Материалдар / Дарындылықты анықтаудың психологиялық жолдары

Дарындылықты анықтаудың психологиялық жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертедегі Қытайда дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған. Расында дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол сілтеу қажет. Жалпы педагогика-психология ғылымында «дарындылық» мәселесіне қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
319
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат,

  қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»

                                                                                   Н.Ә.Назарбаев

Дарындылықты анықтаудың психологиялық жолдары

Ертедегі Қытайда  дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі  бала деп атаған. Расында дарынды балаларды  киелі бала деп  атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап,  оларға дұрыс жол сілтеу қажет.  Жалпы педагогика-психология  ғылымында  «дарындылық» мәселесіне  қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде.  Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы  бар,  шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық  мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам.

И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын  көрсетті. Олар:

1. Ақыл –ой деңгейінің  жоғарлығы ерте кезден байқлатын балалар.

          2. Мектептің жекеленген  пәндеріне  және әр түрлі  іс-әрекетіне 

             қабілетті балалар,

          3. Қабілеттері  айқындалмаған потенциалды балалар.

     Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған  тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның  қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа  біткен қасиет деген.

   Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық  адам баласының  даму барысында  тәрбиеге байланысты  дейді. Сонымен дарынды бала- ол кім?

     Психологиялық педагогикалық зерттеулердің  нәтижесі бойынша  дарынды баланың  бейнесі анықталды.

   1. Интеллектуалды және ақыл- ой  белсенділігі бар  бала сөйлеу  белсенділігінің  жоғарлығымен,  ойының ұшқырлығымен,  байқағыштығымен,  мәселені шешуде  жан –жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында  көсем болумен,  есте сақтауының  беріктігімен т.с.с  қасиеттерімен ерекшеленеді.

  2. Бейнелеу өнері бар бала-  сурет салуға көп уақыт бөлінуінен,  көргенін есте сақтауымен,  сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.

3. Әнге қабілеті  бар балалар- ән сабақтарына  аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық  бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.

4. Қозғалыстың белсенділігі  бар бала  жаттығуларды орындауда  тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына  дене күші  күшті болып келеді.

 

 

 

      Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.

    Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар  дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған. Кейде біз, баланы дарынсыз дей отыра, оның бүкіл психикасын мүгедек етуімізде мүмкін.

А.Савенков дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін ұсынды:

1.     Кешенді бағалау принципі. Баланы зерттеу жан-жақты және

кешенді болуы керек. Баланың интеллектуалдық қабілеттілігінің даму деңгейінен басқа психо-физикалық қасиеттері мен құбылыстарының мүмкіндігінше кең аймағын зерттеуіміз қажет. Зерттеуші үшін баланың шығармашылық қабілеттілігінің дәрежесін, психо-әлеуметтік және физикалық даму деңгейін зерттеу маңызды бола бастайды.

Кешендік бағалау принципіне тікелей қатынасы бар бағалаудың сапалы жақтарында есте ұстау қажет. Бұл арада бала психикасының құрылымындағы жеке функциялары мен қабілеттерінің даму деңгейінің сәйкестілігін анықтау туралы сөз болып отыр.

2.     Ұзақ мерзімдік принцип.

Балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін диагностикалық зерттеулердің бір уақыттық шара болуы мүмкін емес. Бұлай жасауға осы мәселенің теориялық жағынан қарастырылу деңгейі ғана емес,сонымен қатар осы үрдістің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу деңгейінде мүмкіндік бермейді.

3.     Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану принципі.

Бір реткі зерттеуге арналған кәдімгі диагностикалық әдістемелердің кемшілігіне баладан арнайы стандартты тапсырмалар арнасын шешуді талап ету және оның нәтижесі бойынша бағалау жатады. Сонымен қатар,бір реткі тапсырмалар бір уақыттық диагностиканың қызметін атқарады, олар кейбір жағдайларда балаларда табиғи стресстен туған қателіктердің алдын алуға да мүмкіндік бермейді.

     Тренингтік әдістемелер диагностиканың мақсатын өзгертуге, яғни оларды ең әуелі бала қабілеттілігін коррекциялау мен дамытуға бағыттауға мүмкіндік жасайды. Тренингтік әдістемелерді қолдана отырып, ұзақ мерзімдік диагностиканы жүзеге асыруға сол арқылы бір реттік зерттеуде міндетті түрде болатын кейбір психологиялық бөгеттерді шектеу мүмкін болады. Тренингтің көмегімен ұзақ зерттеуге алынған бала біртіндеп қысымнан құтыла отырып, өзінің табиғи қабілетін көрсете бастайды.

 

 

4.     Баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескеру принципі.

Көптеген мамандар баланың дарындылық деңгейін бағалауда қанша актуальды жағын бағаласақ, сонша потенциалдық мүмкіндігін бағалау керек дегенді айтады. Бұдан басқа, педагогикалық және әлеуметтік жағынан баланың сол сәттегі істегені емес, одан болашақта не күтуге болады сол маңыздырақ болады.

5.     Диагностикалық экологиялық әдістерді тірек ету принципі.

Экологиялық әдістерді баланың жасанды, зетханалық жағдайда емес кәдімгі жағдайдағы мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау әдістері жатады. Дегенмен, бұл арада біздің мүмкіндіктеріміздің шектелетінін ұмытпау керек.

6.     Әр түрлі мамандардың қатысу принципі.

Диагностикалық зерттеулерде психологтардан басқа педагогтар, физиологтар, ата-аналар және балалар қатысуы қажет. Балалар тек зерттелуші арналған арнайы өңделген, әдістемелік құралдары болуы керек. Тек осы мәліметтерді қатар қойып салыстыру ғана шынайы көріністі бере алады.

7.     Балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысу принципі.

Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтседе дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Балалар дарындылығының диагностиалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алып, келесі ретпен жүзеге асыруға болады:

1.     Ұйымдастыру деңгейі.

Алдын-ала ізденіс кезеңі. Осы кезеңдегі жұмыстың мәніне бала туралы алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр түрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар және балалардың өздері.

     Ата-аналар үшін келесі әдістемелер қолданылады: «дарындылық картасы», «интеллектуалдық портрет» және т.б.

     Мұғалімдер үшін баланың бейімділігін анықтауға арналған әдістемелер:«оқушылардың қызығушылығының картасы», «интеллектуалдық портрет».

Практикалық психологтар интеллектуалдық даму деңгейін анықтау (Д.Венслер,Дж.Равен), шығармашылық ойлауды бағалау (Е.П.Торренстің, Дж.Пилфордтың тесттері) шығармашылық ойлаудың қысқа тұлғаның бағыттылығын анықтаудың дәстүрлі әдістемелерін қолдана отырып, баланың психикалық ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасын ұсынады.

     Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік тапсырмаларды орындауымен анықталады.

2.     Бағалаушылық - коррекциялық кезең.

Бұл кезең диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Олар продуктивті ойлауды психо-әлеуметтік аймақты физикалық мәліметтерді дамытуға бағытталған.

      Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.

3.     Өзін бағалау кезеңі.

Бұл кезеңде балаға өздігінен қосымша сабақтарды таңдау құқығы беріледі. Баланың еш зорлықсыз қосымша сабақтарды жалғастыруға деген ниеті дарындылықтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары интеллектуалдық жүктемелерге деген бейімділіктің байқалуын көптеген ғалымдар дарынды баланың ереғкше қасиеттерінің бірі деп есептейді. Бала сабақты әрі қарай жалғастыруды өздігінен таңдай отыра, өзі үшін қосымша интеллектуалдық жүктемелердің қажет екендігі туралы сұрақты шеше алады. Осылайша, ол өзінің дарындылығын бағалауға қатысады.

4.     Қорытынды іріктеу кезеңі.

Жұмыс барысындағы ақпарат деректерінен алынған мәліметтерді негізге алып, балалардың қосымша сабақтарға қатысуы мен оның нәтижесін таңдау арқылы әр баланың дамуына болжам жасалады.

 Жоғарыда аталған балалар дарындылығын диагностикалаудың принциптеріне сүйене отырып, біз балалар ерекшелігін зерттеуге нақты әдістемелер ұсынамыз.Ұсынылған әдістемелер 6-9 жастағы балаларды зерттеуге арналған. Сонымен қатар, авторлар бұрынғы бар тесттерді қолданбайтынын айта кету керек. Балалар дарындылығын зерттеуге арналған стандартты тесттер қазіргі ғылыми әдебиеттерде жан - жақты берілген .

         Дарынды балаларды анықтау және зерттеу.

          Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол  өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 котегориясын анықтап берді.

Бірініші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Ой - өрістік қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға сектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өзқатарластарын басып озады. Олардың ақыл - ойының кемеңгерлігі сонша – оларды байқамау мүмкін емес. Бала дарындылығының байқалмайтын жақтарыда кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің  жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады. Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен:

- арнайы психометриялық тест;

- баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)

- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;

- педагог тарапынан оқушының іс - әрекеті мен мінез - құлқын эксперттік бағалау;

- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;

- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау;

- арнай психодиогностикалық тренинг;

       Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбекетерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар – психомоторлық, интеллекутуалдық, академиялық, шығармашылық және әлекметтік дарындылық.

       Дарындылықты анықтау сауалнамалары  балаланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз пстхологиялық сапаларын дәлірек  анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұймдастыру үшін қажет. Психоөлшеу сауалнамалары  бала бойындағы қөайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру  қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Ол қабілетті балалар диогностикасы туралы қалыптасқан, яғни дарынды балаларды «бір сәттік» іріктеу сатысынан  оларды жетілдіру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді диогностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диогностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі - теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диогностика моделін шығару болып табылады. Демек, дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін  диогностикалаудың барлық  түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын  сыныптың сынып жетекшісімен және психологпен ата-ана пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.

 

 

 

 

 

Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер.

         Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:

-         арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;

-         баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;

-         балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;

-         түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;

-         белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.

     

Бірінші бөлімде, танымдық процестерге байланысты әдістемелерді қолдандым. Олар:

- Джонс креативтілік сұрақнамасы.Мұнда баланың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу қарастырылған;

-  Ойлауды анықтауға арналған әдістеме;

-  Көру арқылы есте сақтау;

-  Есту арқылы есте сақтау;

-  « Оперативті ес » әдістемесі;

-  Зейінді анықтауға арналған « Қызыл-қара таблицалар » әдістемесі;

-  Зейінді анықтауға арналған « Мюнстенберг » әдістемесі;

-  Ақпаратты қабылдау әдістемесі;

Екінші бөлімде, бала қабілетін анықтауға байланысты алты тапсырма орындау және қосымша тест, тренингтер.

   1 - тапсырма: « Жаттығулар »

   2 - тапсырма: « Жағдайаттар »

   3 - тапсырма: « Қанатты сөздер »

   4 - тапсырма: « Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі »

   5 - тапсырма: « Сөздік пайымдық қабіліттерді » зерттеу;

   6 - тапсырма: « Бақылау »

   « Вербальды қиял » әдістемесі;

Үшінші бөлімде, іріктеліп шыққан баланың ата - анасына, сынып жетекшісіне психологқа арналған әдістемелер қолданылады. Олар:

- Мұғалімдер мен ата-анаға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі;

-  Мұғалімдерге арналған « Ой-өрістік портрет » әдістемесі;

-  Психологпен мұғалімге арналған « Оқушы сипаттамасы».

                         

                        

 

 

 Ақпаратты  қабылдау

   Эксперименттатор сөздерді тез оқиды, оқушылар бұл сөздерді тез айырып, қажетті қатардың астына жазуы қажет. 2 рет оқиды. 1 минут беріледі. Кестеде 5 қатар бар:

1)Аңдар

2)Құстар

3)Ағаштар

4)Гүлдер

5)Ыдыстар

         32 сөз оқылады:

Аю, Терек, Раушан, Қарға, Түлкі, Шағала, Кесе, Қасқар, Қасық, Роза, Қарағай,

Тарелка, Емен, Зорман, Маймыл, Қайың, Үйрек, Сирен, Қаз, Шырша, Жолбарыс, Ожау, Арыстан, Қарлығаш, Қоян, аққу, Бүркіт, Күркетауық, Тауық, Қалақ, Жираф, Стакан.

 

  Оқушылардың жазып үлгерген сөздерін санайды. Егер жазылған сөздердің саны 32 болса - ақпарат қабылдауы өте жақсы, 31- 29 орташа. 28 төмен болса қабылдай алмайды деген сөз

                   Джонс креативтілігі сұрақнамасы

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу

Жалпы сипаттамасы:

Креативтілік сұрақнамасы (КС) өзін шығармашылықпен көрсетуге байланысты элементтерге көңіл бөледі. КС - бұл сыртқы бақылауға қолайлы кретивтіліктің байқалуын теңестіру үшін арнайы өңделген сегіз пунктілі шығармашылықпен ойлау мен іс-әрекет жасау сипаттамаларының шынайы тізімі. Сұрақнаманы толықтыруға 5 - 10 минут уақыт бөлінеді.

КС бойынша маман кретивтілікті бағалау үшін бізді қызықтырған тұлғаның қандай да бір ортадағы әлеуметтік әсерлесуін бақылауды. Сұрақнаманың әрбір тұжырымы бес деңгейлі шкала бойынша бағалады.

Креативтіліктің жалпы бағасы - сегіз пункті бойынша ұпайлар санының жиынтығы болып табылады. (ең төменгі 8 ұпай,ең жоғарғысы 40ұпай) Кестеде ұпай санының кретивтілік деңгейіне сәйкестілігі көрсетілген.

Сұрақнама мәтіні

Шығармашыл тұлға мүмкіндігі:

1. Қоршаған ортаның нәзік, белгісіз, күрделі ерекшеліктерін сезіну

2. Нақты жағдайда көптеген түрлі ойларды ұсыну және айта білу

3. Түрлі сипат пен деңгейдегі ойларды ұсыну

4. Қосымша детальдар, ойлар, баламалар мен шешімдер ұсыну

5. Елестете алу ,әзілқойлық,мүмкіндіктерді тұжырымдап,дамыту

6. Мәселені шешуе тосын, жаңа мінез-құлық таныту

7. Басқа келген қарапайым, көпшілікке белгілі ойлардан бас тартып, түрлі ойлар қарастырып, ұтымдысын таңдай білу

8. Туындаған қиындықтарға қарамастан өз шешіміне деген сенімін жоғалтпау, мәселені шешуде септігін тигізер қалыптан тыс ой мен бағыты үшін жауапкершілікті сезіну.

 Мүмкін болатын бағалау ұпайлары:

1-ешқашан;    2-сирек;    3-кейде;     4-жиі;     5-үнемі;

    Орта буында оқитын балалардың ойлауын бағалау әдісі

Сізге осы әдістемені қолдану барысында 20 мәселені шешу беріледі. Бұл әдістемеде салыстырмалы түре қайсысы үлкен немесе кіші саны анықтау керек. Үлкен «  »  не кішілік «  » белгілерін қойыңыз, 5 минут уақыт беріледі..

Тапсырма:

1.А үлкен    Б 6 есе                                        2. А кіші    Б 10 есе

  Б кіші      В   7 есе                                           Б үлкен   В  6 есе

3. А үлкен    Б  3 есе                                    4.А үлкен    Б 3 есе

   Б кіші      В 6 есе                                        Б кіші       В  5 есе

5.А кіші     Б 3 есе                                       6.А үлкен     Б 9 есе

  Б  үлкен    В 5 есе                                           Б үлкен     В 12 есе

7.А үлкен    Б 9 есе                                      8.А кіші     Б 3 есе

  Б кіші     В 4 есе                                             Б үлкен    В 7 есе

9.А кіші    Б 5 есе                                      10.А кіші   Б 2 есе

  Б  үлкен    В 6 есе                                          Б үлкен В 8 есе

11.А кіші    Б 3 есе                                     12.А үлкен Б 10 есе

   Б үлкен  Б  2 есе                                           Б үлкен    В 3 есе

13.А кіші     Б 10 есе                                   14.А кіші   Б 5 есе

   Б үлкен    В   3есе                                        Б  үлкен   В 2 есе

15.А үлкен   Б4 есе                                     16.  А кіші     Б 3 есе

   Б кіші     В 3 есе                                              Б үлкен      В 2 есе

17.А үлкен    Б 4 есе                                   18.А үлкен   Б 4 есе

   Б кіші  В 7 есе                                              Б кіші     В 3 есе

19.А кіші   Б 5 есе                                        20.А үлкен       Б 7 есе

    Б үлкен     В 8 есе                                          Б кіші        В 3 есе

Әр бір дұрыс жауапқа 0,5 балл

10 балл - өте жақсы

8-9 балл - жоғары

4-7 балл - орташа

2-3 балл - төмен ;  0-1 балл - өте төмен

                Көру арқылы есте сақтау

Балаға мына суреттер беріледі. Оларға қосымша сурет салынбаған қағаз беріледі. Таза параққа көрген суретін салу керек. Сол салынған суретке байланысты оның көре отырып есте сақтауын анықтаймыз. 1 минут.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Shape1 Аты-жөні:

 






Shape2


Shape3




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 Есту арқылы есте сақтау

Балалардың есту арқылы есте сақтауын анықтау үшін 4 нұсқадағы сөздер оқылады. Бала оқылған сөздің қаншалықты есте сақтағанын қағазға жазады. Неше сөзді есте сақтағаны арқылы оның деңгейін анықтаймыз. 1 минут.

1-нұсқа                                                                

Ай

Ағаш

Секіру

Сары

         Қуыршақ

Сумка

       

        2-нұсқа

Кілем

Стакан

Жүзу

Ауыр

Кітап

Алма

        

           3-нұсқа

Вилка

Диван

Қалжың

Күшті

Пальто

Телефон

         

4-нұсқа

Мектеп адам

Ұйықтау

Қызыл

Дәптер,

гүл

           

 

 

                   «Оперативті ес» әдістемесі

Қысқа уақыт ішіндегі есті зерттеуге арналған әдіснама. Зерттелушіге бірінші  баланкі беріледі. Кейін әдістеме құрлымы айтылады. 1 минут.

ҚҰРЛЫМЫ: Саған сандарды оқимын. 10 қатар әр біреуінде 5 саннан.Сіздің мақсатыңыз: сол 5 санды есіңізде ұстап сосын 1- ші санды 2 - шіге қосып,  2-шіні 3-ге қос, 3 - 4- ке қосып 4-ші 5-ге қосып, барлығын қосқандағы жалпы санды сол қатарға жазып қой. Мысалы: 6, 2, 1, 4, 2,  6+2=8 жазамыз, 2+1=3 жазамыз, 1+4=5 жазамы, 4+2=6 жазамыз. 15 сек беріледі. Дұрыс тапқан сандарды санап сол бойынша бағалаймыз.

                         

Әдістеме материалының үлгі бланкісі.

 Аты-жөні:

№  ҚАТАР

      ЖАЛПЫ ҚОРТЫНДЫ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


 

 

Әдістеме мазмұны:

1-     5,2,7,1,6          2-    3,5,4,2,5      3-    7,1,4,3,2   4-    2,6,2,5,3   5-    4,4,6,1,7

6-    4,2,3,1,5           7-    3,1,5,2,6      8-    2,3,6,1,4   9-    5,2,6,3,2    10-  3,1,5,2,7

 

Зейінді анықтауға арналған  «Қызыл-қара таблицалар» әдістемесі.

   Бұл әдістеме зейінді анықтауға арналған. 1 минут.

Құрлымы: Сізге қызыл –қара сандары бар таблица берілді. Сіз қызыл, қара сандар 25-тен 1 дейін. Қара сандар 1- ден 24 дейін. Ең бастысы санның жанында жазылған әріпті жазып отыру керек. Жұмыс уақыты - 5 минут

Мысалы: Қызыл сан 25, Р деп жазамыз, Қара сан 1, В әрпін жазамыз, Қызыл сан 24,И әрпін жазамыз, Қара сан 2, Н әрпін жазамыз, осылайша жауап парағында қатар бойынша әріптер пайда болады.

 

Р

В

И

Н

..............

        Әдістеме дұрыс тапқан әріптердің саны бойынша бағаланады.

  «Қызыл-қара» таблица әдістемесінің материалы.

 

 

Аты-жөны:

8  К

24  У

13  М

7  Ф

22 Б

12 И

 5  Б

8  І

14 Ф

14  Р

17 Ш

15 Д

 3  Е

19  К

3  К

18 Ч

23 К

16 Р

18 І

17 Р

21  Р

13 А

1 Р

22 Ш

11 Р

23 Г

20 Г

5  М

10 С

4  Ф

25  Р

21 Ц

2  Т

19 Ж

12  Ж

 6 Б

16  У

20 М

4 С

10  Б

9  А

2  Н

7 Н

11  Л

15  У

9  К

24 Н

1  В

 

Қызыл сан:25-1   Қара сан:24-1 дейін


















































 

                             

Мюнстенберг  әдістемесі

     Бұл әдістеме тұлғаның зейінін анықтауға бағытталған.

ҚҰРЛЫМЫ: Көрсетілген әріптердің ішінде сөздер құрастырылған. Сіздің міндетіңіз тез арада барлығын қарап шығып, арасындағы сөздерді тауып белгілеңіз. Бланкімен жұмыс істеу уақыты-1 минут

Тапқан сөздердің санын шығарып қатесін белгілеу керек.

 

Мюнстенберг әдістемесінің үлгісі

Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдол

ғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщк

міндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуаақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат

 

 

 

 

 

Дұрыс жауаптар:

Ағаш,шырша,дарын,таным,оқу,нәтиже,жыл,мектеп,ғылым,әлеумет,оқушы,көру,зейін,бала,білім,кезең,  міндет,облыс,дамыту,ойын,әрекет,педагог,уақыт,

басшы,,атақ,тәжірибе,тұқым,құрал,сезім.

 Оқушылардың шығармашылық  қабілетінің диогностикасы.

 1 бөлім. Жаттығу.

 1. Қалампыр сөзі беріледі.осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет. (3 минут)Сөз құрауда бір әріпті екі рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі және оған оқушы өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы - 9 және одан көп сөз. Орташа - 7,8 сөз. Төменгі деңгей - 6 оданда аз.

2. Балаларға төмендегі әріптерден басталатын бес сөзі бар мүмкіндігінше көп сөйлем құрау тапсырылады.

Қ-Б-С-А-Т

Сөйлемдердің мазмұны болуы керек, сөйлемдегі сөздер дұрыс жазылуы тиіс. Басқа сөздер қосуға болмайды. Толтыру 5 минут

Тапсырма нәтижелерін бағалау экраны.

  3. Мына жаңылтпаштан біреуін таңдап, жылдам айтып шығу керек. (Ауызша)

1. Қарға, қарға, қарғалар, қар үстінде жорғалар

2. Көк базарда бәрі бар. Барып бәрің бәрін ал

3. Шалғышы шалғы алды. Шаңғышы шаңғы алды.

Жылдам, қатесіз - 2 ұпай. Қателермен - 1 ұпай

2 бөлім.

Сіз төмендігі жағдаяттарда ұсынылған жауаптардың қайсысын таңдар едіңіз (Жауап символы карточкаға толтырылады)

1. Егер мен балалар  қалашығын салсам, онда:

А) еш жерде жоқ қаланы салар едім - 2

В) қаланы ұсынылған типтік жоба бойынша салар едім - 0

С) қаланы кино, журнал, кітаптан көргенімдей етіп салар едім - 1

2. Егер мен достарымды туған күн кешіне шақырсам, онда:

А) сценарий жазып, сыйлықтар дайындаймын - 2

В) оларға уақытын айтып, ата-анама үмітімді артамын - 0

С) қонақтарға тағамдар дайындауға көмектесемін - 1

3. Сабақ үстінде мұғалім қойған сұраққа мен келесідей жауап таңдаймын:

А) қарапайым - 0

В) күрделі - 1

С) мүлдем жаңа - 2

4. Мен бір нәрсеге қатты қызықсам,онда:

А) өлең жазамын - 2

В) қызыққан нысанымды қызықтап отырады - 1

С) қанағаттанушылық сезімде боламын - 0

5. Егер мен сүйікті пәнімнен зерртеу жұмысын жүргізсем,онда:

А) көптеген қсымша әдебиеттерді оқимын - 2

В) жеңілірек материал таңдаймын - 1

С) мұғалім көмек бередідеп үміттенемін - 0

6.Мен үшін қарым - қатынас жасауда ең бастысы:

А) өзгеше жаңа нәрсе туралы мағлұмат алу мүмкіндігі - 2

В) достарыммен өз қиындықтарым туралы  бөлісу - 1

С) уақыт өткізу - 0

7. Егер де мен ғалым болсам,онда:

А) шетілге жиі барар едім - 0

В) көптеген пайдалы кітаптар жазар едім - 1

С) адамзат пайдасы үшін жаңалықтар ашар едім - 2

8. Егер сізге орманға барарда үш жол кездессе, онда сіз қайсысын таңдар едіңіз?

А) өзіңізге ыңғайлысын - 0

В) таныстарым айтқан жолды таңдар едім - 1

С) белгісіз жолды таңдаймын - 2

9. Менің қалауым - мектепте:

А) барлығы өз мүмкіндігі аясында ғана оқысы - 1

В) барлығы тату болса - 0

С) жаңа нәрселер туралы неғұрлым көп білсек - 2

10. Үш жаңылтпашты дауыстап, анық айтыңыз:

А) кеше неше кесе сынды

В) торғай тоғайды ұнатады. Торғай торғайды ұнатады

С) Піл күшті. Піл күшті емес тіл күшті

3 бөлім.

Сіз ғұламалардың қанатты сөздерімен келісесіз бе? Өз жапуатарыңызды карточкаға мынадай символдармен белгілеңіз:

А) толық келісемін - 0

В) келіспеймін - 2

С) қанатты сөзді бағалауға дайын емеспін - 1

11. «Ойды ой ғана жоққа шығара алады»

12. «Адамның ақылы оның жұдырығынан күштірек» (Ф.Рабле)

13. «Қабілеттер бұлщық еттер секілді жаттығудан кейін өседі» (И.Тимирязов)

14. «Тек ақымақтар мен өліктер ғанаөз ойларын өзгертпейді» (Д.оруэлл)

15. «Етікші нан пісіпсе, наубайшы етік тіксе, жаманшылық келгені деп біліңіз» (И.Крылов)

16. «Адамдар тек қорыққанын ғана сыйлайды» (А.Чехов)

17. «Бар шындық айтылмайтыны белгілі болғанда, өзге шебер болған оңай» (Р.Тагор)

18. «Бірнеше адамға бақыт сыйлаған адам, дүниедегі ең бақытты адам» (Д.Дидро)

4 бөлім. Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі

Әр сұрақтың бірінші қатарыгда өзара байланыс немесе қандай да бір арақатынасы бар сөз жұптары бар. Сіз осы сөздер арасында қандай байланыс пен арақатынас бар екендігін анықтап, ұсынылған төрт жауаптан дәл сондай байланыс пен арақатынас бар сөз жұбын таңдауыңыз қажет. Карточкаға жауап нөиерін жазыңыз.

22. Теңіз - бассейн

1. Өзен - трубба

2. Өзен - монша

3. Өзен - көлшік

4.Өзен-су
23. Қайта өрлеу - жеңімпаз

1. Өрлеу – тау

2. Өрлеу - көшбасшы

3. Өрлеу - жігерлендіруші

4. Өрлеу - қахарман

24.Ара - бал

1. Ит - жүн

2. Қабан - тіс

3. Ешкі – сүт

4. Жылқы –тұяқ

Ұсынылған түпкі сөз жұптары белгілі бір арақатынаста тұр. Келесі түпкі сөзге ұсынылып отырған бес сөзден дәл сондай арақатнаста сәйкес келетін сөзді таңдаңыз. (дұрыс таңдау-2 ұпай)

25. Емтихан -емдлу

Институт:

а) профессор

ә) оқытушы

б) оқыту

в) мекеме

г) студент

26. Күлкі - мұңаю

Қайғы:

а) жеңіл

ә) клоун

б) ренішті

в) көңілді

г) түңілу

27. Шыбын-өрмек

Балық:
а) өрмекші

ә) сазан

б) ау

в) қармақ

г) жүзу

5 бөлім. Сөздік пайымдық қабілеттері

Сізге ынталандыру материалы ретінде үш сөз ұсынылды. Сіз осыларға сәйкес келетіндей, яғни ұсынылған әр сөз бен сөз тіркесін құра алатындай төртінші сөді таңдайсыз. Мысалы: ақ, жылдам, ыңғайлы, жауап - сөз ретінде кеме сәйкес келуі мүмкін .Ұсынылған сөздерге сіздің пайымдауыңызша тура келген жауап-сөз неғұрлым ерекше, қайталанбас, айқын болғаны дұрыс. Сіз сөздердің грамматикалық қалпын өзгертіп, жалғаулар қоса аласыз. Жауаптарыңызды карточкаға жазыңыз. Жауаптар саны да ескеріледі.

 

Ынталандырушы материал

Мүмкін болатын жауаптар

28

Асау, хрусталь, аялау

Фонтан

29

сабыр, ұшақ, ой

Сынықша

30

Бос, ми, бақша

Бас

31

Алу, күшті, рух

Мереке

32

Жүрек, болат, бару

Кездесу

33

Кездейсоқ, үй, құпия

Түлкі

34

Қызыл, тұмсық, қу

Жалын

35

Үміт, сұғу, түтас

Табу

36

Жедел,төркін,бақыт

Білім

37

әлсіз, қадам, монолит

Бюроктар

38

Емен, машина, іші

Жалқаулық

39

Теңіз, көп, тұлға

Арман

40

Жарық, ақымақ, қанат

Сағат

41

Қалта, топырақ, бозбала

өмір

42

Ит, күш, дөңгелек

Қағаз

43

Жылан, қызыл, мөр

Ыдыс

44

Гүл, жаухар, шаңырақ

Сыйлық

Барлық нәтижелер ортақ кестеге енгізіледі, яғни тігінен аты-жөні, көлденеңнен жауап - сөз жазылады. Неғұрлым ерекше жауапқа - 2 ұпай, қарапайым жауапқа-1 ұпай қойылады.

Жағдайаттардан шығу жолын табыңыз

45. Сізді облыс әкімі етеіп сайлады. Сіздің бастапқы іс-әрекетіңіз?

46. Сіз өзенде шомылдыңыз делік: Кенет біреулер сіздің киімізді тонап кетті.Сіз не істейсіз?

47. Сіз институтқа байқау бойынша өте алмай қалдыңыз. Сізге 1 ұпай жетпей қалды. Бірақ сіз басқа екі талаптанушының 2 ұпайы жетпесе де, институтқа қабылданғанын естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

48. Сіз африкалық аборигандер арасына түсіп қалдыңыз. Сіздің әрекетіңіз?

Эксперимент жүргізуші бағалауды былай жүргізеді:

Жауап жоқ - 0

Қарапайым жауап - 1

ерекше жауап - 2

Әрбір заттың неғұрлым көп қолдану аясын атап шығыңыз

49. Тоқыма сымы

50. Тіс щеткасы

51. Полиэтилен бөтелкесі

6 бөлім . (Бақылау)

Иә - 2, Айту қиын - 1,  жоқ - 0 ұпай

52. Маған жаңашылдық сезімі ұнайды

53. Мен шындығында болуы мүмкін емес нәрсені елестете аламын

54. Күрделі жағдаяттарда тез жиналып, өз-өзіме келемін

55. Өзімнің қандай да бір нәрсеге әуестігімнің себебін түсіндіре аламын

56. Шығармашылық күш лебін жиі сезінемін

57. Мені ерекше ойлар жиі мазалайды

58. Күрделі мәселенің маңыздысы мен қосалқысына шектеу қоя аламын

59. Өз еңбегіме айналамның берген бағсын тыңдауға әрдайым қуаныштымын

60. Мен өзімнің бақытсыздығымның себебін түсіне білуді үйрендім

61. Менің танымдық сұранымтарымды қанағаттандыру үшін мектептің оқу материалдыры жиі жетіспейді.

62. Мен өз қабілеттерім мен мүмкіндіктеріме сенем.

Диогностика нәтижесі төмендегіше бағаланады:

А) Орындалған тапсырмалардың 2-3 бөлігі 2 ұпаймен бағаланған (жоғары шығармашылық деңгейі)

Ә) Орындалатын тапсырмалардың 0,5-тен бөлігі 2 ұпаймен бағаланған (орташа шығармашылық деңгей)

Б) 0,5-тен төмен –төменгі шығармалық деңгей

                   «Вербальды қиял» әдістемесі

      Баланың елестетуін анықтау үшін оған мынадай тапсырма беріледі. 5 минут ішінде елестете отырып ертегі, әңгіме құрастыру керек. Оны айтып беру керек. Айтқан әңгімесін мынадай ерекшеліктеріне қарап бағлаймыз:

 

1. Елестету процесінің тездігі

2. Бейнені ұйымдастырудағы ерекшелік

3. Қиялының бай болуы

4. Ерекше ұйымдастыру қабілеттері

 

              «Вербальды қиял» әдістемесінің сыза протоколы

 

Баланың елестетуін бағалау параметрі

Балл бойынша бағалау параметрі


     0                    1                   2

1.Елестету процесінің тездігі

2.Бейнені ұйымдастырудағы ерекшелік

3.Қилының бай болуы

4.Ерекше ұйымдастыру қабілеті

Shape4 Shape5

2 балл - егер барлық сапалар бағлау параметріне сәйкес келсе

1 балл - бір кемшілік кездессе

0 балл - бағалау параметріне мүлдем сәйкес келмесе

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!