Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
- Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау; - Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық – педагогикалық көмек көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Р.Қошқарбаев атындағы №50 жалпы білім беретін мектеп» КММ



«Бекітемін»

Р.Қошқарбаев атындағы №50 ЖББМ

директоры

___________________ А.Алшынбекова.

«____«____________ 2024 ж.





Дарынды оқушылармен

жүргізілетін жұмыс







тарих пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы

О.Руст





2024-2025 оқу жылы

«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған

өзіне керекті жаңалықты ашуға көмек беру қажет»

Г. Галилей


Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын жән е алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: «Нәтижеге бағдарланған оқыту – білім сапасын арттыру негізі»

Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.

Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне

тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.



ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

Міндеттері:

- Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау;

- Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық – педагогикалық көмек көрсету

Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.

Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі

қалаптасқан тұлға.

Дарындылық анықтамасы:

- Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады;

- Іс-әрекеттің жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі;

- Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті;

- Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы;

- Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар.

Дарынды баланың сипаттамасы:

- Интелектуалды сферасы;

- Білімділік өрісі;

- Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді.


Дарындылық үш параметрмен анықталады:

- Танымдық жеке дамуы;

- Психологиялық жеке дамуы;

- Физикалық дамуы.


«Дарынды балалар» бағдарламасының жұмыс бағыттары:

І. Дарынды балаларға арналған қосымша оқу бағдарламаларын, тест тапсырмаларын және түрлі бақылау жұмыстарының мәтіндерін дайындау.

ІІ. Диагностика жүргізу

ІІІ. Дарынды балалардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруда жағдай туғызу

IV. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

V. Дарынды балалардың шығармашылық дамуының негізгі көзі-ынталандару іс-шараларын өткізу


Дарынды балаларда болатын ерекшеліктер

1. Пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде.

2. Құбылыстар мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу және сәйкес тұжырымдар жасау

3. Жақсы есте сақтау.

4. Сөздік қоры үлкен.

5. Дайындыққа


Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

- тарих пәнінен баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

- пәнге терең қызығушылығын арттыру;

- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;

- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;

- білімнің бағасын арттыру.


ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)

1. Бастауыш сынып мұғалімдерімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу

2. Пән мұғалімдерімен (сынып жетекшілерімен) қабілетті не айрықша өнері, бейімі бар оқушыларды іріктеу

3. Жыл сайын мектепішілік жарыстарда, олимпиадаларда, т.с.с байқауларда жеңімпаз оқушыларды топтастыру (бағытына қарай)

4. Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау







Дарынды балаларда төмендегі қабілеттерді дамыту қажет:


Танымдық қабілеттері

Шығармашылық қабілеттіктері

Эмоционалды ерекшеліктері:


- үлкен көлемді ақпаратқа ие болу;

- үлкен сөз қоры;

- себеп-салдық байланыстарды табу;

- қорытынды жасай алу;

- күрделі мәселелерді шешуге қатысу;

- күрделі идеяларды қолға алу;

- қарама-қайшылықты түсіне білу;

- жағдайларды талдау;

- талқылай алу;

- процестердің өзін және нәтижесін

бағалай алу;

- идеяларды практикада қолдану;

- өз ойын сынай алу;

- бәрін білгісі келушілік.

- тәуекелдікке бару;

- ойлау мен іс-әрекеттің жылдамдығы;

- тез ойлау;

- жаңа нәрсе ойлап таба алу;

- бай фантазия;

- күрделі заттарды қабылдай алу;

- эстетикалық құндылықтар;

- дамыған интуиция.


- басқаларды сыйлау;

- басқа адамдардың ерекшеліктерін сыйлау;

- өзін-өзі талдай алу;

- сынға шыдау;

- тапсырмаларды орындауда алған бетінен қайтпастығы;

- ойлау мен іс-әрекеттерінде еркіндігі;

- әзілкештік;

- мораль проблемаларын талдай алу;

- өз күші мен қабілетіне сенімі;

- ішкі сезім.






Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі

Жұмыстың бағыттары:

Диагностика – оқушыны тұлға ретінде байқау

Дидактикалық талаптарды тиімді пайдалану және жауапкершілікпен жүзеге асыру;

Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен ағылшын сабағында жұмыс істеу;

Сабақтан және сыныптан тыс жұмыстар.


Жұмыстың әдістері:

Анкета, сұрақтар қою;

Сауалнама:

Әңгімелесу;

Тестілеу;

Топтық, ұжымдық, жұптық, жеке жұмыстар;

Әдебиеттерді қарастыру;

Шығармашылық жұмыстар;

Жобалау әдісі;

Алдын-алу әдісі;

Мәселе шешу әдісі;

Синквейн.


Жұмыс түрлері:

сабақ жүзінде қиындығы жоғары тапсырмаларды пайдалану;

факультатив;

үйірме жұмысы;

уақытша топтарды жасау;

өз-өзіннің білімін көтеру;

пән апталықтарын өткізу;

ғылыми-практикалық конференциялар;

олимпиадалар;

интеллектуалдық марафон.



Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы жұмыс жоспары:


Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы жұмыс жоспары:

Өткізілетін іс-шаралар

Өткізетін уақыты

1

Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу

кыркүйек

2

Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту

Жыл бойы

3

Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

Жыл бойы

4

Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

Жыл бойы


5

Мектепішілік және қалалық, обдыстық, республикалық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру

Кезеңінде


6

Республикалық «Зерде», «Айналайын» интеллектуалдық сайыстарға қатыстыру

Кезеңінде

7

Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту

Жыл бойы

8

Пән мұғалімдері дарынды оқушылардың шығармашылығын жинақтайтын портфолио жасау

Жыл бойы

9

Өлең жаза алатын оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, өлеңдерін басылымдарға беру

Үнемі

10

«Дарынды балалармен жұмыс таныстырылымы» айлығы. Пән әдістемелік бірлестіктерінің дарынды балалармен жұмысы

Сәуір






Бағыттары бойынша жұмыс жоспары

5-11 сынып оқушыларымен жеке жұмыс

ЖОСПАРЫ


Ай

Апта

Бағыт

Олимпиада

ОҒҚ

Сайыстар

Қыркүйек


1-2

Дарынды оқушыларды байқап, тізімін жасау .


3-4


Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсат-міндеттерін, бағыттарын анықтау.

Қазан


1-2


Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын анықтау.

Оқушылардың ғылымға деген көзқарасын білу.


3-4


Олимпиадаға қойылатын талаптар-міндеттермен, мақсатымен таныстыру.

Ғылыми жобаға қойылатын талаптар-міндеттермен, мақсатымен таныстыру.


Қараша


1-2

Тарих пәнінен оқиғаларды еске түсіру, тапсырмалар орындау.

Ғылыми жоба туралы жалпы мәлімет.

Ғылыми жоба түрлері.


3-4

Мектепшілік олимпиадаларға қатысу.

Ғылыми жоба құрылымы .



Желтоқсан


1-2

Видеокөрініс арқылы ауызша тапсырмалар.

Кітапхана, интернет, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс.

Ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау.



3-4

Тарих ізденіс жұмыстары.

Жазбаша тапсырмалар орындау, қатемен жұмыс жасау.

Тақырыбына сай ғылыми жұмыстың жоспарын құру.



Қаңтар


1-2

Қалалық, облыстық олимпиадаларға қатысу.

Әдебиеттермен жұмыс .


3-4

Қайталау, қатемен жұмыс, іздену.

Деректерді жинау, талқылау, талдау.


Ақпан

1-2

Тапсырмаларды ауызша және жазбаша орындай білу.

Тәжірибе жасау, зерттеу жұмыстарын түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтау.


3-4

Қосыша әдеби және тарихи кітаптармен жұмыс жасау.

Сауаттылықты арттыру.

Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.



Наурыз


1-2

Тесттер.

Зерттеу жасау.


3-4

Тарихи деректермен талдаулар жасау.

Зерттеу нәтижелерін анықтау.


Сәуір


1-2

Білімін жетілдіру, бекіту, қайталау жұмыстары.

Рефераттар жазу.


3-4

Тесттер.

Рефераттарды талдау.


Мамыр


1-2

Тест нәтижелерін көрсету, қайталау, қатемен жұмыс.

Рефераттарды қорғау.


3-4

Тесттер.

Ғылыми жұмыс жазу.







Жоспар бойынша тапсырмалар түрлері.



Айы

Апта

Тапсырмалардың түрлері

Қазан


1-2

Жеке, жұптық, топтық жұмыс жасау.

Тарихи сөйлемдер құрау.

3-4

Рөлдік ойындар.

Тарихи оқиғалардың мазмұнын айту.

Қараша


1-2

Ауызша өз ойын жеткізу.

Синквейн.

3-4

Сұрақтарға жауап беру.

Сөзжұмбақ құрастыру.

Желтоқсан

1-2

Сурет арқылы әнгіме жазу.

Әңгіменің мазмұнын сурет арқылы жеткізу.

3-4

Видеокөріністер арқылы көрген оқиғаны өз сөзімен әңгімелеу.

Тірек-схема жасау.

Қаңтар


1-2

Тарихи оқиғалардың орындарын ауыстырып, құрастыру.

Зияткерлік ойындар өткізу.

3-4

Әңгіме, эссе жазу.

Ақпан


1-2

Кезең бойынша тарихпен жұмыс.

3-4

Тарихтың құндылығын анықтау.

Оқиғаларға тарихи талдау жасау.

Наурыз

1-2

Жаңашыл тарихи оқиғаларды зерделеу.

Жаңа сөздерді қолдана отырып сөйлем құрастыру.

3-4

Мазмұнын айту.

Кестені толтыру.

Сәуір


1-2

Мақал-мәтелдер жаттау.

Саяси картамен жұмыс.

3-4

Тарихи тұлғалардың өмірбаянын зерттеу.

Презентация жасау.

Мамыр

1-2

Тест жұмыстарын жазу.

Қайталау.

3-4

Жұмбақтар жаттау.

Қорытынды әңгіме жазу.


Дарынды оқушылармен жұмыс істеудің кәсіби және жеке тұлғалық дайындығына қойылатын талаптар


1

Жоғары пәндік дайындық.

2

Түрлі білім беру ортасында дарынды және «жай» балалардың жеке тұлғалық, даму ерекшеліктері мен психологиялық заңдылығын білу.

3

Білім беру ортасы дегеніміз не?

Оның субьектілері кім, білім беру ортасының типтері, субьектілердің өзара әрекеттестігінің түрлері.

4

Дамыта білім беру мен тәрбиелеудің дәстүрлі түрлерінің дамыта оқытудан айырмашылығы неде екенін түсіну.

5

Оқу үрдісін жобалау барысында дидактикалық және психологиялық әдістерін білу.

6

Нені оқытамыз, қалай оқытамыз, неліктен оқытамыз?

Рефлексивтік ұстанымда бола білу.

7

Өз-өзіне деген рефлексивтік ұстанымда болу.










Психологиялық тесттер, тренингтер жүргізу



Picture 1










2024-2025 оқу жылы бойынша дарынды оқушылар тізімі


Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Жетістігі


1





2





3





4





5





6





7











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2025
107
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12