз республикалық, халықаралық интеллектуалды білім порталдарының ұйымдастыруымен өткен олимпиадаларға, байқауларға қатысып, түрлі марапаттарға ие болуда. Жоғарыда аталған оқушыларды және оларды дайындаған ұстаздарды бұл жеңістерімен құттықтай келе, мектебіміздің, еліміздің кемел болашағы үшін еңбек еткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
сертификат алыңыз!