400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережелерін үйрету әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережелерін оқушыларға тиімді үйрету арқылы жарақаттың алдын алу, қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыру және оқушылардың салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

1

Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «И.Ф.Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін
орта мектебі» КММ













Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережелерін үйрету әдістемесі

(Әдістемелік құрал)








Денешынықтыру пәні мұғалімі: Жақұда Рүстем Бақытнұрұлы














2025-2026 оқу жылы


Page 2

2

Түсінік хат

Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердегі дене
шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған. Құралда дене шынықтыру сабағы
барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарақаттың алдын
алу, тәртіпті сақтау және денсаулықты қорғау мақсатында жүргізілетін
жұмыстар мен оларды оқыту әдістемесі жан-жақты қарастырылған.
Дене шынықтыру сабағы – оқушылардың дене дайындығын дамыту ғана
емес, сонымен қатар олардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға
бағытталған маңызды пәндердің бірі. Қимыл-қозғалыс белсенділігі жоғары
болғандықтан, бұл сабақта қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау – басты
талаптардың бірі. Қауіпсіздік ережелерін дұрыс меңгермеген оқушы әртүрлі
жарақат алуы мүмкін, ал бұл оқу процесіне, жалпы өмір сапасына кері әсер
етеді.
Әдістемелік құралда оқушыларға қауіпсіздік ережелерін жүйелі әрі
тиімді түрде түсіндіру, оны жас ерекшеліктеріне сай жеткізу, сабақ
құрылымына дұрыс енгізу, практикалық жұмыстармен бекіту жолдары
ұсынылады. Сонымен қатар мұғалімнің жауапкершілігі, бақылау, алдын алу
шаралары, құрал-жабдықтармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
да нақты мысалдармен берілген.
Құралда бастауыш, орта және жоғары буын оқушыларына арналған
түсіндіру әдістері жеке қарастырылып, әр жастағы оқушылардың қабылдау
ерекшеліктері ескерілді. Сондай-ақ, дене шынықтыру залында, спорт
алаңында, ашық ауада және спорттық құралдармен жұмыс кезіндегі сақтық
шаралары қамтылған.

Мақсаты:
Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережелерін оқушыларға тиімді үйрету
арқылы жарақаттың алдын алу, қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыру және
оқушылардың салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін дамыту.
Міндеттері:
1. Оқушыларға дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелерін түсінікті
әрі жүйелі түрде үйрету жолдарын ұсыну.
2. Қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жарақаттардың алдын алу әдістерін
көрсету.
3. Жас ерекшеліктеріне сай түсіндіру және бақылау тәсілдерін сипаттау.
4. Мұғалімнің сабақ барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін
нақтылау.
5. Оқушылардың өзіндік жауапкершілік сезімін, тәртіп пен сақтық
дағдыларын қалыптастыру.
6. Практикалық мысалдар мен жаттығулар арқылы қауіпсіздік ережелерін
бекіту жолдарын ұсыну.



Page 3

3


1. Кіріспе

Дене шынықтыру сабағы — қимыл-қозғалысқа толы пән. Сондықтан
әрбір оқушы үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау — маңызды талап. Бұл
әдістемелік құрал дене шынықтыру сабағында жарақаттардың алдын алу,
оқушыларға жауапкершілік қалыптастыру және қауіпсіз орта құру жолдарын
қарастырады.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде оқушылардың жан-жақты дамуына,
оның ішінде денсаулығын нығайту мен салауатты өмір салтын
қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл міндетті жүзеге асыруда дене
шынықтыру пәнінің орны ерекше. Алайда бұл пәннің специфик асы –
оқушылардың белсенді қимыл-қозғалысқа, физикалық жүктемеге толы
әрекеттері – олардың жарақат алу қаупін арттырады. Сол себепті дене
шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережелерін сақтау және оны жүйелі түрде
оқыту – басты шарттардың бірі болып табылады.
Қауіпсіздік – бұл жай ғана ереже жиынтығы емес, ол мұғалім мен
оқушы арасындағы сенімділік, тәртіп және жауапкершілікке негізделген
мәдениет. Мұғалімнің міндеті — тек жаттығуларды орындауға үйрету ғана
емес, сонымен қатар оқушыны қауіпсіздік техникасын саналы түрде
орындауға дағдыландыру, түсіністікпен қабылдай алатындай деңгейде
жеткізу.
2. Қауіпсіздік ережесінің маңызы
Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережелерін сақтау – оқу
процесінің ең басты талаптарының бірі. Бұл ережелер оқушылардың өмірі мен
денсаулығын қорғауға, сабақтың тиімді әрі нәтижелі өтуіне тікелей әсер етеді.
Себебі дене шынықтыру сабағы — оқушылардың белсенді қозғалысқа түсетін,
физикалық күш жұмсайтын, арнайы спорт құралдарын пайдаланатын пән.
Мұндай жағдайда жарақат алу қаупі жоғары болады. Сондықтан қауіпсіздік
техникасын сақтау – оқушы мен мұғалімнің ортақ міндеті.
Қауіпсіздік ережелерінің маңызын бірнеше бағыт бойынша атап
көрсетуге болады:
1. Оқушылардың денсаулығын сақтау
Қауіпсіздік шаралары оқушылардың жарақат алу қаупін азайтып,
денсаулығын сақтауға көмектеседі. Әсіресе бастауыш және орта буындағы
оқушылар физикалық қауіптерді толық сезіне бермейтіндіктен, мұғалімнің
түсіндіруі мен қадағалауы өте маңызды.
2. Жауапкершілік пен тәртіп қалыптастыру
Қауіпсіздік ережелерін үйрету арқылы оқушыларда өзін-өзі бақылау,
жауапкершілік пен тәртіпке бағыну дағдылары қалыптасады. Бұл тек дене
шынықтыру сабағында ғана емес, өмірде де қажет болатын мінез-құлық
нормаларына үйретеді.
3. Жарақаттың алдын алу


Page 4

4

Дұрыс ұйымдастырылған сабақ, мұғалімнің нұсқаулығы мен ережелерге
сай орындалған жаттығулар әртүрлі жарақаттың алдын алуға мүмкіндік
береді. Қауіпсіздік талаптарын елемеу оқушы өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
4. Мұғалімнің кәсіби міндетін орындауы
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз
етпесе, бұл кәсіби және құқықтық тұрғыда жауапкершілікке алып келуі
мүмкін. Сондықтан мұғалім әр сабақта қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп,
оқушылардан орындауды талап етуі тиіс.
5. Сапалы оқу процесіне жағдай жасау
Сабақ барысында оқушылар өздерін қауіпсіз сезінсе, жаттығуларды
еркін, сенімді орындайды. Бұл олардың физикалық дамуына, оқу
жетістіктеріне оң әсер етеді.

3. Қауіпсіздік ережелерін оқыту әдістері
Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережелерін тиімді үйрету –
мұғалімнің кәсіби шеберлігінің бір көрінісі. Бұл ережелерді оқушылар тек
жаттап қана қоймай, саналы түрде түсініп, күнделікті әрекетінде қолдануы
қажет. Сол үшін оқыту әдістері оқушының жас ерекшелігіне, сабақ мазмұнына
және оқу ортасына сай таңдалуы тиіс.
Қауіпсіздік ережелерін үйретудің негізгі әдістері төмендегідей:
1. Ауызша түсіндіру әдісі
Сабақ басында немесе жаңа жаттығуды бастар алдында мұғалім
оқушыларға нақты, қысқа әрі түсінікті түрде қауіпсіздік талаптарын
түсіндіреді. Бұл – ең жиі қолданылатын, қарапайым әрі тиімді әдіс.
2. Көрнекілік әдісі
Бейнежазбалар, суреттер, нұсқаулық плакаттар, слайдтар арқылы
қауіпсіздік ережелерін көрсету оқушылардың көру арқылы есте сақтау
қабілетін арттырады. Бұл әдіс әсіресе бастауыш сынып оқушыларына өте
тиімді.
3. Тәжірибелік әдіс
Мұғалім жаттығуды өзі көрсетіп, қалай дұрыс және қауіпсіз орындау
керектігін түсіндіреді. Содан кейін оқушылар мұғалімнің бақылауымен сол
әрекетті қайталайды. Бұл – қауіпсіздік ережелерін нақты әрекет барысында
меңгерудің ең нәтижелі жолы.
4. Жаттығу және бекіту әдісі
Қауіпсіздік ережелерін әр сабақта қайталап, түрлі жағдайларда қолданып
көру арқылы оқушыларда тұрақты дағды қалыптасады. Мысалы, секіру,
жүгіру, құралмен жұмыс істеу алдында әрдайым ережелерді еске түсіру.
5. Ойын әдісі
Кішкентай жастағы оқушылар үшін ойын элементтерімен үйрету –
ережені меңгертудің қызықты әрі жеңіл жолы. «Дұрыс – бұрыс», «Не істеуге
болмайды?» сияқты ойын түрлері арқылы қауіпсіздік ережелері тез есте
сақталады.
6. Сұрақ-жауап және талқылау әдісі


Page 5

5

Оқушылармен бірге «Егер бұлай болса не болады?» деген сұрақтар
арқылы қауіп-қатерді талқылап, оның салдарын түсіндіру. Бұл әдіс
оқушылардың логикалық ойлауын, жауапкершілік сезімін арттырады.
7. Топтық жұмыс әдісі
Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қауіпсіздік ережелері бойынша
постер жасату, ереже жаздыру, жағдаяттарды шештіру – ережелерді белсенді
түрде меңгеруге ықпал етеді.
Қауіпсіздік ережелерін үйретуде әдістердің әртүрлі болуы маңызды.
Бірнеше әдісті қатар қолдану арқылы оқушылардың ережені түсінуі де,
сақтауы да сапалы болады. Мұғалімнің міндеті – тек ережені айту емес, оны
оқушының санасына жеткізу және күнделікті әрекетінде қолдануға үйрету.

4. Ережені жаттау және еске түсіру әдістері
Қауіпсіздік ережелерін оқушылар тек бір рет естіп қана қоймай, оны
тұрақты түрде есте сақтап, әр сабақта қолдана алуы қажет. Ол үшін жаттау
және еске түсіру әдістерін жүйелі түрде пайдалану маңызды. Бұл әдістер
оқушылардың тәртіпке бағынуын, қауіпсіз ортада еркін әрекет етуін
қамтамасыз етеді.
1. Қайталау арқылы бекіту
Әр сабақтың басында немесе жаңа жаттығуға көшкенде мұғалім
оқушыларға қысқаша қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп отырады. Бұл
тұрақты қайталау оқушы жадында ұзақ сақталуына ықпал етеді.
2. Қысқа ереже формуласы
Ережелерді қысқа, нақты, есте сақтауға оңай сөйлемдермен айту (мысалы:
«Қашықтықты сақта», «Бұйрықты күт», «Құралды орнымен қолдан») –
балалардың есте сақтауына көмектеседі.
3. Визуалды материалдармен жаттау
Сынып немесе спорт залында ілулі тұрған плакаттар, сызбалар, белгілер
оқушыларға визуалды түрде ережені еске түсіреді. Әсіресе төменгі сынып
оқушылары үшін бұл өте тиімді.
4. Сұрақ-жауап арқылы тексеру
Сабақ басында немесе соңында «Қандай жаттығу алдында не істеу
керек?», «Нені істеуге болмайды?» сияқты сұрақтар қойып, оқушының
жауабын тыңдау арқылы ережені еске түсіруге болады.
5. Сергіту сәті арқылы жаттау
Қауіпсіздік ережесін әнмен, тақпақпен немесе қимыл арқылы сергіту
сәтіне айналдыру – қызықты әрі тиімді тәсіл.
6. Рөлдік жағдаяттарды ойнау
Оқушылар «дұрыс» және «дұрыс емес» әрекеттерді бейнелейтін рөлдерге
бөлініп, сол жағдайды сахналап көрсетеді. Бұл әдіс ережені қолдану мен есте
сақтауға мүмкіндік береді.
7. Электронды құралдармен еске түсіру
Интерактивті тақта, слайд, бейнеролик, мультфильм арқылы қауіпсіздік
ережелерін қайталау – қазіргі заман баласына өте қолайлы әдіс.


Page 6

6

Ережені жаттап, оны үнемі еске түсіріп отыру – қауіпсіздік мәдениетін
қалыптастырудың негізгі бөлігі. Мұғалімнің жүйелі жұмысы мен әртүрлі
әдістерді тиімді қолдануы оқушының тәртіпке бағынуын, қауіпсіз әрекет
жасауын қамтамасыз етеді.
Ережені жаттап, оны үнемі еске түсіріп отыру – қауіпсіздік мәдениетін
қалыптастырудың негізгі бөлігі. Мұғалімнің жүйелі жұмысы мен әртүрлі
әдістерді тиімді қолдануы оқушының тәртіпке бағынуын, қауіпсіз әрекет
жасауын қамтамасыз етеді.

5. Тәртіп бұзған оқушылармен жеке жұмыс
Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережелерін елемеу немесе
сақтамау — оқушының өзі мен өзгелердің денсаулығына қауіп төндіретін
жағдай. Сондықтан тәртіп бұзған оқушылармен алдын ала жұмыс жүргізу —
мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі. Мұндай оқушылармен жұмыс тек
жазалау емес, керісінше, түсіндіру, сенім орнату және тәрбие беру бағытында
жүргізілуі тиіс.
1. Жеке әңгімелесу
Сабақ соңында немесе үзіліс кезінде оқушымен бетпе-бет сөйлесу тиімді.
Мұғалім оның тәртібінің салдары туралы түсіндіреді, не себепті ережені
бұзғанын анықтап, оның ішкі себептерін түсінуге тырысады.
2. Жағдаятты бірге талдау
Оқушымен бірге сабақтағы қауіпті жағдайды немесе оның қате әрекетін
талдап, оның орнына не істеу керек екенін бірге қарастыру — жауапкершілік
сезімін арттырады.
3. Мінез-құлықты бақылау парағы
Қажет жағдайда оқушыға күнделікті мінез-құлқын бақылауға арналған
қысқа парақ беріліп, әр сабақтағы тәртібі бағаланып отырады. Бұл әдіс өзін-өзі
бақылау дағдысын дамытады.
4. Ата-анамен байланыс орнату
Тәртібі үнемі бұзылатын оқушының ата-анасымен тығыз байланыста
болып, үйде де осы тәртіп ережелерін түсіндіру – тәрбие нәтижесін арттырады.
5. Қоғамдық тапсырма беру
Оқушыға сабақ кезінде құралдарды жинау, сызбаларды ілу, топқа
көмектесу сияқты кішігірім жауапты тапсырмалар беру арқылы оның сенімді
тұлға екенін көрсетуге болады.
6. Психологиялық қолдау
Кейде тәртіп бұзушылықтың себебі эмоционалдық күйзелісте немесе
назар аудартқысы келуде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оқушымен жылы,
түсіністікпен сөйлесу, психологпен бірлесе жұмыс істеу ұсынылады.
Тәртіп бұзған оқушылармен жеке жұмыс жазалауға емес, түзету мен
дамытуға бағытталуы тиіс. Мұғалімнің сабырлы, әділ, әрі жүйелі жұмысы
арқылы оқушыны қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жауапкершілікке
үйретуге болады.


Page 7

7

6. Жас ерекшеліктеріне байланысты тәсілдер
Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру барысында
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру – тиімді оқытудың маңызды шарты.
Әр жас кезеңіндегі баланың қабылдау қабілеті, ойлау деңгейі мен тәртіпке
бағыну дағдылары әртүрлі болғандықтан, түсіндіру тәсілдері де соған сай
болуы қажет.
1. Бастауыш сынып (1–4 сынып):
Бұл жастағы балалардың зейіні тұрақсыз, ойлау нақты әрекетке негізделген.
Сондықтан қауіпсіздік ережелерін түсіндіру кезінде:
- Қарапайым, қысқа, нақты сөздер қолдану
- Көрнекі құралдар (плакат, сурет, белгілер) пайдалану
- Жаттығу алдында және барысында ережені бірнеше рет қайталау
- Ойын арқылы үйрету («Не дұрыс? Не бұрыс?»)
- Мақтау арқылы ынталандыру тәсілдері тиімді

2. Орта буын (5–7 сынып):
Бұл кезеңде оқушылар логикалық ойлауды бастайды, бірақ тәртіпті әлі
де сыртқы бақылаумен сақтайды. Мұғалім:
- Жағдаяттық сұрақтар қою («Егер сен... болсаң не істер едің?»)
- Қауіпсіздік ережелерінің салдарын түсіндіру
- Қысқаша ережелерді жаттату
- Қауіпсіздік бойынша шағын тапсырмалар (постер салу, топтық талдау)
- Құрал-жабдықпен жұмыс істеуді көрсетіп, бірге қайталау әдістерін қолдануы
қажет

Жоғары сынып (8–11 сынып):
Бұл жаста оқушылар жауапкершілікті түсіне бастайды, өз пікірін
қалыптастырады. Оларға:
- Қауіпсіздік ережелерін сыныппен бірге талқылатып, себеп-салдарын
логикалық тұрғыда түсіндіру
- Топтық, жобалық жұмыстар арқылы жауапкершілік жүктеу
- Ережені бұзудың нақты салдарын (мысалы, жарақат жағдайлары) талдау
- Өзін-өзі бағалау мен рефлексия жасау тапсырмаларын беру тиімді
Оқушылардың жас ерекшелігіне сай тәсілдерді дұрыс қолдану арқылы
мұғалім қауіпсіздік ережелерін түсінікті, есте қаларлық, әрі жауапкершілікпен
қабылданатын деңгейге жеткізеді. Бұл – денсаулықты сақтаудың және тәртіпті
қалыптастырудың басты жолы.

7. Практикалық мысалдар мен жаттығулар
Қауіпсіздік ережелерін тиімді меңгеру үшін оқушылар оларды тек теория
жүзінде емес, нақты әрекет арқылы үйренуі қажет. Сабақ барысында
жүргізілетін практикалық жаттығулар арқылы балалар ережелерді дұрыс
қолдануды, тәртіп сақтауды және сақтықпен қимыл жасауды үйренеді.
1. Жылыту жаттығулары кезінде:


Page 8

8

- Мұғалім оқушыларға арақашықтық сақтау, қатардан шықпау, өз осінен аспау
ережелерін ескертіп, дұрыс көрсетіп, бірлесіп орындайды.
Мысал:
– «Аяқтарың арасы бір иық көлемінде ашық болсын.»
– «Қолдарыңмен жан-жағыңдағы оқушыға тимейтіндей арақашықтық
сақтаңдар.»
2. Қозғалыс ойындары алдында:
- Ойын шартын толық түсіндіру
- Ойын алаңының шекарасын белгілеу
- «Стоп» немесе ысқырық белгісіне дереу тоқтау жаттығуын өткізу
Мысал ойын:
– «Қарлығаш пен жәндіктер» ойынында оқушылар қауіпсіз аймақтан шықпай,
белгі бойынша әрекет етеді.
3. Спорттық құралмен жұмыс:
- Құралды қалай дұрыс ұстау, қолдану, орнына қоюды көрсету
Мысал:
– Гимнастикалық таяқпен жаттығу алдында:
«Құралды жерге тастамаңдар», «Жолдастарыңа бағыттамаңдар» деген
ескертулер беріледі.
4. Секіру және жүгіру жаттығуларында:
- Бастапқы және аяқтау сызығын белгілеу
- Жолақта бір бағытпен жүгіруді қадағалау
- Секіртпе, доп сияқты құралдарды дұрыс пайдалану
Мысал:
– Кедергілер арасынан жүгіріп өту жаттығуында:
«Кедергіге соғылмау», «Бір-біріне жақындамау», «Кезекпен орындау»
ережелері ескертіледі.
5. Ашық ауада сабақ кезінде:
- Жер бедерін тексеру (шұңқыр, тас, су т.б.)
- Ауа райына сай киіну (аяқ киімнің табаны таймайтын болуы керек)
Мысал:
– Қыс мезгілінде шаңғы сабағы алдында:
«Бағдардан шықпау», «Қауіпсіз қашықтық сақтау», «Құлаған жағдайда
орнынан тұрып белгі беру» ережелері жаттығу түрінде қайталанады.
6. Қайталау және қорытынды жаттығу:
- Сабақ соңында «Қай ережені сақтадық?», «Қандай қауіп болуы мүмкін еді?»
деген сұрақтармен шолу жасалады.
- Оқушылар өз қимылдарына рефлексия жасап, дұрыс-бұрысын талдайды.
Практикалық жаттығулар арқылы оқушылар ережені тек жаттап қоймай,
әрекет арқылы саналы түрде қабылдайды. Бұл қауіпсіз, жауапты, тәртіпті
оқушы бейнесін қалыптастыруға көмектеседі.



Page 9

9

8. Қорытынды

Қауіпсіздік — тек мұғалімнің емес, оқушының да ортақ міндеті. Жүйелі
түрде түсіндіру, бақылау және тәрбиелеу арқылы дене шынықтыру сабағы
тиімді әрі қауіпсіз өтуі мүмкін. Бұл әдістемелік құрал мұғалімдерге оқу
үдерісінде қауіпсіз ортаны қамтамасыз ете отырып, дене шынықтыру
сабағының сапасын арттыруға көмектеседі. Оқушылардың өзін-өзі ұстау,
қауіпсіздік ережелерін меңгеру дағдыларын қалыптастыра отырып, жарақат
алу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік құралда дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік
ережелерін үйретудің тиімді әдістері, жас ерекшеліктеріне қарай түсіндіру
жолдары, практикалық ұсыныстар мен нақты мысалдар қамтылған. Сонымен
қатар, құралда сабақ барысында кездесуі мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу,
жарақаттар туындағанда алғашқы әрекет ету, спорттық жабдықтармен жұмыс
істеу кезіндегі сақтық шаралары жүйеленіп берілген.
Әдістемелік құралдың басты мақсаты — мұғалімдерге бағыт-бағдар
бере отырып, оқу-тәрбие процесін қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыруға
көмектесу. Бұл құралды тек пән мұғалімдері ғана емес, мектеп әкімшілігі,
сынып жетекшілер мен ата-аналар да қолданып, бірлескен түрде оқушы
қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
Қорыта келе, қауіпсіздік ережелерін сақтау – тек формальды талап емес,
ол – оқушылардың денсаулығы мен өміріне, сабақтың сапасына және жалпы
оқу мәдениетіне тікелей әсер ететін маңызды фактор.

---






7. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР БҒМ. Жалпы білім беру ұйымдарына арналған дене шынықтыру пәнінің
бағдарламасы.
2. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі. – Алматы, 2021.
3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар мен оқу құралдары.
4. Қауіпсіздік техникасы ережелері. (Мектеп құжаты)
5. Интернет ресурстар: bilimland.kz, openedu.kz






Page 10

10















Мазмұны:

Түсінік хат........................................................................................................... .2
Кіріспе. Қауіпсіздік ережесінің маңызы.............................................................3
Қауіпсіздік ережелерін оқыту әдістері................................................................4
Ережені жаттау және еске түсіру әдістері..........................................................5
Тәртіп бұзған оқушылармен жеке жұмыс..........................................................6
Жас ерекшеліктеріне байланысты тәсілдер. Практикалық
мысалдар мен жаттығулар....................................................................................7
Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................9


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
60
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі