Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәні мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Күні:________________________ Сыныбы: 8 «____»

Мұғалімі: Бекжан Ш.

Сабақтың тақырыбы: Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, толтыру маркері, формулаларды енгізу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, толтыру маркері, формулаларды енгізу туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушыларға деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, толтыру маркері, формулаларды енгізу мәлімет бере отырып, білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, толтыру маркері, формулаларды енгізу ақпарат беріп, өмірде және білім саласында дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралс сабақ

Сабақтың түрі: практикалық

Керекті құрал – жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, проектор т.б.

Қолданылатын көрнекіліктер: демонстрациялық (презентация, видео материал), иллюстрациялық (тақырыпқа байланысты суреттер).

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: сөздік (сұрақ – жауап, әңгімелесу, түсіндірмелі - иллюстративті), көрнекілік (демонстрация, иллюстрация, тірек – сызба), ой қозғау, миға шабуыл.

Қолданылатын әдебиет: Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова «Информатика» 8 – сынып. «Арман - ПВ» баспасы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақ

  4. Жаңа сабақты бекіту

  5. Қорытынды

  6. Үйге тапсырма

  7. Бағалау




  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Қауіпсіздік ережесіне шолу жасау

  • Жаңа тақырыпты жариялау


  1. Үй тапсырмасын тексеру

Тест

  1. Excel кестесінде қанша баған бар?

А) 255 Б) 65536

С) 256 Д) 452

  1. Excel кестесінде қанша жол бар?

А) 255 Б) 65536

С) 256 Д) 452

3. Excel бағдарламасын не үшін пайдаланады?

А) мәтіндік құжаттарды құру үшін

Б) электронды кестелер құру үшін

С) графиктік бейнелерді құру

Д) барлық варианттары дұрыс

4. Жол мен бағанның қиылысуы нені білдіреді?

А) ұяшық Б) сызықты кесте

С) тіктөртбұрышты кесте Д) блок

5. Электронды кестеде жолдар қалай белгіленеді?

А) A,B,C,…AA Б) 1,2,3….

С) кез келген Д) солдан оңға қарай

6. Электронды кестеде бағандар қалай белгіленеді?

А) A,B,C,…AA Б) 1,2,3…. С) кез келген Д) солдан оңға қарай

7. Excel бағдарламасы құжаттарының кеңейтілімін ата

А) .xls Б) .dbf

С) .pdf Д) .doc

8. Excel бағдарламасында бағандар немен белгіленеді?

А) әріп Б) сан

С) нүкте Д) сурет


  1. Жаңа сабақ

Жоспары:

1. Деректерді Excel-ге енгізу

2. Деректерді сақтау және қорғау.

3. Деректерді өңдеу, орын ауыстыру көшірмелеу

   Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі.

Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар қызыл крест, жасыл белгі, және тең белгісі немес функция белгісі.

Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер өшіріледі. Егер  батырмасын шертсеңіз, экранда (4 сурет) Функция шебері (Мастер функций) сұхбат терезесі көрінеді. (оны біз алдағы сабақтарда оқимыз)

Сан. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, / және т.с.с. ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ########### символдарымен толтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.

Формулалар: егер сіз = белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Мысалы: Д5 ұяшығына формуланы  енгіздіңіз: =А5*В5, бұл ұяшықтың мәні А5 және В5 ұяшығындағы мәндердің көбейтіндісіне тең.

Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін енгізсеңіз, онда Excel оны мәтін деп қабылдайды. Мысалы: -55,69 немесе 5,36-—мәтін, =А5*В5 —формула, =А5*В5+жады- —мәтін.

Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:

1)      Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау

2)      Ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.

Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.

Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.

Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты өрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз.

Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.







  1. Жаңа сабақты бекіту

1-тапсырма

  1. Excel бағлармасын ашыңыз

  2. 1-парақ (Лист 1) атын Сынып жұмысы деп өзгертіңіз

  3. Беттін қаріпін (шрифт) Times New Roman, өлшемін (размер) 14-ке өзгертіңіз


2-тапсырма

Жалақыны есептеу

Аты-жөні

Жалақы

Зейнетақы қоры 10%

Кәсіподақ қоры 1 %

Кірістік салық 5 %

Қолға алатыны

1

Байзенов Ш.Б.

32000

=C5*10/100

=32000*1/100

=32000*5/100

=С5-D5-E5-F5

2

Кажимов Д.М.

60000





3

Кайыргалиев М.Қ.

48000





4

Омарова А.Г.

26000





Барлығы

16000






3-тапсырма

Берілгенді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.

Берілген тақырып бойынша кестені құрыңыз.

1-компьютер: Ақын-жазушылардың аттарына байланысты кесте толтыр.

2-компьютер: Күн жүйесіндегі планеталар туралы кесте толтыр.

3-компьютер: Оқушылардың отырған орындарына байланысты кесте толтыр.

4-компьютер: Сыныптағы мүліктің тізімін жасап, кесте толтыр.

5-компьютер: Апта күндері туралы кесте толтыр.

6-компьютер: 8-сынып оқушыларының тізімі туралы кесте толтыр.

7-компьютер: Өзіңнің сыныбыңа арналған сабақ кестесін толтыр.

8-компьютер: 8-сынып оқушыларының пайдаланылатын оқулықтары туралы кесте толтыр.

9-компьютер: Ай аттары туралы кесте толтыр.


4- тапсырма


5-тапсырма


  1. Қорытынды

1) Электрондық кестелер қайда қолданылады?

2) Excel программасын қалай іске қосамыз?

3) Excel мен Word процессорынан айырмашылығы атаңыздар?


  1. Үй тапсырмасын беру

Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова «Информатика» 8 – сынып. «Арман - ПВ» баспасы. «Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, толтыру маркері, формулаларды енгізу» тақырыбын оқу, мазмұндау. Деңгейлік тапсырмаларды орындап келу.


  1. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауларына қарай әр оқушыны бағалау.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.08.2018
712
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі