|
Мақсаты:
Оқушыларға кеңпейілділік,бауырмалдық
туралы түсініктерін кеңейту арқылы
сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік:
Оқушыларға кеңпейілділік,бауырмалдық
ұғымдарының адам
өміріндегі маңыздылығын аша отырып сүйіспеншілік құндылығына
түсінік беру;
Дамытушылық:
Оқушылардың айналасындағыларға
түсіністікпен қарап, қамқорлық, қасиеттерін
дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды қамқорлыққа, кеңпейілділікке
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
Кітап, дәптер, үнтаспа, нақыл
сөздер, интерактивті тақта.
|
|
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңi.

а) Оқушылардың сабаққа
қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.
ә) 5 Т-ны еске түсіру.
(тәртіп, талап, тыныштық, тазалық,
татулық)
1.Тыныштық сәті. Нұрға
бөлену
2.Үй тапсырмасын
тексеру. (5
мин)
«Әдептілік -
әдемілік»
Эссе
|
Сабақ барысын
талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс
отыруын қадағалау
|
|
3. Дәйек
сөз.
Мейірімділік, махаббат,
қайырымдылық, адалдық, ақ жүректен
шығады.
-
Хормен оқыту. Ұл балаларға
және қыз балаларға бөлек оқыту.
-
Жұмыс дәптерге
жаздыру.
-
Осы дәйексөз сіздерге қандай
ой салды?
-
Оқушылардың жауаптары
негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып,
қорытындылау.
|
Ш.Құдайбердиев
|
|
4.
Әңгiмелеу. Мәтінмен
жұмыс (5
мин)
Алма ағашы (өсиет
әңгіме)
Оқушылар мәтін бойынша көрініс
қояды.
|
Өсиет
әңгіме
|
|
5. Шығармашылық жұмыс,
топтық жұмыс.
Оқушыларды алма арқылы топқа
бөлу
1-топ:
Сіз өзіңізді қай ағашқа теңер едіңіз? Не
себепті? Сурет салу
2-топ:
Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып өлең
шумақтарын құрастыр.
Бауырмалдық, достық,
қамқорлық, қайырымдылық, қамқорлық
Топтық
жұмыс:
1.Мақал-мәтелдер
жазу
2.«КЕҢПЕЙІЛДІЛІК»
сөзжұмбақ құру
|
А4, түрлі түсті карандаш,
маркер, постер.
АКТ-ны
пайдалану
|
|
6.Топпен ән
айту.
«Жан
досым»
1.Іздегенде табылатын
қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай
ашылған.
Көріспесек сағыныштан
жүдейтін,
Кім бар жақын бала күнгі
досыңнан?!
Қ-сы:
Жан
досым,
Үстем болсын
мерейің,
Әрқашан жеңісіңді
көрейін,
Сырымыз да
бітпесін,
Жырымыз да
бітпесін.
2.Қос бұтағы секілденіп
ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан
аштық,
Жол тапсақ та, бірге жүріп жол
таптық,
Адассақ та, бірге жүріп
адастық.
Қ-сы:
3.Өмір өзі арқамызға жүк
салып,
Бәрімізді қиялдарға
жұмсады.
Қатар ұшқан құсқа ұқсадық,
әлде біз,
Қатар жанған екі шамға
ұқсадық.
Қ-сы:
|
Оқушылар топпен
орындайды.
АКТ-ны
пайдалану
|
|
7.Үй
тапсырмасы.
Эссе: Бауырмалдық балалық
шақтан басталады
|
Күнделікке жазып
алу
|
|
8.Соңғы тыныштық сәтi.
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл
әлемде)
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік
бар жерде, бәрі бар, сүйіспеншілік бүкіл
әлемде».
|
|