Дене тәрбиесінде оқушы бойында рефлексивті мәдениет қалыптастырудың ерекшеліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене тәрбиесінде оқушы бойында рефлексивті мәдениет қалыптастырудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, № 76 ЖББ мектептің

дене шынықтыру мұғалімі

Орманбеков М.Н.


Дене тәрбиесінде оқушы бойында рефлексивті мәдениет қалыптастырудың ерекшеліктері

«Дене шынықтыру» пәні оқушылардың ағзасын дамытуға және оның дене белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірден-бір пән. Оқушылардың түрлі жаттығуларды орындауға, дене қабілеттерін дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқушының бойында дене тәрбиесі жаттығуларының адам ағзасына тигізетін оң әсері туралы білім жүйесі қалыптасады. Кез келген оқушы дене шынықтыру сабағына белсенділік таныта алады. Алайда, түрлі спорттық командалық сайыстарда жетістіктерге қол жеткізу мүмкін болмай жатады. Оған түрлі себептер әсер етуі мүмкін. Саралай келе, оқушы бойына рефлексивті мәдениет қалыптастырудың ерекшелігі өте зор деп білемін. Әр оқушы «Мен бұны жасай алам ба?», «Қалай жетістікке жетуге болады?» т.б. сұрақтар қою арқылы өз іс-әрекеті мен өз-өзіне есеп бере отырып, алға жылжи алады Осы орайда, қазақ педагогтерінің негізін қалаушы М. Жұмабаев рефлексияны тұлғаның өзін өзі бақылауы деп қарастырдын мағынасы өткенді еске түсіру екендігіне тоқталады. М.Жұмабаев адамға өзін өзі тексеріп, өзіне өзі есеп беру деген оңай еместігін айтады. Өзін өзі тексеріп, қателерін көруге адамның менмендігі бөгет болады, адамның өзін-өзі тексеруі- оның түзі жолға түсуіне көмектесетін бірінші шарт. Өз қатесін білген адам келешекте сол қатені істемеске ұмтылады. Бұдан шығатын қорытынды, тұлғаның өз іс-әрекетіне рефлексия жасауды өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, сол арқылы өзін –өзі бақылау, тәрбиелеу және бағалу деп санайды.

Оқушы рефлексия арқылы оқу іс-әрекетінің тәсілін және мәселелерді шешу жолын түсініп, білімді меңгере алады. Дене шынықтыру пәнін оқыту арқылы кез келген спорттық ойындарда, спорттық іс-шараларды оқушылардың рефлексивті бағытымен анықталатын қозғалыс белсенділігі орын алады.Әрбір оқушы тек өз іс- әрекеттері туралы ғана емес, сонымен қатар командадағы серіктестердің, қарсыластардың іс-әрекеттерін жоспарлай алуы және жүзеге асыруы керек. Түрлі спорттық командалық ойындар түрлі міндеттерді шешу үшін, жедел-рефлексивті шешімдер қабылдауға даяр болуы керек.

Рефлексияның оқу әрекетінде әр түрлі дейгейлерде қолдануға болады. Командалық ойын барысында ең алдымен теориялық білім алдын ала беріліп, практикамен байланыстырылады. Ойын кезінде жіберілген қателіктер әр түрлі қадамдар арқылы оқушыға рефлексия жасауға жетелейді. Мысалы; сұрақ-жауап, диалог, видео көрсету т.б. арқылы. Осындай рефлексиялық жаттығулар мен тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өз іс-әрекетіне баға беріп ой қорытындылар жасауға машықтанады. Оқу үдерісінде рефлексия жасау негізінде келешекте тұлғалық сапасы және өз жетістіктерін бағалауының жаңа бағыттары көрініс табады.

Shape1

Оқушылар арасында рефлексивті баға беру бірдей деңгейде көрсеткіш көрсетпейді. Ол жеке тұлғааралық дамуға байланысты болуы мүмкін.

Shape2

Оқушы бойына рефлексивті мәдениет қалыптастыру арқылы жеке тұлғалық қасиеттерін дамыта түсуге де болады. Сол арқылы спорттық командалық ойындарда табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік мол.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2024
420
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі