Дене шынықтыру сабағында ұлттық спорттың маңызы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дене шынықтыру сабағында ұлттық спорттың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі мектептегі дене шынықтыру сабағы оқушылардың денсаулығын нығайтумен қатар, ұлттық тәрбие берудің маңызды құралы болып табылады. Осы бағытта қазақтың ұлттық спорт түрлерін сабақ барысында қолдану жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Науырзым ауданы білім бөлімінің

Жамбыл жалпы білім беретін

мектебі» КММ дене шынықтыру

пәні мұғалімі Хамзин Айдос Бейсенбаевич


Дене шынықтыру сабағында ұлттық спорттың маңызы


Қазіргі мектептегі дене шынықтыру сабағы оқушылардың денсаулығын нығайтумен қатар, ұлттық тәрбие берудің маңызды құралы болып табылады. Осы бағытта қазақтың ұлттық спорт түрлерін сабақ барысында қолдану жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырады.

Ұлттық спорт түрлері халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Асық ату, арқан тарту, қазақша күрес, тоғызқұмалақ сияқты ойындар оқушылардың күшін, ептілігін, шапшаңдығын және ойлау қабілетін дамытады. Сонымен қатар бұл ойындар ұжымдық бірлікті нығайтып, өзара сыйластық пен әділдікке тәрбиелейді.

Дене шынықтыру сабағында ұлттық спорт элементтерін жүйелі түрде қолдану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Мұндай сабақтар балалардың белсенділігін күшейтіп, салауатты өмір салтын ұстануға жетелейді. Ұлттық ойындар арқылы оқушылар өз халқының мәдениетін тереңірек танып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйренеді.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.

Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.

Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Оқушы ана тілінде түсінікті және таныс қимыл жаттығуды сөзбен де, онан соң іс жүзінде де орындай білу керек. Жаттығуды өз бетімен түсініп орындауы оның ақыл ойының, сол қимыл жайлы түсінігінің және сол қимылдарға байланысты тілінің дамуына мүмкіндік туғызады. Сөзбен берілген іс әрекетті дәл ме дәл түсініп, қимылға айналдырады. Бұдан әрі бастауыш мектеп оқушылары онша күрделі емес, қимыл жаттығу ойындарды өз беттерінше орындай алады және алдағы осы қимылдарға сай келетін ойын – жаттығуларды да өз бетінше орындай алатын болады. Бұған қатысты И.М. Сеченов “ Түсінген нәрсені ғана еске түсіруге болады. Естіген сөздің мәні басты роль атқарады” деген.

Дене тәрбиесі сабағында қимыл жаттығуларды үйрету сөзбен және сол сөзге байланысты ұлттық ойындарды бүгінгі талапқа байланысты қолданылуы тиіс.

Қорытындылай келе, дене шынықтыру сабағында ұлттық спортты насихаттау – жас ұрпақты жан-жақты дамыған, рухы биік, дені сау азамат етіп тәрбиелеудің тиімді жолы.Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі