Материалдар / Денені қыздыру және тыныс алу жүйесін қалпына келтіру. 200 м жүгіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Денені қыздыру және тыныс алу жүйесін қалпына келтіру. 200 м жүгіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайта отырып, түрлі жаттығуларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс реттілігін сақтап, іс жүзінде қолдануды үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2024
194
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп

С.Қожанов атындағы ЖББМ

Педагогтың аты-жөні

Ақтаев М

Күні

8.05.2024 ж

Сынып: 5 А

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Денені қыздыру және тыныс алу жүйесін қалпына келтіру. 200 м жүгіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.3.1. Түрлі дене жүктемелерінің арасындағы айырмашылықты және олардың ағзаға тигізетін әсерін сыртқы белгілеріне қарап анықтай білу;

Сабақтың мақсаты


Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайта отырып, түрлі жаттығуларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс реттілігін сақтап, іс жүзінде қолдануды үйрету.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 15 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Кезешілік мәлімет беру.

Спорттық киімдеріне назар аудару.

Оқушылармен сәлемдесу.

Қауіпсіздік ережесін таныстыру.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.

Солға, оңға бұрылу. 3 – топқа бөліп, дене қыздыру жаттығуларын орындау.

Оқушылар сапқа тұрады, мәлімет береді. Дене қыздыру жаттығуларын жасайды



Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік, ысқырық , секундомер, гимнастикалық таяқшалар

Ортасы 25 минут

Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың  негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс,марафондық  сияқты түрлері бар.

Жүгіру – қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді.

Қысқа қашықтыққа – 100, 200, 400 м және 110 кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа 800, 1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа – 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.


Мұғалім сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Оқушыларды жұптарға бөліп, 200 метрге жылдамдықпен төменгі сөре қалпынан жүгіру техникасын орындату.


Дескриптор:

  • 200 метрлік мәреге белгіленген уақытта келді.

Аяқ алысы шапшаң.

Қауіпсіздік ережесі мен жүгіру техникаларын қатаң сақтады.


  • 200 метрлік мәреге белгіленген уақыттан сәл кешігіп келеді.

Алғашқы сөреден шығу жылдамдығы баяу.

  1. трлік мәре сызығына жетпей шаршап келеді.


  • 200 метрлік жолақ бойы баяу қозғалады.

Физикалық қасиеттері баяу дамыған.


Көңілді эстафеталық ойындарды өткізу

а) Эстафеталық таяқшамен жүгірту.

б) Мәреге жету.


Оқушыларды бірнеше топқа бөліп 400 метр қашықтықта жүгіруді орындату. Жүгіру жолы 100 метрден бірнеше топқа бөлінеді.

Әрбір бөлікке әр команда өз ойыншыларын қояды.

Бірінші нөмірлі ойыншылар белгі бойынша сөреден жүгіріп шығып, екінші бөлікке жетіп, өз командаласының ойыншысына таяқшаны береді.

Ал ол эстафетаны үшінші бөліктегі өз ойыншысына жеткізеді.

Жүгіруді бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.


400 м жүгіруде оқушылар алғашқы 100 м өз жодарымен жүгіргенде, жүгірушінің мақсаты – жиек бойындағы орынды бірінші болып алу үшін осы бөлікті тез арада жүгіріп шығу.


Дескриптор:

  • топта бірлесіп жұмыс жасай алады;

  • орындалатын іс-әрекеттер арқылы мақсатқа жете алады.

Мұғалімді тыңдайды.






Жұптарға бөлініп, 200 метр жылдамдықпен жүргіреді.

Жүгіру техникасын орындағанда қауіпсіздік техникасынан хабардар болады.

Оқушылар қысқа қашықтыққа жүгірудегі орындалатын тактиканы көрсетеді. Қысқа қашықтыққа жүгіру арқылы оқушылар шапшаңдық, ептілік, төзімділік, батылдық қасиеттерін көрсетеді.







Әр топ 400 метр мәре сызығында тұрады. Жылдамдықпен жүгіріп, бір – біріне таяқшаны жеткізіп береді.

Бір-біріне қарама-қарсы тұрған оқушылармен топтарда жұмыс істеп, олар кімнің жылдам жүгіріп жететіндігін көру үшін міреге қарай жүгіреді.


ҚБ өзін өзі бағалау







ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау»






























ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау»

Әр жаттығуға арналған үлкен, таза кеңістік, ысқырық, секундомер












Әр жаттығуға арналған үлкен, таза кеңістік, ысқырық, секундомер


Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия.

- Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдың?

- Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды?

- Өз көңіл күйінді белгімен көрсет

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерімізді жүрегіміздің түбіне сақтап қояйық.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, көзді жұмып, оңға – солға бұрылып,

5 қадам алға жүріп, айналып қайта сапқа тұрғызу.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Ленталар





Тексерілді: __________________________

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!