Даярлығым, қош, сау бол!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Даярлығым, қош, сау бол!

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлықпен қотасу сәті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Тақырыбы:  «Қош бол, даярлығым!»

 Мақсаты: Жыл бойына алған білімдерін пысықтау, ертеңгі Қазақстанның болашағы екендігін ұғындыру, өздерін қадірлей білуді үйрету. 
 Көрнекілік: «Қош бол, даярлығым!» атты қабырға газеті  ,  шармен әсем    безендірілген сынып.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер,аяулыда,ардақты ата-аналар және бүлдіршіндер.Бүгінгі мектепалды даярлық сыныбының “Қош бол,даярлық топ!” атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
   Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер,бүгін саналы оқушы болып,1-сыныпқа қадам басқалы тұр.Білім кемесіне мініп,ілім іздеп алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы.Қазір бір жыл бойы алған білімдерін көрсетіп,өнерлерімізді  ортаға саламыз.
  Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар.Құрметті көрермендер “Қош бол,даярлық топ!”  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат беріңіздер. Сіздер үшін бүгін үлкен мереке,мерекелеріңіз құтты болсын!Отбастарыңызға береке-бірлік,жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Жүргізушінің сөзі:
Ұстаздар шығарады кеменгерді,
Бүгінгі ертеңгіліктің куәгері.
Ду қол шапалақпен қарсы алайық,
Бүгінгі салтанат иелерін.

Оспанова Зулхая

Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен-сау бармысыздар.
Таусылмастай ағытып ой-арманның,
Ал достарым, қысылмастан сөйлегін 

Нурмухаммед: өтті оқу сан сабақ,
        Бүгін үлкен салтанат.
        Оқулықпен достасып,
        Даярлықпен қоштаспақ!
Аяулым:Ой-білімі жаңғырып,
Әліппеден  мәңгілік,
Әріптерді танымақ.
Өңкей білгіш балдырған,
Құтты болсын тойларың!

Қамысбай Кәусар

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық, арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың. 

Би: Шакиранын әніне Флэшмоб

Жүргізуші: Сендерге білім ханшайымы хат беріп жіберіпті.

Балалар мерекелеріңіз құтты болсын, мен   сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.   Айтыңдаршы!

Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Әліппе туралы тақпақтарын айтып береді.

Тарақ, қалпақ, қамшы,тұлпар сөздерін буынға бөліп, сөйлем құра.

Математикалық санамақ.

1-жұмбақ:                                        Екі аяқ пен екі қол,

Бір ауыз бен бір тілің.

Нешеу болды, кәне бол?

Санап шығар кім бұрын?    (6)

2-жұмбақ:                                             Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю, екі арыстан

Екі қоян, бір түлкі

Бәрі нешеу,кім білді?    (9)

3-жұмбақ:                                              Табақта үш алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?

Бір алма атама

Бір алма апама

Нешеуін алады,

Нешеуі қалады?    (3)

4-жұмбақ:                                               Қанша қоян аулада

Сонша тауық айлада.

Аяқтары он екі

Санап көрші, кәнекей?  (2қ, 2т)

 Білім ханшайымы: Жарайсындар, рахмет, сабақты жақсы оқитын болыңдар, математиканы 11-жыл бойы оқисыңдар.

Білім ханшайымы: Балалар, сендер әліппе, математика сабақтарын жақсы меңгеріпсіңдер.

Хор: Ағылшын әні «Tuinkle stars»

Жандарбекулы жанибек

Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлықпенен
Мектепке кетіп барамыз

Турсынхожа Ермухаммед

Жаздық, сыздық, оқыдық
Жақсыны бойға тоқыдық.
Бір сәт өмір белестің
Жол ашқан бізге даярлық.

Оспанова Заида

Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке енді аштық жол
Әрдайым есте ұстаймыз
Даярлығым, қош сау бол.



Би.Ортада бір топ балалар.

Абдиррахман:Енді мен үлкен баламын,

Ананың тілін аламын.

Әжемнің барлық айтқанын

Миыма құйып аламын.

Асима: Жеті жасқа толамыз, 
Әдепті бала боламыз. 
Қуантып ата – ананы, 
Мектепке кетіп барамыз. 

Мадина: Біз біріншіге барамыз,
         Біз оқушы боламыз.
         Жақсы оқып сабақты,
         Кілең бестік аламыз,
         Сабақтан ешбір,қалмаспыз,
         Тәртіпті біз боламыз,
         Айгерим апайға көмекші біз боламыз!


Хор: Мен мектепке барамын.

Шахизада: батаңды бер Ата-ана  
Елдің атын жазамыз,
Жердің атын жазамыз.
Туған тілге тазамыз 
Біз 1-ші сыныпқа барамыз
Батаңды бер Ата-ана (улкен кісіден бата сұрау)

Тәрбиеші: «Батамен ел көгерер» дейді дана халқымыз. Бізде жақсы оқу, үлгілі болу үшін үлкендердің ақ тілек баталарын, тілектерін алып, болашаққа жол бастайық.

Сөздің кезегі осы мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұосынханова Зухра апайға беріледі.

Мұғалім:Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асыратын – ана! Бұл өмірде бәріміз оған қарызбыз. Ендеше, келесі сөз кезегін ата-аналар кеңесінің төрайымдарына беріледі.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар Даярлық тобымен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қош бол, даярлық» атты ертеңгілігіміз аяқталады. Барлықтарыңызға рахмет, сау-саламатта болыңыздар.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
967
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі