Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысы, Арыс қаласы,
С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Дермене өсімдігінің дәрілік қасиеті»

Жетекші:Д.Әбдіқалық
Ғылыми жетекшісі: Тоқмаханбет А
Оқу жылы:2024-2025 жыл
Мазмұны:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Дермене атауының шығу тарихы және өсімдіктің ерекше құрлысы.
Ерте замандарда "дәрілердің дәрісі"атауын иемденген дермененің дәрілік қасиеті
ІІІ.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Дермене өсімдігінің көмегімен мың бір дертке шипа табуды үйренгеніміз абзал
ІҮ.Қорытынды
Ү.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Аңдатпа
Тақырыптың өзектілігі: бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті, өйткені ауырып ем іздегеннен гөрі, ауруды алдын-алған дұрыс. Енді айналамызға көз тастап, табиғат бізге не беретініне мән бере қарайықшы. Біздің мейірімді және құдіретті дәрігер деп атауға болатын – «табиғат анамыз» бәрін қамтамасыз етіп, әрбір тіршілік иесіне барлық керегін дайындап қойғандай көрінетіні рас. Ал, біз сол дайын өсімдіктерден өзімізге керектілерін алып, оларды жинап, кептіріп немесе түрлі жағдайларда қайнатып соңында түрлі дәрі-дәрмек етіп алып, оны қолданамыз. "Табиғат ана"ұсынған ерекше дәрмектің бірі- "дермене". Бірақ көбі бұл туралы біле бермейді. Сондықтан біз дермене өсімдігінің ерекше қасиеттері мен адамдарға тигізер орасан зор пайдасы жайында білімімізді кеңейтуді шештік.
Мақсаты:Елімізде өсетін дермене өсімдігінің дәрілік қасиетін және ол арқылы әртүрлі ауруларды емдеуге болатынын зерттеу.
Тапсырмалар:
1. Жергілікті жердегі дермене өсімдігі туралы ақпарат жинау
2. Дермене өсімдігін жинау, сақтау, кептіру, қолдану ережесі.
3. Дермененің қасиеті мен табиғаиттағы орнына үңіле отырып, адам денсаулығына әсері туралы қорытынды жасау.
Зерттеу объектісі: "дермене өсімдігінің қасиеті"
Гипотеза: егер сіз өсімдіктердің ішіндегі оның төресі саналатын "дермене"өсімдігінің әралуан түрлерін зерттесеңіз, оларды дұрыс жинап, қолдануды үйренсеңіз, көптеген аурулардың алдын алуға және химиялық таблеткаларды қолданбай емдей аласыз.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерді жинау, оқу, танысу, талдау, бағдарлау. Тақырыпқа талдау жасау, ой қорыту.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: дәрілік өсімдік саналатын дерменені зерттеу әртүрлі аурулардың алдын алуға, әр адамның үй дәріханасын байытуға көмектеседі
.
Аннотация
Актуальность темы: данная тема очень актуальна в настоящее время, так как лучше предупредить заболевание, чем искать лекарство от недуга. Теперь давайте посмотрим вокруг нас и посмотрим, что дает нам природа. Это правда, что нашего доброго и всемогущего доктора можно назвать – «Матерь природы», которая все обеспечивает и готовит все необходимое для каждого существа. А мы берем из этих готовых растений все, что нам нужно, собираем их, сушим или варим в разных условиях, берем разные лекарства и используем их. Одним из необычных блюд, предложенных "матерью-природой", является "дермене". Но не многие об этом знают. Поэтому мы решили расширить наши знания об уникальных свойствах растения дермене и огромной пользе, которую оно приносит людям.
Цель: изучить лекарственные свойства растения дермене, произрастающего в нашей стране, и с помощью него можно лечить различные заболевания.
Задания:
1. сбор информации о растении дермене на местности
2.правила сбора, хранения, сушки, применения дермы.
3.сделать выводы о свойстве дермене и его влиянии на здоровье человека, изучив место в природе.
Объект исследования: "свойства растения дермене"
Гипотеза: если вы изучите различные виды растений "дермене", которые считаются его предшественниками среди растений, научитесь правильно их собирать и использовать, вы сможете предотвратить многие заболевания и вылечить их без использования химических таблеток.
Методы и приемы исследования: сбор, чтение, знакомство, анализ, ориентировка литературы, связанной с темой исследования. Анализировать тему, обобщать мысли.
Теоретическая и практическая значимость исследования: изучение дермене, считающегося лекарственным растением, помогает предотвратить различные заболевания, обогатить домашнюю аптеку каждого человека.
Annotation
Relevance of the topic: at the moment, this topic is very relevant, because it is better to prevent the disease than to look for a cure for the disease. Now let's look around and see what nature gives us. It is true that our kind and omnipotent Doctor can be called the "mother of nature", he provides and prepares everything necessary for all living things. We take everything we need from these ready-made plants, collect them, dry them or cook them in different conditions, take and use different medicines. One of the unique dishes offered by" Mother Nature"is"dermene". But not many people know about it. Therefore, we decided to expand our knowledge of the unique properties of the dermene plant and its benefits for humans.
Goal: to study the medicinal properties of the dermene plant growing in our country, and with its help it is possible to treat various diseases.
Tasks:
1. collecting information about terrestrial dermene plants
2.rules for collecting, storing, drying, and applying the dermis.
3.having studied the place in nature, draw conclusions about the properties of the dermis and its impact on human health.
Object of research:"properties of the dermene plant"
Hypothesis: if you study the different types of plants "dermene", which are considered its predecessors among plants, learn to collect and use them correctly, you can prevent many diseases and cure them without using chemical pills.
Methods and methods of research: collection, reading, presentation, analysis, orientation of literature related to the research topic. Analysis of the topic, generalization of thoughts.
Theoretical and practical significance of the study: the study of the dermis, which is considered a medicinal plant, helps to prevent various diseases, enrich the home pharmacy of each person.

I.Кіріспе.
Жер бетінде шипалық қасиеттерге ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш жыл бұрын –ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған еді.
Сол дәрілік өсімдіктердің ішінде ежелгі замандардың өзінде-ақ ел арасында белгілі болып, мың бір түрлі ауруға ем, шипа болып түрлі атауларға ие болған дермене өсімдігінің бүгінгі күндегі маңызы әлі күнге жоғалған емес. Дермененің пайда болуы сонау Рим ойшылдарының бірі саналатын Үлкен Плинийдің еңбектерінде көрініс табады. Демек, сол кезеңдердің өзінде дәрілік қасиетке ие болған дермененің маңызы ерекше болған. Әсіресе бұл жайында орта ғасырларда өмір сүрген көрнекті араб дәрігерлерінің бірі Ибн-Байтардың еңбектеріне жүгіне отырып, медицина саласындағы дермененің қасиеті кеңінен ашылды деуге болады. Біздің заманымызға дейінгі кезеңдерде дермене қазіргі Каспий, Жерорта, Қара теңіз жағалауларында және Орта Азия мен елімізде, яғни Қазақстан жерінде өскендігі туралы көптеген деректер сақталған. Мұның бір қуантарлығы ешбір жерден табыла бермейтін дермене өсімдігі туған жеріміз Арыс қаласының маңында өсетін эндемик өсімдіктердің біріне жатқызылады. Қазіргі күні Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген дермене шөбі мемлекеттік қорғауға алынған асыл өсімдіктердің қатарында.
Дермененің қасиетін көшпелі қазақ жұрты әу бастан біліп, оны тұрмыста қолданудың түрлі жолдарын да атап көрсеткен болатын. Ауырып ем іздеген тұста дермененің қауіпті ауруларды жазатын қасиеті талай жанды бір өлімнен аман алып қалғаны жайында көптеген аңыздар ел аузында да жүр.

ІІ.Негізгі бөлім
Дермене өсімдігінің ерекше құрлысы және атауының шығу тарихы
Дермене жусаны аталып кеткен өсімдіктің құрлысы өте ерекше болып келетіндігі рас. Себебі, қашқаргүлдер тұқымдасындағы жусандар туысына жататын бұл өсімдік көпжылдық жартылай бұталы өсімдіктердің бірі ретінде сипатталады. Кіндік тамыры жуан болып келеді және айналасында көптеген кішкене тамырлары да болады. Қызғылт түсті сабақтарының өсуі тік күйінде келеді әрі сабағының биіктігі шамамен 30-50 сантиметрдей болатыны белгілі. Жапырақтарының пішіні қауырсын пішіндес болып келіп, сары және қоңырқай түстерімен көзге ерекше түседі. Сабақтарынан үстіңгі жағындағы жапырақ жиекшелері біртұтас және тілімденбеген қандауыр секілді ұзыншалау пішінде болады. Гүлдену кезеңінде барлық жапырақтары түсіп, гүлдері ұсақ көптеген себетшелерге топталу арқылы, көзімізге сыбыртқыға ұқсайтындай көрініс береді. Жаз мезгілі келгенде гүлденген дермене, күз келе өзінің жемісін береді.
Химиялық құрамына келетін болсақ:
-сантонин;
-эфир майы;
-органикалық қышқылдар (сірке);
-шайырлар;
-таниндер;
-минералдар (магний, кальций, калий, мырыш, мыс және т.б.) кездеседі. Әсіресе дермененің гүл жармай тұрған уақытында жапырақтарында улы заттардың бірі ретінде есептелетін –сантонин болады. Ал «сантонин» адам ағзасына шипалық қасиеті өте жоғары препарат болғандығымен, оны өздігінен алуға болмайды. Сол себептен дерменені жинау барысында аса абай болғанымыз жөн. Дермене өсімдігін жинау кезінде оның сабағындағы жоғары тұсындағы жапырақтарының гүлі ашылмас бұрын жинап алуға тырысу қажет. Содан соң гүлі мен сабақтарын жинауға болады. Сантонин препараты- тек қана дермене жусанының түрінен ғана алынғандықтан дерменені жинау Кеңес үкіметі кезінде де бірнеше ірі шаруашылықтарды құрап, оны жинау мен өңдеу барысында көптеген шаралар жүргізілді. 1880 жылдары орыс көпесі қазақтың жерінде ең шипалы шөптің өсетіндігін естиді және оның артынша Шымкент қаласында дерменеден сантонин препаратын өндіретін дүниежүзі бойынша жалғыз арнайы зауыт салынып оның өнімі бүкіл Еуропа жеріне тарайды. Дерменені жинап, өңдеу ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін жалғасын тапқан болатын. Сонымен бірге тақырыбымызға арқау болып отырған дермененің сипаты ерте кезеңдердегі көптеген тарихшылардың, емшілердің де еңбектерінде дәл осы сипатта болуы біз айтып отырған дермене өсімдігінің маңызын толық зерттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, дәрілік өсімдіктерді зерттеумен айналысқан орыстың белгілі ғалымдарының бірі П.С.Массагетовтың 1924 жылы еліміздің шығыс өңірінен оңтүстік алқабына жасаған зерттеу жұмыстарының бірінде сол жерде өсетін дәрілік өсімдіктерді халықтың ерекше бағалайтынын айтады. Оңтүстік аймақтарды аралап жүргенде дермене өсімдігіне байланысты біршама ойын да айта кеткен. Оның пікірінше «Дермене бұл әсемдік пен сұлулықтың бірден бір үлгісі саналады және көп жусанның ішіндегі дермененің қасиеті әртүрлі боз жылқылардың арасындағы ең асыл тұқымы сияқты» деген пікірін білдіреді. Ал ежелгі Русьтің Волынь жылнамасында оңтүстік аймақта өсетін дәрілік шөптің бар екендігі айтылады да оған: «түсі бозғылт және дәмі ащы шөп. Оның иісін бір сезген адам ешқашан оны ұмытпайды» деген сипаттама береді. Бұл пікірлерден байқайтынымыз көптеген дәрілік өсімдіктердің ішіндегі ең таңдаулысы да қасиеттісі «дермене» деген пікірге келеміз. Қазіргі кезде әлемде өсетін жусанның 500-дей түрінің 81-і елімізде өсетін болса соның ішіндегі емдік қасиетті бар дермененің маңызы біз үшін аса ерекше екендігі айқын. Бүгінгі күні «дермене» мемлекеттік қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Ал дермене атауының шығу тарихы қай-қайсымызды болсын қызықтырары анық. Себебі, бұл атаудың шығуына байланысты көптеген қызықты аңыздар мен ел аузында таралып жүрген әртүрлі әңгімелер бар. Солардың бірқатарына шолу жасап, "дермене"атауының шығуына жақын келетін тұсын анықтауға тырыссақ. Ерте кезеңдерде елімізге әлемнің көптеген елдерінен дәрілік өсімдіктерді іздеп келуші өзге ұлт өкілдері жергілікті халықтан «қандай да бір дәрілік өсімдіктерді білесіңдер ме?»- деп сұрағанда сол жердің тұрғындары «дәрі міне», деп дерменені көрсеткен екен дейді. Содан бері «дәрі міне» сөз тіркесі «дермене» болып аталып кетіпті-мыс.
Келесі бір аңызды елімізде осы өсімдік атауын алғашқы болып зерттеушілердің бірі жазушы Әнуар Әлімжановтың «Білім және еңбек» атты журналында жарияланған шығармасынан оқыған болатынмын. Бұл шығарма ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаянына арналып жазылғанымен, онда дерменеге байланысты бір түйін ой айтылады.
Әбунасыр әл-Фараби бабамыздың үлкен ұлы талай жауынгердің рухын шыңдаған ұлы қолбасшы болған екен. Ол әрдайым әскерін жаттықтыру мақсатында көктем шыққанда, әскерін де алысқа алып барып «дала жаттығуларын» жүргізетін болыпты. Сондай бір әскерін жаттықтыруға алып шыққан тұста оған өз нөкерлерінің арасынан қастандық жасалып, өлімші болып жараланады. Мұны естіген әл-Фараби бабамыз өзінің сенімді жақтастарымен қырға жетіпті. Ал әскербасы баласы әбден әлсірген күйі «Кегімді қалайда алыңдар...Қанға-қан. Аяушылық етпеңдер» - деген бір ауыз сөзге ғана келіп, қайтыс болады. Ал оның қолында тырмыса ұстаған бір түп дермене қалып қояды.
Осы секілді «дермене» атауы көптеген жазбаларда кездеседі әрі бұл атау көптеген ескі жазбаларда да кеңінен көрініс тапқан болатын. Мысалы, мәмүліктердің көсемі атанып, Ефрат пен Ніл өзендерінің және Тигр өзенінің арасындағы алып елді басқарып, билеуші болған, ұлы билеуші Бейбарыс сұлтанның туған жерінен қалған естелігінде бір түп дермененің болуы туған жерге деген қандай құрмет еді шіркін!... Алуан түрлі шипалы өсімдіктері жайқалған алып далада бір түп дермене жусанын аңсап сонау алыстан келген, елін сағынған Бейбарыс сұлтанның бейнесін көз алдымызға елестетсек, сондай бір әсем бейнеге куә боламыз. Қазақтың топырағынан жаралған әрбір жанның туған жерінің символындай болып кеткен жусанның бір түріне жататын дерменеге деген махаббаты да ерекше.
«Дермене» атауымен аталатын 1980 жылдары заңғар жазушы Дулат Исабековтың еңбегін де ғылыми жобамыздың бір бөлшегіне арқау етіп алуымызға болады. Бұл еңбектің ішінде дермене атауына байланысты көптеген мәселелер қарастырылып, осы бір қасиетті шөптің адамға қажеттілігі кітаптың маңызды тарауларында сөз болады. Кітапта Арыс маңында өсетін дерменені совхозға өткізу арқылы ақша алуға болатындығын сөз етеді. Бірақ оны жинап алудың өзі шығарманың басты кейіпкерлері Тоқсанбай шал мен оның немересіне қиынға соғады. Бұл жaйындa: «Жaңa жерге келгелі екі күн өткенімен, екеуі бір десте дермене орa aлмaды. Сaлқындaу болaр деп шaйлaны тігіп еді, түн бaлaсы екеуі де елегізіп шықты. Бұл aдырдa ұры дa, қaсқыр дa, жын-жыбыр, дию-пері де aтымен жоқ деп, өзіне тығылa түскен немересінің көңілін қaншa aлдaусырaтқaнмен, шaлдың өз бaсы әрбір тысырғa құлaқ түріп, бозторғaй шырылдaғaншa көз іле aлмaды»- дейді. Кітаптың өзге де тұстарында дермене жусаны жайында сөз болады. Бұл кітаптың авторы Дулат Исабековте «дермене» атауына байланысты бір аңыз желісін арқау етіп алып, дермененің туған жерге деген ыстық ықыласындай болған тағы бір аңызды өз аузынан айтып береді. Талантты жазушының айтуы бойынша «Ерте замандарда елді екі ағайынды жігіт басқарып, ел бейбіт күнде өмір сүріпті. Сондай бір күндері алыстан жау келіп, тыныш жатқан қарапайым халықты басып алып, өздерінің хандықтары етеді. Қолдан билік кеткеннен соң, екі ағайынды жігіттің бірі елден безіп, бірі сол маңда қарапайым тіршілік етіп қалады. Арада ұзақ жылдар өтеді. Өзге елден келген хан қайтыс болып, байырғы қос ағайынды жігіттің бірі таққа қайта отырады. Содан ұзақ жылдар бойы жоғалып кеткен інісін іздеп, жер-жерді аралайды. Бір күні інісінің дерегі шығып, оны елге қайтармақ болады. Дегенмен, інісі қайта оралуға намыстанып, туған жерге келуден бас тартады. Ағасы сонда ақ шүберекке түйілген дерменені інісіне беріп жібереді. Ақ шүберекті ашып, дермененің иісін иіскеп, туған жеріне деген ыстық махаббатына ерік берген інісі ағыл-тегіл жылап, соңында еліне қайта оралыпты»- дейді жазушы. Сонымен бірге, Дермене атты ауылда өскендігін, бұл бағалы шөптің арнайы қорғауға алынып, оны көптеген ауруларға ем ретінде қолдануға болатындығын да сөзіне арқау еткен болатын.
Бұл аңыздардың барлығын саралай отырып ойыма түйгендігім дермене тек қана дәрілік мақсатта қолданылатын өсімдік қана емес, ол туған жерге деген сағынышты үдете түсетін, әрбір қазақтың бойынан аңқып тұратын қасиетті өсімдік. Дулат Исабековтың қаламынан "Дермене"повесі туса, менің қаламымнан осы бір қасиетті әрі киелі дермене өсімдігіне байланысты өлең шумақтарын туындаған болатын.
Дермене
Арқау болған талай аңыз-өлеңге,
Жанын берген қасиетті ерлер де.
Мақтанышы елім менен жерімнің,
Қастерлі шөп аталатын «дермене»
Дерменеден қасиетті шөп бар ма?
Мың бір түрлі ауруға ем-шара.
Туған жердің төрінде тек өсетін,
Аса қымбат «дерменесі» қазаққа!
Хош иісін сездіретін алыстан,
Табылар тек іздесеңіз Арыстан.
Мың өсімдік арасынан байқалар,
Әсемдігі сұлулықпен жарасқан.
Сағынғанда туған жерін ұлылар,
Ғұламалар, билеуші мен ғалымдар.
Көз алдына елестетіп жусанды,
Қалайды екен бір көруді ауылдан.
Дермененің жайы бөлек мен білсем,
Ауырсаңыз іздемеңіз артық ем.
Туған жердің бауырына келіңіз,
Дерменемен бір емделіп көріңіз!

Дермененің қазақ үшін қастерлі екендігі өз алдына, оның көптеген ауруларға ем ретінде қолданылып, талай жанды өлім аузынан алып қалған қасиеті бір бөлек десек қателеспек емеспіз.Сондықтан да, дермене жусанын «дәрінің қазынасы», «дәрінің қоймасы», «дәрілердің патшасы», «дәрілердің дәрісі» деп босқа атамаған дана халық. Дермененің алғаш рет емдік қасиетін ашқан Калер мен Алемс деген ғалымдар болды және олар одан «сантонин» препаратын бөліп алуға болатындығын айтқан еді. Бұл киелі өсімдіктің мың бір дертке дауа боларын ескерсек, оны қарапайым халықтың да біле жүргендігі дұрыс. Себебі, ежелгі кезден ата-бабаларымыздың қолданған ем-шаралары бүгінгі күннің де медицинасына үлкен көмегін тигізері сөзсіз. Ендеше, дермененің адам ағзасына тигізер пайдасы жөнінде сөз қозғасақ.
Қазіргі күні бар әлемді алаңдатып, көптеген жандардың өмірін қиған өкпе ауруының өзгеше бір түрінің бірнеше жылдан бері етек алып келе жатқандығын білеміз. Бүгінгі күннің медицинасы бұл ауруды түрлі вакциналар егу арқылы емдеуді ұсынды. Ал ежелгі замандарда өкпе ауруларын емдейтін вакцина болмағандығы шындық. Сонда байырғы қазақ жұрты бұл ауруды немен емдеді деген сұрақ туындайды. Әлбетте, мың бір дерттің шипасы болатын «дермене» арқылы. Дерменені қазақ жұрты демікпе, бронхит қабыну ауруларын емдеу үшін дермене тұқымын қайнатып ішкен. Бұл үшін дерменені тұқымын ұнтақтап 0,5 литр қайнаған суға салып демдейді, күніне 3 реттен 30 грамнан ішкізеді. Бұл ем арқылы ауру адам тез арада сауығып отырған. Дермене тұқымын мейізбен қосып, жаншып араластырып та пайдаланса, өкпе ауруына бірден-бір ем болып табылады.
Сонымен бірге дермене құрамындағы сантонин организмдегі жұмыр құрттарды түсіреді. Осыған байланысты дермененің гүл корзинкалары немесе аптекаларда сатылатын сантонин дәрісі осы жұмыр құрттар — аскаридаларға қарсы күресу үшін қолданылады. Шымкент облысындағы Түркістан қаласының маңайында өсетін дермененің құрамында сантонин өте көп болып шықты. Дерменені басқа жерлерге өсіріп байқау дұрыс нәтиже бермеді, олардың құрамында сантонин өте аз болған болатын. Ел ішінде іштегі құрттарды түсіретін «дермене» жайында да аңыз кездеседі.
Ертеде жұмыр құрттардан зардап шегіп, өңі оңалмай жүрген, ішіне ел қонбайтын бай ұлы болыпты. Әкесі оны бірде шопанға өз ісіңе үйрет деп шопанға береді. Қойшы бай баласын өз баласы ретінде жақсы көреді және оған ауруды жеңуге көмектесуге шешім қабылдайды. Ол күн сайын жоғары Құдайға дұға етіп, ұлға бата жіберуді өтінеді. Бір күні қойшы көгалда өсіп тұрған шөпті байқайды да, белгісіз дауыс оған бұл мәселенің шешімі екенін айтады. Ер адам бұған сенбей, дерменемен дәрі дайындап, балаға берді. Бір айдан кейін бала бұл аурудан толықтай айығып кетеді, ал бақытты әке шопанды өмірінің соңына дейін ақшамен қамтамасыз етіпті-мыс.
Дерменені Римнің атақты дәрігерлерінің бірі ас қорытуды жақсарту мен денені қыздырып аурудан құтылу үшін қолданғандығы деректерден белгілі. Ол үшін дерменені ұнтақтап қолданатын болған.
Жалпы дермененің дәрілік қасиетін қасиетін жергілікті тұрғындар өткен ғасырларда-ақ жақсы білген. Қарап тұрсаңыз, мал оты көп өрістен гөрі дерменесі бар тақыр жерге қарай жиі шұбырады. Өйткені, оған жайылған малдың ақсаған аяғы жазылған, тұзқабық, қотыр шығу секілді ауыр кеселдерден сап тиылған. Денесіне май бітпейтін мал дерменелі өріске жайылса, тез семіріп, оңалып отырған. Әлбетте, қазақ халқы үшін төрт түліктің маңызы зор болғандықтан малды ескі заманда-ақ дерменелі жерге жаюға тырысқан. Нәтижесінде малдың бойында кездесетін түрлі аурулардан айыққан.
Ал Ибн Сина дермене жусанын тік ішек ауруларын емдеуге, қайнатылған күріш пен жусанды балға араластырып, іштегі құрттарды түсіруге және тамақтан улануға қарсы ем ретінде қолданыпты. Халық емшілері құяңмен сырқаттанған жанның белін күнжіт майы немесе керосинге қосылған дермене тұнбасымен емдеген.
Сонымен бірге дермене жусаны гинекологиялық ауруларды жеңу үшін де қолданылады. Тіпті өзге елдерде дермене жусанын «әйел өсімдігі» деп те атайды екен, өйткені ол жатырды ынталандырады, етеккір циклін реттейді, сонымен қатар әртүрлі гинекологиялық ауруларға, истерия мен эпилепсияға көмектеседі.
Дермене жусанынан жасалынған дәрі-дәрмектер көптеген елдердің халықтық медицинасында гастрит, туберкулез, ісіну, геморрой, гипертония, алгоменорея, аменорея, жазықтылық, эпилепсия, неврастения, менингит, алапес үшін де де қолданылады.
Сонымен қатар дермененің безгек секілді қауіпті жұқпалы ауруларды емдеуге де үлесі зор. Дерменеден алынатын артемизинин безгекті емдеуге қабілетті ең күшті фитопрепарат болып табылады. Бүгінгі таңда артемисинин пациенттердің қанын паразиттерден тез тазартатын ең тиімді безгекке қарсы препарат болып қала береді. Безгек қауіпті жұқпалы ауруларға жатады. Қоздырғыш-бұл паразит, оны жұқтырған москит шағып алады. Нәтижесінде Безгектің қоздырғышы қанға енеді, қызыл қан клеткаларына әсер етеді. Тәтті жусаннан артемизининді экстракт түрінде оқшаулауға қол жеткізді, ол безгекті емдеуге қабілетті ең күшті фитопрепарат болды.
СИБР немесе SIBO-бактериялардың шамадан тыс өсу синдромы аш ішектің зақымдануының жағымсыз белгілерінің жиынтығымен сипатталады (жүрек айну, іштің ауыруы, жазықтылық, тәбет және тамақтану проблемалары). Бірнеше зерттеулердің нәтижелері шөптік препараттар, мысалы, капсула немесе дермене жусанының шайы бактериялардың асқазан-ішек жолында таралуын тежейтінін және СИБР жағымсыз белгілерімен күресетінін растаған болатын.
Жөтел кезінде де дермененің пайдасы өте зор. Жөтелді жеңу үшін 20г дерменені 500мл суға қосып, 24 сағатқа тұндырып қоюымыз қажет.Күніне 100млден тамаққа дейін пайдаланған жағдайда өзінің керемет нәтижесін береді. Халық арасында дермененің жөтелге пайдасы жайында көптеген әңгімелер айтылып жүр. Соның бірі өзімнің ата-әжемнен естіген бір оқиға еді. Атамның әңгімелеуі бойынша жас кезінде үнемі жөтеліп жүретін қазақтың сөзімен айтқанда «көксау» бір көрші кісі болған екен. Ол кісі жаз демей, қыс демей үнемі жөтеледі екен және атамның үй-ішіне бұл кісінің үнемі жөтеліп жүргендігі ұйқы бермей, тынышын алыпты. Бір күні көрші үйге көптеген қонақтар келіп, көрші атаға «дермене» шөбін беріп кетіпті. Бұл шөпті бір ғана рет қабылдағаннан кейін көрші атаның жөтелі сап тыйылып, «көксау» деген жаман сөзден әрі ауруынан құтылыпты. Бұл атамның өз аузынан естіген сөз болғандықтан дермененің қасиетіне сенбеске әлбетте амалым қалмады.
Көптеген бактерияға қарсы қасиеттеріне байланысты дермене жақсы антисептикалық өсімдік те болып табылады. Тітіркендіргіш ретінде ол ревматизмге, невралгияға және басқа ауруларға сыртқы қолданылады. Оның эфир майынан алынған гвайазулен, қабынуға қарсы күшті әсерден басқа, аллергиялық реакцияларды әлсіретуге қабілетті. Ол бронх демікпесін, экземаны, рентгендік күйіктерді және т.б. емдеу үшін қолданылады.
Сонымен бірге қазіргі кезде жастардың арасында көп кездесіп жататын анемиямен де күресуге дерменені қолдануға болады. Ол тәбетті қалыпқа келтіруге әрі өмірдің қарқынды ырғағында, ауыр жұмыс жағдайында адамдар жүйке кернеулеріне, стресстерге жиі түспеуіне көмектеседі.
Сонымен бірге дерменені мына мақсаттарға да қолдануға болады:
-улану кезінде нәжістің бұзылуы және құсу;
-асқазанның қышқылдығы жоғарылауда;
-жүректің ауруы, ентігу, қышу;
-ауыздағы қабыну процестері: стоматит, гингивит;
- бас ауруы;
-бұлшықет спазмы;
-дерматологиялық аурулар.
Ескеру керек бір мәселе дерменені қолданғанда препараттың дозасы әр науқас үшін жеке таңдалады және бірқатар байланысты факторларға байланысты: диагноз, жас, салмақ, қарсы көрсетілімдерге байланысты қаралады. Ал қандай жағдайда дермене жусанымен емдеу қолайсыз болатындығы жайында айтатын болсақ:
-бауыр аурулары;
-бүйрек жеткіліксіздігі;
-АІЖ жұмысының бұзылуы;
-неврологиялық мәселелер;
-гастрит және жаралар;
-ашық қан кету;
-қызба.
-он екі елі ішектің жарасы;
-дене температурасының жоғарылауы;
-диареяға бейімділік;
-тұқымға аллергиялық реакция.
Сонымен қатар, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ жас балаларға (4 жасқа дейін) дермене жусанымен емдеу қолайсыз. Қарсы көрсетілімдер болмаса да, болашақ аналар жусанмен терапияны жүргізе алмайды, өйткені дерменеде улы қосылыстардың жинақталу қаупі бар. Жусанның зиянды компоненттері емшек сүтіне енеді, бұл нәресте денесінің мас болуына әкеледі.
Дермененің дәрілік қасиеті өз алдына оның адамның тұрмысында қолдануға болатын басқа да көптеген пайдасы бар. Мысалы, дермене жусаны XIX ғасырдың соңғы кезеңіндегі 16 жыл ішінде медицина қызметкерлерін бір ғана қасиетімен, адамның және малдың организміндегі жұмыр құрттарды жоюға қарсы қолданылып келсе, XX ғасырдың басында оның тағы бір пайдалы сырлары ашылған болатын. Ол пайдасы – бұл өсімдіктен сол кездегі парфюмерия өндірісіне өте қажет катализатор – эфир майының өндіріле бастауы еді. Содан соң тағы бір препарат – даркинол алынған болатын. Міне осы қасиеттерінің арқасында түрлі елдің ғалымдары оған үсті-үстіне баса назар аударып, дермененің басқа да қасиеттерін толық ашу үшін жұмыс жасады.
Бірақ бір өкініштісі осыншалықты мол пайдасы бар дермене жусанын Қазақстанда шығару неге тоқтап қалды деген сұрақ көкейімізде туындауы мүмкін. Бұл сұраққа кейін шегініп тарихымыздан жауап іздеп көрелік.
Сонау жылдары өркендеп тұрған Шымкентте салынған зауытқа шикізат өндіру үшін Бөген ауданынан «Дермене» атты арнайы шаруашылық ұйымдастырылды. Шаруашылық 1950-1991 жылға дейін осы бағытта жұмыс істеді. «Дермене» шаруашылығы КСРО Медицина өнеркәсібі министрлігінің Бүкілодақтық «Союзлекарстрой» бірлестігіне қарады. Шаруашылық жылына 1000 тоннадан астам өнім дайындап шығарып тұрды әрі өнімдерін Ташкент, Баку, Қазан, Житомир қалаларына үздіксіз жөнелтіп тұру арқылы көптеген табыс тауып отырды. Шаруашылық бір бағытта ғана жұмыс істемеу үшін мия, меңдуана, сана секілді дәрілік өсімдіктерді де жерсіндірді. Дегенмен шаруашылыққа көптеген шикізат керек болды. Дермененің бір қасиеті ол эндемик өсімдіктер қатарына жататындығында болып табылады. Яғни, оның өсетін өз ортасы, өз жері бар, өзге жерлерде өсіру қиынға соғады. Бұл сөзімізге дәлел неміс ғалымдарының дерменені өз жерінде өсіреміз деп қанша тырысса да, Еуропа төріне дермененің бейімделмеуі. Бұл дегеніміз- дермененің отаны Қазақстан және оны қолдан өсіру мүмкін емес деген пікірге алып келеді. Дермене жайындағы тағы бір қызықты деректі Томск университетінің студенті Питирим Массагетов айтқан болатын. 1921 жылы үш мың шақырым жол жүріп келген П.Массагетов дермене алқабының 400 мың десятина ғана жерді алып жатқанын есептеп шығарған болатын. Дермене Қаратаудың жоталарынан солтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасыпты. Сырдарияның батысына қарай алқап енсізденгенін байқайды. Ең қызықтысы- дерменені өртейтін болса оның орнына итсигек деген өсімдік шығады екен. Демек дерменені өсіру қиын да, оны жоғалтып алу өте оңай болып отыр. Осыны ескерген еліміз 1991 жылы Қазақстанда өсетін өсімдіктердің сирек кездесетін бағалы түрлерін қорғау, бұрынғы қорын қалпына келтіру, экологиялық ахуалды сауықтыру мақсатында шағын ботаникалық қорықтар ұйымдастырды. Қазіргі кезде елімізде жалпы аумағы 217 мың гектар болатын ботаникалық қорық бар. Оның 16-сы Түркістан облысында. Қазір «Ақдала» қорығында – 3000 гектар , «Задария» (Арыс) қорығында – 8000 гектар, Бөржарда (Ордабасы) 1400 гектар, Темірде (Отырар) – 4000 гектар, Шалдарда – 2600, Жамбылда (Бәйдібек) 8600 гектар дермене өсетін алқап бар. Әйткенмен, осы бір дәрілік шөп бүгінде мал тұяғының астында қалып, құрып бітуге таяу. Арыс–Түркістан каналының айналасында бүгінде жоңышқа, жүгері, қауын-қарбыз өсірілуде. Кезінде «Химфарм» зауыты қазіргі медицинада дермене препаратына балама дәрі табылғандықтан, оны шығаруды тоқтатқан. Дегенмен, бүгінгі таңда дәрілік шөптерді қорғау жөнінде қозғалыс өмірге келіп, бүгінде ол түрлі қоғамдық пікірлердің тақырыбына айналып отыр.

Сауалнама
Біз елдімекен тұрғындары арасында және біздің сыныптағы балалардың ата – аналары арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 67 адам қатысты.
1.Сіз дермене өсімдігін білесіз бе?
Иә – 30 Жоқ – 37
2. Дерменені емдік мақсатта қолданасыз ба?
Иә - 12 Жоқ – 50 Сирек – 5
3. Қандай аурулар үшін қолданасыз?
Суық тиюге қарсы – 5 Жөтелге қарсы – 6
Бүйрек ауруларына қарсы – 3 Қысым ауруларына қарсы – 3
4. Сіз дермене өсімдігін өзіңіз жинайсыз ба әлде дәріханада сатып аласыз ба?
Иә,өзім жинаймын –5 Жоқ, дәріханадан сатып аламын – 13
Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері (алдын-ала анкеталар таратылды) көптеген адамдар дермененің емдік қасиеттері туралы білмейтіндігін көрсетті және оларды денсаулықты емдеу және алдын-алу үшін өте аз пайдаланады. Сауалнамаға қатысқан 67 адамның тек 12-сі дерменені үнемі қолданады, 5 адам оларды кейде, негізінен, суық тиюді емдеу үшін пайдаланады, қалған 50-і дерменені мүлдем пайдаланбайды. 67 адамның тек 5-і дерменені қалай жинау және жинау керектігін біледі, ал басқалары оларды дәріханада сатып алады
Сауалнамалық деректерді талдай отырып, біз дермене шөбін қарапайым халық арасында аса көп адам біле бермейді деген қорытындыға келдік. Оны қолданатын адамдардың көпшілігі үлкен жастағы адамдардың қатарына жатады және жас ұрпақтың осы секілді дәрілік өсімдіктердің барынан хабары жоқ. Бірақ дәрілік өсімдіктер дайын күйінде дәріханаларда сатып алынады. «Неге өзіңіз жинамайсыз?» деген сауалға оларды дұрыс жинап, кептіріп, сақтай алмайтындықтарын айтты.
Осылайша, дерменемен емдеу бұрынғыға қарағанда аз танымал. Бұл жаңа ұрпақ өсімдіктердің нақты емдік қасиеттерін білмейтіндігімен және оны қалай қолдануды білмейтіндігімен байланысты. Сондықтан, біз адамдарды дәстүрлі медицинамен қайтадан таныстыруымыз керек, қарапайым ауруларды емдейтін қарапайым рецепттермен бөлісіп, табиғаттың көмегімен денсаулығымызға қамқорлық жасауды үйренуіміз керек.
Ең бастысы, аурудың алдын-алу емдеуден гөрі оңай екенін есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, дерменемен дәрігерлік рецептінің көмегінсіз емделу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сол себепті дәрілік шөптермен емделмес бұрын дәрігермен де кеңесіп алу артықтық етпейді.
Ежелгі Үнді мұғалімі дәрігер Чаракиді орманға бірнеше пайдасыз өсімдіктерді әкелуге қалай жібергені туралы аңызды білесізбе?. «Мұғалім» - деді орманнан оралған Чараки, - мен үш күн бойы орманды аралап, пайдасыз өсімдік таппадым» деген екен. Ал біздің елімізде ғана өсірілетін осынау киелі шөптің пайдасын білмей, оны ормандағы көп өсімдікпен шатастырмау біздің бүгінгі басты парызымыз деп білемін. Табиғаттың бізге берген байлығын бағалап, оны бүгінгі күнде де пайдалану әрбіріміз үшін маңызды.

ІҮ.ҚОРЫТЫНДЫ
Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдіктің өсетінін айтады. Оның ішінде 500-ге жуығы дертке дәру берерлік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Ал оның ішіндегі «дермене» сынды ешқандай елде баламасы жоқ өсімдіктердің біздің елімізде кездесуі біз үшін аса мақтанарлық жағдай. Алайда осы «дермене» өсімдігінің пайдасына өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. «Дерменені» өз деңгейінде қастерлеп, қадірлей білсек, талай дертке шипа тауып, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой.
Дермененің адам денсаулығына тигізер пайдасының тағы бір дәлелі жақын арада сан ғасырдың дертіне айналған өкпе рагының алдын алуға, оны емдеп жазуға болатындығы жайлы Калифорния штатындағы университет ғалымдарының сөзі болды. Олардың айтуынша Қазақ даласында өсетін дермене жусаны өкпе рагының 98 пайызын жойып жібереді екен және оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын жойып жібереді. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік обырды толық құртып жіберетіні жайлы мәліметтер бүкіл Бақ-ты шарлады. Әлбетте, бұл дермененің дәрілік қасиетінің бір көрінісі ғана. Ал оны толық зерттесек біз біле бермейтін қаншама дертке дауа болар-ақ еді.
Бір өкініштісі еліммізде дәрілік өсімдіктермен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайды әрі дәрілік өсімдіктерді қабылдауға қорқыныш білдіреді. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емделу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған.
Ұсыным: Дәрілік өсімдіктердің төресі болып саналатын «дерменені» халық арасындағы пайдасын насихаттап, оны өндіру үшін жаңа зауыттар ашуды қолға алу.
Ү . Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә.Әметов, П.М.Мырзақұлов)
2.«Қазақ университеті» Алматы 2000ж.
3. «Ботаника» сисметика растений. Москва «Просвещение» 1975г
(Н.А.Комарницкий, Л.В.Кудряшов, А.М.Уранов)
4. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред.,1990
5. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым.
6. М.Қожабеков. «Дәрілік өсімдіктер» «Қазақстан» баспасы Алматы – 1975A
7. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. 712 бет
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы 2011
8.А.М.Бутлеров Сочинения в 3 томах. — М.: Издательство Акдемии Наук СССР, 1953-1958 гг.
9.Чехов А. П. Сочинения в 18 томах, Полное собрание сочинений и писем в 30 томах. — М.: Наука, 1974 год — том 2. (Рассказы. Юморески), 1883-1884. — стр.156
10.Салтыков-Щедрин М. Е. Полное собрание сочинений, 1837—1937: В 16 томах — М.; Л.: Издательство АН СССР, 1974 г. — Том 16. Сказки, 1869—1886. Пёстрые письма, 1884—1886. — стр. 118
11.А.А.Татищев. «Земли и люди: В гуще переселенческого движения» (1906-1921) — М.: Русский путь, 2001 г.
«Дермене өсімдігінің дәрілік қасиеті» тaқырыбындaғы ғылыми жұмыcының зeрттeу күндeлiгi
Бaғыты:
Aвтoр:
|
№ |
Мeрзiмi |
Жұмыc мaзмұны |
Зeрттeу әдicтeрi |
Ecкeрту |
|
1 |
|
Мaғaн ұcтaз тaрaпынaн бiрнeшe ғылыми жұмыcтың тaқырыбы ұcынылды |
Тaқырып тaңдaу |
Өзeктi тaқырыпты тaңдaу |
|
2 |
|
«Дермене өсімдігінің дәрілік қасиеті» тaқырыбы бoйыншa мaтeриaлдaр iздeу үшiн тaпcырмaлaр бeрiлдi. |
Мaтeриaлдaр iздeу |
|
|
3 |
|
«Дермене өсімдігінің дәрілік қасиеті» тaқырыбы бoйыншa ғылыми жұмыcтың жocпaрын құрдым |
Жocпaр құру |
|
|
4 |
|
Ұcтaзым ғылыми жұмыcтың eрeжeлeрiмeн тaныcтырды |
Тaқырыпқa бaйлaныcты мәлiмeттeр iздeу |
|
|
5 |
|
Жинaғaн мaғұлмaтымды қaйтaдaн қaрaп, oқып шығып, ұcтaзымa көрceттiм. |
Әңгiмeлecу, ұcтaзбeн cұxбaттacу |
|
|
6 |
|
Бүгiн кiрicпe бөлiмдi бacтaп жaздым. Жocпaр құрдым, зeрттeу бөлiмiнe шaрлaр турaлы қызықты мәлiмeттeрдi iздeй бacтaдым. |
Жинaқтaу, caрaлaу |
|
|
7 |
|
Интeрнeт жeлiciнeн өзiмe кeрeктi мaғлұмaттaрды iздeдiм. Шaрлaр турaлы жәнe тaбиғaт жaйлы aқпaрaттaрды кiтaпxaнaдaн бaрып oқыдым. |
Тaқырыпқa бaйлaныcты мәлiмeттeр iздeу |
|
|
8 |
|
Кiтaпxaнaғa бaрып мәлiмeт тaптым. Гaзeт бeттeрiнeн көптeгeн құнды aқпaрaттaрды aлдық |
Тaқырыпқa бaйлaныcты мәлiмeттeр iздeу |
|
|
9 |
|
Жaңa мәлiмeттeрдi жocпaр бoйыншa нeгiзгi бөлiмгe кiрicтiрдiм.
|
Тaқырыпқa бaйлaныcты мәлiмeттeр iздeу |
|
|
10 |
|
Қoрытынды бөлiмдi кoмпьютeргe жaздым. Зeрттeу бөлiмiнe көптeгeн жaңa тың идeялaр тaуып көрceттiм, дәлeлдeдiм. |
Қoрытынды бөлiмдi кoмпьютeргe жaздым. |
|
|
11 |
|
Қaғaздaрымды шығaрып мeктeпшiлiк ғылыми жoбaлaрғa дaйындaлa бacтaдым. Ғылыми жoбaмa пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeрдeн ciлтeмe жacaдым. |
Бaяндaу, oқу, мaзмұндaу |
|
|
12 |
|
Ұcтaзым eкeумiз бiргe oтырып кoмпьютeр aрқылы прeзeнтaция құрдық. |
Cлaйд жacaу |
|
|
13 |
|
Ұcтaзым мaғaн жoбaның күндeлiгiн тoлтыруды үйрeтттi |
Күндeлiк тoлтыру |
|
............... aтындaғы жaлпы oртa мeктeбiнiң «...» cынып oқушыcы .............................................. «Дермене өсімдігінің дәрілік қасиеті»
aтты ғылыми жұмыcы жaйлы
К Ү Н Д E Л I Г I
(20....-20.... жыл)
|
№ |
Aтқaрaтын жұмыc тiзiмi |
Мeрзiмi |
Жeтeкшi қoлы |
Нәтижeci |
|
1 |
Ғылыми жұмыcтың тaқырыбын aйқындaу мaқcaтындa ғылыми жeтeкшiмeн кeңecу, пiкiрлecу |
|
|
«Дермене өсімдігінің дәрілік қасиеті» тaқырыбындaғы зeрттeу жұмыcы бeкiтiлдi |
|
2 |
Ғылыми жeтeкшiмeн үнeмi кeңece oтырып, зeрттeу жұмыcтaрын жүргiзу. |
|
|
Жұмыcтың мaқcaтымeн, мiндeтiмeн тaныcтым. Oрындaу бaрыcы турaлы мaғлұмaт бeрiп, пaйдaлaнaтын әдeбиeттeрдi көрceтiп бeрдi. |
|
3 |
Зeрттeу тaқырыбы нeгiзiндe интeрнeт, тың дeрeктeрмeн, ic-құжaттaрмeн жұмыc жacaу, oлaрдың iшiнeн қaжeттiлeрiн iрiктeу |
|
|
Бeрiлгeн мaтeриaлдaрмeн тaныcып, өзiмe қaжeттi мaғлұмaтты aлдым. |
|
4 |
Ғылыми жeтeкшiдeн кeңec aлу |
|
|
Қaжeттi мaтeриaлдaрды жинaқтaп, caрaлaп-жүйeлeдiм. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Дермене өсімдігінің дәрілік қасиеті»

шағым қалдыра аласыз