жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУМЕН АЙНАЛЫСУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ
ӘОЖ 796.01
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУМЕН АЙНАЛЫСУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ
Р.Н.Испулова
М.Өтемісов атындағы БҚМУ п.ғ.к., доценті
Т.М. Тұртаев
М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
дене шынықтыру және спорт бөлімі
Мәңгілік ел идеясын ұлттық сипатта Елбасымыз Н.Назарбаев ұсынды. Мәңгілік Ел ұлттық идеяны әр деңгейде талдау үшін, оның мән-мағынасын тереңірек түсіну және қабылдау үшін теориялық-әдістемелі тұжырымдаманы, олардың философиялық негіздерін құрастырудың және әлеуметтік сипаттамаларын анықтаудың маңызы уақыт өткен сайын артуда.
Мәңгілік Ел идеясы атауымен ғана емес, алдымен мән-мағынасымен маңызды. Байыбына барсақ, Мәңгілік Ел ұғымы түсінігімізді, талғамымызды, тоқтамды ұштауда, өзара ұштастырып үйлестіруде; ақыл-парасат пен интеллект мәдениетінің мерейін үстем етуде; әлеуметтік-гуманитарлық амалды әрекеттердің ықпалын арттыруда, адамның рухани әлемінің алдыңғы шебі мен алаңын кеңейтуде, рухани өнімде кісілікке тұрақтауда, тұлғалық құндылықтарды сабақтауда мағынасын аша бермек, толықтырмақ. Мәңгілік сөзі бұрын байырғыға тұрақтау, тұрақты әлемге ұмтылу деген түсінік деңгейінде қабылданды. Енді ол адамзат тарихындағы жаңа дәуір, талабы таңдаулы әрі жүйелі әлемі. Бүгінде мәңгілік идеясыбіздің тартымды өмір үшін талпыныс-тартыстың өріс-өлшемін, төзімділіктегі тепе-теңдіктің тұрағы мен тірегін, жарастықты жалғастырудың, жетілдірудің шептерін сипаттайды, елеулі оқиғаларды сараптайды;
Елбасы ең алдымен XXI ғасырдағы ұлттық сананың қырлары тұрғысындағы философиялық тұжырымдарын ұсына отырып, жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу екенін айтады. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан-қиыстырып, жарыстыра алатын құдіреті мен маңыздылығына тоқталады. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы екенін шегелеп тұрып тұжырымдайды. Бұл дегеніңіз ұлан-байтақ жердің иесі – әр қазақтың жан-дүниесіндегі «Мәңгілік ел» ұғым-түсінігінің де іргетасы, тұғыры болса керек! Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында тебіреніспен айтқан төмендегі жолдары кезінде әркімнің-ақ жүрегінен орын алғаны ақиқат еді: «Қадірлі халқым! Біз жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылы Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры!».
Мемлекет басшысы еңбегінің ең басты идеясы – Мәңгілік қазақ елінің рухани тұғырын негіздеп, алтын арқауын ширата түсу.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы – күллі қазақтың рухани әлемін дамытып, сапалық тұрғыдан жаңғыртуға жетелеген, еліне деген нағыз патриоттық сезімін еселеген стратегиялық маңызы зор құжат болғаны айқын. Рухани жаңғырудың басты жолы – қоғамдық сана мен біртұтас идеяны қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жасампаздыққа ұмтылу. Тегінде, жасампаздық рухы қазақ халқының табиғатына екі бастан тән нәрсе. Бұған тек кең өріс ашып, оның дамуына тың серпін беру ғана қалып отырған болатын. Елбасы мақаласы – мазмұны тым терең, ауқымы аса кең, қоғамдық сананы шырқау биікке көтеретін, ұлттық құндылықтар дамуының бағыт-бағдарын, жөн-жобасын барынша айқындап берген өте маңызды бағдарлама іспетті болғаны ақиқат. Өйткені, мемлекет басшысының бойымыздағы рухани құндылықтарды түзетіп, оны жасампаздықпен жаңғырту жолындағы ордалы ойлары санаға рух, жанға жігер беретіні сөзсіз.
Расында да, ата-бабаларымыздан аманат болып келе жатқан ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетіміз, төлтума өнеріміз, сандаған ғасырлар бойғы тарихтың елегінен өтіп қалыптасқан әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлеріміз, тіліміз, дініміз, діліміз – мұның бәрі, бір сөзбен айтқанда, біздің ұлттық кодымыз. Яғни, ұлттық рухымыз, оны өз бойымызда мәңгі сақтап, осы заманға сай жақсы жағынан қайта жаңғыртып, келесі ұрпаққа жеткізу әрбір қазақ баласының басты міндеті болуы керек. Сонымен бірге, қазіргі таңда жиі кездесетін кейбір жағымсыз нәрселерден, мысалы, рушылдық, жершілдік, тамыр-таныстық, жең ұщымен жалғасу сияқты ұлттың өркендеп дамуына кедергі келтіретін келеңсіз әрекеттерден арылмасақ, әлемдік көштен, өскелең өркениеттен артта қалып қоюымыз әбден мүмкін. Өйткені, салт-дәстүрі мен тағылымды тарихынан сусындап өскен ұрпақтың ғана санасы таза, тұғыры биік, іргесі берік болады. Олар әлдебір радикал ағымдар мен можантопай мәдениеттің жетегіне ешқашан кетпейді. Мемлекет басшысы өз мақаласында, міне, осы ұстанымды айқын көрсетіп береді. «...Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Жаңаша ойлап, қоғам, ел үшін отандастарын игілікті істер жасауға үндеген Елбасы одан әрі былай дейді: «...Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай».
Ұлттық кодқа келетін болсақ, қазақтың ұлттық коды ең алдымен имандылықта. Қазақ ұлты үшін басқа рухани код іздеудің қажеті жоқ. Ата-бабаларымыздан келе жатқан имандылықтан таймау, соны негізге алу керек. Ұлт сөзі «миллет» деген сөзден шығады. Бұл – Құранның сөзі. Біз бәріміз Ибрахимнің миллетіндеміз. Бұл – «Ұлт» деген сөздің имани түсінігі, ол – бір діни сенімдеміз, бәріміз мұсылманбыз дегенді білдіреді. Ал, ұлт сөзінің екінші мағынасы – этникалық тұрғыдан ұлтқа бөліну. Ол қоғамның территориялық, саяси билік тұрғысынан бірігуін бейнелейді. Біз осы екі ұғымды үйлесімділікпен біріктіріп, имани тұрғыдан ұлттық рухани жаңғыруды бетке алсақ адаспаймыз.
Бұл – бізге бүгінгі озық технологиялы жаһандық ықпалдасудан, сонымен бірге түрлі қауіп-қатерден қорғанудың да жолы. Бұны былайша түсіндіруге болады: қазіргі кезеңде әлем елдері жаңа тарихи өзгерістер кезеңінің бастауында тұр. Бұл өзгеріске түскелі тұрған дәуір күллі адамзатқа әлі бұлыңғыр.оның, жалпы, өркениеттің дамуына қандай прогресс әкелетіні жай халық түгілі, мүйізі қарағайдай ғалымдардың өздеріне де жұмбақ.Дегенмен, мұндай беймәлім әлемнен біздің де алатын өз үлесіміз бар екенін естен шығармауымыз керек. Осы ойымызды әрі қарай өрбітетін болсақ, ендігі арада сол ұлттық кодымызды сақтау мен оны өкше басар кейінгі ұрпақтың бойына қалай сіңіреміз деген мәселеде ойласатын жағдайлардың көп екені айтпасада түсінікті жайт. Бұл ретте Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ең алдымен халықтың бәсекеге қабілеттілігіне айрықша мән беруді ұсынады. Яғни, әрбір қазақстандық денсаулығы мықты, жоғары мәдениетті, компьютерлік сауатты, терең білімді, оның ішінде шет тілдерін меңгеру, мәдени ашықтық сияқты қазіргі қоғамның берік ұстанымына айналған қасиеттерге ие болуы керек. Ол кез келген елде, кезкелген ортада емін-еркін сөйлеп, өз пікірі мен дербес ұстанымын дәлелдеп өткізе білетін, әрі ұстамды, әрі қарапайым, әрі салиқалы да салмақты, салауатты өмір салтын ұстанған адам ретінде қалыптасуды талап етеді.
Ең бастысы, Елбасы ұсынып отырған рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтай білуден басталады. Сондай-ақ, ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр, атадан балаға табысталатын асыл мұралары бар қазақ халқының ұлт ретінде ұйысуына негіз боларлық барлық рухани құндылықтарымызды жаңа заманға лайықтап пайдалануымыз қажет. Ұлттық мәдениет пен ұлттық дәстүр тек алдыңғы буын ұрпақтардың рухани тәжірибесін ғана сақтап қоймай, мәдени мұрадағы құндылықтарды жаңғыртады. Қазақ жұртының Мәңгілік Ел болуы рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға қызмет етуіне тікелей байланысты. Сондықтан, ұлттық бірегейлікті қамтамасыз ету мақсатында ұлттық дәстүр мен мәдениетті қайта жаңғырту қажеттігі туындап отыр. Мұнда алдымен ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын құндылықтарды қайта қалпына келтіру, адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен ата дәстүрді қайта жаңғырту, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұрасын белсенді түрде меңгеру, ұлттық намыс пен жігерді, ұлттық сана мен рухты ояту, ұлттық генетикалық код негізін құрайтын мәдени мұралар мен ұлттық дәстүрлер ұрпақтар сабақтастығының сақталу жолдарын негіздейді. Елбасы айтқандай, «Дәстүр мен мәдениет – ұлттық генетикалық код, Қазақстандық мәдениет еліміздің барлық азаматтары үшін патриоттықтың өзегі болуы қажет».
Жаңарған Қазақстан қоғамның адамгершілік-рухани негізін нығайтуға, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қайта жаңғыртуға оң үлесін қоса бастады.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деуінде үлкен сыр бар. Себебі, «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламалары Президентіміз айтқандай, ұлттық рухымызды атадан балаға жеткізудегі бірден-бір оң жолға бастайтын бағдарламалар еді. Міне, Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жоғарыдағы аталған бағдарламаларды нықтаудың, оларды орындаудың айшықты жолдарын көрсетіп берген. Сондықтан да, бұл мақалада көрсетілген жайлар болашақта ұлтымыздың рухани келбетін сақтап қалу мәселесі жолындағы үлкен міндет. Еліміздің болашаққа деген сенімінің ұлғайып, жасампаздыққа бағытталған адымының нық болуының сыры да осында. Шынында да, ұлтымыздың мәдени коды мақалада айтылғандай діл, жады, тіл, діни болмыс. Осы бірегейлікті сақтағанда ғана біз алдыңғы қатарлы елдер сапына қосыламыз. Оның жолдарын Елбасымыз аталған мақалада жан-жақты көрсеткен.
«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Оның екі қыры бар.
Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жан-жақты айтылған ойды жақсы біліп, оны ойға да, бойға да сіңіру керек. Міне, осы бір мақаладағы келелі сөздер біздің ұлтымыздың бірегейлікті сақтау арқылы, озық мәдениеті мен өркениеті дамыған мемлекеттермен иық тірестіруге жол ашады емес пе? Әрине, жол ашады. Ашқанда да, ол көптің бірі емес, өзіміздің ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді, діліміз бен тілімізді, дінімізді сақтау арқылы өзіндік ұлттық кескін келбеті бар қадір-қасиетімізді арттырады.
Ұлттың болмысына және оның болашағына, елдің тағдырына қатысты мәселелерді қазақ халқы тарихта тұтас зерделеп, оның ортақ шешімінің болатындығын жете түсінген. Яғни, үнемі қоғам алдында тұратын өзекті мәселе жастардың рухани жағынан терең, елдің тұрмысына жақын тәрбиеленіп өсуімен тығыз байланысты. Өскелең ұрпақ дұрыс тәрбиеленіп, оған жағдай жасалып отырса, қоғамдық орта жастарын өзіне тарта білсе, әрдайым оларға адамгершілік үлгі етілсе, бұндай елдің жастары өзіне жақын өседі деген бабаларымызда ұғым болған.
Ұлттық идеяны жас ұрпақтың бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жаңғыртуымыз керек. Балабақшадан бастап мектепте, ЖОО-да ұлттық идеяны сіңірудің инновациялық тетіктерін жасау керек. Қазірде осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр, бірақ, сол жастардың экстремист болып шыға келетіндері де жиі кездесуде.
Демек, әсер ету техникасы әлсіз деген сөз. Ұлттық үрдістерді қазіргі заманға ыңғайластыру, үйлестіру керек.
Ұлттық мәдениет және дәстүр тек алдыңғы буын ұрпақтардың рухани құндылықтарын сақтап қоймай, мәдени мұрадағы естеліктерді жаңғыртады. Елдегі тілдің және ұлттық маңызы бар дәстүрмен тікелей байланысуы, мәңгілік болуы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, буындар бірлігін сақтаушы.Ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында ұлттық дәстүр мен тіл мәдениеті жүйелі түрде дамуда. Елбасы айтқандай "Дәстүр мен мәдениет тіл көкжиегі іспеттес". Сондықтан ең алдымен ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы - мәдени-рухани мол мұрасын белсенді түрде меңгеру, ұлттық намыс пен жігерді, биік рухты асқақтата түсу мемлекет негізін құрайтын қозғаушы күш.
Елбасының бұл мақаласында «Мәңгілік ел» идеясымен санасы нұрланған халқына рухани жаңғырудың сан түрлі жолдарын көрсетіп бергендігі туралы айтылады. Оның ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу керектігі баса айтылған. Қазақ жұртының Мәңгілік Ел болуы рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға қызмет етуіне тікелей байланысты делінген.
Ұлттық салт-дәстүрлерімізді және кодымызды сақтау негізінде спорт түрлері мен ойындары арқылы салауатты өмір салтын дене шынықтырумен байланыстыру қазіргі заман талабы.
Ұлттық құралдар арқылы өз бетінше сабақтардың өткізілу әдістерінің тиімділігінің өлшемдеріне мыналар жатады: бақылау жаттығуларының нәтижелерінің өсуі (%), мектеп бағдарламаларын толық орындап шыққан сыналушылардың саны (%), жүрек-қан-тамырларының жүйесінің функционалдық жағдайының өзгеру динамикасы, мектеп оқушыларының еңбекке қабілеттілігі және денсаулығының жағдайы. Қандай да бір дайындықтың сатылы түрі оқу-жаттықтыру үрдісінің жалпы бағытын және дене тәрбиесінің қазақ ұлттық құралдарын кезегімен пайдалану тәртібін анықтайды. Ол оқушылардың жалпы дене дайындығының жоғары дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған [1]. Жоспарлау құжаттарында ұлттық ойындардың мазмұндық құрамының басқа материалмен байланыстығының төмендегі. «Ұлттық ойындардың» алдындағы берілген бағдарламалық материал («баскетбол», «волейбол») арқылы жинақталған білім алушылардың физикалық потенциалы, «Тоғызқұмалақ», «Асық ойыны» (яғни, аз қозғалтқыш белсенділігі ойындар) ойындарды жүзеге асырғаннан кейін төмендейді;
ә) Білім алушылардың төзімділік дамуының төмен деңгейі, жылдамдық, күш-жылдамдық, ептілік дамуының талаптарға сай еместігі.
Тестілердің ішінен 6 минут жүргізудің көрсеткіші төмен деңгейде байқалды. Басқа да тесттердің көрсеткіштерінен орташа, орташадан төменгі дәрежелер анықталады.
б) Қол күшінің, өкпенің тіршілік сыймдылық көрсеткіштердің төмендігі. Осы көрсеткіштерді зерттеу барысында І-ІІ курс ұлдары да, қыздары да төмен деңгейдегі сандарды көрсетті.
в) Ойлау қабілеттерінің білім алушыларға түсетін оқу жүктемесінің жоғарылауына байланыстығы ІІ курс студенттерінің ой қабілетінен кейінгі материалдың қозғалыс құрамы
Ұлттық ойындарды жүзеге асыру барысында біз мынадай әдістемені қолдандық:
-
Таныс ойындарды ойнай отырып таныс емес ойындарға көшу. Мысалы, «Аңшылар ойынынан» кейін «Жаяу көкпар» ойыны;
-
Ұлттық ойындар арқылы оқушылар халықтың тарихы, оның әдет-ғұрыптары туралы мәлімет алады;
-
Ұлттық ойындарды таңдап алғанда, олардың өткізілетін жерлерін алдын-ала ойластыру қажет ( зал, дәліз, алаң, ауа-райы, құрал-жабдық, т.с.с);
-
Ойынды алдын-ала қалай өткізу барысын жоспарлдау және оны бағдарлау;
-
Ойыншыларды іріктеу және басшылық жасайтын адамды бекіту;
-
Ойынға жетекшілер тағайындау, командаларға бөлу, капитандар таңдау, т.б.
-
Ойын желісін басқару (ойынды ұйымдасқан түрде белгіленген уақытта бастау, ойынның тәртібін бақылау, қазылық ету);
-
Ойынның қортындысын шығару (тек шапшандық емес, тапсырманы сапалы орындауға көңіл аударту).
Біз жүргізген эксперименттің нәтижесі төмендегідей көрсеткіштермен дәлелденді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарын балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтын дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық адамгершілік ой талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағалады. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады. Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол. Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.
Ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындары жеткiншек ұрпақты үйлесiмдi тәрбиелеудiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Қазiргi дене шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған және сыннан өткен халық ойындары мен ұлттық спорт түрлерi құралдары арқылы жеткiншек ұрпақты тәрбиелеудiң бай тәжiрибесiн пайдалану қажет. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарғы тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Халық арасында «Денсаулық -зор байлық» деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру –жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез келген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар [2].
Ұлттық салт-дәстүрлерді және кодымызды сақтай отырып саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін дене шынықтыру сабақтарының білім беру мекемелерінде (балабақша, жалпы білім беретін мектептер, орта және жоғары оқу орындары және спорт мектептерінде) кеңінен қолдану мәселесі қарастырылған.
Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесінің әдістемелік негіздері // Ұлттық білім беру жүйесінің жаңарту және адам ресурстарының жаңа сапасын қалыптастырудағы оның рөлі: халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары (М. Өтемісов ат. БҚМУ). – Орал, 2009. – 47-50 бб.
-
https://infourok.ru/dene-shinitirudai-azati-ltti-oyindarini-orni-1016478. html
-
Садықов С. Ұлттық сана мен ұлттық бірегейліктің өзекті мәселелері. - //Ақиқат №7-2017 ж. – 9-13б
-
Сарин Қ. Рухани жаңғыру – идеология негізі. - //Ақиқат №5-2017 ж.- 13-15 беттер
3. Сманов Б. Рухани жаңғыру – басымдық негізі. - //Ақиқат №8-2017ж. – 4-8 беттер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген