жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Дені сау ұрпақ ел болашағы»
«Дені сау ұрпақ ел болашағы»
Тәрбие мен білімнің алғашқы дені мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала бойындағы жақа қаситтер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. Мектепке дейінгібілім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойған басты мақсат-баланың жас ерекшелігіне қарай бабалар тарихын негізге ала отырып, ұлттық тәрбиені, сал-дәстүрді бойына сіңіріп, жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал ету. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін, әр бір тәрбиеші, ұстаз халық педагокикасын, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарды жақсы меңгерген рухани дүниесі бай, жаны таза, адал жан болуы керек. Тәрбиеші үшін, күрделі де қиын сәттерден жасқанбай, танымы мен саналы көзқарастарын таныта алатын, білімі мен тәжірибесін жан-жақты дамытып байыта алатын сәт мектепке дейінгі мекеме қабырғасынан басталады.
Балабақшамызда Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартының басшылыққа ала отырып, «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асыруда.
Балабақшаның тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсаттары:
баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, балалардың салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеу, денсаулық сақтау, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Қазіргі білім саласындағы тәрбие мен оқытудың жаңа педагогикалық технологияны меңгерту тәрбиешінің зейін зерделік, кәсіптік адамгершілік, рухани азаттық және басқа да қабілеттерінің қалыпқасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа педагогикалық әдіс - тәсілдерді меңгерген әрбір тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін нәтижелі даму жағынан көрсете алады. Осыған орай біздің балабақшамыз жаңа стандарт талабы бойынша бес салаға бөлінген жаңа бағыттармен жұмыс жасап келеді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасының мақтанышы дені сау етіп өсіру жолындағы тәрбие ісін басшылыққа алып келеміз.
Жыл бойына балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балаларға ауруларды болдырмаудың, одан сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде пайдалану, бала бойында өзгерістегі жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, жаз айлары қызықты өтеді. Балаларымыз бассейнге суға түседі.Ұйқыдан кейінгі жаттығулар жақсы жүреді.
Сауықтыру жұмыстарында тұзды төсенішпен жалаң аяқ жүру, суық сумен су құю, сулы қолғаппен сүртіну, нүктелі төсеніштермен жүру сияқты шынықтырудың дәстүрлі тәсілдерін қолданамыз. Сондай-ақ дене шынықтыру сабақтары жүргізіліп отырады. Сабақта әртүрлі дене қыздырушы қимылды ойындар ойналады. Баланың дені сау болуы үшін аянбай еңбек етіп, жан жақты тәрбиелеу біздің борышымыз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген