Даярлықпен қоштасу ертеңгілігі Даярлық топпен қоштасып «Біз мектепке барамыз» Мектепалды даярлық тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Даярлықпен қоштасу ертеңгілігі Даярлық топпен қоштасып «Біз мектепке барамыз» Мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобымен қоштасқалы отырған тәрбиешіге ертеңгіліктің барысын қалай өткізуге болатынын, әртүрлі ойындар, өлеңдер, қандай кеіпкерлер ойнатуға болатынын, ұстаздарға алғыс айту тақпақтары, билер, осы тақырыпқа тақпақтар алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДАЯРЛЫҚ ТОППЕН ҚОШТАСЫП «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ»


Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Махметова Аягоз Мұратқызы

Тақырыбы: Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!

Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып ,Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ертеңгілік

Барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

II Кіріспе сөз

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Биыл күзде бірінші сынып табалдырығын аттағалы тұр.

«Талаптарыңа нұр жаусын, тек ата-ананың ғана емес,халқының ұлы болсын.

Бүлдіршіндерге сәт-сапар тілей отырып, Ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

-Олай болса,даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық

(Аты-жөндерін айтып балаларды қарсы алу)

Ән: «Қош бол даярлығым!»

Тәрбиеші: Бүгін бізге балабақшадан кішкентай достарымыз құттықтап сәт-сапар тілеуге келді, балаларды қарсы алайық. (Музыкамен 2 топ балалар кіреді)

Тақпақтар, өлен Ойыншықтар.

-Келесі ортаға: Сандуғаш,Ерасыл,Қуаныш,Карина,Бекарыс,Эльмира шығып тақпақтарын айтады.

Сандуғаш:

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ер жетті деп бөбегім

Ата-анамыз қуансың

Ерасыл:

Елдің атын жазамын

Жердің атын жазамын

Туған тілге тазамын

Батаңды бер қазағым

Мен мектепке барамын

Қуаныш:

Ән салайық басқоса

Даярлықпен қоштаса

Қалам,дәптер,өшіргіш

Кітаптармен достаса

Карина:

Құшағында жарқылдап

Өтті сәби күндерім

Мектепке барам мен енді

Даярлықпен қош енді.

Бекарыс

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достасып

Даярлықпен қоштаспақ

Эльмира:

Қолыма гүл аламын

Дайын дәптер, қаламым

Мен мектепке барамын,

Қуанышым менің мол

Мектебіме тарттым жол

Даярлығым қош сау бол.

( Ханшайым кіреді, соңында мұғалім)

Ханшайым:-О-қы-май-мын! Айттым ғой оқымаймын деп, маған сабақ оқыған ұнамайды.

Мұғалім: -Қадірменді, ханшайым! Сізге мына сарайды басқару үшін білімді болуыңыз керек. Ал білімді болу үшін, сабақ оқуыңыз керек

Х: -Маған оқудың қажеті жоқ, ол үшін менің адамдарым бар

М: -Енді не істегіңіз келеді.Ханшайым қараңызшы, міне қанша балалар сізге қарап отыр. Оларменен амандасу керек. Сәлеметсіз бе балалар.

Х: -Би билегім келеді, менің тілегім бойынша, қазір және осы жерде ханшайымға арналған би болсын, ал біз екеуміз би билейміз.

Тәрбиеші: -Қадірменді, ханшайым, біздің балаларымыз би білеуді жақсы біледі.

Х:-Кішкентай олар, қалай билейтінің көреиін?!

БИ: «Детство»

М: -Қадірменді, ханшайым, енді сабақ оқимыз ба?

Х: -Жоқ, мен енді шаршап қалдым, мен дем аламын!

Тәрбиеші:, ал балалар шаршаған жоқ, біздің мереке енді ғана басталып жатыр, ендеше ән айтып берейк Әнді де айту білеміз.Әсем әнмен бүлдіршіндерімізді қарсы алыңыздар:

Ән: «Біз мектепке барамыз».

Біз меткепке барамыз

1.Мектепке енді барамыз

Біз оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

Қ-сы:

Ән салайық бас қоса

Бақшаменен қоштаса

Қалам, дәптер, өшіргіш

Кітаптармен достаса

2.Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз

Үлкен болып өссекте

Бақшамызды қимаймыз.

Қ-сы

3.Біз мектепке барамыз

Қолға қалам аламыз

Кітапты да оқимыз

Суретті де саламыз

( Ханшайым шығып, айналып кредіі мен шаршадым, соңында күтушісі)

Х: -Мен сүт ішпеймін, айттым ғой ішпеймін деп

К: - Сүт ішу керек, ішпесең, күшің болмай қалады, қане құлыным іше ғой, ақылдым менің, алтыным мені

(ханшайым отырады, алдына жапқыш іліп, сүт ішкізеді, ол аузын жауып

алып ішпей қояды) Ендеше, қадірменді ханшайым сіз қарап отырыңыз, ал біз балалармен сүт ішуді үйретеміз

Ойын: «Сүтті кім бірінші ішеді?»

Х: -Қалай керемет ойнайды балалар. Ал мен сүт ішпеймін?! Балалар ән айтсын?!

М. –Қадірменді ханшайым! Мына отырған балалардан ұят болады, жүріңіз жазу жазайық

Х: - Ұнатпаймын жазу жазғанды, қолым сияға былғанады

М: -Дұрыс айтасыз, бірақ дұрыс жазып үйренбесеңіз қалай жарлық шығарып, сарайды басқарасыз?

Х: - Барлық жұмыстарды атқаратын адамдарым бар, солар істейді.Жарайды, төрт-ақ сөз жазамын, оның өзін компьютермен басамын

(мұғалім оқиды, ханшайым компьютермен жазады, бірақ қате болады)

Ойын: «Сөз құра»

ОТАН, МЕКТЕП, АНА, ҚАЛАМ

Тәрбиеші: - Ханшайым, біздің балалар тек әріптерді біліп қоймай, сонымен қатар,тақпақтар біледі

Ортаға: Иса,Мұса,Мерей,Индира,Мадияр, Шамшырақ.


Иса:

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлықпен

Біріншіге барамыз

Мұса:

Нағыз білім ырыс бақ

Дүниені тұр ұстап

Енді біздер сабаққа

Кірісеміз дұрыстап

Мерей:

5 болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнер – білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз

Индира:

Мен де кітап аламын

Мен де оқуға барамын

«Жаман бала» дегізбей

Жақсы оқитын боламын

Мадияр:

Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып,ән жаттап

Оқып жазып үйрендік

Шамшырақ:

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын табамыз

Даярлықпен қоштасып

Біз мектепке барамыз

Х: - Балалар, мен енді түсіндім білімсіз ештеңе болмайды екен, «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақалдың мағынасы дұрыс екен, мен де енді мұғалімнің айтқанын орындап, сабақ оқып, мектепке баруға дайындалайын. (кейіпкерлер шығады)

Тәрбиеші: -Қымбатты, бүлдіршіндер, шағын орталық есігін кішкентай болып ашып едіңдер, енді міне мектеп табалдырығын аттағалы отырсыңдар, сендерді тек тәрбиешілер ғана емес сонымен қатар шағын орталық қызметкерлері де аялап, дендерің сау болып, білімді,өнерлі болуларыңа үлкен үлестерін қосты. Өз кезегімізде біз де алғысымызды айтайық

Орын берген бақшадан

Меңгеруші жақсы адам Карина

Сондықтанда біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Витамин жеп қолынан

Өскен сәби баламыз Иса

Дәрігер апай сізге де

Алғыс айтып барамыз

Тамылжыта ән салдырып үйреткен

Мың бұралта белімізді билеткен Айзат

Сазгер апай сізге де алғыс айтамыз

Мың қайтара сәби бала жүректен

Ұямыздан біздер бүгін ұшармыз

Әлі талай қиялаға самғармыз Ерасыл

Әдіскер апай сізден алған ақылды

Есімізде өмір бақи сақтармыз

-Құрметті, мектеп қызметерлері балалардың әсем биі сіздерге арналады

Би: Кыздар биі.




Ән: «Мектепке біз барамыз»


Ортаға тақпақтарын айтуға: Айзат,Мирас,Айғаным,Айару,Фатима,Диас

Айзат:

Біз мектепке барамыз

Оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

Мирас:

Мектеп қамқор анамыз

Оқып, білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз

Айғаным:

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық, тойладық

Айару:

Қуанбаймыз неге біз

Күліп күн де тұр асқақ

Оқығалы келгенбіз

Біз бірінші сыныпқаъ

Фатима:

Отырмаймын мен текке,

Барам мен де мектепке!

Оқуды да білемін,

Жазуды да білемін,

Санауды да білемін!

Алтыға енді толамын,

Мен де оқушы боламын!

Балалардан қалмаймын,

Оқудан еш талмаймын!

Оқимын тек бестікке,

Алыңдаршы мені мектепке

Диас:

Есіңде ме әке-ана,

Бірден жаңа асқанда.

Кіп- кішкентай мына мені,

Әкелгенің бақшаға.


Ән: «Сәлем,Мектеп!»

1.Сәлем саған мектебім,

Сәлем,білім ордасы.

Жасыл бақты мектебім,

Жастық шақтың ордасы 2р

2.Үйретерсің еңбекке

Сен арқылы ойлармын

Ұшып сенен мен көкке

Көк мұхитты бойлармын

3.Баспалдақтан біртіндеп,

Мен ұшармын қияға.

Сен тұрарсың күлімдеп,

Ұқсап алтын ұяға. 2р


Би « Вальс»

Ортаға вальс биімен балаларды шақырамыз.

Мұғалім: «Батамен ел көгерер» дейді дана халқымыз. Бізде жақсы оқып, үлгілі болу үшін үлкендердің ақ тілек баталарын, тілектерін алып, болашаққа жол бастайық.

-Келесі құттықтау сөз кезегін -мектеп директоры Байбурина Әмина Нәбиқызына беріледі

-Балаларды марапаттау.

-Ата-аналарға сөз беріледі

Тәрбиеші: Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім

Ерекше қызық тілдерің

Естен кетпес үндерің

Мойытпасын қиындықтар сендерді

Батылдықпен асыңдар сан белдерді

Білімдеріңмен қуантыңдар мектепті

Жақсы іспен қуантыңдар біздерді

- Міне, балалар, қоштасар сәт те келіп жетті. Осы отырған 18 баланың барлығы бір баладай бізге ыстық, сондықтан да қимастықпен шығарып саламыз.Алдағы әр күндерің жарқын, алаңсыз, мәнді-мағыналы болсын! Сәт-сапар, сендерге балалар!

Балалар шарларды ұстап далаға ұшыруға шығады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2018
9497
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі