2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Демеулік шылау"

"Демеулік шылау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қолдану үшін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Пәні: Қазақ тілі қмж 6-сынып


Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылаулар

Мұғалімнің аты-жөні: Айман А

Күні:

Сынып: 6


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Оқу мақсаттары:

Демеулік шылаулардың мәнін, қызметін түсіндіру, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді дамыту, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдыландыру;

Сабақ мақсаттары:





Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.

Оқушылардың көпшілігі мынаны орындай алады: шылауларды көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.

Оқушылардың кейбірі мынаны орындай алады: анықтаған тірек сөздерді шығармашылық жұмыстарында еркін қолдана алады.

Тілдік мақсат:

Негізгі сөздер мен тіркестер: септеулік, демеулік, жалғаулық шылау,

Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің қолдайтын пікірім мынадай, қарсылық білдіремін, деп ойлаймын, болашағымыз үшін маңызды.

Алдыңғы оқу:

Жалғаулық шылауды басқа шылаулардан ажырата алады.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Ойтүрткі. Сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Шылау сөздер дегеніміз не?

2. Септеулік шылауға мысал келтір.

3. Жалғаулық шылауларды ата.

Жаңа сабақ

1. Айдана мектепке барды ма? – ма шылауы сұраулық мәнді үстеп тұр.

2. Апам ауылға бүгін ғана кетті.– ғана шылауы шектеу мәнін үстеп тұр.

3. Арман сабаққа қазір-ақ кетеді. -ақ шылауы бүгін сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр.

4. Нұрлан бүгін қалаға барыпты –мыс.- мыс шылауы сөйлемге болжалдық мән үстеп тұр.

5. Мақсаттар киноға барыпты ғой. – ғой шылауы нақтылау мәнін үстеп тұр.

6. Айқын кітапханаға бүгін түгілі ертең де бармайды. -түгілі шылауы болымсыздық мәнін үстеп тұр.

Жұмбақтың ішінен шылауларды табу.

1.Жуынам деп жазған - ай,

Күннен күнге азғаны - ай. (сабын)


Қалтаңда жатыр, тісі бар,

Тістемей - ақ істер ісі бар. (тарақ)

ОӘК материалдары

Ортасы

«Бәйге ойыны». «Түсінгенімді дәлелдеймін»

1 Шылауға сұрақ қойылмайды, себебі..... (толық лексикалық мағынасы жоқ)

2 Шылау сөздерге тіркесіп келеді, сондықтан.......... (бөлек жазылады)

3 Септеулік шылаулар септік тұлғадағы сөздермен тіркеседі, яғни..........(Барыс септік, Шығыс септік, Көмектес септік)

4 Жалғаулық шылауларды жалғаулармен шатастырмау керек, себебі.........(мен,бен,пен- Көмектес септікке ұқсас, да,де,та,те- Жатыс септікке ұқсас)

5 Демеулік шылаулар сөзге, сөйлемге тек қосымша

мағына үстейді, себебі........(сөздерді, сөйлемдерді байланыстырмайды)

2. Сиқырлы ағаш ойыны.

Сөйлемдерді оқып, тиісті шылауларды қойып жаз.

Ірілігі ұстаса, кісіге айналып қарамайтын мінезі бар -ды. Бұл адам ақылды да, қу да, айлакер де кісі. Дәметкен, мынау қазақ еке ғой. Осы адамдар шақыртусыз -ақ келсе қайтеді? Бұны айтқан Самат – ау деймін. Ертең жаңбыр жауып кетсе ше? Сен түгілі, мен де ол жерге барған емеспін. Жер қадірін білетін еңбекші жұрт бұл өңірге тегін қоныстанбағаны көрініп –ақ тұр.


Соңы



















Рефлексия. «Кубизм»әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаймын.

Кубиктің 6 бетіне жазылған сұрақтар бойынша демеулік шылаулардың алты түрін атап, оған қандай сөздер жататынын айтады.

Үйге тапсырма. 334-жаттығу.

«Бес саусақ»әдісі

Таратпа қағаздар



ОӘК материалдары

Саралау

Қосымша критерийлер арқылы бағалау

Қосымша ақпарат

Шылауларды мағынасына қарай топтап, түрлерін ажыратып, олардың емлесін есте сақтап, шығармашылық тест құрастыру.

«Жетістік баспалдағы»әдісі

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Қосымша ақпарат

Оқушылардың үйренгенін тексеруді былай жоспарлаймын.


Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?


Бүгін оқушылар не білді?


Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?


Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және

неліктен?




Қосымша ақпарат


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.






21 Желтоқсан 2017
1530
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі