Материалдар / Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі

Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақтың мақсаты:Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Оқушыларды құдай берген денсаулықты, өзінде бар денсаулық пен күш қуаттарын бағалауға, және бос уақыттарын тиімді пайдалана білуге баулу. Мағыналы, жемісті, табысты және мәнді де өмір сүруге әрбиелеу. Өмірді бағалай білуге баулу.Сапалы өмір суруге талпындыру.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы : Дені  сау  адам —  табиғаттың  ең қымбат  жемісі


Мақсаты:

Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы  байлық екендігін түсіндіру.


Түрі : Тренинг

Көрнекіліктер : Нақыл сөздер, шар, плакат, боя  қаламдар,

Қатысушылар жоғары сынып оқушылары

Барысы :

Дені  сау  адам табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың  өз денсаулығына  көңіл бөлгені — өзін-өзі сыйлағаны. Адамның  денсаулығы — өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады.

Денсаулық — бар байлығың  басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең  – дей келе  бүгінгі

« Дені  сау  адам —  табиғаттың  ең қымбат  жемісі » атты  тренингке  қош  келдіңіздер !


І. «Стол резюмесі » танысу тренингі

Әр қатысып отырған оқушылардың алдына картішке беріледі. Картішкенің артқы жағында тұрға смайлик суреті , көңіл-күйге байланысты өз есімін танысырып өтеді. Мысалы: көңілді смайлик болса, көтереңкі көңіл күймен Менің атым-Жібек және т.б.

  

ІІ . « Мюнстерберг » әдістемесі

Мақсаты :  Әдістеме зейіннің  таңдамалылығын анықтауға бағытталады .

Нұсқау : Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар .Сіздің міндетіңіз :тез оқып отырып ,сол сөздердің астын сызуыңыз керек .Жұмыс уақыты -2 минут

Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны ,қатеге байланысты бағаланады .


АашпгоппартаивнртереЗевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершвврткрпденсаулықгушблматабиғатждыгутсчв


Рахмет балалар .Сіздер жылдамдықтарыңызды көрсете  білдіңіздер және сөздерді

таба білдіңіздер

Талқылау :Ең көп сөз құраған кімдер ?


ІІІ. «Мен ғажайыппын » ойыны

Мақсаты : Мәдениетті адамды ерекшелендіретін нәрсе. Оның айналасымен еркін және жағымды қарым-қатынас жасай алуы.

Нұсқау:  Сіздерге  екі қолдың  көмегі  арқылы  іс-қимыл жасалады.

Сол іс-қимылға  сөздер айта  отырасыздар.

Рахмет сіздерге   ситуациядан  шыға  білдіңіздер.

 

ІУ. Мен – үйде» және «Мен — жұмыста» жаттығуы (10 минут)

Нұсқау: Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен мектепте» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

  1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.

  2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?

  3. Не себепті екі баған екі түрлі  болуы мүмкін?

 

Басты байлық — денсаулық.
Сақта жолын сен тауып.

 

 

У. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
        Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік.

Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды — енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.

 

Талқылау :  Сіздерде  қандай  сезім  болды?

Табиғат  құбылысы  ұнадыма ? қай  құбылысы  ұнады?

Табиғатта  кіммен  жүр едіңіз?
 

УІ. «Оның есесіне мен…» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
— Мен
есепті көп қып шығара алмаймын, оның есесіне ….. .
— Мен шаршадым, оның есесіне …… .
— Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне …. .
— Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне …. .
— Мен көп
ренжимін, бірақ оның есесіне …. .
— Мен
мінезім тік, оның есесіне … .
— Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне … .
— Мен
Астанада болған жоқпын, оның есесіне …. .
— Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ….. .
— Мен
өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне…… .
— Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне….. .
— Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне …. .
— Мен тым толықпын, оның есесіне…. .
— Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне … .
— Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне … .
— Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ….. .
Рахмет  сіздердің  бойларыңыздағы  асыл қасиеттердің  бар екенін жәнеде  өздеріңізді  жоғары бағалайтындарыңызды көрсете білдіңіздер. Биіктерден көріне беріңіздер.

УІІ. «Күннің  шуағы» тренинг

  1. «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі»  дегенді қалай   бағалап түсінесіздер?

  2. Бүгінгі тренингтен  алған  әсерлеріңізді жазу.

 

Қорытынды:

«Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,


ойын  ойнамағандықтан қартаямыз.»

                                                                       Бернард шоу

Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,

Үшеуімен бақытты  болады өмір,

дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі  екенін ұмытпаңыздар!  Әрдайым көңілдеріңіз көтеріңкі болсын!



21 Желтоқсан 2017
2306
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі