«Дарынды отбасылар кеші»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дарынды отбасылар кеші»

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналарме жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын-сауық «Дарынды отбасылар кеші»

Мақсаты : Ата- ана, тәрбиеші және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Өзара көмекке, ынтымақтастыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсіне білу, баланың қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту.

Барысы:

Кіріспе: Құрметті қонақтар! Бүгін міне «дарынды отбасылар кеші» атты ойын-сауығымызға қош келдіңіздер!
«Барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден бір табиғысы-отбасы» деп материалист-философ Жан Жак Руссо айтқандай, қоғам да , мемлекет те үйден, отбасынан басталады.
Тәрбие басы- отбасынан. Отбасы өзінше кішкентай тәуелсіз мемлекет. Жанұя- ұядағы жандар, яғни, ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің.
Ойын сауығымызға қатысушыларды таныстырып өтейін.

Отбасылар:.

«Жан досым» әнінің әуеніне салып орындалады.
Қиналғанда арқа сүйеп жүретін,
Жанұядан барма басқа сүйеніш?
Қуансамда бірге жүріп қуанып,
Тірегімсің, ақылшымсың бір өзің!
Жанұям, үстем болсын мерейің,
Табылмас жанашырым өзіңдей!
Бірлік пенен татулық,
Амандық пен денсаулық
Болсын бізбен әрдайым!

Отбасы деген ол біздің жанұямыз,біздің үйіміз!

1)Ендеше бірінші тапсырма: Алдарыңыздағы құрылыс материалдарынан әр отбасы өзінің үйін құрастырады.

Міне қараңдаршы әр отбасында ,әр үй әртүрлі.Әр үй өзгеше, әрине әр отбасының өзінің ерекшеліктері бар, әр үй әр түрлі дарынды.

2)Отбасы жайында жұмбақ шешу

1.  Маған да, саған да,
 Жақын туыс бес адам.
 Үш әріптен тұратын.
 Онға оқы, солға оқы
 Өзгермейді еш одан.
 Бәрі-де өз жұртың
 Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)

2. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім?  (ата)

3. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? (әке)

4. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? (ана)

5. Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын? (әже)

3)отбасы туралы мақал-мәтелдер айту.

Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала ата- анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Күннің шуағы жылы- ананың құшағы жылы.

4) Әр өлеңге кішкене сипаттама беру арқылы сол өлеңді табу немесе айтып беру.
1. Кішкентай бала атасының ауылына барғанда, Шопан ата тентегімен танысады. ( Қошақан)
2. Баланың салған суретінде бейбітшілік бейнеленген. Әрқашан анасының аман, аспанның ашық болуын, бұлттың төнбеуін қалайды. ( Күн әлемі)
3. Сабаққа немесе пәнге байланысты ән. Табиғаттың сұлулығын, әсемдігін мың құбылтып тамашалағанда ауыл еске түседі.(сурет сабағы).
4. Бұл- бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі . Мұны қолдан ұшырғанда бүкіл әлемдегі халықты достыққа, ынтымақтастыққа шақырады. ( Ақ ккөгершін)
5)Отбасы үлкен ғаламшар- енді бір шардан алып оған өз отбасыларыңың суреттерін салыңыздар.

6)Өз отбасы жайында айтып, презентация көрсетеді. және өз отбасының өнерлерін көрсетеді.

Бүгінгі ойын-сауығымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Дарынды отбасылар кеші» атты ойын-сауығымыз өз мәресіне жетті. Барлықтарыңызға рахмет!  Шын жүректен отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт, табыс тілейміз! Балаларыңыз үнемі сіздерді қуантып, үлкен жетістіктерге жетсін дейміз. Сау болыңыздар!

(музыкамен ата-аналар балаларымен залдан шығады)


















1.Таныстыру.

2.Өз-өнерлерін көрсету.

3. Гүл құрастыру

4.Түстерді тап

5. Суретшілер

Келді міне бүгін сынауға,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділқазы әділ баға, деп әділқазыларды таныстырып кетейін.

1.

2.

3.

Жүргізуші: Міне біз сайсықа қатысатын барлық отбасымен, әділқазылармен таныстық. Енді «Мен және менің балам» атты ойын-сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-тур «Таныстыру»

Жүргізуші: Бәйге, жарыс деген соң жарысайық,

Мәреде бәрімізде табысайық.

Бұл байқауды биссмиллә деп бастау үшін,

Алдымен отбасымен танысайық,-деп бірінші кезеңде ата-аналарымыз өз отбасыларын таныстырып өтулері керек.

2-тур «Өз өнерлерін көрсету»

Жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатар жолында-демекші екінші кезеңде ата-аналар балаларымен қосыла өз өнерлерін ортаға паш етеді.

3-тур « Гүлді құрастыр»

Жүргізуші: Бұл кезең балаларға арналады. Балалар жерде жатқан күлшелерді алып, гүл құрастырады.

4-тур «Түстерді тап»

Жүргізуші: бұл кезең балаларға арналады біз түстерді айтамыз балалар айтылған түстерді көрсетеді.

5-тур «Суретшілер»

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен сіздерге бір сурет көрсетем сіздер сол суретті салуларыныз керек, ал балалар сол суретті табу керек. Балаларда үш мүмкіндік бар.

Тапсырма түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

).




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
368
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі