400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дене шынықтыру сабағындағы сергіту жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың оқуды өте жеңіл және мазмұнды қабылдаудың көптеген әдістері бар. Соның бірі тапсырманы орындаған кезде оқушыларды белсенді дем алуға үйрету. Белсенді дем алыстың ең тиімді түрі: қысқаша дене жаттығуларын жасау. Олар денешынықтыруда сергіту сәттері деп аталады. Бұл жөнінде не білі керек. Ұзақ уақыт жұмыс істеп немесе жазу жазған жағдайда оқушы тез шаршау салдарынан жұмыс қабілеті төмендейді. Сонымен қатар бұлшық ет шаршауы күшейеді, дене бітімі қисаяды, бас кеудеге түсіп, иық бүгіліп арқа бүкірейеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дене шынықтыру сабағындағы сергіту жаттығулары

1.Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.



2.Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.



3.Орнымыздан тұрамыз, 
Қос бүйірді сығамыз, 
Оңға, солға бұрылып, 
Бір айналып шығамыз. 
Бір ,екі, үш,төрт, бес 
Қолды қолға ұрамыз. 

4.Көп отырып, шаршадық, 
Қозғалуды аңсадық 
Жүгіргіміз келеді 
Әдемілеп ән салып. 

5.Топ-топ басайық 
Жаттығулар жасайық 
Қайырымды жан болып. 
Жамандықтан қашайық. 

6.Ұшқандай боп кекілік, 
Биік-биік секіріп, 
Ойнап-ойнап, тез өсіп, 
Кетеміз біз жетіліп. 

7.Тұрып қалмай жатайып, 
Бір еңкейіп, шалқайып, 
Жылдам-жылдам қозғалып, 
Асқақ әндер айтайық. 

8.Ал, балалар,тұрайық 
Қолымызды созайық 
Бір отырып, бір тұрып 
Бір демалып алайық. 

9.Жел соғады бетіме 
Тоғайлар да желпуде 
Жел тына қалған кезде 
Тоғайлар биік көрінуде. 


10.Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.


11.Қане,қане тұрайық, 
Үлкен шеңбер жасайық 
Тұрсақ шеңберге 
Алақанды ұрайық. 
Оң жақтағы балаға 
Шапалақта шапалақ. 



12.Боран соғады оң жақтан 
Боран соғады сол жақтан 
Қар лақтырып ойнасаң 
Су өтеді қолғаптан. 



13.Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.


14.Добым добым домалақ 
Қайда кеттің домалап 
Үстел үстін бүлдірдің 
Тарелкені сындырдың. 


15.Оң қолымда бес саусақ 
Сол қолымда бес саусақ 
Қоссақ егер екеуін 
Болады екен он саусақ. 


16.Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.



17.Буратино тік тұрып, 
Оңға қарай еңкейді, 
Солға қарай еңкейді 
Кілтін іздей бастады 
Бірақ кілтін таппады 
Кілтін іздеп табу үшін, 
Биікке қарай қол созды. 


18.Аю тік тұрып, 
Оңға қарай еңкейді, 
Солға қарай еңкейді, 
Добын іздей бастады. 
Бірақ допты таппады 
Добын іздеп табуүшін 
Биікке қарай қол созды. 



19.Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.


20.Шөре, шөре лағым, 
Тентек болма, пырағым 
Секектеме, деміңді ал 
Селтеңдемей құлағын. 

15.Қорбаңдаған аюдың 
Құлпынайы көп екн. 
Теріп-теріп алайық, 
Қалтамызға салайық. 

16.Әдемі әтеш 
Таң атпай тұрыпты, 
Ойқастап жүріпті, 
Жан-жаққа қарапты 
Айдарын тарапты. 

17.Тап-таза тұнық суда, 
Балық жүзіп ойнауда 
Біресе керіледі, 
Біресе жиырылады 
Ал, енді бірде суға тығылады. 

18.Гүл өсірем үйде 
Су құямын күнде 
Гүл біткен біледі, 
Бойын сылап күледі. 
Күнде гүлін ашаы, 
Жұпарын маған шашады. 

19.Көкке ұшамын 
Ұшқыш болар баламын 
Соңына еремін, 
Ер ғарышкер ағаның. 

20.Добым, добым домалақ 
Тоқтамайсың домалап 
Үстел үстін бүлдірдің 
Тарелкені сындырдың 
Тентек болып кеттің деп 
Тұрымн сені тепкім кеп. 

21.Еңбек сүйгіш құмырсқа 
Ерте шығып жұмысқа, 
Жазда астық тасиды, 
Толтырады ас үйді. 

22.Біз гүлдерше өсемін 
Жапырағы жақалған 
Сабақтары салалы, 
Желге ырғалып шайқалды. 

23.Ұзын құлақ сұр қоян, 
Естіп қалып сыбдырды 
Ойлы қырлы жерлермен 
Ытқып-ытқып жүгірді. 
Қарап еді артына 
Қиығын сап көзінің 
Келе жатқан томпаңдап 
Көзжегі екен өзінің. 

24.Қане қанат жазайық 
Қарлығаш боп ұшайық 
Ұшып-ұып алайық 
Орымызға қонайық. 

25.Жалт-жұлт етіп лақ 
Жағалайсың бұлақ 
Секірем деп бірақ 
Қала көрме құлап. 

26.Тышқан шықты інінен 
Сағат неше болды?- деп 
Сағат бауын тартып еді 
Салдырайды барлық жер. 

27.Күннің нұры шуақты 
Сергітеді денемді 
Құрдастарым сияқты, 
Оқушымын мен енді. 

28.Құлпыра берші кең дала, 
Гүліңді мен терейін 
Жапырағыңмен жасыршы 
Қойныңа мен енейін. 

29.Тік ұстап денеңді, 
Сапқа тұр сен енді, 
Жанға сеп шынығу 
Жаттығу тынығу 
Сымбатты болу да 
Өзіңнің қолында. 

30.Аппақ боп таң атты 
Түтін тік боп ұшады, 
Қарлығаштар қанатын 
Самғап биік ұшады 
Қоюланып қара бұлт 
Төкті жаңбыр себедеп 
Жапырақты жамылып 
Бұға қалды көбелек. 






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
2357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі