5-7-сыныптарға
арналған сабақ жоспары
Тақырыбы:
ДОПТЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛУ БАҒЫТЫН
ӨЗГЕРТУ
Оқытушы:
Сабақтың
жабдықтары:
Тасымалданатын қақпалар ●№3 және №4
доптар ●Конустар ●Бағандар●Фишкалар●Манишкалар
●
Міндеттері:
● Қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту
●Доппен «адымдап» қозғалуды және
табанның сыртқы жағымен бұрылуды үйрету.
Сабақтың
ұзақтығы:
40
минут
№
|
Сабақтың
мазмұны
|
Мөлшерлеу
|
Ұйымдастырушы-әдістемелік
нұсқаулар
|
Дайындық
бөлімі 6
минут
|
1.
|
Сапқа
тұрғызу. Сабақ міндеттерін нақтылау.
|
2.
|
Қыздырыну,
бір орында және қозғалыста орындалатын
жалпы дамыту жаттығулары
|
6
мин.
|
|
Негізгі
бөлім
32 минут
|
3.
|
ТЕХНИКАЛЫҚ
КЕШЕН
|
8
мин
|
Міндеті:
доппен
«адымдап»
қозғалу және «аяқтың сыртқы жағымен
бұрылу» атты техникалық тәсілдерді
үйрету.
Мазмұны:
оқушылар төрттіктерге бөлінеді. Олар
жұптасып, бір-біріне қарай доппен
қозғалады және доппен 5-7 рет әрекет
еткен соң аяғын сермеп (соққы немесе
пас беруге ишара), аяқтың сыртымен
бұрылады да, доппен қарсы бағытта
қозғалады.
Тапсырманы
орындауға қойылатын талаптар:
әр адым сайын аяқты допқа тигізу,
тәсілді оң және сол аяқпен жасау.
|
|
«СЕРІКТЕСТІ
ҚУЫП ЖЕТ»
ОЙЫНЫ
|
|
Міндеті:
жүру бағыты мен екпінін өзгертіп,
доппен қозғалуды үйрету.
Бапкер
балаларға допты бақылаудың түрлі
тәсілдерін көрсетеді: аяқтың ішкі
немесе сыртқы жағымен, үстермен,
сондай-ақ табанмен. Содан соң, сол
тәсілдерді бұйрық бойынша орындауларын
сұрайды. Балалар аталған тәсілдерді
игерген соң ойын басталады.
Мазмұны:
балаларды 1 «ұры» және 2 «полицей» етіп
тағайындап, үштіктерге бөледі. Барлық
үштіктер алаңның орталық сызығына
орналасады (ұрылар полицейлердің
ортасына тұрады). Бапкердің белгісі
бойынша ұры кез келген қапталдағы
сызық бойымен (ортаңғы сызықтан 10 м
жерден сызылған) жүгіреді. Полицейлер
ұрының жүгіру бағытын анықтап, сол
сызықты ұрыдан бұрын өтуге тырысады.
Сызықтан бірінші болып өткен бала 3
ұпай, екінші келген – 2 ұпай, ал үшінші
келген бала – 1 ұпай алады. Белгілі
бір уақыттан соң балалар рөлдерімен
ауысады.
Тапсырманы
орындауға қойылатын талаптар:
Әр команда бойынша есеп жүргізіледі.
Қапталдағы сызықтың қашықтығы біртіндеп
ұлғайтылады (20 м дейін). Доппен бұрылу
және денемен алдау әрекеттерін қолдану.
Әр адым сайын аяқты допқа тигізу.
|
5.
|
4×4
+ қақпашылар
ФУТБОЛ
ОЙЫНЫ
|
14
мин.
|
Міндеті:
допты
қадағалау және доппен бұрылудың
техникалық дағдыларын шыңдау.
Футболшылардың
ойын кезінде жан-жақтарын (кеңістікті)
бағдарлай білу біліктіліктерімен
таныстыру.
Мазмұны:
көлемі 20×20 м болатын алаңда (20×40 м
алаңының жартысы) аз құраммен ойнау.
Қақпаның
көлемі 1×1,5 м.
Тапсырмаға
қойылатын талаптар:
допты
қабылдаған соң, оны бірден теппей,
техникалық тәсіл жасау керек: доппен
«адымдап» қозғалу, доппен бұрылып,
ойыншы жоқ аумаққа ауысу, жақсы
көңіл-күйді сақтай білу, ойыннан ләззат
алу.
|
Қорытынды
бөлім
2 минут
|
6.
|
Жеңіл
жүгіріс, жүру және иілгіштікті дамыту.
|
2
мин.
|
|