Эссе «Ауылым – алтын тұғырым»
«Бір әңгіме қозғашы ауыл
жайлы,
Бұдан артық рахат
табылмайды.
Бұлдырасын сағымдай өткен бір
күн,
Бір әңгіме қозғашы ауыл
жайлы».
М.Мақатаев
Ауыл адамзаттың кең
дүненің есігін ашқан,өмірге келген жерің. Туған жер – адам өмірінде
киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен және болашақпен
байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан
бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі
оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған
жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған
өлкем.
Менің туып өскен жерімнің
Ұлы Дала атауы бар,мен Жамбыл облысы
Меркі ауданы Қазақстан
Республикасының оңтүстік-шығысында, Алатаудың бөктерінде
орналасқан кішкентай Жауғаш батыр
ауылында дүниеге келдім.Менің ауылымның тарихы бар, Жауғаш Ботбай
тайпасының Қоралас руынын шыққан белгілі батыр,қолбасшы,елші
болған.Ауылымның бұрынғы Совет үкіметі кезіндегі атауы Папанин деп
аталған.Ол кім екенін,сол кезде қандай ерлігі үшін, бұл ауылға осы
кісінің атын бергенін біз түсінген жоқпыз.Жылдар өтті,Қазақстан
өзінің Егемендігін алып,көптеген жетістікке қол жеткізді,ең бірінші
қуаныш- Ауылымның өзіміздің батыр атамыздың есімінің атауы
салтанатты түрде берілуі.Ол күн біздің ауыл тұрғындарына ерекше
қуанышты күн болды.
Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты,
уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада
ойнағаным және осы ауылымның шағын төрт сыныптық мектебіне алғаш
барған кезім әлі
есімде.
Сол мектепке баратын жолым маған өте ұзын
болып көрінетін,өйткені біздің кезімізде көлік жүрмейді,ауыл
тұрғындары жаяу
жүретін.
Қазір есейдім, отбасын құрдым,сүйікті жар
болдым,аяулы ана болдым,дүниеге бір ұл,бір қыз әкелдім,бірақ өмір
бойы мен үшін
балалық
шақтағы туған аула мен көше – менің елімнің
бір бөлшегі, оның бүгіні мен ертеңі менің толғандырады. Жауғаш
батыр ауылының тұрғындары өзіміздің қарапайым қазақтар,менің
ауылымда басқа ұлт өкілдері тұрмайды.Сондықтан,бұл ауылдың
жомарттығынан, барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын
қазақ халқының мінезінен
жаралған.
Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының
тілін, тарихы мен салт-дәстүрін берік ұстап келеді.
Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің
мәні осында. Қазір мен өзімді ең бақытты адаммын деп
санаймын,өйткені менің елім Тәуелсіз,егеменді Ел.Балаларымның
болашағы зор.
Бұл сөзімді Елбасының қанатты сөздерімен
дәлел келтірейін: »Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол
тәуелсіз
Қазақстан.
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,
азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің
нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің
де, елдің де иесі өзің екеніңді
ұмытпа!
Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып
талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ, бәрі де өзім
туып-сөкен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жасбастай
жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын
қазығы сонда екен…
Елбасының әр айтылған сөзі ұрпаққа өнеге
болып табылады.Ия,әр уақытта осындай қазақ елінде өмір сүріп
жатқанымызды мақтан тұтамын!Өскелең ұрпақ Елбасымыздың алға қойған
мақсаттарын орындай алатын дәрежедегі азаматтар көп болсын деп
тілеймін.Елбасымыздың қанатты сөздері көкірегімізге саналы ой
ұялатады.Мен өзімді Елімнің патриотымын деп санаймын.Өйткені,менің
мамандығым бала оқыту.Менің мамандығым ұстаз-ол өмірдегі екінші
ана!Мен осы керемет мамандықтың
иесімін.
Ұстаз болу, оқушыларыма жақсы тәрбие беру,
менің бала кезімдегі арманым еді. Жаратушы Алла осы асқақ арманыма
жеткізіп отыр.
Жақсы ұстаз шәкіртімен көзге көрінеді.Мен
алғашқы әріпті осы ауылда,ауылдағы жалғыз ұстазым Мейіркүл апай
үйретті,қазір апайымыз зейнетте,өзінің оқушыларын - ауыл балаларын
оқытудан шаршамаған,әр баланың ең бірінші тәрбиелі және өнегелі
болып өсуіне себепкер болған ауыл ұстазы.Менің есімде ұстазым
туралы жақсы естеліктер
қалған.
Уақыт өте келе туған жердің
қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар.Сондықта,менің арманым
өзімнің кіп- кішкентай ауыл мектебіме деген қамқорым ерекше,Жауғаш
батыр ауылының мектебінде қазіргі таңда жыл сайын оқушылар саны
азайып барады,өйткені ауыл тұрғындарының кішкентай балалары
өсіп,мектеп шағын болғандықтан қалаға қоныс аударып
жатыр.Ия,өйткені заман өзгеріп,әр адам өзінің арманын орындалғанын
қалайды екен,сөйтіп мектеп бітірген кейін қалаға оқуға
кеттік. «Қыз бен
қойдың жүрмейтін жері жоқ» демекші,
қазіргі тұратын жерім Ақмола облысы,Бурабай
ауданы,осында келін болып келгеніме он жыл болды.Уақыттың қалай
зымырап өткенін,санамның өзгергенін енді байқадым.Сондықтан,әрқашан
маған өзімнің туған жерім ыстық.Өйткені менің қара шаңыраққа деген
құрметімді сөзбен айтып жеткізе
алмадым.
Мен тіл маманы болғандықтан
өзге ұлттың балаларына қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, ойын еркін
жеткізуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт-
дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып,
сыйластықпен қарауға үйретемін. Қазақ тілінің мәртебесі жылдан
– жылға өсіп келеді, сонымен қатар оқушылардың тілге деген көз –
қарасы өзгеріп, тілді үйренсем – білсем деген талаптары күннен –
күнге өсіп
жатыр.
Ана тілі – адамның ғұмыр бойғы серігі, рухани
қуаты, күрестегі құралы.Олай болса еліміздің болашағын ойлайтын
саналы азаматтарымыз, қасиетті тілімізді биік – биік шыңдарға
шығарып, әлемдік тілдер қатарынан қоссын дегім
келеді.
Қазіргі заман талабына
сай мұғалімдер бір орында тұрмай үнемі ізденісте болып, өзі жаңа
әдіс - тәсілдерді тауып, іс жүзіне асырып отыру керек. Сонда ғана
оның еңбегі жемісті, нәтижелі болады.
Сондықтан ,Отаның үшін
талмай еңбектену керек еке,өйткені Отан — бұл жылы және жайлы жер,
туыстық, тәрбиелеу және тәрбиелеудің түп-тамырымен байланысты
орын.Ал Туған жер — біз өскен жер, бұл біздің мәдениетіміз бен
салт-дәстүріміз сақталған жер Әр адамның өмірі мен тағдыры өз туған
жердің тағдырына байланысты. Ерте
жастан бастап, ата-анам менің туған табиғатыма деген
сүйіспеншілікті үйретті. Менің Отаным — гүлденген, хош иісті,
көңілді, жарқыраған талантты
Қазақстан.