400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Денсаулық-зор байлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімі «Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты»КММ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы «Денсаулыққа не зиян

Мақсаты: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.


Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау.

Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан- жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Денсаулық.

Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

Оқушылар: Шынығып, спортпен дос болып, тазалық сақтауымыз керек. Денсаулық –зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.

Жан – адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса, дені саудың – жаны сау.

1-оқушы: Денсаулық ол шыныққын Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол – тыныққан Жүйке тамыр жүйесі.

2- оқушы: Денсаулық ол –күлуің Көңіл-күйің жадырай, Денсаулық ол –жүруің Ешбір жерің ауырмай.

- Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір-қоқысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс. Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.

Балалар, салауатты өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

Спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болу, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу.

- Сонымен ішімдіктің, темекінің, нашақорлықтың денсаулыққа зиян екенін білдік. Тағы нелерге зиян?

Еңбек етуге,қоғамға, ұрпаққа, отбасына зиян.

Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар мына төмендегідей:
1) Мәдениеттің төмендігі.
2) Салауатты өмір сүру салтын құрайтын санитарлық-гигиеналық ғылыми деректерді көпшілік халықтардың жете білмеуі.
3) адамның белсенді түрде қимыл жасамауы (гиподинамиканың) өріс алуы.
4) Дене массасының мөлшерден тыс өсіп кетуі (орынсыз толу-семіру).
5) Адекватты емес және теңестірілмеген тамақтармен тиімсіз және жөнсіз тамақтану.
6) айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларының мөлшерден тыс ластануы (атмосфералық ауаның, судың, жердің, өсімдіктер әлемінің көптеген улы химиялық (гербицидтер, пестицидтер, десиканттар, дефолианттар, фосфатидтер, нитраттар, нитриттер), және т.б. қосылыстармен улануы.
7) Үйде және қызмет орындарында теріс стресс (күйзеліс) жағдайларының үнемі болып түруы.
8) Кейбір адамдардың зиянды әрекеттерге (арақ-шараптарға, темекі шегу, есірткі-наркотикалық заттармен әуестенуі) әуесқойлық жасауы және т.б. әсерлер.
9. ас түзын көп пайдаланатын адамдар әр қашанда неше түрлі дерттерге шалдығатыны белгілі.
10. қантты және басқадай тәтті тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі. Қант диабеті өте ауыр дерттердің бірі. Қант диабеті мен ауыратын адамдардың қалтасында инсулин дәрісімен бірге шприці үнемі жүреді. Егер инсулин мен шприц жоқ болса, ол адам сөзсіз тіршілік өмірмен қоштаса береді. Мемлекет тарапынан инсулинді тоқтаусыз сатып алуға көптеген қаржы үздіксіз бөлініп отырады.
Қант диабеті ауруымен сыртқаттанғандарға инсулин дәрісі тегін беріледі.
 Мақал – мәтелдердің жалғасын табайық:
1. Денсаулық -(зор байлық)
2. Жарлының байлығы -(денінің саулығы)
3. Жан ауырса тән азады,
(Қайғы басса - жан азады.)
4. Дені саудың (жаны сау.)
5. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)
6. Ауруын жасырған (өледі.)
7. Шынықсаң (шымыр боларсың)
8. Дені сау адам -(дәулетті адам)
9. Ішің ауырса, аузыңды тый,
(Көзің ауырса, қолыңды тый.)
10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)
11. Азған денеге (ауру үйір)
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.10.2021
445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі