Материалдар / Денсаулық -зор байлық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Денсаулық -зор байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға денсаулық туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
439
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»
Мақсаты:
Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік - денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар.

- Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық –зор байлық» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Слайд.            Тапсырмалар:
1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?
3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?
 5.-Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
  
 Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
 Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
 Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
 -Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

   "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес.

1-оқушы:Айдана
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.

Шығармашылық жұмыс
- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Ісің түсіп тақсырға барма,
 Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
 Ұста көрінсе таға тозады.
4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5..Ауру атанды да шөктірер.
6.Қотыр қолдан жұғады,
   Таз тақиядан жұғады.
7.Бас ауырса жан қорқады.
8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,
   Шыбын бар жерде - шығын бар.
9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
10.Жан ауырса - тән азады,
   Қайғы басса - жан азады.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. 
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй:  Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры

 2 оқушы хабарлама жасайды:
1- оқушы:- Халықданалығында «Денсаулық - зорбайлық» деген сөз бар. Ертезаманнанберіата-бабаларымызденсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланыңденісау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақтарту, найзашаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден – ақ білген.
Слайд «Кім тапқыр?»
Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Е - Емнің алды - еңбек.
Н - Негізгі байлық - денсаулық.
С - Саулық - байлық негізі.
А - Ас - адамныңарқауы.
У – Уланудан сақтан.
Л - Ластың досы - шыбын.
Ы - Ыдысы тазаның, ырысы таза.
Қ - қотыр қолдан жұғады.

Слайд     Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:
» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
» Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
» Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.
» Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді                            қоректену керек.
» Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ертежатып,ертетұрукерек.
» Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.
» Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек.
» Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.

   -  «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
Слайд    Тұжырым: Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.
Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

-Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!