жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Денсаулығы сәбидің - қуанышы әр үйдің
«Денсаулығы
сәбидің – қуанышы әр үйдің» атты
эстафеталық
сайыс
Мақсаты: Балабақша
бүлдіршіндері
және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы күшті болу
үшін денені
шынықтыру, спортпен айналысуы қажет екендігінің маңызын түсіндіру.
Баланың ата-анаға деген құрметін, сүйіспеншілігін, адалдығын,
сыйластығын үйрету және әрі қарай дамыту. Ата-ананың балаға деген
қамқорлығын, сүйіспеншілігін, махаббатын ояту. Ұйымшылдыққа,
ептілікке, икемділікке тәрбиелеу.
Бірлесіп жұмыс жасауға, салауатты өмір салтын сақтауға, спортқа
деген қызығушылықтарын арттыру.
1.Ата-аналарды балабақшадада өткізілетін шараға белсене қатысуға баулу;
2.Ата-аналарды балалармен бірге спорттық шараларға қатысуға жұмыстандыру;
3.Балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру;
4.Балалардың командалық рухын көтеруге баулу;
5.Балаларды командалық сайысқа қатыса білуге, достыққа үйрету, баулу;
6.Ата-аналар мен балаларды бірлесе отырып спорттық шараға қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу;
Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, мадақтау.
Қолданатын құрал жабдықтар: доп, кедергілер, құм салынған қапшық, секіртпе, машина, обруч.
Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар! Армысыздар! Болашақтың бастауы, балғын шақты балалар! Болашақ үшін қиындыққа қол созған соң, үміт күткен ел арманың қолдасын! Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан, ізгі ниет жақсы өнерге тозбасын,-дегендей, бүгін «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің» атты отбасылық спорт мерекесіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: -Бәрін бүгін шақырамыз Спорттық алаңға жинап Сайысымызды бастаймыз, (әуен ойналып әр отбасы орындарына келіп тұрады)
-
«Балдырған» тобы
-
«ЖасҰлан» тобы
-
«Сұңқар» тобы
Жүргізуші: Шын жүректен әділқазы мүшелерін,
Қарсы аламыз шын ниетпенен
Әділ бола біледі әрқашанда,
Дұрыс шеше біледі әр уақытта!
Әділқазы алқаларымен таныстыру.1: Қарабалаева Д.С
2. Қилыбаева Р. С
Жүргізуші:
Өнер қуып отбасы өтер
дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген топтар кезектесіп
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
Ендеше жарысымызға келген әр
отбасы өздерінің топтарын
таныстырады.
Шарты: «Әр топ өз тобының атын, ұранын айтып
таныстырады»
«Балдырған» тобы ортаға өздерін таныстырсын
«ЖасҰлан» тобы ортаға өздерін таныстырсын
«Балдәурен» тобы ортаға өздерін таныстырсын
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен
бағаланадыең жоғарғы ұпай
«5»
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын ойынның
атауларымен, шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 5 кезеңнен
тұрады.
Сайыс
шарттары:
-
«Кім жылдам?» (әкелер, аналар, балалар)
-
«Бағымды сынайын» (Әкелер)
-
«Кім шапшаң?» (Аналар)
-
«Біз батылмыз» (Балалар)
-
«Біз біргеміз» (Әкелер, аналар, балалар, тәрбиешілер)
1. Ойынның аты: «Кім жылдам?» (әкелер, аналар, балалар)
Ойынның
шарты: Балалар мәре сызығынан тізесіне жұмсақ
доп қыстырып алып кедергілер арасымен сөре сызығына барады, мәре
сызығында тұрған аналары құм салынған қапшықты басына қойып денесін
тік ұстап, қолын белге қойып кедергілер арасымен сөреге жүгіріп
келеді ал, әкелері кедергілер арасымен 3 рет жүгіріп барып сөре
сызығында тұрған баласы мен анасын үлкен дөнгелек обручтың ортасына
алып үшеуі бірге мәреге жүгіріп
келеді.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың
ұпайларын берсін
2.
Ойынның аты: «Бағымды сынайын»
(Әкелер)
Ойынның
шарты: Бұл
ойынға әкелер қатысады, әкелер мәреде тұрған аналарды арқасына асып
алып кедергілер арасымен сөреге арқалап жүгіріп барады,
кері кедергілер арасымен мәреге жүгіріп келіп, балақайды
арқасына салып алып кедергілер арасымен сөре сызығына жүгіріп алып
барады.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың
ұпайларын берсін
3.Ойынның аты: Кім шапшаң? (аналар,
тәрбиеші)
Ойынның
шарты: Аналарымыз мәре сызығынан сөре сызығына
кедергілер арасымен секіртпемен 3 рет секіріп барып, кері секіріп
келу.Тәрбиешілер де дәл осылай
қайталайды.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың
ұпайларын берсін
4.
Ойынның аты: «Біз батылмыз»
(Балалар)
Ойынның
шарты: Бұл ойынға
балақайлар қатысады, мәреде тұрған
машиналарды
кедергілер арасымен сөреге айдап
барады
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы
командалардың ұпайларын
берсін
5.Ойынның аты: «Біз біргеміз» (Әкелер, аналар, балалар, тәрбиешілер)
Ойынның
шарты: Бұл ойынға
әкелер, аналар,
балақайлар
және
тәрбиешілер
қатысады. Бірінші әкелер шығыршықтың ішіне кіріп
кедергілер арасымен мәреден сөреге жүгіріп барады және кері жүгіріп
келеді, мәреде тұрған анасын өзімен бірге шығыршықтың ішіне
кіргізіп сөреге кедергілер арасымен жүгіріп барып кері жүгіріп
келеді, мәреде тұрған тәрбиешіні де шығыршықтың ішіне салып алып
келеді, мәреде тұрған балақайды шығыршықтың ішіне кіргізіп сөреге
жүгіріп барады. Қай команда
бірінші келсе сол команда жеңіске
жетеді.
Жүргізуші: Өнерге
бейік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз,
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз!
Құрметті әділқазы алқаларының бағалары дайын
болғанша балабақша бүлдіршіндері құлақтан кіріп бойды алар, жақсы
ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой сала, әнді сүйсен, менше
сүй,-деп Абай атамыз айтқандай, №55 --------бүлдіршіні
----------орындауында --------әнімен ортаға қарсы
алыңыздар.
Әділқазылар
алқасы балалар мен ата-аналарды және тәрбиешілерді , марапаттап
құттықтайды.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,
балалар тәрбиешілер жүлделеріңіз құтты
болсын! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге
рахмет. Қош сау
болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген