Материалдар / Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім шәкірт дайындауда, өзінің біліктілігі мен ұқыптылығын шыңдай беру керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
990
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім: Тілекбаева Ардақ Сәтбекқызы

Тақырыбы: Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан

Мақсаты: Мұғалім шәкірт дайындауда, өзінің біліктілігі мен ұқыптылығын шыңдай беру керек.

Дарынды балаларды анықтау үшін бастауыш сыныптан бастап зерттеу жұмыстары жүйелі жүруі керек.. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың оқуға деген құштарлығы қазіргі таңда өте жоғары. Оған ата-анасының мән бере жасаған дайындығы және үлкендердің қуанышты көзқарасы, мектептің беделі, жаңа киімдер мен әдемі оқулықтар баланың қызығуын арттырып, білім алуға жетелейтіні сөзсіз. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің шеберлігімен, жаңа әдіс-тәсілді сабақтарымен, ұшқыр ойлы ойындарымен оқушы зейінін жаулап алып, білуге деген құштарлықтарын шыңдай түсуі қажет. Бірінші сынып оқушыларының барлығы да0 мміндетті түрде мектепалды даярлықтан өтіп келгендіктен, оқу қиынға соға қоймайды. Әріптерді тез танып, әдемі жазып кетеді. Білікті ұстаз оқушының жас ерекшелігіне сай оқу жүгін анықтап, шығармашылық жұмыстармен толықтырып отырады. Ізденіспен жасалған әр сабақта оқушы мұғалім әрекетіне ілесіп, нәтижелі жетістікке жетіп отыратының байқамай да қалады. Мұғалімнің атқарған еңбегінің жемісі осында. Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын жетік оқып-үйреніп, күнделікті сабақтарда шығармашылықпен пайдаланып отырса, нәтижесін берері сөзсіз. Білім сапасы мен деңгейін анқтап, салыстырмалы мониторингтер жасап отыру оқушы қабілетін зерттеуге көп көмегін тигізеді. Қабілет – іс –әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек дейді. Ал қарсы көзқарастағылардың айтуынша, дарындылық – өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей. Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетінін айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі. Қолайлы ақуал, тамаша кәсіби ұстаздық ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Бастауыш сыныпта жазуының әдемі, сауатты, оқығанын, көргенін жүйелі түрде баяндауы, өлеңдерді жатқа айтуы, табиғат көріністері мен жыл мезгілдеріне шағын әңгіме жаза білуімен оқушы дарындылығын анықтау жеткіліксіз. Осы орайда мектеп психологінің көмегі қажет. Ресей психологтері дарындылық жайлы төменгідей анықтама береді: «Дарындылық – психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекетттің бір немесе бірнеше түрінде адамдарың ең жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды».

Дарынды оқушының – мықтылығын бастауыш сыныптан бастап мұғалімніің атқаратын рөлі зор.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!