Дарынды оқушымен жұмыс жасаудың тиімді жолдары
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықпен ықпалдаса отырып, білім беру мен тәрбие саласында ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруда. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы, дарынды, талапты ұрпағы. Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие. Орта білім алу – әрбір адамға әрі қарай оқу, мамандық алу мен өмірде табысқа жету мүмкіндігін қамтамасыз етудің түбегейлі қажеттілігі болып табылады. Қазақстан болашағы өзгермелі өмірдің жаңа тұжырымдамалары мен үрдістерін қабылдауға, саналы таңдау жасауға, сондай-ақ өзінің бүкіл өмірі бойында өзгермелі жағдайларға икемді болуға үйренуі бейімделе білуі тиіс. Бұл тұрғыда үкіметіміз білім беру ұйымдары мен мұғалімдерге жаңа талаптар қойып, үлкен жауапкершілік жүктеп отырғаны белгілі. Әсіресе оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды балалармен жұмыс жүргізу басты назарға алынуда. Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы ма? Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасында жиі кездесетінін дәлелдеді. Дегенмен, П.Торранстың пайымдауы бойынша мұғалімге көп қисынсыз сұрақ қоятын, көбіне, түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге өз көзқарасы бар, яғни дәл осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін айқындаған. Сондықтан осы қағиданы естен шағармаған жөн.
Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Дарынды балалар диагностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі – теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диагностика моделін өңдеп шығару болып табылады. Аса дарынды балалар үшін мектептің оқу бағдарламасының көлемі тарлық етеді. Олар мұғалімдер мен ата-аналардың көмегі арқылы, сондай-ақ өз бастамалары бойынша білімдерін жетілдіріп, жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Аса дарынды балалар бозбалалық жаста толыққанды тұлға болып көрінеді. Олар өз бетімен жұмыс істеу, еңбексүйгіштік, төзімділік, жұмыс орындаудағы ұқыптылық пен ерекшеленіп, мұғалім мен ата-ана тарапынан бақылауды қажетсінбейді де, олардың бойында біртіндеп өзін-өзі бақылау мен бағалау дағдысы қалыптасады. Осылайша біздің бақылауларымыздың дарынды балалармен әңгімелесумен ой эксперименттерінің негізінде аса дарындылық деңгей көрсеткіштері 90-100% сәйкес келуі мүмкін. Жасырын дарыны бар балалар өз қабілеттерін ашық көрсете алмайды. Сол үшін әр баламен жан-жақты жұмыс істеу керек.
Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Бала бойында дарындылықты анықтау – ұлттық маңызды мүдделердің бірі.
Дарынды және қабілетті оқушыларды айқындаудың жолдары:
· Даралап оқыту;
· Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;
· Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау;
· Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;
· Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.
Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктереріне қарай үшке бөлуге болады:
· Шағармашылық дарындық;
· Интеллектуалды, табиғи дарындылық;
· Лидерлік дарындылық.
Дарынды баланың өзін-өзі тану белгілері: әртүрлі істермен жан-жақты айналысады, еске сақтау қабілеті жоғары, ауызша әдеби сөйлеуге бейімді, қиын тапсырмаларды өз бетінше орындайды, өз ойын тез жинақтап, ойын нақты айта білу белгілері басым.
Дарынды баламен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастырып, оның дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ал мақсатқа жету – оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін oқушының дарындылығын анықтап, дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек.
Мақсатты жүзеге асыру үшін мына міндеттер шешілуі тиіс:
1. Мұғалімдерді дарынды балалармен жұмыстың әдістемесі, психологиялық ерекшелігі туралы ғылыми мәліметтермен таныстыру (арнайы маманды қатыстырып, педкеңес өткізу, білім жетілдіру курсынан өткізу, осы бағыт бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс, т.б.).
2. Қабілетті балалардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттеріне мақсатты түрде бақылау жүргізу.
3. Материалдарды жинақтау және арнайы тест жүргізу.
Дарынды балалар анықталған соң олармен жұмысты педагогтердің екі тобы жүргізуі тиіс:
1) пән мұғалімдері; 2) тәлімгерлер:
– оқушыға таңдаған тақырып бойынша ғылыми жетекшілік етеді;
– дарынды балаға қатысты ұйымдастырылатын барлық жұмысты үйлестіріп отырады;
– дарынды оқушыға қажетті қарым-қатынасты орнатады;
– дарынды баланың ата-анасымен байланысты жүзеге асырады.
Мұғалімдер, психологтар, арнайы шақырылған мамандар тәлімгер бола алады. Оқушыға тәлімгерді таңдау еркіндігі берілуі тиіс. Ойлау дербестігін, бастамашылдық пен шығармашылықты дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді таңдау және оларды төмендегі ережелерге сәйкес қолдану:
- Ақпаратпен жұмыс (талдау, салыстыру, салғастыру, жіктеу, қорыту); оқу тапсырмасын жылдам әрі аз уақытта орындау;сыныптың әрбір жауабын мақұлдай бермеу, керісінше оларды мұқият тыңдау, бағаламау;
- Ғылыми жетекшімен бірлесе жұмыс жасау қабілетін жетілдіру мүмкіндігін беру;
- Ғылыми жетекші: оқушының таңдаған тақырыбы бойынша мейілінше жоғары деңгейде кеңес береді;
- Мақсатқа жетудің әдістерін таңдау мүмкіндігін бере отырып, өзіндік әрекетін ынталандыру;
- Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық идеяларын іске асыруға жағдай жасау;
- Белгілі бір саладағы нәтижесін ынталандыра отырып, басқа салада да өзін байқап көруге ықпал ету;
- Нақты бір саладағы дарындылығы анықталған балаларға арнап дербес оқу бағдарламасын жасау.
Мұндай бағдарламаның мақсаты дарынды баланың дамуына барынша қолайлы жағдай туғызып,бағдарлама жасауға психолог, тәлімгер, сынып жетекшісі және ата-ана қатыстырылуы тиіс. Дарынды баланы дамытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, сыныптастарымен қолайлы қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау,дарынды баланы ерекше даралауға және тым төмендетуге болмайды. Педұжымның әрбір мүшесіне бұл жұмыстың маңыздылығын ұғындыру және осыған байланысты оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру проблемасына назарды күшейтіп, дарынды балалармен жұмыстың әдістемелік жүйесін жасау және үнемі жетілдіріп отыру керек. Мектеп басшылары мен ұжымның дарынды балалармен жұмыстың әдістемелік жұмыстың жақсы нәтижеге жететіндігін көруге болады. Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі өзіндік жұмыспен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр. Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әртүрлі факторлармен, жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырған жөн. Сол сияқты түрлі отырыстар форум, дөңгелек стол, КВН жарыстары, кештер өткізу, сөзжұмбақтар, ребустар шешу, тест сұрақтарына жауап беру оқушының ғылыми ізденісін, білуге құштарлығын ғылыми танымдық қабілетін, іс-әрекетін арттырады. Яғни, білім беру бағдарламасы құжаттамаларында мұғалімдер мен оқушылардан күтілетін нәтижелер нақты белгіленген болуы керек. Оқушылардың нені білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша барлық оқушылардан маңызды да басым бағыттарының бірі екенін түсінуі міндетті.
Дарынды балалармен жұмысқа біріншіден, ерекше қабілетті мұғалімдерді тарту керек. Мұғалім бала үшін тұлға болып табылады. Мұғалім мен баланың өзара әрекеті қабілеттерді барынша тиімді дамытуға бағытталуы тиіс.Мұғалім өз құзыреттілігіне және проблеманы шешу іскерлігіне сенімді болуы керек. Дарынды оқушылар пәнге қызығушылығын, айналасындағылардың қабілетті екендіктеріне сенімді болып, өз-өзін сыйлайды, бағалайды, өзін интеллектуалдық тұрғыдан кемелдендіруге ұмтылады, өз білімін көтерумен үздіксіз айналысады.
Оқушылардың оқу және психологиялық жүктемесін жеңілдету мақсатында оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмысын үнемі жүргізу арқылы оқушылардың жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін, іс-әрекетін арттыру мақсатында зерттеу жұмыстары, олимпиада тапсырмалары қарастырылады. Мұғалімнің шеберлігімен жеке жұмыс жүргізу арқылы ұйымдастырылған қосымша сабақтар, үйірмелер, факультатив сабақтары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарының бірі болып табылады. Дарындылықты дамыту үшін жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, сыныптан тыс іс-шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетімен білім алуға жетелеу. Қазіргі ізденімпаз мұғалімдердің міндеті-оқушының белсенділігін, іскерлігін дамыту. Дарынды балалар осындай сабақ барысында да ерекше тапқырлығымен, ғылыми ізденісімен көзге түсіп отырады. Өз бетінше ізденуі оқушыладың өзіндік жұмысын тауып ұйымдастыра алатын, керек кезінде жағдайлар туғызып, олардың басты міндетін өз бетінше шешуге құштарландыра алатын мұғалім оқытуда ең жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге көмектеседі және мұғалімдердің білім беру бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.
Дарындылықты дамытудағы психологиялық әдістемесі баланың ақыл-ой қабілеттері туралы барлық пікірлерді жүйелендіруде көмегін тигізеді. Дарынды баламен өзара қарым-қатынас барысында байқалған негізгі ой сипатын анықтайды.Ойлаудың түп нұсқалығы – бұл кең таралған, белгілі бұрынан қалыптасқан ойлардан бөлек ерекше, жаңа,тосын ойларды ұсыну қабілеті. Ол баланың мінез-құлқы мен ойлаудың, құрбылары мен үлкендермен арқатынасында, жалпы барлық іс-әрекетінде көрініс табады.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана шебер мұғалімге байланысты.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.
Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау, мектеп тәжірибесін зерделеу – дарындылықты дамытуғы септігін тигізетін функционалды мүмкіндіктердің бірі болып табылады.
«Дарындылық тұжырымдамалары» атты психологтар дайындаған құжатта «Дарынды бала дегеніміз – айрықша жетістіктермен ерекшеленетін және іс-әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтамыз» делінген.
Сонымен, дарынды деп психология ғылымында атап көрсетілгендей, адамның бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуін айтамыз.
Дарындылықты ашудың қажетті шарттары туралы А.Владимиров «Бізге туғаннан берілген дарын өңделмеген алмазға ұқсайды. Жаңа ғана «Сібір кенінен» алынған мөлдір, қатты тас тәріздес (бірақ алмаз қаншалықты тамаша болса да, маржан тас екеуінің айырмашылығы жер мен көктің айырмашылығындай). Маржан тас деп-ерен еңбекті қажет ететін тегістелген алмазды айтамыз» деп жазды. Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен тапсырмалар – нағыз зертхана.
Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не? Оқушы дарындылығын, қабілетін қалай анықтауға болады? Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гете, Архимед) қабілеті ерте жасында байқалады? Ал кейбір адамдардың (Ньютон, Дарвин, Менделеев) ересек жасында пайда болады? Осы сұрақты талмай іздеп таба білген ұстаз ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жүргізе алады. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.
Дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін әрдайым оқу-тәрбие жұмысында басты назарда ұстау керек.
Жалпы, адам психологиясының өте күрделі екені аян. Ал дарынды баланың ой-пікірімізге тиек етіп отырған психологиялық ерекшелігі өте айқын көрінеді, оны оңай түсінуге болады деп үстірт қарауға тағы болмайды. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Себебі, өмірде осы сияқты жасөспірімдердің ерекшеліктерін үлкендердің дұрыс түсіне алмауы жиі ұшырасады. Нәтижесінде, қабілетті шәкірттің дарындылығына тән қасиеттер дер кезінде жетілмей қалуы мүмкін.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – заман талабы. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт – бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет.
Дарынды балаларды оқыту бағдарламасы олардың мүмкіндіктері мен талаптарына және осы деңгейдегі оқушыларды оқыту мақсатына сәйкес келуі керек. Оқыту мазмұнының басты талаптары мыналар:
Оқу пәндерінің сандық және сапалық ерекшеліктері;
Оқыту мазмұны мен әрбір оқу пәнінің мазмұны және зерттеушілік сипатта болып келуі;
Әр тарау көлемі мәліметтер қорына байланысты түрлі мөлшерде берілуі.
Бұл тәсіл оқытудың негізгі бағыттарына, яғни білім, білік, дағдыны шығармашылық тұрғыда меңгерулеріне жақсы әсер етеді. Мұндай әдіс оқытудың жаңа бағыттарын шешуде, яғни балалардың қабілеті мен шығармашылық ойлауын кеңейтіп, оны одан әрі дамытуға мүмкіндіктер беретінімен маңызды. Дарындылықты дамытуда оқушыға талап қоя білу қажет. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс оқушының шығармашылығын шыңдап, жақсы нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтаудың жолдары мынадай:
Жеке тұлғаны (дарынды) жалпы сынып оқушылары арасынан табу, іздеу.
Іс жүзінде оны сынып оқушыларының білім деңгейінен күрделірек әртүрлі тапсырмалар беру арқылы білім деңгейін, қабілетін бақылап, сынақтан өткізу.
Осы жұмыстардың нәтижесінен кейін қабілетті оқушымен белгілі бір бағыт-бағдар бойынша жұмыс жүргізу.
Ол бағдарламаның негізі Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыруға бағытталуы керек.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың мақсаты:
Жан-жақты дамыған, білімді, білікті жеке тұлғаны қалыптастыру
Оқу - тәрбие жұмысының негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы, гуманды - тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану.
Міндеттері:
Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру;
Оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу - тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану;
Оқушының өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы жеке тұлғасының дамуына қолдайлы жағдай туғызу;
Аузша, жазбаша тілдік қорларын арттыру. Шығарма , ойтолғау жаза біліуге дағдыландыру;
Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту.
Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау- белгілі бір баланың дамуына талдау жасау ұзақ процесс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес. Дарынды балаларды іздеу – арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде жүргізілуі қажет.
Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінде жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, шығарамшылық ізденістегі адам. Дарындылықты данышпандылыққа айналдыру үшін қажымай-талмай еңбектену қажет.Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамытуға күш жұмсауы керек.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауды мынандай жұмыс түрлерін қолдандық:
1. Дарынды оқушылардың қызығушылығын анықтау;
2. Дарынды оқушылардың қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
4. Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу;
5. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру;
6. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға – пәндік олимиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы түрде жүргізу.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін ашу – мұғалім міндеті.
Қорыта келгенде, Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дайрабаев.Е. Мектепте шығарма жаздыру методикасының
кейбір мәселелері. Алматы, 1973
2.Ерматов.С.,Әбішева.Т. Пәнге қызығудың қалыптасу динамакасы. «Қазақстан мектебі» №2, 2007
3.Игенбаева.Б.Қ. Мен – Адаммын. Алматы, Дәуір, 2000
4 .Иманбекова.Б., Әбдіреймова.К., Мазаржанова.Қ. Оқытудың негізгі формасы – сабақ. Алматы, 2003
5. Қараев.Ж.А. «Деңгейлік саралау технологиясы»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дарынды оқушылмен жұмыс жасаудың тиімді жолдары

шағым қалдыра аласыз