Дене шынықтыру пәнімен кіріктірілген географиялық олимпиада ойыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене шынықтыру пәнімен кіріктірілген географиялық олимпиада ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күнделікті сабақ жоспары №5

Пәні: технология

Күні:30.09.2016

Сыныбы:9

Сабақтың тақырыбы: Еттерді мүшелеп бөлу, табақ тарту реті.

Мақсаты: 1.Білімділік: еттің әр түрлі мүшелері мен атауларына түсінік бере отырып, етті табаққа салып тартудың рәсімі мен мәнін, жолын білуге үйрету;

2.Дамытушылық:Қонақ күтудің қыр-сырын білуге үйрету, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дәріптеу, ет тағамын әзірлеуде аспаздық қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: үй шаруасына икемді болуға, ас мәзірін дайындауды тиянақты, ұқыпты, таза істеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:Суреттер, кестелер.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5. Жұмыс орнын жинақтау.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;

Сәлемдесу

оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау

Арнаулы киімін тексеру

Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

II. Өткен сабақты қайталау.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ет асқанда, ең алдымен, жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Қонақ келсе көбіне қой сойылады.Қой еті жіліктегенде 13 мүшеге бөлінеді.

Олар: жамбас-2 омыртқа-1

Ортан жілік-2 жауырын-2

Асық жілік-2 тоқпан жілік-2

Бел омыртқа-1 кәрі жілік-2

Қабырға-2 бұғана-1

Төс-1 мойын-1

Сүбе-2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді)

-Балалар біз мал союды, сойған малды мүшелеп бөлуді білеміз. Бүгінгі сабағымызда етті пісіру технологиясы мен әдет-ғұрыпқа байланысты табақ тарту жолдарын үйренеміз. Қазақ халқы қонақжайлығымен қатар салт-дәстүрді сақтай білген. Қазақтың ұлттық тағамдарының көбі еттен жасалады және табақ тартудың да өзіндік тарихы, дәстүрі бар.Қонаққа тартылатын табақтың түрлері өте көп. Табақ тартатын адам салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты жақсы білу керек. Қонақтың жасына жолына, жақындығына қарай табақ тартылады. Әр жіліктің өз иесі бар. Келген қонаққа арнайы мал сойылмаса, табақ дұрыс тартылмаса, өкпелеп кететіндері болған. Табақ тартудың мынадай түрлері бар: Бас табақ, қос табақ немесе құда табақ, орта табақ, құрдас табақ, қыз табақ, күйеу табақ, келін табақ, бала табақ .

Тест жұмысы

Қыз балаға берілмейтін сүйек?

а) қабырға ә) құйымшақ б) кәрі жілік

Бас табаққа салынатын жіліктер?

а) жамбас ә)асық жілік б) тоқпан жілік

Баланың сыбағасы саналатын ет мүшесі?

а) бауыр ә)қарын б) бүйрек

Таңдай қандай ұғыммен беріледі?

а) мейірімді болсын деп

ә) шешен болсындеп

б) жезтаңдай әнші болсын деп

Басты қалай ұсынады?

а) тұмсығымен ә)желкесімен б) бәрі дұрыс

Орта табақ жасағанда қандай мүшелер алынады?

а) өкпе бауыр ішек-қарын

ә)Мойын омыртқа ортан жілік

б) бас, жамбас, кәрі жілік

Төс қандай табаққа салынады?

а) сый табаққа ә) күйеу табаққа б) бас табаққа

Қыз табаққа салынатын жілік атауы?

а) ортан жілік ә) асық жілік б) тоқпан жілік

Ет қанша уақытта дайын болады?

а) 4 сағат ә) 5 сағат б) 2 сағат

Келін табақтың кәделі мүшесі?

а) құйымшақ ә) ұлтабар б) бұғана

IV. Бекіту сұрақтары.

сойылған малда неше жілік ет болады?

Келінге мейірімді болсын деп қандай ет мүшесін береді

Қызға шашы ұзын болсын деп не береді?

Құдаларға құйрық бауырды не үшін береді?

Жас балаға бойы өспей қалады деп не ұстатпайды?

V.Бағалау.

VI. Қорытынды.Оқушылар білімін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

VII. Үйге тапсырма.

VIII. Жұмыс орнын жинақтау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
489
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі