Материалдар / Дененің тепе-теңдік шарты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дененің тепе-теңдік шарты

Материал туралы қысқаша түсінік
материал сабаққа дайындалу үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2018
1758
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Физика пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: Күш моменті. Тепе-теңдік шарттары. Иінді таразылар.

7 сынып



























Ашық сабақ 7а сынып Күні: 29.04.2014 ж

Тақырыбы: Күш моменті. Тепе-теңдік шарттары. Иінді таразылар.

Мақсаты: 1. Оқушыларға иінді таразылар, жай механизмдер және олардың жұмыс істеу принциптері туралы , иіндік, күш иіні, күш моменті туралы түсінік беру .

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ИТ, компьютер, карточкалар.

Сабақтың жоспары: Сергету сәті

Жаңа сабақ

Сөз жұмбақ

Физминутка

Есептерді шығарайық

Ыстық тақ

Карточкалар:

  1. Иіндік дегеніміз не?

  2. Қатандығы К = 2*10 5 Н/м серіппе серпімділік күшінің әрекетінен 3 см –ге ұзарады. Созылған серіппенің потенциалдық энергиясы қандай?

  3. Сүретте сызғыш-иіндік көрсетілген. Оған бір жағдайда төрт күш әрекет етеді. Қандай жағдайда иіндік тепе-тендікте болады, егер тепе-тендік болмаса, ол қай бағытқа бұрылады?

  1. Күш моменті дегеніміз не?

  2. Сүретте сызғыш-иіндік көрсетілген. Оған бір жағдайда үш күш әрекет етеді. Қандай жағдайда иіндік тепе-тендікте болады, егер тепе-тендік болмаса, ол қай бағытқа бұрылады?

  3. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді.

Сөз жұмбақ

  1. Қозғалмайтың тіреудің немесе біліктің осьтің төңірегінде анала алатын кез келген дене .............. деп аталады.

  2. Айналатын денеге түсірілген күштің ........ моменті деп аталады.

  3. Күш сияқты, кұш моменті векторлық ........

  4. Егер гір тастарының ......... өлшенетін дененің массасы тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

  5. Біліктің сол жағындағы күштердің күш мементтерінің қосындысы біліктің оң жағындығы күштердің күш моментерінің қосындысына тең болса, айналатын дене тепе-теңдікте тұрады. Бұл ........ ережесі.

  6. СИ жүйесінді күш иіннін өлшем бірлігі қандай?

  7. Иінді таразылар ......... массасын өлшеу үшін қолданылады

  8. СИ жүйесінді күштің өлшем бірлігі қандай?

  9. Күш моменті қандай құрылғымен анықтауға болады?

  10. Иідіктің айналу ось өтетін О нүктесін ......... нүктесі деп атайды.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Оқушылар қарама-қарсы тұрып бір-бірімен әр түрлі амандасады.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

Activote көмегі бойынша тест өткізу.

  1. ІІІ. Жаңа сабақ.

Анаграмма бойынша оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын табады.

Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала қозғала алатын кез келген дене иіндік деп аталады.


О тіреу нүктесі

d1=OC Ғ1 күшінің иіні

d2=OD Ғ2 күшінің иіні

Айналатын денеге түсірілген күштің иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады:

M=F∙d

М-күш моменті Өлшем бірлігі 1Н∙1 м


Ғ-күш

d –күш иіні

М12

Моменттер ережесі:

Айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күн моменттерінің қосындысына тең болуы керек.

Иінді таразылар

Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.

Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.

Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни немесе


Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:

d1=d2

m1g=m2g

m1=m2.

Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

Аса ауыр денелердің массалырн анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.

Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.


IV. Пысықтау.

1. Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?

2.Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?

3. Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола ма?

4. Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс ісьей ала ма?

5. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?

6. Жай механизмдер дегеніміз не?

7. Жай механизмдердің түрлері қандай?

8. Жай механизмедр жұмыстан ұтыс бере ме?

9. Иіндікті не үшін қолданады?

10. Блок деген не?

11. Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар?

V. Есептер шығару. Карточка бойынша

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §70. §71 41 –ж. №3, №4.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!