400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Дененің салмағы.Салмақсыздық

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр түрлі ситуацияларда дененің салмағын есептеуге арналған формулаларды шығарып алу және ақпаратты презентация түрінде әзірлеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы

а. Бескөл

«Парасат» мектеп-лицейі

Сынып – 9 «ә»

Пән – физика

Мұғалім: Айтымов А.Б.

Сабақтың тақырыбы: Дененің салмағы.Салмақсыздық

Сабақтың мақсаты: Әр түрлі ситуацияларда дененің салмағын есептеуге арналған формулаларды шығарып алу және ақпаратты презентация түрінде әзірлеу.

Сабақтың міндеті:

  • білімділік: салмақтың анықтамасын , әр түрлі жағдайларда салмақты анықтау формулаларын білу;

  • дамытушылық: алған білімді әр түрлі өмірдегі жағдайларда қолдану, формулаларды қолданып есеп шығару білу;

  • топпен жұмыс істей білу, өз- өзінің еңбегін бағалай білу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Қолданылған құрал жабдықтар: компьютер, интерактивтік тақта, эксперименттерге арналған құрал жабдықтар.

Қолданылған әдіс тәсілдер:


Сабақ кезеңі


I актуализация /2минут/

II - жаңа тақырыпты меңгеру/20минут/


III- кері байланыс/18 минут/


Сабақтың барысы

-Сәлеметсіздерме әріптестер! Бүгінгі Оіnlin режимінде өтетін сабақ саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технология логикасында жобаланған сабақ. Аталған технологияға сәйкес сабақ үш кезеңнен құрастырылған.

Сабақтың мақсаты: Әр түрлі ситуацияларда дененің салмағын есептеуге арналған формулаларды шығарып алу және ақпаратты презентация түрінде әзірлеу.

І.

Қандай да бір дене, айталық горизонталь тіреуде жатсын делік. Дене Жермен өзара әсерлеседі, егер де ол еркін болса, g үдеумен Жерге құлар еді./демонстрация/

Алайда дененің құлауына не кедергі жасап тұр? \тірек\

Анықтама: Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады.

ІІ.

-Дененің салмағын қалай анықтауға болады екен? Бұл сұраққа жауап алу үшін сіздерге эксперименталдық тапсырмалар ұсынамын және де оқулық көмегімен алынған ақпаратты презентация түрінде әзірлейсіздер.Сіздерге бұл жұмысқа 15 минут уақыт беріледі.

Эксперименттік тапсырмалары \төрт топқа\

І топ: а=0 үдеу болмаған жағдайда, дене тіреу үстінде тыныштықта немесе аспаға ілініп тұрса, дененің салмағын қалай анықтауға болады?

Ньютонның ІІІ заңына сәйкес Р= - N. Табиғаты бірдей болып келетін әрекет пен қарсы әрекет күштері.

Егер тіреудің реакция күші табылса, онда дененің салмағын да анықтауға болады, өйткені Р= N болады.

Ньютонның ІІ заңына сәйкес:

N+ Fа =ma немесе N+mg = ma

Ал N=-P, онда –P+mg=ma, а=0

P+mg=0 => P= mg

Эксперимент қорытындысы: үдеу болмаған жағдайда горизонталь жазықтықтағы дененің салмағы ауырлық күшіне тең.Күнделікті қолданыста салмақ пен ауырлық күшін жиі шатастырады. Алайда ауырлық күші денеге, ал салмақ тіреуге немесе аспаға түсіріледі. Бұл күштердің табиғаты әр түрлі.Ауырлық күш – гравитациялық, денеге

әрекет ететін, ал дененің салмағы – серпімділік күш, тіреуге немесе аспаға түсірілетін.

ІІ топ: Дене Жерге сәйкес үдеумен қозғалады, бірақ еркін түсу болмайды. Ол үшін серпімді таразыны қолдан түсірмей ғана тез арада төмен бағыттау. \таразының белгісі жоғары көтеріледі\. Дененің салмағы кеміді ме, әлде артты ма таразы мен дене тыныштық күйде болғаннан? Салмақты қалай анықтауға болады?

Эксперимент қорытындысы:

Ньютонның ІІ заңына сәйкес:

Fc+mg =ma

(Fc)у+mgу =maу

g a Y осімен бірдей бағытта болғандықтан:

gу=g, ау=a, Fc Y осіне қарсы => (Fc)у= -Fc

Fc= mg- ma

Ньютонның ІІІ заңына сәйкес

/Р/= /Fc/

P= mg- ma= m(g- a) – дененің салмағының модулі үшін өрнек

Дене тіреумен бірге вертикаль төмен қарай қозғалған жағдайда дененің салмағы оған әрекет ететін Fа кем болады.

ІІІ топ: серпімді таразыны қолдан түсірмей ғана тез арада жоғары бағыттау. \таразының белгісі төмен түседі\.

Дененің салмағы кеміді ме, әлде артты ма таразы мен дене тыныштық күйде болғаннан? Салмақты қалай анықтауға болады?

Ньютонның ІІ заңына сәйкес:

Fc+mg =ma

(Fc)у+mgу =maу

g a Y осімен қарама қарсы бағытта болғандықтан:

gу=g, ау=-a, Fc Y осіне қарсы => (Fc)у= -Fc

-Fc+ mg=- ma

Fc- mg= ma

Fc= ma+ mg

Ньютонның ІІІ заңына сәйкес

/Р/= /Fc/

P= ma+ mg= m(a+g)- дененің салмағының модулі үшін өрнек

Эксперимент қорытындысы: Дене тіреумен бірге вертикаль жоғары қарай қозғалған жағдайда дененің салмағы оған әрекет ететін ауырлық күшінен артық болады.

Анықтама:Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын асқын салмақ деп атайды.

ІV топ: Қолға таразыны ұстау, таразыны тыныштыққа келтіру, таразыны қолдан түсіру. Таразы денемен еркін түседі. Таразының белгісі нені көрсетеді? Түсіндіріңіздер. Салмақ нешеге тең болады?

Эксперимент қорытындысы:

Еркін түскенде таразы мен дене g бірдей үдеумен қозғалады.Серпімдінің төменгі жағы денені тартпайды, ол өзі бірге оның соңынан қалмайды, сондықтан серпімді күш жоқ, сондықтан дене де деформацияланбайды және серпімдіге әрекет жасамайды. Салмақ жойылды. Дене салмақсызданды.

Бүкіләлемдік тартылыс, ауырлық күш барлық денелерге бірдей үдеу береді g. Егер әр денеге тек қана Бүкіләлемдік тартылыс, ауырлық күш әрекет етсе, ол дене салмақсыздық күйде болады.

a= g

P= m(g- g)=0

Анықтама:Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі салмақсыздық деп аталады.

Презентациялау /5 минут/

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІV топ

ІІІ.

Деңгейлік тапсырмалар орындау

(Оқушылардың бағалау парағы, мониторинг жасау)

Оқушылар өз бағалау парақтарына ұпайларын сәйкестіріп бағаларын қояды.


Сабақ мақсатына жетті. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет!







Деңгейлік тапсырмалар


І деңгей

1.Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктің салмағы және оған түсірілген тіректің реакция күші қандай?

Суретін салыңдар және күштердің бағытын көрсетіңдер.

2.Динамометрге асылған 2 кг дене жоғары қарай көтеріледі.

а) денені 2 м/с 2 үдеумен көтергенде; б) бірқалыпты көтергенде динамометр көрсеткіші неге тең болады?


ІІ деңгей


1Лифтінің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеу модулінің мәні а=0,2м/с2 болса, осы кездегі массасы 50кг баланың лифтідегі салмағы қандай болады? Асқын салмақты бағалаңдар.


ІІІ деңгей

Массасы 2 т автокөлік дөңес көпірден 36км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Егер көпірдің қисықтық радиусы 100 м болса, ондаол көпірдің ортаңғы нүктесін қандай күшпен қысады?








,








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1910
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі