Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі 7 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Тақырып бойынша  мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын,  тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік:  Тазалыққа,  ұқыптылыққа  баулу.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

  Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:       

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу  себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

 II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

1.      «Салауатты өмір салты»  мәтіні бойынша  түсінгендерін сұрау, пысықтау

2.      Аударма диктант: здоровый образ жизни, прогулка, чистый воздух,  отпуск, вредные привычки

 III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1.  Кіріспе сөз

2.Жинақтық сан есімдердің жасалуын мысалдар арқылы дәлелдеу

3. «Дәрумендер- денсаулығымыздың  дәнекері»  тақырыбына берілген кестені оқу, жазып алу.

Дәрумен аты

Кездесетін жері

А

Бауырда, стте, балықтың уылдырығында, жұмыртқада, қызыл сары жемістерде

В

Күріште, ашытқыда, бидай, картоп, бауырда , сүтте, етте, жұмыртқа мен салаттарда

С

Көкөністер, жемістерде, сүтте, бүйректе

Д

Балық майы, бауыр, бүйрек, жұмыртқа  сарысы,  сары майда

Е

Көкөніс, астық дәндерінде, сүтте, өсімдік майында, жұмыртқада

 4.Жазылым – Сөздерді тәуелдеңдер

Менің дәрігерім,  денсаулығым

Сенің ....

Сіздің ....

Оның ...

Біздің ...

Сендердің ...

Сіздердің ...

Олардың ...

 IV. Жаңа сабақты бекіту:   А) Жазылым- 4- тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып жазу

Жүрегің ауырса,  ... көрін.

Тісің ауырса, ... бару керек.

Тұмауың болса, ... бару керек.

Көзің ауырса, ... бар.

Құлағың ауырса,  ... бару керек.

Дәрі керек болса, ... бар.

Емделсең, ... жазыласың.

Жазылсаң, ... шығасың, сабаққа  барасың.

 Ә) Төмендегі сандарды топтарға біріктір.

Есептік

реттік

топтау

жинақтық

болжалдық

бөлшектік















Қырықтай,  ондап, біреу, отыз бесінші, мың тоғыз, екіден бір, отыздай, екі мың он екінші, бесеу,  оннан, тоғыздан,  тоғыздай, жүздеген, он жарым,  қырықтың  екісі, жүздеп, бесінші,  елу тоғыз,  мың, екі мыңыншы,  тоқсандай,  алпыс алтыншы, үшеу,  елуге жуық,  оннан екісі.

 V. Сабақты қорыту:  «Денсаулыққа  зиянды  әдеттер» жобасын жасау, қорғау

 VI. Үй тапсырмасын беру:  «Денсаулыққа  зиянды  әдеттер» тақырыбына  шағын шығарма жазып келу

 VII. Бағалау. Рефлексия

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2022
505
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі