Деформация

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Деформация

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қажет сабақ жоспар жаңартылған бағдарлама бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Денелердің өзара әрекеттесуі

Мектеп:

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Саламатов Қыдырбай

Сынып: 7 «ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Деформация

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:

7.2.2.3 – пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Деформация ұғымын және оның түрлерін ажыратады

Оқушылардың басым көпшілігі: Деформацияның түрлеріне мысал келтіреді

Кейбір оқушылар: Деформация құбылысына мысалдар келтіре отырып, тәжірибе жүзінде дәлелдей алады

Бағалау критерийлері

- деформация ұғымын түсінеді

- серпімді және пластикалық деформацияны ажыратады

- өмірмен байланыстырып мысалдар келтіре алады

Тілдік мақсат

Оқушылар серпімді және пластикалық деформацияны ажырата отырып, мысалдар арқылы өмірмен байланыстырып ауызша түсіндіре алады

Пәнге тән лексика мен терминология: деформация, пластикалық деформация, серпімді деформация

Диалогтар мен сөз тіркестері:

- Менің ойымша.......... болады

- Мен деформацияны...............қолдана аламын

- Деформацияның түрлеріне ............... мысалдар келтіре аламын

-Бұл құбылысты ....................қолдана аламын

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау

Еңбекқорлыққа және жауапкершілікке баулу

Пәнаралық байланыстар

Дене тәрбиесі, математика, технология

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Денелердің өзара әрекеттесуі, салмақ, күш

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Ұйымдастыру. Оқушылар сыныпта жақсы ахуал туғызу үшін «Ұлттардың сәлемдесуі» тренингі арқылы амандасады

«Жауапты суреттейміз» әдісі (Өткен тақырып бойынша мұғалім сұрақтарды береді, оқушылар жауабын сурет арқылы береді) Оқушыларға суреттер үлестіремін, сұрақтар қоямын.

Оқушылар сәйкесінше қолдарындағы суреттерді байланыстырып жауап береді.

1.Күш дегеніміз не?Өлшем бірлігі?

2.Ауырлық күші дегеніміз не?

3. Гравитациялық күштер дегеніміз не?

4. Асқын салмақ қандай жағдайда болады?

5.Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйін кешеді?

6. Адамзаттық тұңғыш ғарышкері?

7. Қазақстандық ғарышкерлер?

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі

Суреттер


Сабақтың ортасы

27 минут

«Ой қозғау» әдісі

Оқушыларға әртүрлі заттар таратылады. Қолдарындағы заттарды зерттейді.

  1. Сұрақ қойылады

  1. Қолдарыңыздағы заттар бүгінгі сабақта не үшін қажет деп ойлайсындар? Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыздар? Өз болжамдарын стикерге жазып «Идеялар себетіне» орналастырады

  2. Қолдарыңыздағы заттарға физикалық сипаттама беріңдер?

  3. Қолдарыңыздағы заттармен не істей аласыз?

  4. Заттардың пішіні мен өлшемін өзгерте аласыздарма?

Оқушылардың пікірі тыңдалып, жаңа тақырып ашылады.

  1. Деформация құбылысын видеоролик арқылы көріп, түсінеді.

ҚБ: «Қол шапалақтары» әдісі

Эксперименттік жұмыс:

Деформацияның қандай шамаға тәуелді екенін анықтайды.

  1. Серіппені штативке іліп, оған массасы белгілі жүктерді іліп созылуын бақылаймыз. Әрбір жүк ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз.

  2. Қорытынды жасаймыз.

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.

Жеке жұмыс

Бағалау критерийі

Пластикалық және серпімді деформациялардың айырмашылығын көрсетеді

1- тапсырма:

Көрсетілген суретте деформацияның қандай түрлері берілген?

Дескриптор: Білім алушы

  • серпімді және пластикалық деформацияларды анықтайды.

2-тапсырма:

Берілген суреттердің айырмашылығы неде, түсіңдіріңіз. Деформация түрін анықтаңыз. Деформация неге тәуелді екенін түсіндіріңіз.

Дескриптор:

  • денелер деформациясын салыстырады;

  • деформация түрін анықтайды;

  • деформацияның қандай шамаға тәуелді екенін анықтайды.

ҚБ: 1-3 балдық жүйе

Пластилин

Резинка

Серіппе

Шар

Пластикалық қаламсаптар

Губка



Стикер

Видеоролик

https://www.youtube.com/watch?v=0MGnlXIDEaI







Ақпарат парақшалары



А3 форматтар

Фламастер, маркерлер

Штативтер

Серіппелер

Денелер

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма:1. Деформация тақырыбын оқу

2.Шығармашылық жұмыс Деформация құбылысына негізделген демонстация дайындау

Рефлексия «Бес саусақ » әдісі

Picture 1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2018
563
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі