Тақырыбы:
Деңгейлік тапсырмалардың оқушы белсенділігін арттырудағы рөлі.
«АВС» әдісі.
Мақсатым: Деңгейлік тапырмалар арқылы кез келген тақырыпты түрлі әдістер арқылы оқушыға меңгерте отырып, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру, есте сақта қабілеттерін нығайту
Міндетім: Сабақтарымда қолданып жүрген тиімді әдістерімді таныстыру. Бұл әдістерді өз пәніме ыңғайластырып, тапсырмаларды құрастырып, тақырыптарды жақсы меңгеруіне жағдай жасау.
Мазмұны:
Ағартушы - педагог Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі» деп айтқан. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет.
Мен өз сабақтарымда сабақты бекіту кезеңінде деңгейлік тапсырмалар беремін. Менің күнделікті сабақта қолданатын және сіздерге ұсынғалы тұрған әдісім «АВС» әдісі. Бұл әдіс бойынша мен оқушылардың білім деңгейіне қарай тақырыпқа қатысты әр түрлі тапсырмаларды дайындаймын. Мұндағы «А» деңгейге жеңіл тапсырмалар құрастырамын. Мысалы: тест тапсырмалары, термин сөздер т.б. «В» деңгейдегі оқушыларға орташа деңгейдегі тапсырмалар құрастырамын. Мысалы: Семантиалық карта, «Сенемін, сенбеймін» әдісі, сәйкестендіру кестесі т.б. «С» деңгейдегі оқушыларға күрделі тапсырмалар құрастырамын. Мысалы: кескін картамен жұмыс, хранологиялық кестемен жұмыс т.б. Бекіту кезеңінде деңгейленген тапсырмалар арқылы әр оқушының тақырыпты меңгеру деңгейі анықталады. 6-сыныпқа Қарахан мемлекеті тақырыбына дайындалған деңгейлік тапсырмалар:
«АВС» әдісі бойынша
А деңгейдің тапсырмасы
Тестпен жұмыс
1.Қарахандықтардың өзара қырқыстарын пайдаланған көшпелі тайпалар
А)керейттер
Ә)қарақытайлар
Б)наймандар
В)қыпшақтар
Г)қарлұқтар
2.ХІ ғасырдың 30-жылдарының соңындағы Қарахан мемлекеті екі бөлігінің арасындағы шегаралық өзен
А) Іле
Ә) Әмудария
Б) Ертіс
В) Сырдария
Г) Шу
3. Қарахан мемлекетінде ислам діні мемлекеттік дін ретінде жарияланған жыл
А)751жыл
Ә)1007 жыл
Б)950 жыл
В)860 жыл
Г)960 жыл
4. Қазақстан аумағындағы Қарахан мемлекеті кезіндегі басты оқиға
А) ислам мемлекеттік дін деп жарияланды
Ә) соғды жазуы қабылданды
Б)Араб әліпбиі енгізілді
В)Будда мемлекеттік дін деп жарияланды
Г)көшпелілердің отырықшылануы тоқтады
5. Наймандармен күресте Шығыс Қарахан әулеті талқандалды
А) 1212 жылы
Ә) 1214 жылы
Б) 1210 жылы
В)1207 жылы
Г)1217 жылы
В деңгейдің тапсырмасы. «Ия, жоқ» әдісі
|
№ |
Сұрақ |
Ия |
Жоқ |
|
1 |
Қарахан мемлекеті жайлы деректер қытай авторларының деректерінде көптеп кездеседі. |
|
|
|
2 |
Қарахан мемлекетіндегі билік екі тайпалық топ – жігіл және яғма ақсүйектері арасында бөлінді. |
|
|
|
3 |
Қарахан мемлекетінде биліктің қосарлы немесе тең құқықты қосарлы жүйесі қалыптасты |
|
|
|
4 |
940 жылы Қашқарияның қарлұқ тайпалары Жетісу жерін басып алды |
|
|
|
5 |
Қарахандықтардың екі бөлігінің арасындағы өзара қырқыстар мен орталықтың биліктің әлсіреуін көшпелі қарлұқ тайпалары пайдаланды |
|
|
С деңгейдің тапсырмасы. Хронологиялық кестемен жұмыс
|
№ |
Мерзімі |
Оқиға |
|
1 |
|
Самарханда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырды |
|
2 |
|
Жетісу үнемі қидандардың шапқыншылығына ұшырай бастады |
|
3 |
ХІ ғасырдың 30 жылдары |
|
|
4 |
942-1212 жж |
|
|
5 |
|
Қарахандықтар Орталық Азиядағы Самани мемлекетін талқандады |

Нәтижесінде:
-
Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
-
Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
-
Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
-
Оқушы салыстыра отырып, негізгі білімді өздігінен меңгеруге әрекеттенеді
-
Оқушы өзін-өзі тексереді,өзінің жіберген қателерін біліп отырады.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Деңгейлік тапсырмалардың оқушы белсенділігін арттырудағы рөлі. "АВС" әдісі

шағым қалдыра аласыз