400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене тәрбиесі сабағының әдістемелік тұрғыдан жаңғыртылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңғыртылған бағдарлама
Материалдың қысқаша нұсқасы



Дене тәрбиесі сабағының әдістемелік тұрғыдан жаңғыртылуы


Бүгінгі  таңда  елімізде  білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы  Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын.  Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі   білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы білімге қолжетімділігін, жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Республикамызда білім беру жаңа кезеңге көшуде.

Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде орта білім беруде дене шынықтыру пәнін жүргізуде тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу қажеттілігі туындады. Бүгінгі таңда  дене шынықтыру пәні жаңа мазмұнда жасалған.

Еліміздің Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында — «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты» тармағында «азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы жəне оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарды салауатты өмір салтына əзірлеу» қажеттігі көрсетілген [1].

Дене тəрбиесі мен спорт қоғамдағы белгілі бір тарихи жағдайлардың жемісі ретінде адамдардың рухани қызметінің тарихи нəтижесінде пайда болған жиынтығын құрайды. Жыл сайын түрлі елдерде өткізіліп келе жатқан «Қазіргі қоғамдағы спорт», «Олимпиадалық спорт жəне баршаға арналған спорт» атты əлемдік конгресс жұмыстарында денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында пайдалау мүмкіндігіне, əлеуметтік жəне ұлттық жағдайларда дене тəрбиесі мен спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдануды жинақтаудың маңызына үлкен мəн берілді.

Дене тəрбиесі мен спорт элементтері адамзат қоғамы пайда болған кезден бастап өмір сүріп келеді. Түрлі ойындар мен жарыстардың көмегі арқылы əлеуметтік байланыстар орнап, тəжірибе алмасу шеңбері кеңейе түсетін.

Дене тəрбиесі мен спорт дене шынықтырудың жүйелік бөлігі ретінде жалпыға бірдей жəне əлемдік құбылыс болып табылады, ұлтаралық қарым-қатынас аспектіне ену арқылы мемлекеттік, экономикалық жəне құқықтық мəселелермен шектеліп қалмайды. Дене тəрбиесі мен спортта əлеуметтік болмыстың барлық салаларындағы ең маңызды деген сандық жəне сапалық өзгерістер, ұлттар мен ұлыстардың материалдық жəне рухани өмірі өз көрінісін табады, адамзат қоғамының қалыптасу нəтижелері мен қарқыны, денсаулық мəдениеті мен салауатты өмір салтын сақтау туралы жəне жеке адам мен қоғамның көзқарастар жүйесі мен мінез-құлық нормалары жайлы төрелік айтуға мүмкіндік береді.

Дене тəрбиесі мен спорттың табиғаты халықтар арасындағы достықтың нығаюына, əр түрлі ұлт өкілдерінің əлеуметтік жағдайы мен ешбір діни наным сеніміне қарамастан, жақындасуына базалық негізде ықпал жасайтын ықпал ретінде қызмет атқарады, бірақ ол субъективті фактор — адамдар мен ұжымдардың белсенді араласуынсыз бұл феномендерді дүниеге əкеле алмайды. Егер қоғамдық, дене шынықтыру мен спорттық ұжымдар бұл феномендерді жетілдіру жұмысымен шұғылданбайтын болса, қателіктер мен бұрмалауға жол берсе, онда прогресшіл даму үдерісін тежейтіндей алғышарттар пайда болады.

Ерекше көзқарасты халықтық қозғалмалы ойындарды пайдалану керек етуде. Қазіргі кезде қолда бар жекелеген ғылыми жұмыстар оларды мектеп жасындағы балалар мен жеткіншектер арасында пайдалану мəселесін сөз етеді. Дегенмен, бұл мəселені анағұрлым кең көлемде қарастырған жөн. Ойын əдісі қозғалыс белсенділігін кешенді түрде жетілдірудің ерекше бір əдісі екендігі баршаға мəлім. Демек, бұл əдісті спорт педагогикасында түрлі спорт түрлері бойынша пайдалануға болады. Осы жұмыста бұл мəселе ұлттық спорт түрлеріне арналған сабақтарда халықтық қозғалмалы ойындарды пайдалану үлгісінде қарастырылған.

Əр халықтың тарихында ұлттық мəдениеттің жоғары жетістігін көрсете білетін ойшылдары болады. Қазақ халқында осындай орынға ие болған ұлы Абай. Оның шығармашылығы жайлы өте көптеген жұмыстар бар. Ол қазақ мəдениетінің классигі ретінде ұлы да жан-жақты тұлға ғана емес, сонымен бірге ол заманауи тұлға. Бүгінде біздерді Абайдың қазақтың халық спорты жайлы ойлары таң қалдырады. Ақынның бұл ойлары дене тəрбиесі мен спорттың қазіргі тұжырымдамасына лайық келеді. Ұлттық спорт пен ойын түрлері дене тəрбиесінің маңызды құралы ретінде сөз болып отырған қазіргі кезде көз алдымызға ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне тиек болған данышпан да кемеңгер ойлары елестейді. Оның осы саладағы көріпкелдігі ерекше деп атауға тұрарлық. Дене тəрбиесінің ертедегі түрлерін зерттеу археология, этнография мен тарих жайлы əдебиеттермен байланысты.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың белсенділігін арттыру қажеттігі елімізде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы бұқаралық жұмыстардың əры қарайғы белсенділігін арттыру мен кеңейте түсу» атты бұйрығына сəйкес дене шынықтыру тəсілдерін пайдалану бойынша жұмыстарды, соның ішінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған ұлттық спорт түрлерін күшейтуге нұсқау берілген. Осы мəселе жайында егжей-тегжейлі түрде ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтылған болатын [2].

Жас ұрпақты тəрбиелеу ісіне, белсенді жəне қоғамдық пайдалы іс-əрекетке тəрбиелеу жұмысына жəне оларды жан-жақты дамыту мақсатында кешенді көзқарастарды кеңінен пайдалану қажет. Ол үшін үнемі азаматтық, жұмысқа деген шығармашылықты қатынас, адамдардың рухани қызығушылығы мен қажеттілігін қалыптастыру жолдарын жетілдіріп отыру керек. Білім мен тəрбие — біртұтас үдеріс. Адам білім бері үдерісі арқылы тəрбиеленеді, əрине, егер бұл үдеріс дұрыс ұйымдастырылған жағдайда.

Білім беру мен тəрбиелеу міндеттерін білуде ерекше орын дене шынықтыруға беріледі. Бүгінгі таңдағы дене шынықтыру көп қырлы құбылыс болып келеді, бірсыпыра бағыттары, түрлері жəне сабақ түрлері бар. Дене тəрбиесінің көптеген тəсілдері арасында халықтық педагогикаға ерекше орын берілген.

Зерттеу жұмысы көрсеткендей, кезінде кең тараған ұлттық спорт түрлері ұмытылғандықтан, қазірде оларды қайта өмірге əкелу мəселесі қарастырылуда. Оларға жататындар: қамшыгелік, үкілі пошта, жамбы ату, ат үстіндегі көп сайыс, алма ілу. Оларды қайта өмірге əкелу үшін, алдымен, қолда бар спорт құрылыстары мен ипподромға реконструция жасап, «ҚР ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту тұжырымдамасына» сүйене отырып, адамдар көп орналасқан орындар мен демалыс орындарында жаңасын салуды қарастыру қажет.

Жоғары білікті спортшыларда спорт жəне басқа қызмет саласында болсын сəттілікке итермелейтін жеке тұлғалық сапалар мен қасиеттер қалыптасады. Оған жататындар: мықты денсаулық, өзіне деген сенімділік, жеке басын дамытуға деген талпыныс, өзін-өзі жақсы сезіну, өзін қалпына келтіру қабілеті, өзін бақылауы мен өзін ұстауы. Психологтар мен зерттеушілер ойынша, егер адам алға қойған мақсатқа ұмтылатын болса (жоғары спорттық жетістіктер мен кəсіби қызмет барысындағы тиімділікке), онда ол өз мақсат-мұраттарымен төңірегіндегілерге де жағымды əсер етеді жəне оларға өзі суындаған қайнар бұлақтай жарасымдылықпен өзінің өмірлік жағдайларына шақыра біледі [3].

Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары өскелең ұрпақты жарасымды тəрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі дене шынықтыру практикасында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жəне іріктеуден өткен аса бай тəжірибесін өскелең ұрпақты халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерінің тəсілдері негізінде тəрбиелеу жұмысында пайдалану қажет.

Халықтық педагогиканың сарқылмас қазынасы қазіргі жағдайда аса мықты тəрбие құралы болып табылады, себебі онда салауатты өмір салты қағидаттарын нығайта түсетін жəне халықтар арасында бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жəне бұқаралық спорт жұмысын, əсіресе біздің еліміздің ауылдық жерлерінде тұратын тұрғындар арасында дамытудың дайын тəсілдері бар. Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту Қазақстанда тұратын халықтардың достығы мен өзара түсіністігін нығайту жұмысында үлкен рөл атқарады.

Кең тараған командалық көкпар ойыны бойынша команда клубтарын жасақтауға арналған шаралар ұйымдастыруды қолға алған жөн. Əр облыс сайын футбол, хоккей жəне басқа да спорт ойындары түрлеріне арналған клубтар сияқты кем дегенде бір команда клубын ұйымдастыру қажет [4].

Ұлттық ойын жарыстарында денсаулықты сақтау жолы да, өзiн-өзi қорғау амалдары да айқын. Денсаулықты сақтаудың шарты — дененi шынықтыратын қозғалыс пен жаттығуда, ағза мен жүйке тамырлардың тынысын реттеуде, рухты жоғары ұстай бiлуде.

Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрi кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:

  1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пiстi, жылмаң т.б.

  2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр жəне т.б.

  3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрiк жасырмақ, түйiлген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау т.б.

  4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мəлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай т.б. [5].

Ер адамдардың ойын-сауықтары əрқалай қалыптасады. Оның бiрiншi тобына қозғалмалы ойындар — ақсүйек, ақшамшық, алтыбақан, көршi, тиын салу, қысқұлақ, айдап сал, қарамырза, белбеу тастау сияқтылар жатады; екiншi топқа спорттық дара ойындар — аударыспақ, арқан тартыс, ат омырауластыру, аламан бəйге, бəйге, көкпар, қыз қуу, күмiс алу, жаяу көкпар, жаяу жарыс, жiгiт қуу, жорға жарыс, түйе жарыс, қазақша күрес, тұмақ қуу, сайыс, таяқ жүгiрту сияқтылар жатады; үшiншi топты саяси-əлеуметтiк өмiрдiң даму ерекшелiктерiн көрсететiн ойындар хан жақсыма, қаһарлы бану, ұжымақ-тозақ, мырш-мырш, сиқырлы таяқ, тобық ойнаусияқтылар құрайды [6].

Ойын-сауық жарыссыз, бəйгесiз қызбайды. Жарыс — ой мен сөздiң, мiнез бен қимыл-əрекеттiң жарысы, үмiт пен үлгiнiң жарысы. Бəйге бас қостыратын, өнер жарыстыратын, үлкен мен кiшiнi, алыс пен жақынды табыстыратын үлкен оқиға. Бəйге — Тəңiр мен ата-баба аруағын дəрiптейтiн халықтық мерекенiң оттығы. Бəсекенiң қан қыздырар бiр түрi — жiгiттер сайысы. Оған аударыспақ, күрес, ат жарысы, көкпар жатады.

Ұлт ойындарының бойында бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытарлық ұлттық жағымды қасиеттері ұшан-теңіз. Соның бəрі əлеуметтік-педагогикалық талаптарды үнемі шыңдап, қоғам талаптарына сай жастарды тəрбиелеу ісіне қосар үлесі мол екені даусыз [7].

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тəрбие беру — қазіргі міндеттердің бірі.

Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тəрбиелеу туралы арман- мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дəстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ұлттық ойындар — халық тəрбиесінің дəстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дəстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру əдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дəстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мəн берілуі — халық данышпандығының белгісі.




Əдебиеттер тізімі

 

  1. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауы (2014 ж. 11 қараша). — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://yandex.kz/yandsearch

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жəне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салауатты өмір салты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды ұйымдастыру туралы сəйкес бұйрығыменбекітілген 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://yandex.kz/yandsearch

  3. ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауатты денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру» тұжырымдамасы // Валеология, дене тəрбиесі. — 2003. — № 1. — 11, 12-б.

  4. Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз: Изд. дом Тараза, 2005. — 256 с.

  5. Брехман И.И. Валеология — наука о здоровье. — М.: Физкультура и спорт, 1990. — 180 с.

  6. Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 1991. — 175 б.

  7. Дорошкевич М.П., Нашкевич М.А., Муравьева Д.М. и др. Основы валеологии и школьной гигиены: Учеб. пособие для вузов. — М.: Физкультура и спорт, 2003. — 238 с.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі