400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене шынықтыру тәрбие жүйесінде шаңғы спортының орны

Материал туралы қысқаша түсінік
Шаңғы спорты – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан — жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәріс № 2

1.2 Тақырып: Дене шынықтыру тәрбие жүйесінде шаңғы спортының орны



Жоспар:

  1. Дене тәрбиесі сабақтарындағы шаңғы спортының жағдайы.

  2. Қысқы олимпиадалық ойындарда шаңғы спортының алатын орны.

  3. Жаттығулар жіктемесі.


Дене тәрбиесі сабақтарындағы шаңғы спортының жағдайы


Шаңғы спорты  – қоғамдағы  жалпы  мәдениеттің  бөлігі, адамның  дене  қабілеттерін  дамыту   мен денсаулығын  нығайтуға  бағытталған  әлеуметтік қызметтің  бір  саласы. Жастардың  жан —  жақты  дамуын  дене  тәрбиесінсіз  елестету  мүмкін  емес. Денесі  жақсы  дамыған  деп  күн  режиміне  спортпен  жүйелі  айналысуды енгізген,  ағзаның  шынығуы  үшін  табиғи  факторларды тұрақты  пайдаланатын, жұмысты  белсенді   демалыспен  кезектестіріп  отыратын жас  адамды  айтамыз. Біздің  елімізде  кәсіподақтардың  бірыңғай  ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары  құрылған. Оның  негізгі  міндеттерінің  бірі  балалар мен жеткіншектердің  арасында  дене  шынықтыру – сауықтыру  және  спорт жұмыстарын ұйымдастыру  болып  табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және  жеткіншектік  жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде  дене  жаттығуларымен  айналысу  кажеттілігі қалыптасады, дағдылар  мен іскерліктер  жинақталады, спортқа қызығушылық  калыптасады.Айтылған  кұрал  өсіп  келе  жатқан  ағза  үшін  маңызды сауықтыру мәнге ие.

Бұл біріншіден,  дене  жаттығуларының арқасында  қоршаған  ортаның  жағымсыз  факторлары   мен  жұқпалы  ауруларға  ағзаның  қарсылығы  артатындығымен  түсіндіріледі. Басқа сөзбен  айтқанда, денесі мықты және шыныққан  адам  сирек  ауырады.

Екіншіден, өсу  мен даму  процесі  ынталандырылады, жылуды  реттеу  реакциясы  жетілдіріледі, яғни  салқыннан  болатын  сырқаттануға  қарсылық   артады.

Үшіншіден, ақыл-ой  және  дене қабілеттерінің  артуына себепкер  болатын  шыдамдылық,  күш,  жылдамдық  пен  икемділік  секілді   қасиеттер  дамиды. Ақырында,  дене жаттығуларымен айналысу  жағымды  эмоционалды  жағдайды  туғызады,  сергектік  пен  сенімділік  қолдайды[3].

Шаңғымен шұғылданған кезде жел соғады, спортшының өзінің жылдамдық қозғалысының үдеуі бар. Әсіресе, солтүстік өңірлерде ауа райының температурасы, желдің жылдамдығы ескерілгені жөн болады.Балалардың шаңғы тебуді  қалыптастыру үшін мынадай іс-әрекеттер атқарылады: денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту; өмірлік мәнді қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру; қозғалыс қабілеттерін дамыту және үйлестіру; дене мәдениеті және спорт саласында қажетті білімдерді игеру; денені шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға қажетті қабілеттерді үйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттерін арттыру; адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, психикалық үдерістер мен жеке тұлғаның қасиеттерін дамыту.  Шаңғы тебу  бойынша бағдарламалық материалдарды оқушылар ойдағыдай меңгеруі үшін мынадай талаптарды орындайды: дене тәрбиесі сабақтарына міндетті түрде қатысу; өзінің денесінің даярлығын арттыру және спорттық шеберлігін жетілдіру; жыл ішінде бағдарламалық материалдың негізгі бөлімдері жөніндегі бақылау көрсеткіштерін орындау; мектепте спорттық-бұқаралық бағытта өткізілетін іс-шараларға және денені шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына белсене қатысу; дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің нұсқау-кеңестерін пайдалана отырып, дене жаттығуларын өз бетінше жасау; дене тәрбиесі пәніне қосымша бағдарламаның теориялық бөлімінің талаптарын білу және тәжірибе жүзінде қолдану; әрбір оқу жылында бітіретін сыныптарда дене мәдениеті бойынша білімін анықтау үшін сынақ тапсыру; әрбір оқушының жеке спорт киімінің болуы. Балалардың дене мәдениеті бойынша білімі мен тәрбиесіне, олардың дене мәдениетін қалыптастыруға біршама ғылыми зерттеулер арналған. Алайда, аталған жұмыстарда жалпы орта білім беру мектептері оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, олардың тұлғалық дамуын ескерумен байланысты ерекшеліктер жеткілікті ашылмаған. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі дамуы, жақын болашақта дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр[1].


Қысқы олимпиадалық ойындарда шаңғы спортының алатын орны.

1924 ж. Шамони (Франция) каласында "VIII Олимпиялық (жазғы) ойындар қарсаңындағы халықаралық спорт апталығы" атты жарыс өткізілді. Бұл апталыққа Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Италия, Канада, Латвия, Норвегия, Польша, АҚШ, Финляндия, Франция, Чехославакия, Швейцария, Швеция сынды қысқы спорт ойындары дамыған Солтүстік елдердің танымал спортшылары да аталмыш жарысқа түгел дерлік келді. Спорттың 5 түрі бойынша 14 жарыс түрінде жүлделі орындар сарапқа салынды. Бағдарлама құрамына бобслей, шаңғы спорты, трамплиннен секіру, қоссайыс, мәнерлеп сырғанау спорты бойынша жарысқа түсті.

Алғашқы алтын медаль АҚШ спортшысы Ч. Джутроудың еншісіне тиді. Ол норвегиялық О. Ольсенмен 500 м. қашықтыққа коньки жарысы бойынша ақтық сайысқа түсіп, мәрте сызығын бірінші болып қиды. Осы спорт түрі бойынша сарапқа салынған жалпы 15 медальдың 14-ін Финляндиямен Норвегияның спортшылары қанжығасына байлады. 1500 және 5000 қашықтықта Олимпиада рекордын жаңартып, көпсайыста жеке дара жеңіске жеткен фин спортшысы К. Тунберг коньки жарысының ең үздік ойыншысы атанды. Шаңғы спортының барлық түрі бойынша жеңіс тұғырына Норвегия спортшылары көтерілді. Олар осы спорт түрі бойынша сарапқа салынған 12 медальдың біреуін гана 18 км. қашықтыққа болған сайыста қола медальдың иегері атанған фин шаңғышысы Т. Никке олжалапты. Сол кезде Әлемнің ең үздік шаңғышысы саналған Норвегиялық Т. Хауг 3 алтын және 1 қола медальға қол жеткізді.

Бейресми командалық есепте Норвегия спортшылары 4 алтын, 7 күміс,7 қола, жалпы 18 медальдың иегері атанып, 122,5 ұпай жинап, айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Финляндия спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 2 қола, жалпы 9 медаль және 59,5 ұпаймен екінші, АҚШ спортшылары 1 алтын, 2 күміс, жалпы 3 медаль және 26 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Қысқы Олимпиялық ойындар, спорттың кейбір қысқы түрлерінен (1908, 1920 ж.-конькимен мәнерлеп сырғанау және 1920 ж. -шайбалы хоккей) жарыстар жазғы Олимпиялық ойындардың багдарламасына енді. ХОК (халықаралық Олимпиялық комитет 1925 ж. спорттың қысқы түрлерінен Олимпиялық ойындарды өткізу туралы шешім қабылдады. Бұдан бір жыл бұрын Шамонида (Франц.) қысқы спорт түрлерінен апталық өткен болатын. Сол апталық 1-ші қысқы Олимпиялық ойындар деп есепке алынды. 1924жылдың 25 қаңтары мен 4 ақпан арасында өткен осы апталыққа Еуропа мен Американың 16 мемлекетінен 293 спортшы (13-і әйелдер) қатысты. Ресми емес жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 7 күміс, 7 қола медальдарға ие болып 122,5 ұпай жинаған Норвегияның құрамасы 1-ші орынға, 26 ұпаймен 2-ші АҚШ-тың құрама командалары шықты. Осы ойындарда Норвегиялық шаңғышы Т.Хауг пен фин конькишісі К.Гунерг З алтын медальдан алды. Жылдар жылжып өткен сайын қысқы спорт түрлерінің қарқындап дамуына байланысты қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы кеңи түсті. 2010 жылына дейін өткен қысқы Олимпиялық ойындарда спорттың 19 түрінен өнер көрсетілді. Бағдарламадағы 14 негізгі спорт түрлеріне қоса қысқы спорт түрлерінің бесеуінен керсетілімдер ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, 1924, 1928, 1936, 1948 жылдары I, II, ІV, V қысқы Олимпиялық ойындарда шаңғы, 1948 ж. V-ойындарда қысқы бессайыстан, 1952 және 1972 ж. VІ, XI ойындарда хоккей- бендиден, 1952, 1972 ж. Vl, XI қысқы Олимпиялық ойындарда спидскингтен көрсетілімдер болды. 1994 ж. Лиллехаммерде өткен ХVІІ қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасында ең көп спорттың 12 түрі қамтылды. Ал 1998 ж. Жапонияның Нагано қаласында өткен XIX қысқы Олимпиялық ойындарда спорттың 13 түрінен жарыстар өтіп чемпиондық атақ 64 адамға берілді. Алғашқы ойындармен салыстырғанда қазір олимпиялық бағдарламадағы қысқы спорт түрлерінің саны 2 еседей, сарапта салынатын медальдардың саны 4,5 еседей өсті. 1924-36 жылдардың арасында бағдарламаға бобслей-шаңғы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғышылар сайысы, конькимен сырғанау, конькимен мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей енсе, 1948 ж. Санкт-Морицте өткен V қысқы Олимпиялық ойындарда бағдарламаға жаңадан спорттың бес спорт түрі қосылды (4-тау шаңғысынан, 2- ерлер, 2-әйелдер арасындағы бәсеке, 1-скетлоннан). 1960 ж. Сиво-Вэллиде еткен VІІІ қысқы Олимпиялық ойындарда ерлер арасында биатлоннан, конькиде 4 қашықтықта (әйелдер арасында) медальдар сарапқа салынды. Осы уақытқа дейін коньки жарысына тек қана ерлер қатысып келген болатын. 1964 ж. Инстуркте өткен ойындарда шана спортынан бәсеке өтіп ерлер - 2, әйелдер - 1 (ерлер және әйелдер үшін - 1 орындық, тек ерлер үшін - 2 орындық) бағдарлама бойынша сынға түсті. Шана спортынан жарыс бұрын (1924жылы ғана, ал 1928, 1948 ж. тек скетлоннан жарыс еткен болатын[2].


Жаттығулар жіктемесі.

Халықаралық дәрежедегі шаңғышыларды мақсатты даярлауға 6-8 жас аралығында жұмсалады

21 -2 2-ден 30 -3 5 жасқа дейін негізгі ұлттық құрама команда да шаңғышылар өнер көрсетеді. Алайда, ересек шаңғышы спортшылардың табысты өнер көрсетулері көп.

Көп жылдық дайындық өзара шартты түрде төрт кезеңге бөледі:

1) алдын ала даярлау - 9-11 жас;

2) бастапқы және тереңдетілген спорттық мамандану -

12-16 жас;

3) спорттық жетілдіру-17-19 жас;

4) жоғары спорт шеберлігі - 20 жас және одан жоғары.

Шаңғышының жылдық жаттығу циклының құрылымында дәстүрлі түрде үш кезең бар:

1) дайындық кезеңі- маусым-желтоқсанның ортасы;

2) жарыс кезеңі- желтоқсанның ортасы -

- наурыздың ортасы;

3) өтпелі кезең - наурыз-мамыр ортасы.3.жаттығулардың жіктелуі.

Жалпы сабақта көрнекіліктерді тиімді қолданылғанның пайдасы көп. Оқушы көзбен көру арқылы көп нәрсені үйренеді, ойына түйеді.  Мысалы: суреттер, бейнеролик, слайдқа қарап көру әдісімен үйретуге болады және айнаға қарап істеу өз қатесін өзі жөндеуі мен ұмтылуы керек. Оқушыға шаңғымен жылдам және баяу жүруін көрсету.  Мұғалім оқушының назарында болуы қажет.

Сонымен қатар, ауызша айтып түсіндірудің де маңызы зор. Ауызша айту барысында шаңғы спортының техникалық  жаттығуларын айту, қатесін жөндеу, толықтай өзінің қимыл қозғалысын түсіндіру.

Сабақта практикалық түр негізгі  мақсаттың бірі болып табылады. Әр техникалық жаттығуды практика жүзінде көрсетіп дайындау. Жалпы практикалық түрдің өзін екіге бөлуге болады толық жаттығу әдісі мен жаттығуды бөліп жасау әдістері.

Толық жаттығу әдісі  дегеніміз бір жаттығуды үзбей көрсету, толық жаттығу шаңғымен жүргенде ең қиын жүру бұрылыстарында толықтай жүруді меңгеру. Осы мақсат бойынша қиын қозғалысты жаттығу ретінде толықтай көрсетуге болады.

Жаттығуды бөліп жасау шаңғы спортының әрбір мектептегі оқу процесс сапасын жоғарылату, жаттығуды бөліп жасау ол қимыл қозғалыстың ең қиын қозғалыстарды бөліп көрсетіп, үйрету болып табылады. Көрсету, оқыту факторлары ең маңызды болғандықтан көрсету және сөйлеу әдістері әр түрлі нұсқаларда кездеседі.

1. Шаңғы мен әртүрлі  жүру әдістерін үйрену үшін мұғалім көрсетеді. Бұндай жағдайда қиындатылған  жаттығуларда қолданылады.

2. Оңайлатылған қимыл қозғалыс әдістерін мұғалім көрсетіп, қимыл қозғалысты әр сабақ сайын қайталау.

3. Шаңғымен жүру қимыл қозғалыстарды нақты түсіндіру.

Мұғалім оқушыларды қадағалап, бақылап, шаңғымен жүру шеңберінде оқушылардың техникалық қатесіне мән беріп ескертуге тиіс. Егер қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайда ескерту содан соң қатаң сөгіс жарияланады.

Сөйлеу, көрсету әдістері оқушының жасына әрі көп жаттыққандығына байланысты сабақ жүргізіледі, бұл үйірмеде қозғалыс көп[4].


Қортынды

Елімізде шаңғы спорты мемлекеттік бағдарлама бойынша мектепте оқытылады. Шаңғы спортын оқу процесінде жүргізудің негізгі мақсаты — спорттың осы түрін дамыта отырып, дені сау ұрпақты тәрбиелеп, білім беру сапасын жоғарылату.

Шаңғы спортының мазмұнын, ережелерін, ерекшеліктерін шаңғы тебудің әдіс — тәсілдерін, шаңғыны күтіп ұстауды теория жүзінде үйрету. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. И. Бутин «Лыжный спорт» деген еңбегінде: «Оқушылардың денен тәрбиесінде шаңғы дайындығы маңызды орын алады», — деп жазады.




Қолданылған әдебиеттер:

  1. Лыжный спорт с методикой преподавания. Учебно- методическое пособие. А.В. Таранова. «Қазақ университеті», Алматы 2016 г

  2.  Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь".

  3. Бутин И.М. Лыжный спорт. Учебное пособие для студентов педагогических вузов.- Москва: 2000.

  4. http://sportpress.kz/archives/215



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
1384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі