Оқу бағдарламасына сәйкес
оқыту мақсаттары
|
5.3.6.1. мәтіндегі
орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және
редакциялау;
5.4.3.1. Тура және ауыспалы
мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним,
синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай
қолдану.
|
Сабақтың
басы
Сабақтың
ортасы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа
Сынып оқушылары түгенделеді.
Сабақ мақсаты хабарланады.
Жағымды психологиялық ахуал
қалыптастыру: «Білезік» әдісі арқылы
оқушыларға жағымды психологиялық ахуал тудырамыз.Оқушылар бірінің
қолына бірі «Әрқашан…., ешқашан…..» деген тілек айтып білезік
тағады.
ТЫҢДАЛЫМ
АЛДЫ. Қызығушылықты
ояту. «Логикалық болжау» әдісімен
оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жасырынған сөзді
анықтайды.
1-болжау
сөйлемі. Ол біздің заманымызға дейінгі
дәуірлерде Жерорта, Каспий және Қара теңіздерінің жағалауларында,
Орта Азия мен Қазақстан аумағында өсті. Балалар, бұл не болуы
немесе кім болуы мүмкін? (оқушылар өз болжамдарын
ұсынады).
2-болжау
сөйлемі. Ғылыми тұрғыда 1830 жылы оның
құрамынан алғаш рет кристалды «сантонин» деп аталатын шипалық
қасиеті өте жоғары препарат алынды. Сөйлен мен туралы айтылған
немесе кім туралы? (оқушылар өз болжамдарын
ұсынады).
3-болжау
сөйлемі. Бойында уы бар. Сол себепті
одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды. Не
болуы мүмкін? (оқушылар өз болжамдарын
ұсынады).
Қорытынды
сөйлем. Дермене – асыл шөп. Бойы 50
сантиметрге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік.
Дермененің орысшасы «дармина» не «полынь» деп аударылады. Оның
дермене деп аталып кетуі де қызық. Ерте кездерде дәрілік
өсімдіктерді іздеп келген басқа ұлт өкілдері жергілікті
тұрғындардан «қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?» деп сұраған
кезде, «дәрі міне» деп, дермене жусанын көрсеткен екен-міс. Оның
атауы «дәрі міне» сөз тіркесінен алынып «дермене» деп аталып
кеткен.
Мәліметтерге байланысты
оқушылар өз пікірлерін білдіреді.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын
айқындайды.
ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. Мағынаны
тану.
20-аудионы
тыңдаңдар.
А. Мәтін мазмұны бойынша
дұрыс жауаптың астын сызыңдар.
Ә. Мәтін мазмұнын ашатын
тақырыпты таңдаңдар.
Б. Артық сөз тіркесін
табыңдар, себебін түсіндіріңдер.
В. Қарамен берілген
сөздердің қандай мағынада қолданылғанын
көрсетіңдер.
Дескриптор:
-
Мәтін мазмұны бойынша дұрыс
жауаптың астын сызып, анықтайды;
-
Мәтін мазмұнын ашатын
тақырыпты таңдайды;
-
Артық сөз тіркесін тауып,
себебін түсіндіреді;
-
Қарамен берілген сөздердің
қандай мағынада қолданылғанын көрсетеді.
ҚБ
ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН.
ӘТН.
5-тапсырма. Сөздердің
омонимдік қатарын тауып жазыңдар.
6-тапсырма.
Мақал-мәтелдерден омоним болатын сөздерді теріп
жазыңдар.
Дескриптор:
ҚБ
|
Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары
аударылады.
Жағымды ахуал
қалыптастыру.
Оқушылар «Логикалық болжау» әдісімен оқушылар
сұрақтарға жауап беру арқылы жасырынған сөзді
анықтайды.
Мәліметтерге байланысты оқушылар өз
пікірлерін білдіреді, сұрақтарға жауп
береді.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын
айқындайды.
Мәтін мазмұны бойынша дұрыс жауаптың астын
сызып, анықтайды;
Мәтін мазмұнын ашатын тақырыпты
таңдайды;
Артық сөз тіркесін тауып, себебін
түсіндіреді;
Қарамен берілген сөздердің қандай мағынада
қолданылғанын көрсетеді.
Сөздердің омонимдік қатарын тауып
жазады;
Мақал-мәтелдерден омоним болатын сөздерді
теріп жазады;
Ойларын
дәлелдейді.
|
Қалыптастырушы
бағалау
«5» - 9-10
ұпай;
«4» - 7-8
ұпай;
«3» - 5-6
ұпай.
Қалыптастырушы
бағалау
«5» - 9-10
ұпай;
«4» - 7-8
ұпай;
«3» - 5-6
ұпай.
Қалыптастырушы
бағалау
«5» - 9-10
ұпай;
«4» - 7-8
ұпай;
«3» - 5-6
ұпай.
|
5-сынып «Қазақ тілі»
оқулығы
|