ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ – ОҚУШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ – ОҚУШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ –

ОҚУШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ










Исаева Ақгүл Исақызы

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

«№85 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Ақтөбе қаласы


Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. Демек, денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс. Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т.б.), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т.б.) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар дайындау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды жұмыстардың қажеттілігі байқалады. Дене шынықтыру жаттығулары дене тәрбиесінің сипат ерекшелігінің материалдық қолдаушысы болып, оның міндетті мәселелерді шешудегі мақсаттары мен мүмкіндіктерінің дұрыстығын анықтаушы күші болып табылады. Бұл дене тәрбиесінің теориясы пәні туралы мәселені шешу үшін, дене шынықтыру жаттығуларының сипат ерекшеліктеріне және мәнмағынасына сүйенуге амалсыз мәжбүр етеді. Дене шынықтыру жаттығулары тұрғысында дене тәрбиесінің теориялық негіздерін дамытудағы негізгі әдіснамалық (жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым) бағыттары бар. Адамның дүниетаным айырмашылығында және дене шынықтьру жаттығуларының пайда болуы көзқарасында идеалистік бағыттағы және субъективті идеалистік бағытгағы зерттеулер бойынша жаттығуларды ойындардан шыққан, ал дінге табынатын идеалисгердің негізгі өкілдері, былайша айтқанда, диалектикалық тарихи материализмнің бетке ұстар діңгектері — жаттығуларды еңбектен шыққан, деп өз дәлелдерін осындай тұрғыда тұжырымдайды. Дене шынықтыру жаттығулары барлық тіршілік дүниесіне тән өзінің қарапайым түрімен ағза мен оның қозғалысы арасындағы іс жүзінде олардың қайталау кезіндегі өздеріне тән өзара жүйелі өзгеруі болып табылады. Дене тәрбиесі теориясының материалдық дүниесі -дене шынықтыру жаттығулары, пәндік ауқымы және қолданылу әдісі — дене тәрбиесі, пәндік заңдылықтары — адамды қоғамдық игіліктері, еңбекке дайындау және іс қабілеттерін қалыптастыру мақсатьшда белсенді қимыл әрекеттерінің шарттары мен түрлерін қолдану болып табылады. Дене шынықтыру жаттығулары кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру негізгі үш бағытта жүргізіледі: Біріншіден, оқытушы оқушылардың сабаққа деген қызығушыылығын оятуы керек. Ол үшін оқу мақсатының алғашқы мотивін зерттеп, оқушылардың белсенділігін арттыру керек. Нәтижесінде қозғаушы мотив өзін -өзі жетілдіру болуы керек. Оқушылар не нәрсеге керектігін анық білуі қажет, сонымен қатар оны қалай істеу керектігін де нақты білуі керек.

Әрбір спорт түрлерінде жаттығуларды орындаған кезде «эталондық» орындау керек деген көзқарас қалыптасқан. Ол ең жақсы спортшының өз спорт түрінде негізгі жаттығуды орындауы. Ол кітапта жазылған, суретте, кинотүсірулерде көрсетілген жаттығуды орындау түрі, техникасы жаттығуды үйренуге негіз болуы керек. Ал спортшыдан дәл осындай орындау керек деп талап еткен дұрыс болмайды. Спортшы сол көрсетілген жаттығуды орындау техникасын негізге алып, өз ерекшеліктерін ескеріп, жаттығуды орындауы керек. Ол ерекшеліктер: дене құрылысы, дене қуаты дайындығы, физиологиялық, психикалық және басқа қасиеттер. Дене жаттығулары дене тәрбиесі заңдылықтарына сәйкес орындалады. Тек дене жаттығуы жүйесі ғана адамның барлық органының дамуына мүмкіндік береді. Дене тәрбиесі заңдылықтарына қарай адам санасының шамасы ғылыми шарттарымне бейнеленеді. Неғұрлым дене жаттығуларының педагогикалық, психологиялық физиологиядық ерекшеліктері көбірек анықталса, соғұрлым педагоьгикалық мәселелерді шешу тиімді болмақ. Дене жаттығуларын үйренуде және оны басқа да педагогикалық мәселелерді шешуге қолдана отырып, тиімді мүмкіндіктерді, яғни шешімін табатын мақсатты білу және үлкен жетістікке жету, екіншіден, оның құрылымы, үшіншіден, қайталау тәсілдерін игері шешуші роль атқарады. Бұл дене жаттығуын жасауда, құралдарды таңдауда және педагогикалық мәселелерді шешудегі дене тәірбие әдістерін анықтайды. Дене жаттығуларының тиімділігі тек аса көп жүктемелерден кейін байқалады. Дене жаттығуларының нәтижесі оны орындау тәсілдеріне де байланысты. Оны орындауда кәсіпқойлықтыфункциональды өзгерістерді, шешуге белгілі бір уақытты сақтаудыталап етеді.Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімдік, икемдік сияқты адам қабілеттерін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады,дене қозғалысын үйлестіреді. Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті, әдептілік адамның жаңа қимылдарды тез игеру және жағдайдың өзгеруіне нақты шешім қабылдау қабылеті. Дене тәрбиесі организмге дамытушы, жетілдіруші және оңдаушы әсер етеді. Ол омыртқа жотасының қисаюы, бүкірлік секілді мүсін кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, дене шынықтыру жаттығуының жәрдемімен көбірекқабысыңқылығын, иық қушықтығын, бұлшық ет әлсіздігін оңдауға болады.

Дене жаттығуының ең көбірек жалпы физиологиялық жіктелуі сол жаттығуды орындауга қатысатын еттер белсенділігінің үш негізгі сипаттамасының бөлінумен:  белсенді еттер салмағының көлемімен; еттердің жиырылу түрімен (статикалық немесе динамикалық); жиырылудың күшімен және қуаттылығымен байланысты. Белсенді еттер салмағының көлеміне байланысты дене жаттығуын шектеген (жаттығуларды орындауга бүкіл ет көлемінің үштен бірінен азырақ қатысқандар); аймақтық (жаттығуларды орындағы бүкіл ет көлемінің жартысынан астамы қатысқанды) деп бөлінеді. Спорттық жаттығулардың басым көпшілігі оның ауқымына байланысты. Сол жаттығуды орындауға қатысатын негізгі ет топтарының жиырылу түріне сәйкес, олар статикалық және динами-калық болып бөлінеді. Статикалык жаттығуға ұстап тұратын қалыпты қамтамасыз ететіндерді (мысалы, гимнасшы мен мәнерлеп сырғанаушыда) жатқызады. Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Уаңбаев Е.Қ. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы .А.2000ж.

2. Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті мен спорттың ілімі мен әдістемесі. Өскемен, 2009

3. Г.Икиманова «Сауық пен сымбат». – Алматы: Қайнар, 1991ж.

4. Б.Төтенаев «Дене тәрбиесі» - Алматы: Мектеп, 1988ж.


Тіркеу формасы:


  • Тегі, аты-жөні (толық) : Исаева Ақгүл Исақызы

  • Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: педагог, дене шынықтыру пәні мұғалімі

  • Жұмыс орны, қызметі: Ақтөбе қаласы, «№85 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Мақала (баяндама) тақырыбы: «Дене шынықтыру жаттығулары - оқушы белсенділігін арттырудың құралы»










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі