Дарындылар додасы.
/Сыныптан тыс шара5,6,7-сыныптар үшін/
Мақсаты: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған тарихын білуге және қастерлеуге үйрету. Қазақ жерінің байлығын мақтан ете отырып, халық игілігін дұрыс пайдалана білуге баулу. Жаңа заман талабына сай жан-жақты, білімді де жігерлі, білімді де жігерлі, білімді де жігерлі тұлға тәрбиелеу. Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тексеру.
Көрнекілігі: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері,карта, ұлағатты сөздер
Барысы:
Мұғалім: Халқымыздың азаттық жолында сан ғасырлық тарих бар. Ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата бабаларымыздың табанды күресі арқасында бірлігін сақтай отырып, «Қазақ» деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді. Пешенесіне жағдайлы тағдыр батпандап қайғы мен қасірет жазған халқымыздың азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы желтоқсан жаңғырығына айналып әлемді дүр сілкіндірді. Сол сілкіністен бастау алған азаттық күресі 1991 жылы Тәуелсіздік болып салтанат құрды. Бұл қазақ халқы үшін, Қазақстанды Отаным , елім, жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
Қазақстан-көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын!
Тәуелсіз елдің тілегі-бейбітшілік,
тыныштық келешегі-білімді ұрпақ!
Сайысқа түсетін топтардың аттары:
І топ: «Алшын»
ІІ топ: «Арғын»
ІІІ топ: «Үйсін»
Топтардың атаулары «Алаш аңызында» айтылатын үш жігіт Үйсін, Арғын, Алшын алаш болып біріккен ірі тайпалардың көсемдері. Бұлар Сырдарияның бойын бөліп алып, ең үлкені- Жетісуға қарай, ортаншысы-Орталық Қазақстанға қарай, кішісі- Батысқа қарай жерлерін кеңейтіп, бүгінгі таңдағы қазақ халқының этникалық жеріне ие болған.
Сайыс жоспары:
І. «Тұсаукесер»
ІІ. «Тоқымқағар»
ІІІ. «Елтану»
ІҮ. «Жамбы ату»
Ү. «Көкпар»
І. «Тұсаукесер». (Әр топтың көшбасшысына бес сұрақтан қойылады, дұрыс жауапқа 10 ұпай)
І. «Алшын» тобының көшбасшысына қойылатын сұрақтар:
1.Топономика нені зерттейді? (жер су аттарын)
2.Әлемде қанша этнос бар?(3000)
3. «Манас» жырын алғаш қағазға түсірген саяхатшы, ғалым: (Шоқан)
4.ХІІІ ғ қазақ жеріне зұлмат жорық жасаған қолбасшы: (Шыңғыс хан)
5.Өмір сүру уақыты бір-біріне жақын үш тайпаны ата: (үйсін, қаңлы, ғұн)
ІІ. «Арғын» тобының көшбасшысына қойылатын сұрақтар:
1.Тотемизм деген не? (шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
2.Саналы адам өмір сүрген кезең: (б.з.б 40-35 м/ж)
3.Қола дәуірін жан-жақты зерттеген қазақ ғалымы: (Ә.Марғұлан)
4.Сақтарға б.з.б ІҮ ғ қауіп төндірген кім? (Александр Македонский)
5.Қазақ тарихындағы үш алтын адамның табылған жерлерін ата: (Есік, Шілікті, Аралтөбе)
ІІІ. «Үйсін» тобының көшбасшысына қойылатын сұрақтар:
1.Антропология нені зерттейді? (адамның қаңқасын)
2.Қазақ хандығының құрылған уақыты: (1465 ж)
3. «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінің авторы: (М.Қашқари)
4.1643 ж тарихымыздағы атақты шайқас: (Орбұлақ)
5.Қазақ жеріндегі ортағасырлық ірі үш қаланы ата: (Отырар, Сығанақ, Испиджаб)
ІІ. «Тоқымқағар» .(Сайысқа түскен топ ішінен бір сайыскер шығып, берілген тарихи тұлғаларды суреттей отырып түсіндіреді. Барлығы 10 тұлға. Әр дұрыс шешілген жауап 10 ұпаймен бағаланады.)
«Алшын» тобы «Арғын» тобы «Үйсін» тобы
1.Герадот 1.Сыма Цянь 1.Абылай хан
2. Алтын адам 2.Қорқыт ата 2.Қалдан Серен
3.Абай 3.Ыбырай 3. Шоқан
4.Кир 4.Шыңғыс хан 4.Сырым Датұлы
5.Төле би 5.Құрманғазы 5.Т.Әубәкіров
6.Томирис 6.Еділ 6.Қабанбай
7.Серік Сәпиев 7.Илья Илин 7.Бекзат Саттарханов
8.Ә.Марғұлан 8.Күлтегін 8.Жәнібек пен Керей
9.әл-Фараби 9.Сұлу қаған 9. Қожа Ахмет Яссауи
10.Музарт 10. К.Байсейітова 10.Ш. Қалдаяқов
ІІІ. «Елтану» (Әр топқа 2 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады. Қосымша көмек болады, оған 10 ұпай)

1.Қазақтан шыққан тұңғыш магистр, атақты жерлесімізді ата. (Ж.Ақбаев)
Қосымша көмек: Заңгер
2.Бұдан 100 мың жыл бұрын басталып, 13 мың жыл бұрын аяқталған тарихи кезең. (мұз басу дәуірі)
Қосымша көмек: Осы кезең барысында жер бетінен мамонт, бизон секілді аңдар жойылып кетті.

1.Бұлбұл әнші: (К.Байсейітова)
2.Қазақ жерінде ерте ортағасырларда өмір сүрген мемлекеттің этникалық құрамы 9 тайпадан құралған. Аумағында 25 қала болған. (Қарлұқ)
Қосымша көмек: Олар арабтармен екі ғасырға жуық уақыт бойы соғысқан.

1.Ұлт мақтанышы болған, басты мақсаты қазақтардың дербес мемлекетін құру болған аса көрнекті қоғам қайраткері: (Ә.Бөкейханов)
Қосымша көмек: Алаш қозғалысының жетекшісі
2.Кіші жүздің Ресейдің құрамына өтуге шешуші ықпал еткен, аудармашы тарихи тұлғаны ата: (А.Тевкелов)
Қосымша көмек: Оған осы қызметі үшін орыс әскерінің генералы әскери шені берілді:
ІҮ. «Жамбы ату». (әр топқа 5 тарихи термин сөздер беріледі, әр жауапқа 10 ұпай және 2 минут уақыт)
«Алшын» тобы : бумеранг, микролит, хижра, синантроп, пиктография «Арғын» тобы: сардоба, вакф, атабек, сюбашы, гурхан
«Үйсін» тобы: миршикар, империя, оппозиция, ташнау, қалан.
Ү.Көкпар (әр топқа тарихымызға қатысы бар 5 сан беріледі, сол сандарды сөйлету керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі, уақыт 2 минут)
«Алшын» тобына: б.з.б 12-5 м/ж; б.з.б 530 жыл; б.з.б 55 жыл; 1991 жыл; 5000 мыңға жуық
«Арғын» тобына:б.з.б 5-3 м/ж; 751 жыл; 552 жыл; 158; 1992 жыл наурыз
«Үйсін» тобына: б.з.б 3-2 м/ж; 1731 жыл; 1993 ж; 80-нен аса; б.з.б 7 ғасыр.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Дарындылар додасы" /5,6,7-сыныптарға арналған сыныптан тыс шара/

шағым қалдыра аласыз