Материалдар / Дене шынықтыру 9 сынып 3 тоқсан 382 бұйрық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дене шынықтыру 9 сынып 3 тоқсан 382 бұйрық

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру 9 сынып 3 тоқсан 382 бұйрық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2024
355
5 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





 

Құрметті әріптес!

    Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес авторлық құқық заңмен қорғаланатынын ескертеміз. Сатып алған ҚМЖ – ны тарату туралы факт анықталған жағдайда әкімшілік  айыппұл салынады.

«USTAZ tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі

 

472 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ келесі бетте

Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған.  «USTAZ tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

https://ust.kz/qmg







































Дене шынықтыру пәнінен 9-сыныпқа арғалған сабақ жоспары

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Ойын техникасы

Бөлім:

5-бөлім. Спорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ойын техникасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.1.1. Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар ойын техника ережесін сақтайды. Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды түсінеді.

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар ойын техника ережесін сақтайды. Үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты сипаттайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Білім алушылар ойын техника ережесін сақтайды. Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстырады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3.Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Мектеп алаңы

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

https://youtu.be/wZdX7LqpEPQ

Берілген сілтеме бойынша жаттығу жасайды.


Саптағы жаттығулар:

Оңға,солға,айналып бұрылу.

Секіріп бұрылу.

Жүру:

Аяқтың ұшымен, өкшемен,

Аяқтың ішкі, сыртқы жағымен.

Отырып, жартылай отырып жүру.

Назар аудару жаттығулар:

- жүріс

- жүгіріс

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Ойын техникасын топтау туралы ақпарат беру.

Техника тәсілі» термині құрылымы бойынша сәйкес келетін және бір ойын жағдайын шешуге бағытталатын қозғалыстар жүйесін қарастырады. Берілген немесе басқа да тәсілдер қолданылатын шарттар көптүрлілігі оны орындаудың тәсілдерін жетілдіреді, құрылуын реттейді. Баскетбол дамуының түрлі кезеңдерінде тәсілдер саны, оларды орындау әдістері, бағалац критериилері өзгеріп, жетілдіріліп отырылған. Арсенал қайта құрылуына ойын ережелерінің жоспарын дамыту, ойыншылардың басқа да дайындық түрлерінің деңгейін арттыру әсер етеді.


Қозғалысты, жүгіруді, секіруді, тоқтауды, айналыстарды жетілдіру

Әрбір даму кезеңіндегі спортсмен техникасы – бұл ойыншыға ережелер шектеулерінен шықпай күрделі ойын жағдайларында ең тиімді іс-әрекет жасауына көмектесетін тәжірибемен тексеріліп өткен тәсілдер жиынтығы. Кенеттен қлыптасатын ойын жағдайларында ең тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, баскетболшы ойын техникаларының көптүрлілігін толығымен меңгеріп, белгілі бір жағдайда қажетті тәсіл немесе тәсілдер жиынтығын таңдай біліп, тез арада, әрі нақты орындауы керек.

Жоғарғы техникалық шеберліктің критериилері:

берілген ойын фунцияларын шабуыл және қорғаныстың негізгі тәсілдерімен қоса толыққанды орындау үшін тиімді әдіс-тәсілдер жиынтығын оңай пайдалана білуі;

берілген ойын тәсілдерін орындаудың нақтылығы, әрі тиімділігі.

қарама-қайшы факторлар (қатты шаршау, психологиялық ауырлықтар, қиын сыртқы жағдайлар және т.б.) әсеріне қарамастан ойын тәсілдерін орындаудың тұрақтылығы;

қарсылас ойыншының қарама–қарсы іс–әрекеттеріне байланысты техникалық ойын тәсілдерінің кезеңдерін пайдалана білу;

ойын тәсілдерін пайдаланудың тұрақтылығы, ол көпкүндік жарыс кезінде ойыннан–ойынға еш ауытқусыз жоғары мергенділікпен анықталады.


Топтық жұмыс.

«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі.

Мақсаты: Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған. Жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. 


Берілген сілтеме арқылы жаңа сабақтың тақырыбы бойынша бейнеролик көреді. Топ ішіне бейне роликтен көрген, қабылдаған ақпараттарымен ой бөліседі. Ал одан кейін топтар арасында пікір алмасады.


Дескриптор:

-Бейнероликті мұқият көреді.

-Топ ішінде бейнеролик желісін талқылайды.

-Өз ойын, пікірін топ ішінде бір-бірімен бөліседі.

-Топтар арасында топтық шешім бойынша пікір алмасады.

Барлық дұрс жауапқа балл 1 беріледі


Оқушыларды ынталандыру мақсатында

«От шашу» әдісі арқылы топтар арасында оқушылар бір-бірін бағалайды.



Жеке, ұжымдық жұмыс

Сапта тұрған кезде ара-қашықтықты сақтап тұрыңыз. «Түзел!» деген бұйрықта оң жаққа қарай басты бұрып, түзеліңіз. «Тік тұр!» командасын орындау кезінде бастапқы қалыпқа түсіңіз. Саптағы жаттығуды жасаңыз.

Сапатағы жаттығулар: тұрып бұрылу, жүру, жүріп келіп бұрылу және орнында тұрып бұрылу әдістерін көрсету.



Дескриптор:

-Саптық жттығуларды біледі

-Бөліну әдістері кезінде қателіктер жібермейді

-Сапта жүру, бұрлу , тұруды меңгерген

-Сапта дұрыс жүруді, ара-қашықтықты қатесіз орындайды

-Қауіп-қатерді анықтый алады


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23







Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Ойын техникасы

Бөлім:

5-бөлім.Спорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ойын техникасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.1.1. Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Ойын техникасы, үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру туралы түсінік қалыптасады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Ойын техникасы, үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстырады.

Кейбір оқушылар үшін:

Ойын техникасы, үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты сипаттай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.

ә). Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

б). Топтастыру.





Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!