Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру; сөздердің ұзынды-қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету, Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөзге дыбыстық талдау жасауды үйрету. Фонематикалық естуді дамыту, парақша мен дәптерде жұмыс істеу барысында ұқыптылықты тәрбиелеу. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы №10 «Бөбек» балабақшасының тәрбиешісі Ерназарова

Гульмира Серикбайқызы


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі : Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Мақсаты: Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру; сөздердің ұзынды-қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету, Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөзге дыбыстық талдау жасауды үйрету. Фонематикалық естуді дамыту, парақша мен дәптерде жұмыс істеу барысында ұқыптылықты тәрбиелеу. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: жұмыс дәптері.

Билингвальды компонент: ара-пчела, ат- лошадь, нан-хлеб.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іc- әрекеті

Мотивациялық-қоздырушы

Педагог балалалардың назарын өзіне аударады.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

(Ө.Тұрманжанов.)

- Көп рақмет. Өміріміз жақсылыққа, күлкіге толы болсын!


Шаттық шеңберін қимылмен жасайды.



Ізденістер

ұйымдастыру


Тәрбиеші: Балалар, күз әуен тыңдап. Қандай жыл мезгілі екен айтып берді?

Кім тапты?

Біз күзді қандай сөздер мен сипаттай аламыз? Ол қандай?

Жапырақтар күзде (не істейді?) сарғаяды, түседі, ұшады, шықырлайды.

Дыбыстардың артикуляциясы

Тәрбиеші: аяқ астындағы жапырақтар қандай дауыс шығарады?

Жапырақтардың әуеннің естіп, жадтарыңызға сақтап алыңыздар:

Ш-ш-ш

Ша – шо – шу

Ши – шу – ша

Шу – ша – ши



Тәрбиеші: Ал сөздер неден тұрады? Дыбыстардан.


Тәрбиеші: Күз мезгілінде жел ойнағанды ұнатады.

Ал сендердің ойнағыларың келеді ме?



Тәрбиеші: Мен сендерге дыбыстамай дыбыстарды айтамын, ал сендер оны айтасындар.


Жел жапырақтармен ойнайды - у-у-у

Сары жапырақтар ұшады - О-О-О-О

Дәл балалардың аяқ астына - А-А-А-А


А,О,У, – бұл қандай дыбыстар?


Тәрбиеші: Неге оларды осылай атайды?


Тәрбиеші: Дауысты дыбысты қандай бояумен белгілейміз?


Тәрбиеші: Ал әндетпейтін дыбыстар қалай аталады?


Тәрбиеші: Біз оларды қандай түспен белгілейміз?

«Артық әріп» ойыны.

Әр балаға әріп жазлыған карточка беріледі. Бала артық әріпті тауып, содан кейін өзінің таңдауы туралы айтып беру қажет. (Мен Т әріпін белгіледім, өйткені қалғандары дауысты)


А Н Т Ұ


О Т У А




Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Ойын: «Дыбыстарды таны»

Шарты: Дауысты дыбыстарды көрсеткенде қолымызды шапалақтаймыз. Ал дауыссыз дыбыстарды көрсеткенде аяқты тоқылдатамыз.


Суретпен жұмыс.

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Ендеше «нан», « тасбақа», «айна» деп бірнеше рет қайталайық.

-Екі қолымызды қосып сөздер айтайық, қолымыз неше рет ашылса, сонша буынға бөлінгені.

Мысалы: ай-на, нан, тас-ба-қа.

Билингвальды компонент: ара-пчела, ат- лошадь, нан-хлеб.

Тәрбиеші: Енді қанша торкөз бар екендігін санайық.


Тәрбиеші: АРА сөзінде қанша дыбыс бар?

Бірінші дыбысты ата. (А)

Екінші дыбысты ата. (Р)

Үшінші дыбысты ата. (А)

Сөзге дыбыстық талдау: АРА.

Келесі сөз: НАН сөзінде қанша дыбыс бар?

Бірінші дыбысты ата. (Н)

Екінші дыбысты ата. (А)

Үшінші дыбысты ата. (Н)

Сөзге дыбыстық талдау: НАН.

Келесі сөз: АТ сөзінде қанша дыбыс бар?

Бірінші дыбысты ата. (А)

Екінші дыбысты ата. (Т)


Сөзге дыбыстық талдау: АТ.


Тәрбиеші: Тапсырманы өте тамаша орындадыңыздар.


Күз


Балалар: Алтын, әдемі, түрлі түсті, жаңбырлы.

Сарғаяды, түседі, ұшады, шықырлайды.





Ш-ш-ш

Ша – шо – шу

Ши – шу – ша

Шу – ша – ши



Балалар: Дыбыстардан.














Балалар: Дауысты

дыбыстар.

Балалар: Олар жеңіл, әндетіледі.

Балалар: Қызыл


Балалар: Дауыссыз

дыбыстар.


Балалар: Көк















Қимылын жасайды.







Балалар ойын шартын түсініп ойнайды.




Қолдарын қосып қойып, сөздер айтады да, буындарын анықтайды.




Балалар қайталайды.



Балалар ойын шартын түсініп ойнайды.



Балалар: Ара

Балалар: Қанша торкөз болса, сонша дыбыс бар


Балалар: НАН

Балалар: Қанша торкөз болса, сонша дыбыс бар.


Балалар: АТ

Балалар: Қанша торкөз болса, сонша дыбыс бар.



Рефлексивті-

түзету


- Шеңберге тұрыңдар. Бүгін біз сендермен жылдың қай мезгілі туралы айттық?

Сендерге қай тапсырма ұнады?

Сендер ақылдысыңдар, өздеріңе сенімді, дұрыс, толық сөйлеммен жауап бердіңдер. Сондықтан күз сендерге сыйлыққа әдемі жапырақтардың бояуларын сыйлайды.

Балалар өткен дыбыс туралы түсінгендерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Елестетеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Түсінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Қолдана алады: «ара» сөзіне дыбыстық талдау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2018
6163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі