Материалдар / Дауылова Анар

Дауылова Анар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге,болашақ мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
512
0 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Біздің тұңғыш Президент


Мақсаты: Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Халқымыздың әлемге танытып алаш баласының абыройын асқақтатып, елбасының кісілік келбетін меңгеру.


Міндеті: Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан тәрбие алуға тәрбиелеу.


Көрнекілік: Елбасы суреттері жүрек шар астана суреттері, видеослайд.
Түрітәрбие сағаты.
Мұғалімнің сөзі: Балалар 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
Бірінші желтоқсан Президент күні болып қабылданды.
Ендеше, балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ойлаған, ынтымақтықты тұтастықты, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналылығына мән берген ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.

1.Слайд
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 - шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауданында туған. Ол өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұнда тамаша жетістіктерге бірден қолы жеткен жоқ. Ол кішкентай кезінен бастап түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына бау - бақша көмек көрсетті. Өзі еске алғандай өсірген аз - мәз өнімдерін сатып үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жекке арбамен темір жол стансасына бару керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы боранына қарамастан мектепке қатынап оқыған. Ол мектепті жақсы оқып жақсы білім алған. Ата анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді. Мектеп бітірген соң Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.

Бақыт
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасын қолдайық
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Нұр ағам!




Диас

Биіктей бер Нұр аға
Қыран канат талмасын
Қадірлемей тұра ма?
Халық сіздей тұлғасын.


Ажар

Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман - сау жүрші, Атамыз!


Мұғалімнің сөзі:
Кәнеки балалар елбасымыздың нақыл сөздерін білеміз бе?
1.Жақсыдан бақ қалады
2. Тәрбие ошағы мектеп
3. Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында
4. Қазақ қазақпен қазақша сөйлесейік

Мұғалімнің сөзі:
Енді балалар тақтаға қарап, сөзжұмбақты шешейік.
Қазіргі таңда Президент туралы көптеген іс шаралар атқарылып жатыр. Соның бірі «Елбасы жолы» туралы фильм. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға шықты. Оны бәріміз тамашаладық. Сонымен қатар біздің елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. Олар Бәйтерек тобы орындайтын «Сары арқа әні» Музарт тобы орындайтын «Үш қоңыр әні» Әнұранымыз «Менің Қазақстаным»
Тақпақтар


 Балауса

Серпігенде бодандықтың тұманын
Жеті әлемге ұраным мен жыр әнім
Өзің болдың көш басшысы елімнің
Өзің болдың ұшқан қыр әнім.




Ернұр
Гүлдене бер отаным
Көтерген туың Нұр ағам
Көбейткен достың қатарын
Нұр аға біздің ұлы адам


Айзере

Отаным дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау жасыл жол жас қаланы
Отанның шеті де жоқ шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.


Олжас

Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтанның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын


Даниал

Естімейік енді елдің жылағанын
Қайта құлап бостандық сұрағанын
Абылайдың жолы мен алға басқан
Құтты болсын нұрлы жолы Нұр ағаның.


Мұғалімнің сөзі
Мен сендерге жұмбақ жасырам кім жауабын айтады екен а?
1. Келген емес жайдан жайдан - жай,
Жеңдік барлық езгіні
Тәуелсіздік алғаны ай,
Жылдың қай мезгілі
(қыс желтоқсан)


2. Тәуелсіздік жолында
Тапқан жолдың шешімін
Президенті қазақтың
Айтшы кәне есімін.
(Н. Назарбаев)


3. Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күн астында қандай күн
Қанат қаққан бар елге.
(қыран)


4. Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал!
(Қазақстан)
Мүғалімніңқортындысөзі:

Бейнебаян
Қорытынды
.
Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды.

Ән: «Жаса Қазақстан».

Сөзімді жас ұрпаққа, яғни сендерге арнасам деймін, сендер егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатырсыздар. Сондықтан да сендердің алдарыңда болашақты өздерің өз қолдарыңмен орнатудың мүмкіншіліктері бар.
Бүгінгі “Біздің тұғғыш Президент” атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

пппп.jpg

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!