Материалдар / Delphi прогаммалау ортасында есептер шығару
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Delphi прогаммалау ортасында есептер шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Delphi ортасында программалаудың негіздері мен әдістерін оқушыға меңгерту. Оқушыны ақпараттық мәдениеттілікке, уақытты тиімді пайдалана білуге, өзін-өзі бағалауға қалыптастыру. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
1350
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Delphi прогаммалау ортасында есептер шығару


Сыздыкова Айсулу Аманбековна,

«Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Информатика пәнінің мұғалімі



Мақсаты: Delphi ортасында программалаудың негіздері мен әдістерін оқушыға меңгерту. Оқушыны ақпараттық мәдениеттілікке, уақытты тиімді пайдалана білуге, өзін-өзі бағалауға қалыптастыру. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.

1 есеп. Бір тәулікте, аптада, жылда қанша секунд бар?

Формаға бір батырма орналастырайық. Осы батырмаға есептің шығару жолын жазамыз және есептің жауабы да осы батырманы шерткенде пайда болады.

Жұмыстың барысы.

  1. Delphi-ді қосқанда автоматты түрде қосылатын формаға бір рет Button батырмасын орналастырыңдар.

  2. Алдын-ала жоба файлын және модуль файлын сақтап алыңдар: File/Save Project As…, File/Save As…, File/ Save Al….

  3. форманың өлшемін былай өзгертуге болады:

      • форма жиегін тышқанмен басып жібермей қажетті жерге дейін тасымалдау керек;

      • форманың қасиеттерінде оның биіктігі мен енін көрсету керек. Client Height; Client Width арқылы батырманы басу арқылы тоқтатуға болады.

  4. формадағы объектілерді түзету үшін Edit/Align командасын пайдаланамыз. Осы батырманы басу әрекетін өңдейтін процедураға дайындық пайда болады.

Procedure TForm1.But1Click(Sender:TObject);

begin


end;

  1. Айнымалыларды сипаттау бөлімінде r, t, s, p, k – айнымалыларын былай сипаттаймыз:

var r, t: Integer;

s, p, k: integer;

Сонда программа:

Procedure TForm1.But1Click(Sender:TObject);

var r, t: Integer;

s, p, k: integer;

begin

r:=StrToInt(InputBox(‘r-ді енгіз’, ‘’));

t:= StrToInt(InputBox(‘t-ны енгіз’, ‘’));

s:=r*t;

p:=r*7*t;

k:=r*365*t;

ShowMessage(‘s-күннің мәні’+inttostr(s)+#13+ ‘аптаның мәні’ + inttostr(p) + #13 + ‘жылдың мәні=’+inttostr(k));

end;

end.

Енді F9 батырмасын басқанда құрылған форманың терезесі пайда болады. Формадағы батырма басып, r және t-ға мән беріп, батырманы қайта бассақ есептің жауабы шығады.


2 есеп. Берілген екі катет бойынша тікбұрышты үшбұрыштың гипатенузасы мен ауданын табу керек.

Формаға бір батырма орналастырамыз. Осы батырмада есептің шығару жолын жазамыз және есептің жауабы да осы батырманы шерткенде шығады.

Жұмыстың барысы.

  1. Delphi-ді қосқанда автоматты түрде қосылатын формаға бір рет Button батырмасын орналастырыңдар. File/ Save Al… .

  2. Форманың өлшемін былай өзгертуге болады:

      • Форма жиегін тышқанмен басып жібермей қажетті жерге дейін тасымалдау керек;

      • Форманың қасиеттерінде оның биіктігі мен енін көрсету керек. Client Height; Client Width арқылы батырманы басу арқылы тоқтатуға болады.

  1. Компоненттер тақтасынан қажетті элементті (Button1) формаға орналастыру үшін оны тышқанмен тасымалдау немесе Shift пернесін басып жібермей компоненттнер тақтасынан қажетті элементті таңдау қажет. Сонан соң Shift пернесін босатып формаға әрбір шерту арқылы қажетті компонентті бірнеше рет орналастыруға болады. Бұл әрекетті компоненттер тақтасының сол жағындағы бағыттауыш бейнесі бар пернені басу арқылы тоқтатуға болады.

  2. Формадағы объектілерді түзету (реттеу) үшін (оңға, солға, ортаға және т.б.) Edit/Align командасын пайдаланамыз.

  3. Программа кодын жазу үшін Button1 батырмасын екі рет шертеміз. Код редакторында осы батырманы басу әрекетін өңдейтін процедураға дайындық пайда болады.

Procedure TForm1.But1Click(Sender:TObject);

begin


end;

  1. Айнымалыларды сипаттау бөлімінде AB, AC, BC, S – айнымалыларын былай сипаттаймыз:

var AB, AC: Integer;

BC, S: real;

Сонда программа:

Procedure TForm1.But1Click(Sender:TObject);

var AB, AC: Integer;

BC, S:real;

begin

AB:=StrToInt(InputBox(‘AB - катетін енгіз’, ‘’));

АС:= StrToInt(InputBox(‘АС - катетін енгіз’, ‘’));

ВС:=sqrt(sqr(AB)+sqr(AC));

S:=(АВ*АС)/2;

ShowMessage(‘ВС-гипотенузаның мәні =’+FloatToStr(BC)+#13+ ‘S-ауданының мәні=’ + FloatToStr(BC));

end;

end.

Енді F9 батырмасын басқанда құрылған форманың терезесі пайда болады. Формадағы батырманы басып, x-ке мән беріп, батырманы қайта бассақ есептің жауабы шығады.

Тармақтау операторлары

If шартты операторы - кейбір шартқа байланысты екі іс-әрекеттің бірін таңдау үшін қызмет етеді. Оның жалпы түрі:

If <шарт> then <бірінші іс-әрекет> else <екінші іс-әрекет>;

Орындалу ережесі.

Егер if сөзінен кейінгі шарт ақиқат болса, онда then сөзінен кейінгі бірінші іс-әрекет орындалады, ал else сөзінен кейінгі екінші іс-әрекет орындалмайды.

Егер if сөзінен кейінгі шарт жалған болса, онда else сөзінен кейінгі екінші іс-әрекет орындалады, ал бірінші іс-әрекет орындалмайды.

1 есеп. x, y, z берілген. max(x+y+z)+3 табу керек.

Формаға қажетті компонент Button1.

Берілген батырманы шертіп, ашылған терезеде есептің бағдарламасын жазамыз және есептің жауабы да осы батырманы шерткенде шығады.

Бағдарлама мәтіні:

Procedure TForm1.But1Click(Sender:TObject);

var x, y, z: Integer;

max, x1, x2, k:integer;

begin

x:=StrToInt(InputBox(‘x-ті енгіз’, ‘’));

y:= StrToInt(InputBox(‘y-ті енгіз’, ‘’));

z:=StrToInt(InputBox(‘z-ті енгіз’, ‘’));

begin

x1:=(x+y+z);

x2:=(x*y*z);

if x1>x2 then max:=x1 else max:=x2;

ShowMessage(‘max-ның мәні=’+inttostr(max));

k:=max+3;

ShowMessage(‘k-ның мәні=’+inttostr(k));

end;

end;

end.

Есепті орындауға жіберіп, Button батырмасын шерткенде экранға x-ті, y-ті және z-ті енгіз деген тереззе шығады. Осы жерде берілген үш айнымалыға қажетті мән береміз де батырманы қайтадан шертсек, есептің жауабы шығады.

2 есеп. Екі сан берілген.

Егер бірінші сан екінші саннан үлкен болса, онда бірінші санды экранға шығар. Ал бұлай болмаған жағдайда екі санды да шығар.

Формаға қажетті компонент - Button1.

Берілген батырманы шертіп, ашылған терезеде есептің бағдарламасын жазамыз және есептің жауабы да осы батырманы шерткенде шығады.

Procedure TForm1.But1Click(Sender:TObject);

var x, y: Integer;

begin

x:=StrToInt(InputBox(‘x-ті енгіз’, ‘’));

y:= StrToInt(InputBox(‘y-ті енгіз’, ‘’));

if x>y then

ShowMessage(‘x-ті шығар=’+inttostr(x));

else

ShowMessage(‘y-ті шығар=’+inttostr(y));

end;

end.

Берілген бағдарламаны Button батырмасына жазып, орындауға жіберсек, яғни F9 батырмасын шертсек, форма бетіне x, y-ті енгіз деген терезе шығады. Осы жерде x, y-ке мән беріп, батырманы қайта шерту керек. Сонда есептің жауабы шығады.

4 есеп. Магазинде сауда жасау программасы.

Қажетті компаненттер: Button1, Edit1, Edit2.

Берілген батырманы шертіп, ашылған терезеде есептің бағдарламасын жазамыз және есептің жауабы да осы батырманы шерткенде шығады.

Есепте а-ның мәнін Edit1-ге және b-ның Edit2-ге беріп, Button батырмасын шертсе, есептің жауабы шығады.

Procedure TForm1.But1Click(Sender:TObject);

var a, b, c: Integer;

begin

a:=StrToInt(Edit1.Text);

b:= StrToInt(Edit2.Text);

if a>b then begin c:=b-a;

ShowMessage(‘Рахмет, қалған ақшаңызды алыңыз’+ ‘=’+inttostr(c)) end

else

if a<b then begin c:=a-b;

ShowMessage(‘Кешіріңіз, сіздің ақшаңызға’+#13+inttostr(c)+ ‘ақша жетпей тұр)

end;

else

ShowMessage(‘Сауда жасағаныңызға рахмет!);

еnd;

end.




ШҚО, Семей қаласы, Алғабас ауылы.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!