Деңгейлеп оқытудың пайдасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Деңгейлеп оқытудың пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім жолдастармен ой бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Деңгейлеп оқытудың пайдасы

Әсемгүл Ахметова Мақабылқызы

А.Нүсіпбеков атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық , тиімді әдістерін , тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу , жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек.

Сабақ үрдісінде небір күрделі қиындықтар кездеседі. Бүгінгі таңда озат педагог-ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің жаңа тәсілдері жеткілікті. Осындай технология-лардың бірі-профессор Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.

Оқушылардың ой-өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай деңгейлеп саралап оқытудың ықпалы зор.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы дегеніміз- оқушының туа біткен ақыл –ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім жүйесі.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының мақсаты: Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.

Ерекшелігі: Біріншіден: Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

Екіншіден: Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

Үшіншіден: Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Менің мақсатым: оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Өз сабағымда деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының әдісін жиі пайдаланамын.

Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне қарай , топтап, яғни топқа бөліп оқытудың нәтижелі болатындығын байқап келемін. Сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай үш топқа бөлемін. Әр топтың өз жеткешісі болады. Әр деңгейде оқушылар біліміне қарай орналасады. Мұнда барлық оқушылар қамтылады. Берілген тапсырманы бәрі бірігіп, өзара ақылдасып, бірі түсінбегенін екіншісі түсіндіру арқылы дұрыс орындап шығуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар оқушылар өз беттерімен жұмыс жасау арқылы ойлау қабілеттерін дамытып отырады. Барлық оқушылар өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да , оны орындауына сәйкес келесі деңгейге көшіп отырады.

Қорыта айтқанда осындай жұмыстар арқылы оқушылар арасында ұжымдық қарым-қатынас қалыптасады. Оқушыны жауапкершілікке тәрбиелейді. Жаңа технологияны пайдалану оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
580
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі